38
Ерекшеліктер
Таңдау орны
1) абзацты тегістеу əдісін таңдау (сол жақтан, оң
жақтан, ортадан, беттің ені бойынша)
2) мəтіннің дəрежесін өзгерту (жай, негізгі мəтін,
тақы рыптардың түрлі дəрежелерін таңдау)
3) абзацтың сол жақ өрістен шегінісін өзгерту
4) абзацтың оң жақ өрістен шегінісін өзгерту
5) басты қатарды абзацтың өзге қатарларына сəй-
кес оқшаулау (шегіну немесе шығу)
Сызғыш
6) басты қатарды абзацтың өзге қатарларына сəй-
кес оқшаулау ара қашықтығын таңдау
Сызғыш
7) абзацтан бұрын қалдырылатын қашықтықты
анықтау (пункт есебімен)
8) абзацтан кейін қалдырылатын қашықтықты
анықтау (пункт есебімен)
9) абзац қатарларының аралығын таңдау (бір, бір
жа рым, екі, минимум, анық, көбірек)
10) абзацты автоматты түрде ретке келтіру (тізім
жасағандай етіп)
Б) Абзац параметрлері диалог терезесінің мүмкіндіктері пай-
даланылады. Бұл диалог терезесі Абзац логикалық тобындағы
(знак) белгісінің көмегімен ашылады. Диалог терезесі абзацтың
толық параметрлерін Абзац диалог терезесінің 2 Шегінулер мен
аралықтар (Отступы и интервалы) жəне Беттегі жағдайы (Поло-
жение на странице) қабаттарында кескінделген.
БЕТТІҢ РЕТ САНЫ
Беттің негізгі ерекшеліктері бұдан бұрын қарастырылған болатын.
Бет ерекшеліктерінің тағы біреуі – беттің рет саны болып табылады.
Беттерге реттік сан беру үшін Кірістіру (Вставка) менюіндегі Ко-
39
лонтитулдар (Колонтитулы) тобының Беттің реттік саны (Номер
страницы) батырмасы таңдалады. Соның нəтижесінде реттік санның
орны мен форматына қатысты төмендегі ұсыныстар кескінделеді:
Осы ұсыныстардың біреуі қабылданса, түрлі форматтардағы
мүмкіндіктер ашылады. Қалыпты жағдайда беттің реттік саны беттің
төменгі жағына орналастырылады.
СҰРАҚТАР МЕН ТАПСЫРМАЛАР
1. Құжатты форматтау дегенде нені түсінуге болады?
2. Мəтіннің белгіленген бөлігіндегі жазу көрінісін қалай өзгерту
керектігін іс жүзінде көрсет.
3. Мəтіннің белгіленген бөлігінің шрифт (қаріп) өлшемі мен түсін
қалай өзгертетінін іс жүзінде көрсет.
4. Мəтінді форматтау дегенде нені түсінуге болады?
5. Мəтінді форматтау мүмкіндіктерін іс жүзінде көрсет.
6. Абзац форматталғанда оның қандай ерекшеліктері өзгереді?
7. Абзацты форматтау мүмкіндіктерін іс жүзінде көрсет.
8. Бетке түрлі көріністегі рамкалар беру мүмкіндіктерін іс жүзінде
көрсет.
9. Беттің рет санын орналастырудың мүмкіндіктерін іс жүзінде
көрсет.
ЖАТТЫҒУЛАР
1. «Менің Отаным – Өзбекстан» атты құжаттың бет, қаріп (шрифт)
жəне абзац форматтарын өзгерт. Мəтіндегі барлық «Өзбекстан»
сөздерін көгілдір түспен өңде. Құжатқа беттердің реттік
сандарын орналастыр.
2. «Өмірбаян 2» жəне «Менің жанұям» атты құжаттардың фор-
маттарын өзгерт. Əрбір құжат үшін дербес əдіспен беттердің
реттік сандарын орналастыр.
40
3. Төмендегідей көрініспен мəтін жаса жəне құжатты «Форматтау»
деген атпен сақта.
Дайын
мəтін
бөлігін
форматтау
үшін блокты
пайдалануға
бола-
ды.
Бұл
үшін
мəтін
бөлігі белгіленеді де,
керекті
форматтар
орын-
далады.
