дайындалса, енді оны министр қарастыруына ақпарттың жалпыланған мәтіні әкелініп
отырды.
Министрлік басқару кезінде хат алмасудың қатаң ережесі сақталды. Хат алмасудың
бір түрі ретінде ұсыну болып табылады. Оның мәтіні нақты белгіленген құрылыммен
жазылып, барлық деңгейде де сақталды. Ұсыну келесі тараулардан құрылды: істі ашып
көрсету; себептері; қиыншылықтары; қорытынды. Құжаттың бұндай бөлігі арқылы төменнен
жоғары қарай жіберілген кезде ақпаратты ресмилендіру процесі байқалады. Сондай тараулар
министрден императорға қарай жіберілген кезде болды.
XIX ғ. бірінші жартысында құжаттардың келесі ағымы пайда болды: министрліктер
императорға жыл сайынғы бүкіл қызметтік есептерін тапсырып отырды. Басқарудың
жоғарғы органдары төменге указ, бұйрық, қаулы, предписание бағыттап отырды. Тең
құқылы мекемелер бір-біріне қатынас, хабар, хат алмасу, ведения (ведения – Сенат пен
Синод арасындағы құжат; ведения мен известия арқылы департамент, бөлімше және жалпы
Сенаттағы жиналыста қатынастары бекітіліп отырды) жолдап отырды. Ал, басқарудың
төменгі органдары жоғары органдарына доклад, рапорт, ұсыныс және жолдама жіберіп
отырды.
XIX ғ. ортасында министрліктің жұмысы бұйрық арқылы жүзеге асырылып отырды.
Министрліктің пайда болуымен коллегиялар толығымен жойылған жоқ. Ол Сенат
жұмысында әлі де сақталды.
XIX ғ. бірінші жартысындағы іс жүргізудің ерекшелігі бірқатар құжаттардың
стандартизациялауында болды. Ол типографиялық тәсілмен дайындалған бланкті қолдануға
мүмкіндік берді. Құжаттың алдын-ала дайындалған трафареті I Петрге XVII ғ аяғында
ұсынылды. Алайда, бұл ұсыныс XIX ғ. 30 жж. ғана жүзеге асырылды. Петр кезіндегідей
құжаттарды толтыру заң жағынан бекітілген формаларға сәйкес қажет болды. Тек қана осы
кезде ғана құжат заңды күшке ие болды.
Әдебиет:
1. Қазақстан тарихы (көне заманнан бүгінге дейін). Бес томдық. 3-том. А., 2002.
2. Материалы по истории Казахской ССР (1785-1828). т. ІV. М.-Л., 1940.
3. Материалы по истории Казахской ССР (1741-1751). т. ІІ. ч.2. Алма-Ата, 1948.
4. Казахско-русские отношения ХVІ-ХVІІІ вв. Алма-Ата, 1961.
5. Казахско-русские отношения ХVІІІ-ХІХ вв. Алма-Ата, 1964.
6. История Казахстана в русских источниках ХVІ – ХХ веков. Т. І-ІХ. - Алматы:
Дайк-Пресс, 2005.
Апта №11
1 кредит сағат
Дәріс №21
Тақырыбы: Мерзімді басылым.
Дәріс мазмұны:
1.
Мерзімді басылымның дерек көзі ретіндегі ерекшеліктері мен маңызы.
2.
Мерзімді басылымдарды классификациялау мәселелері
Мерзімді басылымдардың дерек көзі ретіндегі ерекшеліктері мен
маңызы.
Бейнелеп айтсақ, XIX ғасырдың соңғы ширегіндегі қазақ жерінің отарлану тарихынан
бастап бүгінгі тәуелсіз мемлекет құру тарихына дейінгі қазақ халқының жүріп өткен жолын
сарғайған газеттер беттерінен көруге болады. Көп жағдайда баспасөз материалдары біздің
өткеніміздің кейбір сәттері туралы мәлімет бере алатын бірден бір дерек көзі болып шығады.
Демек, XIX ғасырдағы қазақ тарихын мерзімді басылымсыз толық ашып көрсету мүмкін
емес деп, сеніммен айта аламыз. Олай болса, алдымен сол мерзімді басылымдарды тарих
дерегінің көзі ретінде зерттеу бүгінгі деректану ғылымының алдында тұрған міндеттердің
бірі.
