УМКД 042-05.1.20.01/03-2010
|
Ред. № 1 от «5» октября 2010
|
Страница из 56
|
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ШӘКӘРІМ атындағы СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
|
СМК 3 дәрежелі құжат
|
УМК
|
УМК 042-05.01.20.74/-03-2008
|
«Монтаж, диагностика және тоңазытқыш құрылғыларын жөндеу» дисциплинасы бойынша оқу-әдістемелік комплекс
|
№ 1 редакция
«5» қазан 2010 ж бастап
|
5В072300 – Техникалық физика мамандығына арналған
«МОНТАЖ, ДИАГНОСТИКА ЖӘНЕ ТОҢАЗТҚЫШ ҚҰРЫЛҒЫЛАРЫН ЖӨНДЕУ» ДИЦИПЛИНАСЫ БОЙЫНША ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КОМПЛЕКС
ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР
Семей
2012
Мазмұны
1 ГЛОССАРИЙ 6
Винтті компрессор - ортаның сығылуы винтті тісті екі ротормен байланысқан ротациялық компрессор. 8
Ауалы компрессор – ауаны сығуға арналған компрессор 8
Герметикалық компрессор - бөлшектенбейтін картердің ішінде электрқозғалтқыш орамы мен ротор болатын және картердан тыс қозғалмалы элементтер болмайтын компрессорлы агрегат. 8
разъемный герметикалық компрессор (немесе жартылайгерметикалық) – қызмет үшін демонтаж жүргізетін болтты байланыстары бар картері бар компрессорлы агрегат. Электрқозғалтқыш орамы мен роторы картердің ішінде орналасқан. Картердің сыртында қозғалмалы бөліктері болмайды. 8
Глобойдты компрессор - ортаның сығылуы спираль тәрізді ротор мен екі тісті дөңгелек көмегімен бекітілетін ротациялық компрессор. 8
Көппластинкалы компрессор – ротор саңылуында еркін сырғитын пластинканың көп мөлшерінен тұратын ротациялық компрессор. Ротор цилиндр осьіне қатысты эксцентрлі орналасқан өз осьі бойынша айналатын ротор.. 8
Көлемдік типті компрессор - хладагент компрессиялық камераның көлемі артуы нәтижесінде сорылады және осы көлем азайған кезде сығылады,содан кейін құбырөткізгішке беріледі. Осьтік компрессор – ішінде сығыылатын орта айнаалу осьіне параллель бағытта қозғалатын құбыркомпрессор. 8
Ашық типті компрессор - хладагентпен байланыспайтын компрессорлы агрегат. 8
Плунжерлі компрессор - шатунның жоғарғы бөлігі поршеньге шпиндель көмегімен бекітілетін поршеньді компрессор. 8
Поршеньді компрессор - цилиндрде түзу сызық бойымен және беріліп-кері қозғалатын бір немесе бірнеше поршеньнен тұратын көлемді типті компрессор. 8
Шеңбер бойымен қозғалатын компрессор – сығылатын орта айналу осьіне перпендикуляр бағытта диффузор және дөңгелек күрекшелері рқылы қозғалатын құбыркомпрессор. 8
Конденсатор – хладагент буы жылуын суытқышқа бере отырып конденсацияланатын жылуалмастырғыш. 8
Сулы конденсатор – суытқыш ретінде су қолданылатын конденсатор. 8
Ауалы конденсатор – суытқыш ретінде ауа қолданылатын конденсатор. 8
Конденсатор-буландырғыш – төменгі температуралы каскадтағы хладагент конденсациясы жоғары температуралы каскадтағы хладагенттің булану жолымен жүзеге асатын каскадты типті тоңазтқыш қондырғылардағы жылуалмастырғыш. 8
Кожухотрубный конденсатор – бір немес екі қақпақпен жабылған екі ұшы түтікті тақтайға бекітіліп теріге енгізілген құбыр шоғырынан тұратын конденсатор. 8
Оросительная градирня – судың тоңазытылуы оның ауада жартылай булануына негізделген рециркуляциялаушы суды суытуға арналған қондырғы. 9
Сұйықтарды бөлгіш – сұйық хладагенттің компрессорға түсуінің алдын алуға арналған буконденсациялық тоңазтқыш машинаның сорғыш құбырөткізгішінде болатын резервуар. 9
Майды бөлгіш – майды хладагент буынан ажыратуға арналған компрессорлық тоңазтқыш машинадағы қондырғы. 9
Рассол – тұздың судағы ерітіндісі. 9
Ресивер – сұйық хладагент қорын сақтауға арналған буконденсациялық машинаның жоғарғы қысым бөлігінде болатын сыйымдылық. 9
