УЎК 004(075)
КБК 32.81 я72
І-74
А в т о р л а р т о б ы :
Б. Болтаев, M. Mахкамов ,
A. Азаматов, С. Рахмонқулова
П і к і р ж а з ғ а н д а р :
Ташкент ақпарат технологиялары университетінің профессоры,
педагогика ғылымдарының докторы Ф.М. Зокирова;
Ташкент қаласының Шайхантохур ауданындағы 254-мектептің
информатика оқытушысы Х. Комилова.
ISBN 978-9943-01-446-6
– Сұрақтар мен тапсырмалар
Шартты белгілер:
– Жаттығулар
– Үйге тапсырма
Республикалық мақсатты кітап қорының
қаржылары есебінен басылды.
© Б. Болтаев жəне басқ., 2013, 2017
© «O‘ZBEKISTON» БПШҮ, 2013, 2017
3
«Перзенттеріміз бізден гөрі білім-
ді, ақылды, дана жəне міндетті
түрде бақытты болуға тиіс».
И.А. Каримов
Қадірлі оқушылар! Сендер 5-сыныпқа арналған «Информатика
жəне ақпарат технологиялары» оқулығының көмегімен заманалық
ақпарат технологиялары құралдарының бірі болып табылатын
компьютерді пайдалану бойынша алғашқы дағдылар мен біліктерге
ие болдыңдар. Сонымен қатар компьютер оқыту, есептеу, бейнелеу,
редакциялау, тынығу жəне ақпаратпен жұмыс істеу құралы екендігі
жөнінде де мəлімет алдыңдар.
Заманалық ақпарат құралдарымен жұмыс істеу бойынша жан-жақты
біліктілікке ие болу – əрбір жас жеткіншек үшін аса қажет. Осыған
орай 6-сыныптың «Информатика» сабақтарында сендерге заманалық
компьютерлердің бағдарламалық жабдықталуының негізі болып са-
налатын мəтінмен жұмыс істеу бағдарламаларының міндеттері мен
мүмкіндіктері туралы білімдер қызықты да көрнекі етіп беріледі.
Бұл оқулықтың көмегімен мəтін жасау, құжаттар дайындау, редак-
циялау жəне безендіру əдістерін компьютерде практикалық жұмыстар
орындау арқылы үйренесіңдер.
«Информатика жəне ақпарарат технологиялары» пəні компьютер-
дің сендерге тұрақты көмекші əрі еңбектеріңді жеңілдететін құрал
екендігін ұғындырып қана қоймай, практикалық жұмыстарды орындау
барысында əлі біліне қоймаған тың қырларыңның ашылуына түрткі
болып қызмет етеді деп ойлаймыз.
Қадірлі оқушылар! Бұл оқулық сендерге компьютерді пайдаланып
ізденуіңе жəне нағыз зерттеушіге айналуыңа сенімді көмекші бола
алады деп үміттенеміз.
СӨЗ БАСЫ
4
МƏТIН РЕДАКТОРЛАРЫ
Қадiрлi оқушы! Сен пернетақтаны (клавиатураны) пайдалану
жəне оның жəрдемiмен мəтiн жазуға болатындығымен 5-сыныпта
таныстың. Ойлаймыз, жазу не үшiн керек деген сұраққа жауабың да
дайын. Бұл сабақта компьютер техникасының жазу өнерiне қосқан
үлесi мен мүмкiндiктерi туралы анықтама берiледi. Есiңде бол-
сын, iске қосылған бағдарламаның мониторда бейнеленiп, көрiнiп
тұрған бөлiгi оның интерфейсi деп аталады.
Кілт сөздер: жазу, мəтін редакторлары, мəтін процессорлары.
ЖАЗУ ТАРИХЫНАН
Тарихтан белгiлi, ақпараттарды сақтаудың ең ежелгi тəсiлдерiнiң
бiрi жазу болып саналады. Ежелгi адамдар өмiр сүрген үңгiрлердiң
қабырғаларындағы суреттер мен жазулар осының анық дəлелi болып
табылады. Жазу өнерi ғасырлар бойы дерлiк өзгермедi. Тек қана жазу
құралдары жетiлiп келдi.
