Өздігінен тексеру сұрақтары:
Сұлының морфологиялық белгілері және өнімді төмендетуі мүмкін факторлар.
Мәдени және жабайы сұлы түрлерінің айырмашылық белгілері.
Сұлы түршелерінің белгілері, маңызды түршелері.
Пайдалануға рұқсат етілген сұлы сорттары.
Сұлының қоршаған орта факторларына талаптары, өнім деңгейін анықтайтын негізгі биологиялық факторлар.
Аймақта сұлының өнімділік құрылымының негізгі элементтері.
Аймақ жағдайында сұлыны астыққа өсіру технологиясы.
№8 зертханалық-іссаналық сабақ: Тары
Тапсырма:
Кәдімгі және бастанған тарының морфологиялық ерекшеліктерін оқып-үйрену, 2.26-кестесін толтыру.
Кәдімгі тарының түр тармақтары мен түршелерін анықтау, 2.27-кестесін толтыру.
Аймақ жағдайында өсіруге рұқсат етілген тары сорттарының шаруашылық-биологиялық сипаттамасымен танысу, 2.28-кестесін толтыру.
1000 тұқымның массасы мен салмақтық себу мөлшерін анықтау.
Тарының қоршаған орта факторларына талаптарын оқып-үйрену.
Аймақта тарының астыққа өсірудің операциялық технологиясын жасау.
Тапсырмаға түсіндірмелер:
Морфологиялық ерекшеліктерін оқып-үйренгенде тары өсімдігінің түктермен көмкерілгендігіне, сіпсебастың, масақша мен оның құрам бөліктерінің құрылысына көңіл бөлу керек.
Егістікте тарының екі түрі кездеседі: Panicum miliaceum және Setaria Italica, олар бір-бірінен гүл шоғырының құрылысы бойынша ажыратылады. Астық дақылы ретінде негізінен кәдімгі тары өсіріледі, бірқатар морфологиялық белгілері бойынша оны бес түр тармақтарына бөледі. Түр тармақтары сіпсебастың (масақша қауызының) түсі, дәннің түсі (гүл қауызының) және дәннің уатылғыштығы бойынша түршелерге ажыратылады. Антоцианды тары түршелері антоцианы жоқ ұқсас түршелерінің атауы бойынша аталады, бірақ «суб» жұрнағы жалғанады.
Өсірілетін тары сорттарын сипаттағанда әрбір шаруашылық-биологиялық белгісіне назар аударылады.
Тарының қоршаған орта факторларына талаптарын оқып-үйренгенде дақылдың көктемгі бозқыраудан жарақаттануына көңіл бөлінеді, ылғалмен салыстырғандағы қиын-қыстау кезеңін белгілеген дұрыс. Аймақ жағдайында тарының өсіру технологиясын жасағанда дақылдың танаптық тазалығына қоятын талабын ескереді (алғашқы өсу кезеңінде оның баяу өсетіндігіне), бір орынға қайталап орналастыруға болмайтынын, қысқа вегетациялық кезеңін, өсімдіктері мен сіпсебастың пісу ерекшеліктеріне де назар аударған жөн.
Материалдар мен құрылымдар:
Тарының түр тармақтары мен түршелерінің гербарийлері мен
баулары, әртүсті тары дәндерінің коллекциялары.
Талдау тақталары, лупалар, пинцеттер.
Оқулықтар, кестелер, суреттер, альбомдар.