Ауалы ресивер (қысымды жұмыс істейтін ыдыс) – сығылған ауаны жинақтауға арналған және сығылғагн ауа жүйесінің жоғарғы қысым бөлігінде болатын сыйымдылық. Негізінен, оның қосылулар санын азайта отырып, ауалы компрессор жұмысын жеңілдетуде қолданылады. 9
жылуалмастырғыш – өзара бөлінген екі орта арасында жылуды тасымалдауға арналған аппарат. 9
Термореттеуші вентиль (ТРВ)- оның көмегімен сұйық хладагенттің ұлғаюы жүретін және оның басқарылуы жүзеге асатын буконденсациялық тоңазтқыш машинада хладагент шығынын реттеуші. 9
Хладагент – денеден жылуды төмен температурамен жұта отырып оны жоғары температуралы денеге беретін тоңазтқыш циклына қатысатын сұйықтық. 9
2 ДӘРІСТЕР 9
1 Дәріс. Тоңазытқыш қондырғыларды монтаждау 9
3 дәріс. Тоңазытқыш қондырғыларды жөндеу 83
3 Зертханалық жұмыстар 101
ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫС 1 101
Тақырыбы: ИЗОЛЯЦИОНДЫҚ КОНСТРУКЦИЯЛАРДЫ СЫНАУ 101
1.1 КЖАӨ конструкциялы шағын жылулық ағындардың өлшегіштерінің көмегімен изоляциондық конструкциялардың жылуберілу коэфициентін анықтау 101
1.2 Шағын жылулық ағындардың өлшегіштері арқылы тоңазытқыш құбырларының жылуизоляциясының жылуөткізгіштік коэффициентін анықтау 105
2 ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫС 109
Тақырыбы: КОМПРЕССОРЛАРДЫ МОНТАЖДАУ 109
2.1 Тоңазтқыш машинаның компрессорын монтаждау кезде жүргізілетін негізгі тексерулер, выверка және центровка 109
2.2 Өнімділігі аз фреонды тоңазтқыш агрегаттарды монтаждау 120
2.3 Электр қозғалтқышты орнату және біліктердің осьтілігін тексеру 124
№ 3 Зертханалық жұмыс 129
Тақырыбы: ТОҢАЗыТҚЫШ ҚОНДЫРҒЫЛАРДЫ ЭКСПЛУАТАЦИЯЛАУ 129
3.1 1000 ккал суық шығаруға кететін электр энергиясының меншікті шығынын анықтау. Бірсатылы қысылу тоңазтқыш қондырғысының жұмысы режимін анализдеу. 129
3.2 Тоңазтқыш қондырғы жүйесіндегі конденсацияланбайтын газдардың құрамын анықтау және АВ-2 автоматты ауаны тоңазтқыштың жұмыс эффективтілігін зерттеу 139
4 ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫС 146
Тақырыбы: КІШКЕНТАЙ ТОҢАЗыТҚЫШ МАШИНАЛАРДЫ СЫНАУ 146
4.1 Үй тоңазтқышының компрессорлы агрегатының негізгі сипаттамаларын анықтау 146
4.2 Тоңазтқыш камерада және үй тоңазтқыш аппараттарының бетіндегі температура өзгерісін анализдеу 153
4.3 Тоңазтқыш қондырғының жұмысына сыртқы талаптардың әсерін зерттеу және төменгітемпературалы витринаның ВН-С ішіндегі температуралық режим 156
4 СТУДЕНТТЕРДІҢ ӨЗДІК ЖҰМЫСЫ 161
1 ГЛОССАРИЙ
Дәрістер – мақсаты дисциплинаның теориялық сұрақтарын логикалық формада қарастыратын оқу сабағының формасы.
Зертханалық жұмыстар – студенттердің жауапкершілігін дамытуға бағытталған оқу сабағының формасы.
Оқытушының жетекшілігімен студенттің өздік жұмысы (СРСП) – диалогты режимде аудиториялық сабақ түрінде және аудиториядан тыс уақытта консультация түрінде жүргізілетін оқудың кредиттік жүйесіндегі оқу сабағының формасы.
Тоңазтқыш - тез бұзылатын тағамдарды суытуға, тоңазытуға және сақтауға арналған өндірістік кәсіпорын.
Жұмыстық дене — жылулық энергияны механикалық энергияға түрлендіретін машиналарда қолданылатын газтәріздес зат.
Жылутасымалдағыш — реакторда бөлінетін жылуды беру процесінде қолданылатын қозғалатын сұйық немесе газтәріздес орта.
Ауаны кондиционерлеу – бөлмелерде ауа параметрлерін автоматты ұстап тұру.
Тоңазтқыш тізбек — түрлі қызметке арналған тоңазтқыштардан және суытуға және тоңазытуға арналған бір бірімен арнайы тоңазтқыш транспортпен байланысқан қондырғыдан тұратын күрделі жүйе.
Базисті тоңазтқыштар өндірістік-дайындаушы тоңазтқыштарда жасалған өнімдерді жинақтауға арналған.
Таратқыш тоңазтқыштар тағам өнімдерін ұзақ сақтауға және көтерме сауда жүйесі арқылы индустриалды орталықтарды және ірі қалалардың тұрғындарын қамтамасыз етуге арналған.
Сауда тоңазтқыштары қоғамдық тамақ кәсіпорнында және көтерме саудадағы тағам өнімдерін аз уақыт сақтауға арналған.
