Умкд по дисциплине растениеводство для специальности 050801 -агрономия



жүктеу 1,77 Mb.
бет27/72
Дата08.05.2023
өлшемі1,77 Mb.
#42482
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   72
umkd «ast k dak ldar n n osiru tehnologiyas » 2021-22gg

Өздігінен тексеру сұрақтары:

  1. Еліміздің экономикасындағы бидайдың маңызы.

  2. Бидайдың жүйеленуі.

  3. Бидайдың морфологиялық ерекшеліктері.

  4. Дақылдың қоршаған орта факторларына талаптары.

  5. Аймақ жағдайында бидай өсірудің ерекшеліктері.

Негізгі әдебиет
Растениеводство// Под ред. академика ВАСХНИЛ П.П.Вавилова – М., Агропромиздат, 1986.
Аринов К.К., Шестакова Н.А. «Растениеводство Северного Казахстана» Астана 2009
Аринов К. К. Технология возделывания яровой пшеницы при орошении. Целиноград, 1992
Двуреченский В. Возделывание зерновых культур на основе влаго-ресурсосберегающей технологии и современной техники. Заречный, 2005.
Иванов П. И. Яровая пшеница. М., Колос, 1973.
Сулейменов М.К. и др. Практическое руководство по освоению интенсивной технологии возделывания яровой пшеницы. М., Колос, 1986.
Сулейменов М.К. Агротехника яровой пшеницы. А-Ата, Кайнар, 1981.
Яровая пшеница в Северном Казахстане. Под ред. А.И. Бараева. А-Ата, Кайнар, 1976.


5. ДӘРІС. АРПА


Дәрістің мақсаты: Арпаның халық шаруашылығындағы маңызын бағалау. Арпаның морфо-биологиялық ерекшеліктерін оқып-үйрену және солардың негізінде өсіру технологиясын жасау.
Дәрістің негізгі сұрақтары:

  1. Халық шаруашылығындағы маңызы, таралуы, өнімі.

  2. Ботаникалық сипаттамасы, биологиялық ерекшеліктері, сорттары.

  3. Аймақ жағдайында өсіру технологиясы.



Халық шаруашылығындағы маңызы. Қазақстанның мал шаруашылығы саласын ойдағыдай дамытуда жем-азықтық дақылдар өндірісін арттырудың рөлі зор, өйткені жемазыққа бидай астығын пайдалану экономикалық тұрғыдан тиімсіз. Қазақстандағы негізгі жемазықтық дақылдарға арпа мен сұлы жатады.
Арпа – маңызды біржылдық малазықтық, азық-түліктік және техникалық дақыл. Арпа дәнінде (астығында) орта есеппен 60% крахмал, 12-13% ақуыз (белок), 2%-дан астам май, 3%-ға таяу күл, 5-7% клетчатка, көп мөлшерде дәрумендер (витаминдер) бар. Арпа астығының химиялық құрамының өзгеруі өсіру жағдайларымен, сорттық ерекшеліктері тікелей байланысты.
Арпа астығының малазықтық құндылығы ақуыз мөлшерінің көптігінен және қабықтылығынаң төмендігінен сұлыға қарағанда жоғары. Сұлының 1 кг-да 1 азықтық өлшем болса, арпада орта есепен – 1,21 а.ө. бар.
Арпа астығы – тамаша құнарландырылған жемазық. Әсіресе оның құндылығы шошқаны беконды және жартылай майлы етке семірткенде арта түседі. Арпамен азықтандырғанда құстардың жұмыртқалағыштығы мен еттілігі артады. Арпаның сабаны мен мекені де жақсы ірі сабақты мал азығы, бағалығы жөнінен ол тары сабанына ғана жол береді.
Арпа өнімдігінен сүттене-балауыздана кезеңінде дайындалатын жалқы – азық өзінінің биологиялық құндылығы жағынан жоңышқаға жақын. Осы кезеңде жиналған арпа пішендеме дайындауға да пайдаланылады.
Арпаның азық-түліктік маңызы да айтарлықтай. Ең алдымен ол жармалық дақыл, оның астығынан арпа жармасы мен перловка жармасын өндіреді. Арпаны кофе суррогатын (қоспасын) дайындау үшін пайдаланады. Оның ұнын қосымша ретінде (10-15%) бидай мен қара бидай ұнына араластырып, нанның ерекше сорттарын пісіреді. Таза күйінде арпадан торкөзділігі төмен, тез үгітілгіш, клейковинасының қасиеттеріне байланысты өте төмен көлемді нан алынады.
Арпа астығы сыра қайнату өндірісінде үлкен рөл атқарады, әсіресе сыра ашытқысын (солод) дайындауға қосқатарлы арпа сорттары өте құнды деп есептеледі, өйткені олардың дәндері біркелкі, ірі, ақуыздылығы төмен (9-12%), қабықтылығы аз мөлшерде (8-10%) және жоғары өну энергиясымен (95%-дан кем емес) ерекшеленеді.
Арпа астығы халықаралық саудада да сұранысқа ие. Қазақстанның арпа экспортының 70%-дан астамы ТМД елдеріне шығарылады, оның ішінде негізгі және дәстүрлі сатып алушы ел қатарына Ресей жатады. Алыс шетелдерден арпаның барынша үлкен көлемі Сауд Аравиясы мен Иранға сатылады. Алайда Қазақстандық арпаның ТМД елдері арасындағы бәсекелестік қабылеті әзірше төмен деңгейде, бағасы да жоғары емес.
Арпаның агротехникалық та өте маңызды жақтары бар: арпа егістігі көктемде танаптарды арамшөптерден толық тазартуға мүмкіндік жасайды, өйткені оның себу мерзімін мамырдың соңы – маусымның басына қарай жылжытуға болады, ол айтарлықтай ерте жиналатындықтан күзгі топырақ өңдеу жүйесіне ерте жүргізуге болады және осының нәтижесінде арамшөптерге жеткілікті қысым жасалады (жоюға мүмкіндік молаяды).
Арпаның көпжылдық шөптерге жақсы бүркемелі (жамылғы) дақыл ретінде де рөлі белгілі: шөптер жамылғыдан ерте босайды да жаздың соңы мен күзде жақсы дамиды.
Арпаның ауыл шаруашылығы өндірісіндегі рөлі, арпаның дәнді дақылдар құрамындағы үлес салмағы жөніндегі пікірталас ертеден жалғасуда, дегенмен дамыған елдерде бұл дақылдың егіс көлемі азайған жоқ, жекелеген жағдайларда егістігінің арту тенденциясы байқалады.
Республикада өткен жүзжылдықтың 90-жылдары жемазық дақылдарын дамытуға қолдау болмады, арпа мен сұлы астығын сатып алу тоқтады. Ал осылардың салдары мал шаруашылығының дамуына кері әсер етті.

жүктеу 1,77 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   72




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау