Тақырыбы: ТОҢАЗыТҚЫШ ҚОНДЫРҒЫЛАРДЫ ЭКСПЛУАТАЦИЯЛАУ
3.1 1000 ккал суық шығаруға кететін электр энергиясының меншікті шығынын анықтау. Бірсатылы қысылу тоңазтқыш қондырғысының жұмысы режимін анализдеу.
Тоңазтқыш қондырғы жұмысының үнемділігін сипаттайтын көрсеткіш 1000 ккал суықты шығаруға кететін электр энергиясының меншікті шығыны болып табылады. Меншікті шығынды анықтау үшін өндірілген суықтың мөлшерін және компрессорлы цехтың тоңазтқыш құралындағы электр энергиясының шығын мөлшерін білу керек.
Өндірістік жағдайда қондырғының суықөнімділігі есеп беру периоды кезінде жұмыстың температуралық режимінен, машинаның жұмыс сағаты санынан және құралдың сипаттамасынан анықталады. Өндірілген суық мөлшерін анықтаудың жетілдірілген әдісі реттеуші станциядан өтетін циркуляциялаушы тоңазтқыш агентінің мөлшерін есепке алатын өлшеулер мәліметтерін қолдану болып табылады.
Электр энергиясының меншікті шығынын шығындалған электр энергиясының шығынын өндірілген суықтың мөлшеріне қатынасы ретінде анықтайды
квт·ч/1000 ккал
,
,
|
(3.1.1)
|
мұндағы - жасанды суықты шығаруға және транспорттауға (компрессорлар, насос, вентилятор, ауанытоңазтқыштар) қатысатын машиналардың келтірілуіне кететін электр энергисының суммарлы шығыны, квт∙сағ;
- есеп беру кезінде шығарылған жасанды суықтың мөлшері τ, мың ккал.
Электр энергисының меншікті шығынын электр энергисының меншікті шығынының нормаларымен сәйкестендіргенде тоңазтқыш қондырғы қанашалықты үнемді жұмыс істегендігі анықталады. Тоңазтқыш қондырғының жұмыс режиміне систематикалық бақылау жасау және оптимальді мәннен ауытқуларды анықтап, оларды жою мақсатында анализ жүргізу тоңазтқыш қондырғыны эксплуатациялау кезінде маңызды мәселе болып табылады.
Жұмыс мақсаты:
Берілген жұмыстың мақсаты жасанды суықты шығаруға кететін электр энергиясының меншікті шығынын анықтау әдістерімен танысу және оптимальді жұмыс режимінен ауытқуларды анықтау үшін тоңазтқыш қондырғының жұмыс режимін дұрыс анализдеу.
Зертханалық қондырғының сипаттамасы:
Компрессор (3.1 сурет) бутәрізді аммиакты май бөлгіш 2 арқылы конденсаторға жібереді, онда конденсат сызықты ресиверге 4 құйылады. Сұйық аммиак конденсация қысымы кезінде сулы тоңазтқыш 5 арқылы өтіп, реттеуші станцияның 9 коллекторына барады. Конденсация мен қайнау қысымының айырымында аммиак реттеуші вентильдан кейін сұйық аммиакты бөлгіш ретінде де қызмет атқаратын 12 реттеуші вентильге беріледі. Бөлгіштен кейін сұйық аммиак буландырғышқа 11 барады. Сұйықты бөлгіш толып кетпес үшін дренажды ресивер 10 қолданылады.
Тоңазтқыш қондырғыда сумен қамтудың кері жүйесі пайдаланылған. Су насосы 8 жер асты резервуарынан 7 суды алады да оны конденсаторға 3 береді, одан кейін су градирняға 6 барады.
3.1 суретте температураны, қысымды, тоңазтқыш агенттерінің шығынын тоңазтқыш суды өлшеуге арналған құралдардың қосылу жері көрсетілген. Тоңазтқыш агенттің шығыны сұйық құбырөткізгішінде - деңгейлер айырымы h1, сорушы құбырөткізгіште h2, су құбырөткізгішінде судың конденсаторға кететін шығыны h3 орнатылған диафрагма мен дифференциалды манометр көмегімен анықталады.
Жұмыс көлемі тұрады:
1) сынақтың жұмыс схемасымен, құралдармен жұмыс істеу бойынша нұсқаулықпен, өлшеу құралдарымен танысу;
2) жұмыстың орындалу ретімен, бақылау журналымен, нәтижелерді өңдеу әдістерімен танысу;
3.1 сурет– Зетханалық аммиакты тоңазтқыш қондырғысының принципиальді схемасы
Достарыңызбен бөлісу: |