Тоңазтқыш технологиялық құрылғылар – температурамен, ылғалдылықпен, тоңазтқыш ортаның қозғалыс жылдамдығымен, және кейде өысымен және газдық құрамымен сипатталтын тоңазытылтын объектілерде берілген жұмыс режимін ұстап тұруға және тағам өнімдерін төмен температулық өңдеуге арналған қондырғылар.
Камера – тоңазтқыш қондырғылардың жылуизоляцияланған бөлмелерінің жиынтығы, өнімдерді транспорттауға және орналастыруға арналған қондырғы.
Туннель – камераға қарағанда аз сыйымдылыққа және мқлшерге ие қондырғы,әдетте оның ұзындығы енінен үлкен болып келеді. Оның тоңазытатын қондырғылар комплексімен қоса жиналмалы-шашыратылатын конструкциясы, сонымен қоса, бөлмелерде орналастырылатын өнімдерді транспорттауға және орналастыруға арналған қондырғысы бар.
Аппарат – бөлмеде орнатылатын және сыйымдылығы мен мөлшері тунельге қарағанда аз болып келетін толық зауыттық дайындықтағы қондырғы.
Саудалық тоңазтқыш құралдары– азық-түліктің аз мөлшерін қысқа уақыт сақтауға, сонымен қоса, суытылған, тоңазытылған өнімдерді, жартылайфабрикаттарды және дайын өнімдерді демонстрациялауға және сауда орталықтарында жүзеге асыруға арналған.
Жоғарытемпературалық тоңазтқыш құралдар – сусындарды және 4÷12 ºС температурада тара-құралдардан алынған өнімдерді сатуға, демонстрациялауға және сақтауға арналған құрал;
Орташатемпературалық тоңазтқыш құралдар – 0÷8 ºС температурада өнімдерді сатуға, демонстрациялауға және сақтауға арналған құрал;
Төментемпературалық тоңазтқыш құралдар – -18 ºС температурада тоңазытылатын өнімдерді сатуға, демонстрациялауға және сақтауға арналған құрал;
Комбинирленген тоңазтқыш құралдар – -25 ºС жоғары емес температурада өнімдерді тоңазытуға арналған орташа- және төментемпературалық бөлімдерден тұратын құралдар.
Ауанытоңазтқыш – ол арқылы ауа өткен кезде температураны төмендетуге арналған жылуалмастырғаш.
кожухозмеевиковый буландырғыш – айналасында тоңазытылатын сұйықтық циркуляцияланатын, иректі буландырғыштан, цилиндрлік қабатшадан пайда болған буландырғыш.
кожухотрубный буландырғыш – бір немесе екі қақпақпен жабылған немес жабылмаған екі ұшы теріге енгізілген, түтікті тақтайға бекітілген түтік шоғырымен пайдп болған буландырғыш; сұйықтықтың бірі түтік бойымен ағады, екіншісі түтік пен тері арасындағы кеңістікте ағады.
Пластинкалы буландырғыш - арасында хладагенттің циркуляциясына арналған каналы бар екі пластинканың арасында немесе пластинаға бекітілген немесе екі пластина арасына бекітілген түтіктің қасында пайда болған буландырғыш.
Рециркуляциялық буландырғыш – буды сұйықтықтан ажыратуға арналған сеператоры бар буландырғыш; ауырлық күші әсерімен немесе насос және эжектор көмегімен буланбаған хладагент буландырғыш кірісіне қайтып келеді.
Параллельді түтіктері бар буландырғыш – екі ұшы коллектормен бекітілген параллельді түтіктер қасында пайда болатын буландырғыш.
Винтті компрессор - ортаның сығылуы винтті тісті екі ротормен байланысқан ротациялық компрессор. Ауалы компрессор – ауаны сығуға арналған компрессор Герметикалық компрессор - бөлшектенбейтін картердің ішінде электрқозғалтқыш орамы мен ротор болатын және картердан тыс қозғалмалы элементтер болмайтын компрессорлы агрегат. разъемный герметикалық компрессор (немесе жартылайгерметикалық) – қызмет үшін демонтаж жүргізетін болтты байланыстары бар картері бар компрессорлы агрегат. Электрқозғалтқыш орамы мен роторы картердің ішінде орналасқан. Картердің сыртында қозғалмалы бөліктері болмайды. Глобойдты компрессор - ортаның сығылуы спираль тәрізді ротор мен екі тісті дөңгелек көмегімен бекітілетін ротациялық компрессор. Көппластинкалы компрессор – ротор саңылуында еркін сырғитын пластинканың көп мөлшерінен тұратын ротациялық компрессор. Ротор цилиндр осьіне қатысты эксцентрлі орналасқан өз осьі бойынша айналатын ротор.. Көлемдік типті компрессор - хладагент компрессиялық камераның көлемі артуы нәтижесінде сорылады және осы көлем азайған кезде сығылады,содан кейін құбырөткізгішке беріледі. Осьтік компрессор – ішінде сығыылатын орта айнаалу осьіне параллель бағытта қозғалатын құбыркомпрессор. Ашық типті компрессор - хладагентпен байланыспайтын компрессорлы агрегат. Плунжерлі компрессор - шатунның жоғарғы бөлігі поршеньге шпиндель көмегімен бекітілетін поршеньді компрессор. Поршеньді компрессор - цилиндрде түзу сызық бойымен және беріліп-кері қозғалатын бір немесе бірнеше поршеньнен тұратын көлемді типті компрессор. Шеңбер бойымен қозғалатын компрессор – сығылатын орта айналу осьіне перпендикуляр бағытта диффузор және дөңгелек күрекшелері рқылы қозғалатын құбыркомпрессор. Конденсатор – хладагент буы жылуын суытқышқа бере отырып конденсацияланатын жылуалмастырғыш. Сулы конденсатор – суытқыш ретінде су қолданылатын конденсатор. Ауалы конденсатор – суытқыш ретінде ауа қолданылатын конденсатор. Конденсатор-буландырғыш – төменгі температуралы каскадтағы хладагент конденсациясы жоғары температуралы каскадтағы хладагенттің булану жолымен жүзеге асатын каскадты типті тоңазтқыш қондырғылардағы жылуалмастырғыш. Кожухотрубный конденсатор – бір немес екі қақпақпен жабылған екі ұшы түтікті тақтайға бекітіліп теріге енгізілген құбыр шоғырынан тұратын конденсатор. Оросительная градирня – судың тоңазытылуы оның ауада жартылай булануына негізделген рециркуляциялаушы суды суытуға арналған қондырғы. Сұйықтарды бөлгіш – сұйық хладагенттің компрессорға түсуінің алдын алуға арналған буконденсациялық тоңазтқыш машинаның сорғыш құбырөткізгішінде болатын резервуар. Майды бөлгіш – майды хладагент буынан ажыратуға арналған компрессорлық тоңазтқыш машинадағы қондырғы. Рассол – тұздың судағы ерітіндісі. Ресивер – сұйық хладагент қорын сақтауға арналған буконденсациялық машинаның жоғарғы қысым бөлігінде болатын сыйымдылық. Ауалы ресивер (қысымды жұмыс істейтін ыдыс) – сығылған ауаны жинақтауға арналған және сығылғагн ауа жүйесінің жоғарғы қысым бөлігінде болатын сыйымдылық. Негізінен, оның қосылулар санын азайта отырып, ауалы компрессор жұмысын жеңілдетуде қолданылады. жылуалмастырғыш – өзара бөлінген екі орта арасында жылуды тасымалдауға арналған аппарат. Термореттеуші вентиль (ТРВ)- оның көмегімен сұйық хладагенттің ұлғаюы жүретін және оның басқарылуы жүзеге асатын буконденсациялық тоңазтқыш машинада хладагент шығынын реттеуші. Хладагент – денеден жылуды төмен температурамен жұта отырып оны жоғары температуралы денеге беретін тоңазтқыш циклына қатысатын сұйықтық.
Дәрістер – мақсаты дисциплинаның теориялық сұрақтарын логикалық формада қарастыратын оқу сабағының формасы.
1 Дәріс. Тоңазытқыш қондырғыларды монтаждау
Дәрістік сабақтың мазмұны
1.1. Жалпы мағұлматтар
1.2. Монтаждық жұмысты ұйымдастыру
1.3. Монтаждық жұмысты жүргізген кездегі техникалық қауіпсіздік
1.4. Коммуникацияларды, конструкцияларды және құралдарды монтаждаудың заманауй әдістері
1.5. Тоңазытқыш құрлдарды монтаждау
1.5.1.Машиналар мен аппараттардың фундаменті
1.5.2. Тіреуіш конструкциялардың разметкасы, құралдарды орнату және выверка
1.5.3. Поршеньді, ротациялық және винтті компрессорларды монтаждау
1.5.4. Негізгі аппараттар мен көмекші құралдарды монтаждау
1.5.5. Саудалық тоңазытқыш қондырғыларды монтаждау ерекшеліктері
1. Тоңазытқыш қондырғыларды монтаждау
1.1. Жалпы мағұлматтар
Тоңазтқыш қондырғыларды монтаждау – оны орнату, жөндеу және эксплуатацияға қосу бойынша атқарылатын жұмыстар комплексі. Тоңазтқыш қондырғыларды монтаждау компрессорлардың, аппараттардың, көмекші механизмдер және тоңазтқыш агент, суықтасымалдағыш, май, су және т.б-ға арналған құбырөткізгіштер жүйесін монтаждаудан тұрады.
Монтаждау жұмысының көлемі құралды агрегатау деңгейіне байланысты. Тоңазтқыш машиалардың классификацисына сәйкес, өнімділігі 200 Вт және одан да жоғары болатын арнайы құралдар (саудалық агрегаттар, автономды транспортты кондиционерлер және т.б) агрегат түрінде беріледі және монтаж осы тоңазтқыш қондырғыны белгіленген жерге орнатуға және электржүйеге қосуға негізделеді.
Сауда кәсіпорнында, ауылшаруашылығында және тамақ өнеркәсібінде пайдаланылатын өнімділігі орташа (116 кВт дейін) компрессор-конденсатор және аппаратты агрегаттар түрінде беріледі, оларды монтаждау, жобаға сәйкес, агрегаттар арнайы белгіленген бөлмелерде орналастыруға негізделген, одан кейін агент , жылутаымалдағыш құбырөткізгіштері монтаждалады.
Өнімділігі 116 кВт-тан жоғары болып келетін құралдар агрегатты емес немесе жартылай агрегат түрде беріледі. Ірігабаритті машиналар мен аппараттар (горизантальді компрессорлар, буландырғыш конденсаторлар және градирнялар) түйіндер бойынша беріледі. Оларды монтаждау күрделірек болып келеді.
1.2. Монтаждау жұмыстарын ұйымдастыру
Тоңазтқыш құралды монтаждау құрылыс, санитарлық, электртехникалық жұмыстармен тығыз байланыса отырып жүргізіледі. Құрылыстық бөлімшелер құрал астына фундамент, тіреуіш конструкциялар, құралды орналастыруға арналған аумақтар, грунттағы құбырөткізгіштер төсемелеріне арналған каналдар, территория бойынша құбырөткізгіштер төсемелеріне арналған эстакадтар, темірбетонды резервуарлар және градирнялар конструкцияларын тұрғызады. Санитарлық және техникалық жұмыстарды жүргізетін бөлімшелер суға және пайдаланылған суды канализацияға құюға арналған жерасты құбырөткізгіштерін жүргізеді. Электротехникалық жұмыстарды жүргізетін бөлімшелер электрмен қамту және жарықтандырумен байланысты барлық комплекстің монтажын жүзеге асырады. Автоматизация бойынша қондырғылар сәйкес мамандандырылған ұйымдармен жүзеге асады.
Құралды монтаждау монтаждау ұйымы дайындаған жұмысты орындау жобасы негізінде немесе қажетті құралдар мен материалдарды дайындағаннан кейін кәсіпорын жұмысының схемасы бойынша жүзеге асырылуы тиіс.
Монтаждау жұмыстарын жүргізбес бұрын СНиП сәйкес келесілерден тұратын ұйымдық-техникалық дайындық жүргізілу керек:
-тапсырушыдан немесе генподрядчиктан монтаждау ұйымы жобалық және техникалық құжаттаманы алу;
-монтаждау жұмысы өнімі жобасын белгіленген тәртіпте дайындау, сәйкестендіру және бекіту (ППМР);
-технологиялық құралдардың жинақтамаларын, құбырөткізгіш және металлконструкциялардың түйіндерін сақтауға арналған ашық аумақтарды, қоймаларды ұйымдастыру;
-тұрақты және уақытша жерасты жолдарын жабдықтау;
-өндірістік және тұрмыстық бөлмелердің, уақытша жабдытаудығ монтаждау жұмысына арналған қажеттіліктерді табу;
- тұрғызылып жатқан объектке монтаждау жұмысына қажетті электрэнергия, су, бу, сығылған ауаны беруге арналған сыртқы жүйелерді төсеу;
-сыртқы және ішік электрмен жарықтандыру қондырғысы; -жұмыс өндірісіндегі жоспарда қарастырылған құралдарды, құбырөткізгішматериалдар түйіндерін комплектпен беру;
-монтаждау ұйымын жқмыс өндірісі жобасында қарастырылған монтаждау механизмдерімен, транспорттық құралдармен, инструменттермен және басқа да қажеттіліктермен жабдықтау;
-монтаждау жұмысының өндірісіне қажетті монтаждық эксплуатациондық және көтерме-транспортты құралдарды монтаждау;
-қауіпсіздік техникасы және еңбекті қорғау бойынша шараларды орындау.
Монтажды-технологиялық құжаттамаларға жатады: монтаждау жұмысы өндірісінің жобасы (ППМР) және стандарттық емес құралдарды жасаудың технологиялық картасы. Монтаждау жұмысы өндірісінің жобасы құрылыс объектісінің жалпы мәселелерін шешетін құрылыс ұйымы жобасының бөлігі болып табылады. Оның негізгі қызметі – монтаждық және құрылыстық жұмыстардың орындалуын, монтаждау жұмысы өндірісінің технологиясын, түрлер бойынша жұмыстар көлемін, монтаждау құралдарының қажеттіліктерін, , жабдықтар мен инструменттерді анықтау. Монтаждау жұмысы өндірісі жалпы жағдайда: монтаждау әдістерін түсіндіруден, технологиялық құбырөткізгіштер мен құралдарды сынау ретінен, монтаждау жұмысының сапасын бақылау бойынша талаптардан тұратын түсініктеме жазбадан; монтаждау зонасында транспорттық құрадардың қозғалысына арналған жолдармен, уақытша өндірістерімен, қоймалық және тұрмыстық бөлмелерден, құралдар мен құбырөткізгіштерді жинастыраыруға арналған алаңдарымен бірге көрсетілген құрылыстық генпланнан тұрады. Монтаждау схемасы құралдарды, металконструкцияларды және құбырөткізгіштерді монтаждау зонасында қозғалтуға, оны орнатуға және бекітуге байланысты мәселелерден тұрады.
Монтаждауға құралдр мен құбырөткізгіш түйіндерін беру монтаждау жұмысы өндірісінің жобасы бойынша қабылданған жұмыс өндірісі графигіне сәйкес жүзеге асырылады. Құралдарды монтаждауға жіберген кезде жобаға сәйкестілік комплектісін, сыртқы күйі бойынша техникалық жағдайын, дайындаушы-зауыт дайындайтын арнайы инструменттердің техникалық құжаттамаларының толық болуын тексере отырып, акт толтырады. Көрініп тұрған ақауларға ие, сақталуға кепілдік мерзімінің өтіп кеткен құралдары түйіндері мен бөлшектерінің жұмысқа қабілеттілігін қайтадан тексеруге (ревизие) жіберіледі. Суытушы батареялар мен құбырөткізгіш түйіндерін монтаждауға жіберер кезде фланецтардың тығыздаушы беттердің, резьбалық байланыстардың күйіне, тазалығына мән бере отырып, сызбаға сәйкестілігін тексереді.
Құралдар мен құбырөткізгіштер монтаждауға жіберілетін ғимараттарда, градирнялар, ашық аумақтарда монтаждау жұмысы өндірісінің жобасында қарастырылған құрылыстық жұмыстар орындалу керек. Мысалы, машиналық бөлімшеде қабырғалар, жақтаулар, құралдығң астына қоятын фундаменттер, едендер, құбырөткізгішке арнлған каналдар, құбырөткізгіштерді бекітуге арналған қондырғылардағы бөлшектер орнатылуы керек. Тоңазтқыш камерасында жылуизоляциялық бөгеулердің ішкі бетінің жекелеген бөліктері аяқталған болу керек, тоңазтқыш құралдар мен құбырөткізгіштерді бекітуге арналған бөлшектер (анкерлы болттар, пластиналар) орнатылуы керек.
Бөлмені тұрғызған кезде құрылыс конструукцияларында басты осьтер мен биіктік белгілерінің дұрыс көрсетілуін, қабырғалар мен бөгеттерде құбырөткізгіштер өтетін сағылаулардың болуын, бөлшектердің дұрыс орнатылуын және олардың берік болуын тексеру керек.
Фундаментті тұрғызған кезде тексереді: сызбаға сәйкестілігін (фундаменттің, сағылаулар мен бөлшектердің геометриялық мөлшерін), анкерлы болттың астында жасалған саңылаулар, колодцалар, бөлшектер мени фундаментті болттардың өзара орналасуын; реперлар мен құралдардың негізгі осьтері көрсетілген закладты пластиналардың болуын; беттің күйін (шытынаулар мен сынулар); бұзатын және бұзбайтын бақылау әдісі арқылы бетонның беріктігін. Монтаждауға функционалды блокты тұрғызатын технологиялық құбырөткізгіштер мен құралдарды орнатуға арналған тіреуіш конструкциялар, фундаметтер және бөлмелер беріледі. Фундаменттердің, ғимараттардың қабылдануын тексеру нәтижелері мен ескертпелері көрсетілген актпен констатациялайды. Құрылыстық өкіл, монтаждық ұйым және тапсырыс берушінің қолы қойылған акт объектілерің монтаждау жұмысына дайын екндігін білдіреді.
1.3 . Монтаждау жұмыстарын жүргізген кездегі қауіпсіздік ережелері.
Монтаждау ұйымы барлық жұмыс сатыларында жұмысшылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету керек.
Монтаждау аумағын, жұмыс аймағын, жүк көтеруші машиналар мен транспортты құралдардың, адамдардың қозғалысын ұйымдастырған кезде олардың шегінде тұрақты түрде немесе потенциалды түрде қауіпті өндірістік факторлар әсер ететін адамдар үшін қауіпті зонаны белгілейді. Қауіпті зоналар белгіленген формада қауіпсіздік белгісімен және жазбалармен көрсетілуі керек.
Тұрақты түрде әсер ететін өндірістік факторлар зонасына оқшауланбаған электрқондырғылар бөлігіне жақын аумақ; 1,3 м жәден одан жоғары болып келетін қоршаулар маңайы; машиналар мен құралдардың, жұмысшы оргаендардың немесе олардың бөліктерінің қозғалысына арналған жерлер; шекті мәннен жоғары концентрацияларда зиянды заттар болатын жерлер немесе МЕСТ нормасы бойынша шекті мәннен асып кеткен шудың болуы; жүк көтеретін крандар арқылы жүктердің қозғалысы жүзеге асатын жерлер жатады.
Потенциалды түрде әсер ететін қауіпті өндірістік факторлар аумағына тұрғызылып жатқан ғимарат маңайы, конструкциялар мен құралдардың монтажы жүзеге асатын ғимарат баспалдақтары жатады.
Тұрақты түрде әсер ететін өндірістік факторлар зонасына бөтен адамдар кіріп кетпес үшін қорғаушы қоршаулармен қоршап тастайды. Бұл зоналарда құрылыс-монтажды жұмыс өндірісі іске аспайды.
Ең басты назар пісіру (сварщочные) жұмыстарына арналу керек. Бөлмелердегі пісірушілердің жұмыс орны пісіру кезінде көбен бетті сәулелену энергиясынан, шашарытулардан, ұшқындардан қорғау үшін биіктігі 108 м кем болмайтын жанбайтын экрандармен (ширма, қалқан) бөлінку керек. Ашық ауада пісіру жұмысын жүргізген кезде бұндай бөгеттерді адамдардың интенсивті қозғалатын аумақтарында және бірнеше пісірушілер бірге жақын жұмыс істеген кезде қою керек.
Газ баллондары тура күн сәулесінен және соққылардан қорғалыну керек, сонымен қоса жылытқыш құралдардан 1м арақашықтықта оқшаулану керек.
Газопроводящие рукава на ниппелях горелок, резаков и редукторов, а также места наращивания рукавов, необходимо закреплять стяжными хомутами. Пісіру қткізгіштерін төсеген кезде немесе орныны ауыстырған кезде олардың оқшаулануының зақымдануына қарсы шаралар қолдану керек және оларды сумен, маймен, болат канаттармен және ыстық құбырөткізгіштермен жанасуын алдын алу керек. Өртке қауіпті орталармен толтырылған құбырөткізгіштер мен аппараттарға пісіру жұмыстарын жүргізуге тыйым салынады. Аппараттар мен құбырөткізгіштерге демонтаж жұмыстарын жүргізу олардан өрткеқауіпті орталарды толығымен алып тастағанан кейін барып жүзеге асырылады.
Технологиялық құбырөткізгіштерді беріктілік пен герметикалыққа сынаған кезде заглушкаға қарама қарсы және жақын тұруға, қысымдағы құбырөткізгіштер мен арматуралардың ақауларын жөндеуге, құбырөткізгіш бойынша жүруге тыйым салынады. Үрленетін және сыналатын құбырөткізгіштен ауаны тастау орны дұрыстап қоршалу керек. Құбырөткізгіштерді сынаған кезде күзетілетін зонаға адамдардың кіруіне тыйым салынады. Құбырөткізгіштер мен құралдарды сынаған кезде пісірілген жерлерді соққылауға тыйым салынады.
Құрылыс аумақтары мен монтаждау жұмысы өндіріс орнын электрмен жарықтандыру үшін ғимараттың ішінде типтік стационарлы инвентарлы жарықтандыру қондырғысын қолданады. Жарықтандыру жұмыстық орынның барлық деңгейіне бірдей таралу керек. Құрылыс аумақтары мен жқмыс өндірісі орындарын электрмен жарықтандыру жиілігі 50 Гц айнымалы ток жүйесінен және кернеуі жарықтандыру құралдары үшін 220 В, ал қолмен тасымалданатын жарық шамдары үшін 12 В болатын тұрақты ток жүйесінен қосылу керек.
Электр жүйелерінде және электр қондырғыларында монтаждау мен жөндеу жұмыстары оларда кернеу толығымен болмаған кезде және жұмысты қауіпсіз орындау бойынша барлық шаралар орындалған кезде жүргізіледі.
1.4 . Құралдарды, конструкцияларды және коммуникацияларды монтаждаудың заманауй әдістері
Технологиялық құралдарды, конструкцияларды және құбырөткізгіштерді монтаждау әдістері ағындық-біріктірілген, кезекті, комплектті-блокты, іріблокты, ағынды-түйінді және төсемесіз деп бөлінеді.
Ағындық-біріктірілген әдіс мұқият инженерлік-экономикалық дайындықы талап ететін прогрессивті және үнемді әдіс. Ол объект құрылысының нормативті жалғасу мерзімінің қысқаруына ықпал етеді. Құрылыс-монтаждау жұмыстары құрылысқа қатысатын барлық құрылыс-монтаждаушы ұйымдармен, сонымен қоса, құралдар мен матрериалдарды келісілген уақытта жеткізіп отыратын тапсырушымен келісе отырып қатаң дайындалған график бойынша жүргізіледі. Бұл әдістің кемшілігіне жалпықұрылыстық және бөліктік жұмыс процесі кезінде құралдарды ақаулардан кететін қосымша шығынар.
Кезекті әдісті техникалық жағдайлар бойынша тек қана тұрғызылған ғимараттар мен бөлмелерде орнатылған құралдарды монтаждаған кезде, сонымен қоса, монтаждау жұмсының аз көлемінде қолданылады.
Комплектті-блокты әдіс монтаждаушы аумақтан монтаждау ұйымдарының өндірістік базаларына жұмысты максимальді түрде тасымалдау кезінде қолданылады. Нәтижесінде, агрегатты құралдар құрылысына тіреуші және қызмет көрсетуші конструкциялардан, байланысатын технологиялық құбырөткізгіштерден, электротехникалық және автоматты жүйелер элементінен тұратын комплекті блокты қондырғы түрінде тасымалданады.