Тас қабырға
Тастар
Терілер
Папирус
Қағаз бен
қауырсын
Қағаз бен
қаламұш
Қағаз бен
қалам
Қағаз бен
машинка
1-сабақ
5
Жоғарыдағыдай əдіспен дайындалған суретті немесе мəтінді
өзгерту қажет: не істеуге болады, қанша уақыт жұмсалады, қан-
ша еңбектену керек, шығын-қаражаты қанша?
МƏТIН РЕДАКТОРЫ ТУРАЛЫ ДЕРЕКТЕР
Компьютерлердің ойлап табылуы мен жедел дамуы жазу өнерін
түбегейді өзгертті. Мəтіндерді жазу, сақтау, қайта өңдеу, қағазға шығару
секілді жұмыстарды орындауға бағытталған көптеген бағдарламалар
жасалды. Бұндай бағдарламалар негізінен екі түрге бөлінеді:
Мəселен, назарларыңа ұсынылып отырған осы оқулық та мəтін
процессорымен жазылғандығын, түрлі суреттермен, кестелермен,
түстермен жəне басқа өрнектермен безендірілгендігін өздерің-ақ
байқай аласыңдар.
Əр түрлі типтегi компьютерлер үшiн əр алуан мəтiн редакторлары
жасалған. Бiр типтегi компьютерлер үшiн ондаған мəтiн редакторла-
ры жасап шығарылған. Мысалы, Windows операциялық жүйесiнiң
құрамына енгiзiлген Блокнот, WordPad жəне т.б. Блокнот, WordPad
мəтiн редакторлары Сен 5-сыныпта үйренген Paint немесе Калькуля-
тор бағдарламалары сияқты iске қосылады.
Мəтiн редакторларының атауы, интерфейсi əр түрлi болғанымен,
оларда жұмыс iстеу үдерісі дерлiк өзгермейдi. Мəтiн редакторларының
негiзгi элементтерi — жұмыс өрiсi, меңзер (курсор) жəне меню
төмендегі суретте көрсетiлген.
6
Жұмыс өрiсi. Мəтiн редакторы компьютер экранында «жұмыс өрiсi»
деп аталатын арнаулы орын бөлiнедi. Жұмыс өрiсi мəтiн жазу үшiн бет
мiндетiн орындайды. Енгiзiлетiн мəтiн жұмыс өрiсiнде бейнеленедi.
Меңзер (курсор). Пернетақтадан (клавиатурадан) енгiзiлетiн белгi
(таңба) жұмыс өрiсiнiң қай жерiнде бейнеленетiнiн көрсетiп тұрады.
Əдетте горизонталь немесе вертикаль сызық көрiнiсiнде болады.
Меню жолы. Арнаулы командалар (бұйрықтар) мен амалдар
жиынтығы меню деп аталады. Олардың жəрдемiмен мəтiндердi дискiден
оқу, дискiге жазу, басылма секiлдi жұмыстар жүзеге асырылады.
Мəтiн редакторлары, негiзiнен, бiр-бiрiнен менюiмен ерекшеленедi.
Менюдегі команда (бұйрық) жəне амалдар мəтiн редакторларының
мүмкiндiктерiн белгiлейдi. Олар қанша көп болса, мəтiн
редакторларының мүмкiндiктерi сонша жоғары болады.
Барлық мəтін редакторлары төмендегі негізгі міндеттерді орындайды:
1. Мəтін жазуға арналған жаңа файл ашу J
2. Мəтінді жадтан оқу
J
3. Мəтінді жадқа сақтау
J
(басқа атаумен, басқа папкіде) сақтау J
4. Мəтінді басып шығару
J
5. Мəтінді редакциялау (белгілер, сөздер,
қа тарлар, абзацтар орнын ауыстыру немесе өшіру)
Шрифтерді бір-бірінен айырып тұратын ерекшеліктерге мыналар-
ды мысал етіп көрсетуге болады:
Достарыңызбен бөлісу: |