Белсенділік диаграммасы. Белсенділік диаграммасы жобаланатын жүйедегі деректер ағынының қозғалысын көрсетуге арналған. Белсенділік диаграммасы алгритмдерге ұқсастығы бар, бірақ кішігірім өзгертулері болады. Мысал ретінде белгілі бір мекемеден несие алу қарастырылсын.
Алғашқы және соңғы жағдайлар жағдай диаграммаларындағыдай бейнеленеді: алғашқы жағдай қара дөңгелекшемен, ал соңғы жағдай ақ сақина ішіндегі қара дөңгелекше.
Деректерге қолданылатын амал (амал жағдайы) бүйір жақтары сопақталған тікбұрыш арқылы бейнеленеді. Мұндай тікбұрыштың ішіне орындалатын амалдар жазылады (мәтін, математикалық өрнек және т.б.). Амал бірнеше бағынышты амалдардан тұруы мүмкін. Егер оларды диаграммада көрсету ыңғайсыз болса, онда амалдардың бір-біріне кіруі арқылы бейнелейді. Мысалы - Тапсырысты қанағаттандыру (Удовлетворение заявки) бірнеше бағынышты амалдарды біріктіреді; олардың ішінде клиент туралы мәліметтердің және есептеулердің дұрыстығы, сонымен бірге шешім қабылдау.
Деректер қозғалысы (өтулер) тұтас стрелкамен бейнеленеді. Стрелканың жанына күзеттік шарт көрсетілуі мүмкін. Егер деректер қозғалысы тармақталған болса, онда шартты көрсету міндетті болады.
Тармақталу белгісі графикада ромб арқылы бейнеленеді. Одан екі немесе бірнеше стрелкалардың шығуы мүмкін.
Ағынды бөлу немесе параллель ағындарды қосу толық сызықпен бейнеленеді; ол деректер ағынынының стрелкаларын байланыстырады.
Белсенділік диаграммасы әртүрлі операциялар үшін әртүрлі субъектілердің жауапкершілігін бөлуді де көрсетеді. Ол үшін кішігірім жолдарды (swimlines) енгізеді.
Берілетін деректер белсенділік диаграммасында айқын түрде көрсетілуі мүмкін. Мысалы, мекеменің бөлімдерінің арасындағы тапсырыс беру. Уақыт векторы белсенділік диаграммасында айқын түрде көрсетілмейді.
Бірізділік диаграммасы. Объектіге бағдарланған программалаудың негізгі идеясы – қойылған есепті белгілі бір объектілердің образымен сипаттау. Бұл объектілер жүйе жұмыс істей бастағанда хабарламалармен алмаса бастайды. Ондай алмасуды сипаттауға арналған құрал ретінде бір ізділік диаграммалары қолданылады. Бірізділік диаграммасының негізгі компоненттері:
- пайдаланушы;
- объект;
- объектінің өмір жолы (objectlifeline);
- хабарлама (message),
- басқару фокусы (focus of control).
Достарыңызбен бөлісу: |