Мəтін бөлігіне форматтау əдісін қолдану үшін төмендегі
мүмкіндіктерді
де пайдалануға болады:
а) сөзді форматтау үшін
меңзердің
сөз ішіне
орналастырылуы
жеткілікті;
ə) абзацты форматтау үшін
меңзердің
абзац ішіне
орналасты-
рылуы
жеткілікті.
4. Дəптеріңе «Мемлекетіміз жалауының сипаттамасы» атты мə-
тін жаз. Мəтінді жазудан бұрын жоспар құр. Мəтін соңында
мəтіндегі сөздерге ықпал жасайтын қаріптер мен абзацтардың
ерекшеліктері, бетке ықпал жасайтын бет ерекшеліктерін көрсет.
ҚҰЖАТТЫ РЕДАКЦИЯЛАУҒА ЖƏНЕ
ФОРМАТТАУҒА ТИIСТI ЖАТТЫҒУЛАР
1. Үйде дайындалған мəтін негізінде «Менің достарым» атты құжат
жаса. Мəтін мазмұнын редакцияла жəне құжаттың форматын
(бет, абзац, қаріп) өзгерт. Құжатты «Мен жəне менің достарым»
деген атпен қайта сақта.
2. Үйде дайындалған мəтін негізінде «Мемлекеттік туымыздың
сипаттамасы» атты құжат дайында. Құжатты редак цияла жəне
жоспарың негізінде (бет, абзац, шрифт) форматын өзгерт.
3. MS Wordта төмендегi тақырыптардың бiреуiне лайықты шағын
əңгіме жаз, редакциялар жəне (бет, абзац, қаріп), форматын
өзгерт жəне сақта
а) «Армысың, Наурыз!»;
ə) «Алтын күз»;
б) «Су тiршiлiк көзi»;
в) «Салауатты тəнде салауатты рух».
4. Төмендегі тақырыптардың бірін таңдап, дəптеріңе осындай атпен
мəтін жаз. Мəтін соңында мəтіндегі сөздерге ықпал жасайтын
8-сабақ
41
қаріптер мен абзацтардың ерекшеліктерін, бетке ықпал жасайтын
бет ерекшеліктерін көрсет.
а) «Менің мектебім».
ə) «Кітап – білім бұлағы».
б) «Мектеп – білім ошағы».
5. Төмендегі тест сұрақтарын талда жəне жауаптарын анықта.
1) MS WORDта мəтін жазудың ережелеріне қатысты дұрыс пікірді
тап.
А) ағымдағы қатардың соңына өту үшін Home пернесі басылады;
Ə) жаңа абзацқа өту үшін ENTER пернесі басылады;
Б) ағымдағы қатардың басына өту үшін ENTER пернесі ба сы-
лады;
В) барлық жауаптар дұрыс.
2) MS Wordта мəтін жазудың ережелеріне қатысты дұрыс пікірді
тап.
А) қатаң пробелді орналастыру үшін Ctrl + Shift + Пробел пер-
нелері қосарлана басылады;
Ə) дефис белгісі пробелдерсіз басылады;
Б) ұзын тире екі жағынан да пробелдермен ажыратылады;
В) барлық жауаптар дұрыс.
3) MS Word құжаттарында қатар соңына өту қалай орындалады?
А) Ctrl + Home пернелерін басу арқылы;
Ə) Home пернесін басу арқылы;
Б) End пернесінің көмегімен;
В) Ctrl + End пернелерінің көмегімен.
4) Құжатты толық белгілеу қалайша жүзеге асырылады?
А) Ctrl + A пернелері қосарлана басылады;
Ə) Alt + A пернелері қосарлана басылады;
Б) Ctrl + Alt + A пернелері қосарлана басылады;
В) Shift + A пернелері бірге басылады.
5) Wordтағы қаріп (шрифт) форматына нелер жатады?
А) түсі;
Ə) өлшемі
Б) сызба көрінісі;
В) барлығы.
6) Шрифт (қаріп) сөзі жуан жазылған көрініспен берілген жауапты
тап.
А) Шрифт; Ə) Шрифт; Б) Шрифт; В) Шрифт.
7) Абзац қатарлары арасындағы қашықтықты таңдау қайсы батыр-
маның көмегімен жүзеге асырылады?
A)
B)
D)
E)
Достарыңызбен бөлісу: |