Іріблокты әдіс қысқа мерзім ішінде дайындаушы-зауыттар ірі транспортабельді комплектті блок түрінде немесе құралдар мен коммуникацияларды орнатуға арналған монтаждау аумағында іріленген жинақтама түрінде құралдарды беру нәтижесінде жұмыспен қамтамасыз етеді.
Ағындық-түйінді әдіс зауыттық дайындығы төмен дәрежелі болып түсетін құралдарды монтаждау кезінде пайдаланылады. Әдістің негізгі принципі келесідей ұйымдық техникалық шаралармен қамтамасыз етілетін ұздіксіз, бірқалыпты жұмыс өндірісі болып табылады: монтаждаудың технологиялық процесін құрамдас процесстерге және операцияларға бөлу, өндірістік ритмді құру, орындаушылар арасында еңбекті бөлу, іріленген жинақтама мен уақыт пен кеңістікте монтаждау процесстерін сәйкестендіру.
Төсемесіз әдіс машинаның негізіне монтирленген реттеуші қондырғыларды, инвентарлы реттеуші төсемелерді, арнайы жабдықтарды, арнайы конструкциялы орнатылатын гайкаларды пайдалану жолымен құралды төсемесіз монтаждауға негізделген.
Құралдар мен коммуникацияларды монтаждаудың прогрессивті және экономикалық әдістерінің қолданылуы «лездік монтаж» деп аталатын түсінікті тудырды. Лздік монтаждауды пайдалану технологиялық линиялар мен қондырғылардың нормативті монтаждалу ұзақтығын 20-25 % қысқартуға мүмкіндік берді.
1.5. Тоңазтқыш құралдарын монтаждау
1.5.1. машиналар мен аппараттардың фундаменті
Барлық машиналарды, аппараттарды, механизмдерді фундаменттерге, виброоқшаулайтын тіреуіштерге бекітілген кронштейндер құрылыс конструкциялары (едендер, жапқыштар, қабырғалар, колонналар, кансольді балкалар) қызметін атқаратын тіреуіш конструкцияларға бекітіледі.
Құрылыс конструкцияларында аз меншікті жүк кезінде және жақсы теңестірілген динамикалық жүктеме кезінде грунтқа түсетін аз массалы құралдан тұрады. Қабырғалар мен колонналарда майбөлгіштер, жылуалмастырғыштар болғандықтан, қабырғалар мен жақтауларға суытқыш батареяларды, ауаны тоңазтқыштарды орнатады, еденге вентиляторлар, насостар, сыйымдылықты және жылуалмастырғыш құралдар, аз құуатты компрессорлы-конденсаторлы агрегаттар бекітіледі.
Теңістірілмеген динамикалық жүктемесі бар машиналар мен механизмдерді орнатқанда виброоқшаулаушы тіреуіштер (1.1 сурет) пайдаланылады. Дірілді басу металдық немесе темірбетондық плиталар арасында орнатылған серіппелі немесе резіңкелі элементтерді қолдану арқылы жүзеге асады. Үлкен массалы құралдан жүктемені беру үшін немесе жоғары динамикалық жүктеме кезінде грунтқа фундамент жасайды.
1.1 сурет. Д Дрілдің берілуін алдын алуға арналған қондырғылар конструкциясының мысалы:
а – дірілді оқшаулайтын тіреуіштер; б – құралдарды бекіткен кездегі эластикалық элементтер; в – насосты орнатқан кездегі дірілді оқшаулайтын элементтер; 1 – құралдың жақтауы; 2 – иілгіш эластикалық элементтер; 3 - фундаментті болттар; 4 - серіппе; 5 – құбырөткізгіштегі иілгіш вставка; 6 – құбырөткізгіштер қабырғалар арқылы өткен кездегі эластикалық гильза.
Құралдың жақтауын фундаментке бекіту үшін фундаментті болттарды пайдаланады. Фундаментные болты могут заделываться в фундамент или быть съемными. Фундаментті болттар конструкциясы бойынша: с отгибом заделываемого конца, конустық басы бар, анкерлы плтитасы бар, түзу, ұяшықтарда распорлы конустың сығылуымен, қозғалмалы цанг немесе эпоксидті желім (1.2 сурет) көмегімен бекітілген болуы мүмкін. Әдетте, фундаментті болттар көптеген машиналардың жеткізілу комплектісіне кіреді.
1.2 сурет. Фундаментті болттар:
а - глухой с отгибом в массиве фундамента; б - глухой с отгибом в колодце; в – анкерлы плитасы мен оқшаулаушы түтікшесі бар; г – скважинасында түзу конусты басшығы бар; д – фундамент массивінде анкерлы плитасы бар түзу құрамалы; е – анкерлы плитасы мен оқшаулаушы түтікшесі бар; ж – анкерлы плитасы мен Т-тәрізді бұрылатын басшығы бар; з – эпоксидті желімдегі түзу; 1 - фундаментті болт; 2 – жақтау; 3 – оқшаулаушы түтікше; 4 - анкерлы плита; 5 - байланстырғыш муфта.
Достарыңызбен бөлісу: |