Мерзімді басылымдарды түрлі мамандық иелері әр түрлі мақсаттармен, әр түрлі қырынан
зерттеуі мүмкін. Егер, журналистерді нақтылы басылымның әдеби публицистикалық сапасы,
автордың матералды бере білу шеберлігі қызықтырса, тарихшыны өзі зерттеп жүрген
тақырыбы бойынша жариаланған фактылық материалдар қызықтырады. Ал, деректанушы
баспасөзді оның деректік маңызы мен ерекшеліктерін көрсету үшін, жалпы тарих дерегі
ретіндегі ғылыми құндылығын анықтау үшін зерттейді. Мерзімді басылымды
деректанушылық талдауға жататын мәселелердә зерттеуші И.Я. Биск төмендегідей төрт
топқа бөлуді ұсынады:
1) сыртқы белгілеріне қарай: қағазы, мерзімділігі, таралымы, оқырмандардың әлеуметтік
құрамы, таралым жолдары және аймағы;
2) иелеріне, қызметкерлеріне және экономикалық базасына қарай: баспагер- шығарушы,
редакторы, редакция және оның ақпарат көздері, танымал авторлары, баспаханасы, қағаздың
және басқа да қажетті шикі заттардың бағасы, қызметкелердің жалақысымен қаламақысы,
сату бағасы жәнежарнама төлемі, жалпы ақша қоры, бәсекелестері;
3) мерзімді басылым тарихы ретінде: қашан шықты, атының өзгеруі, бқрын кімдердің
иелігінде болғандығы, әр түрлі кезеңдегі қоғамдық өмірдегі алған орны, дәстүрі;негізгі
мәселелерді, қоғамдық ой пікірді көрсете білу дәрежесі.
4) мазмұнына қарай; мерзімді басылымның таптық сипаты және партиялық бағыты, әр түрлі
материалдар мен бөлімдердің ара салмағы, қарастырылып отырған күнделікті негізгі
мәселерді, қоғамдық ой пікірді көрсете білу дәрежесі.
Әрине, орыс деректанушысының бұл ұсынысымен негізінен келісуге болады. Көрсетілген
мәселелерді анықтаудың мерзімді басылымның деректік құндылығын ашуға көмектесері
даусыз. Дегенмен, қазақ баспасөзінің өзіндік ерекшеліктері де жоқ емес. Ол өзі пайда болып
кең тарала бастаған 132 жыл ішінде әр түрлі қоғамдық саяси жүйеде шығарылып тұрады.
Мысалы тек бір ғана 1917 жылдыңбарысында қазақ баспа сөзі үш түрлі саяси жағдайды
басынан өткерді. Оның әрқайсысы да басылымдардың бағыт бағдарына, мақалалар
мазмұнына әсер етпей қоймайды. Сондықтан біздер үшін баспасөзге қатысты мәселелердің
бастысы оның қандай тарихи жағдайда шығып тұрғандығын, қандай мақсат мүдде үшін
күрескендігін, қандай құндылықтарды қорғағандығын анықтау.
Барлық өркениетті елдерде газет – журналдарға қатысты мәселелермен арнаулы
«газеттану» ғылымы немесе деректану ғылымы айналысады. Мысалы Германияда газеттану
ғылымы өткен ғасырдың 20жылдарында пайда болды. Сол жылдары елде газеттану әдебиеті
көптеп шығарылды.1926 жылдан бастап «Цайтунгсвиссенншафт» (Газет туралы
ғылым)журналы шыға бастады.1930 жылы О.Гроттың «Газета» деп аталатын төрт томдық
еңбегі жарияланады. Жалпы Веймар республикасы жылдарында газеттану саласында 552
диссертация қорғалып, олардың көбі жарияланды.Ол еңбектерде баспасөз ісінің теориясы
мен методикасы басылымдар жағдайы, мамандар туралы мәліметтер, рецензиялар т.т
басылып тұрды. Дәстүрлі деректану мектебі қалыптасқан Ресейде мерзімді басылымдарға
тарихи дерек ретінде әр түрлі еңбектерде талдау жасалынған. Егер, С.И Антонова өз
еңбегінде баспасөзді қазан төңкерісіне дейінгі КСРО тарихының дерегі ретінде қараса, А.М
Панфилова кеңестік мерзімді басылымдарды қазан төңкерісінен кейінгі КСРО тарихының
дерек көзі ретінде қараған. Осылардың және басқа да орыс ғалымдарының еңбектерінде
баспасөз мәліметтерін ғылыми еңбектерде пайдалана білудің маңызы көрсетілген.
Сөз жоқ ұлт тарихының деректерңн, соның ішінде мерзімді басылымдарды да , тарих
деректері ретінде тану ісін енді ғана қолға ала бастаған біздер үшін, Ресей ғаламдарының
осы саладағы еңбектерімен жете танысудың тигізер пайдасы мол. Дегенмен, мына нәрселерді
ескергеніміз дұрыс: біріншіден, көрсетілген еңбектер кеңес өкіметі кезіндедайындалып
жарық көрген. Сондықтан мерзімді басылымдар сол кездегі үстем коммунистік идеологияға
сай таптық тұрғыдан қаралып, негізінен тап күресінің қуатты қаруы ретінде зерттелінген,
Достарыңызбен бөлісу: |