2.26 – кесте - Кәдімгі тарының түр тармақтарының сипаттамасы
Сіпсебастың белгілері
|
Түр тармақтары
|
қомақты
|
тармақты
|
қысылған
|
тұтас
|
сопақ
|
Латынша атауы
|
|
|
|
|
|
Ұзындығы
|
|
|
|
|
|
Тығыздығы
|
|
|
|
|
|
Негізгі білік (тік, иілген)
|
|
|
|
|
|
Қомақтылығы
|
|
|
|
|
|
Бұтақшалардың ауытқуы
|
|
|
|
|
|
Бұтақша негізінде жастықшаның болуы (болмауы)
|
|
|
|
|
|
Кескіні
|
|
|
|
|
|
Суреті
|
|
|
|
|
|
2.27 – кесте - Кәдімгі тарының түршелері
Түсі
|
Түс тармақтары
|
дәннің
|
сіпсебастың
|
қомақты
|
тармақты
|
қысылған
|
тұтас
|
сопақ
|
|
|
|
|
|
|
|
2.28 – кесте - Кәдімгі тары сорттарының шаруашылық-биологиялық сипаттамасы
Сорт
|
Түршесі
|
Пісу мерзімі
|
Құрғақ-шылыққа төзімділігі
|
1000 тұқымның массасы, г
|
Ауруларға жапырылуға, шашылуға, төзімділігі
|
Өсіру аудандары
|
|
|
|
|
|
|
|
Өздігінен тексеру сұрақтары:
Тарының морфологиялық ерекшеліктері.
Тары түрлерінің айырмашылық белгілері.
Кәдімгі тарының түр тармақтарының айырмашылық белгілері.
Кәдімгі тары түршелерінің белгілері.
Кәдімгі тары сорттарының шаруашылық-биологиялық сипаттамасы.
Тарының ылғалға, температураға, топырақ пен қоректік заттарға қажетсінуі. Тары өнімін төмендететін мүмкін факторлар.
Тарының өсіру технологиясының ерекшеліктері.
№9 зертханалық-іссаналық сабақ:Күріш
Тапсырма:
Күріштің морфологиялық белгілерін оқып-үйрену.
Кәдімгі күріштің түр тармақтарын, топтарын, түршелерін оқып-үйрену, 2.29-кестесін толтыру.
Күріштің өсіруге рұқсат етілген сорттарын оқып-үйрену, 2.30-кестесін толтыру.
Күріштің биологиялық ерекшеліктерін оқып-үйрену, өнімді төмендететін мүмкін факторларды белгілеу.
Күріштің операциялық өсіру технологиясын жасау.
Тапсырмаға түсіндірмелер:
Күріштің басқа дәнді астық дақылдармен жалпы ұқсастықтары бола отырып тамыр жүйесі, сабақ, жапырақтарының түсі, масақша мен гүл құрылысы бойынша бірқатар айырмашылық белгілері бар, бұларды оқып-үйренгенде ескереді.
Күріш (Oryza) көп түрлерді біріктіреді, алайда егістікте егістік күріш кең тараған, осы заманғы жүйелеу бойынша ол үш түр тармағына – үнді күріші, қытай-жапон күріші және қысқа дәнді күріш – бөлінеді. Олардың айырмашылықтары дәннің ұзындығында, дән ұзындығының еніне қатынасына байланысты.
Қазақстанның оңтүстік облыстарында өсіруге рұқсат етілген күріш сорттарын сипаттағанда оның негізгі шаруашылық-биологиялық белгілеріне көңіл аударады.
Күріштің биологиясын оқып-үйренгенде жылу және ылғалмен қамтамасыз етілуін белгілейді, мұның өзі бұл дақылды суармалы жағдайда және белсенді температура жиынтығы 30000С және одан жоғары аймақтарда өсіруді міндеттейді.
Материалдар мен құрылымдар:
Гербарийлер немесе күріш өсімдіктері.
Күріш түр тармақтары мен түршелерінің сіпсебастары.
Күріштің әртүрлі түр тармақтарының дәмдері.
Талдау тақталары, лупалар, пинцеттер.
Оқулықтар, кестелер, суреттер, альбомдар.
2.29 – кесте – Күріштің түршелері
Түршесі
|
Гүл қауызы төбесінің сипаты
|
Қылтықты-лығы
|
Гүл қауызының түсі
|
Қылтықтың түсі
|
Дәннің түсі
|
|
|
|
|
|
|
2.30 – кесте – Күріш сорттарының шаруашылық-биологиялық сипаттамасы
Сорт
|
Түршесі
|
Пісу мерзімі
|
Төзімділігі
|
Өсіру аудандары
|
шашылуға
|
жапырылуға
|
|
|
|
|
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |