23
Microsoft Word бағдарламасында құжатты «парақтау», яғни ал-
дыңғы немесе соңғы қатарлар мен беттерді вертикаль меңзердің
көмегімен көрудің төмендегідей мүмкіндіктері бар:
бiр жол жоғарыға өту
бiр жол төменге өту
бiр экран жоғарыға өту
бiр бет жоғарыға өту
бiр бет төменге өту
бiр экран төменге өту
Тышқан нұсқағышын
белгiсiне бағыт-
тап сол жақ батырма-
сын (кноп касын) бас қан
күй де жоғарыға не-
месе тө менге жылжы-
тылады.
Сол жақтағы амалдарды орындау үшiн тышқан нұсқағышын сурет-
те көрсетiлген орынға бағыттап, тышқанның сол жақ батырмасын бiр
рет басса жеткiлiктi. Бұл амалдарды орындағанда меңзердің (курсор)
орны өзгермейдi.
СҰРАҚТАР МЕН ТАПСЫРМАЛАР
1. Word бағдарламасында құжаттың қандай көрініс түрлері бар?
2. Word бағдарламасы iске қосылғанда құжат түрлерiнiң қандай
көрінісі ашылады?
3. Word бағдарламасында мəтiн жазғанда жаңа абзацқа қалай өту
керек?
4. Word бағдарламасында тиренің жазылуын көрсет.
5. Қатаң тиренің жазылуын көрсет.
6. 1950 жəне 1963 сандарын Рим цифрларымен жазып, сипатта.
7. Мəтiн бойымен меңзердi қалай жылжытуға болады? Оны көрсет.
8. Мəтiндi парақтаудың қандай тəсiлдерi бар?
9. Мəтiндi парақтағанда меңзер қалай жылжиды?
10. Тышқандағы дөңгелектер қандай міндеттерді орындайды?
11. Home, End, Ctrl + Home жəне Ctrl + End жедел пернелерінің
көмегімен құжаттағы қозғалысты іс жүзінде көрсет.
24
ЖАТТЫҒУЛАР
1. Сол жақ бағандағы бет көріністерiнiң ерекшелiктерiн оң жақтағы
бағаннан тап.
Бетті белгілеу
құжат өлшемдері экран өлшемдеріне сəйкес түрде
өзгереді.
Оқу
құжат тақырыптары құжат структурасындағы
деңгейіне сəйкес түрде жылжиды.
Структура
мəтін, өрістер, суреттер жəне басқа бөліктер
қағазға басып шығаруға арналған беттегідей
көрініспен кескінделеді.
2. Үйде дайындалған мəліметтерің негізінде «Менің жанұям»
тақырыбымен құжат жаса. Құжатты «Менің жанұям» деген
атпен сақтап қой. Бағдарламаны жап.
3. Word бағдарламасында төмендегі мəтінді жазу үдерісінде əрбір
сөзден кейін «Қатаң пробел» енгіз. Құжатты «Қатаң жəне
жұмсақ» деген атпен сақта. Əрбір сөзді «жұмсақ тире» көмегімен
буынға бөл. Нəтижені талда.
«Қайталанбасымсың, бірден-бір Отан-анам – Өзбекстаным!»,
«Елім деп, жұртым деп жалындап өмір сүру керек!», «Мектебім –
мақтанышым!»
4. Дəптеріңе «Менің Отаным – Өзбекстан» деген тақырыппен бес
аб зацтан тұратын мəтін жаз. Мəтін 15 сөйлемнен аз болмасын.
Мə тін жазудан бұрын əрбір абзацқа жарияланатын мазмұн жө-
нінде жоспар құр. Құрған жоспарың да дəптеріңде жазылуға
тиіс.
ҚҰЖАТТАРДЫҢ НЕГІЗГІ ПАРАМЕТРЛЕРІ
Word мəтiн процессорында жұмыс бастағанда алдын құжат-
тың түрiн көз алдымызға келтiруiмiз керек. Себебi, құжаттың түрiне
қарай қағаз өлшемi, бет бағыты, жолдар арасындағы қашықтық ал-
дын-ала белгiленеді.
Кілт сөздер: бет параметрлері, шрифт параметрлері, абзац
параметрлері.
5-сабақ
25
ҚҰЖАТ ПАРАМЕТРЛЕРI
Бiз өмiрiмiзде сан алуан құжаттарды кездестiремiз. Адам туылысы-
мен оған туу туралы куəлiк жазылады, денсаулық жағдайы туралы ан-
кета ашылады жəне т.б. Үйде пайдаланылған электр қуаты үшiн төлем
түбiртегi, бiрер тақырыпта дайындалған реферат немесе шығарма да
соларға жатады. Бұл тiзiмдi жалғастыра беруге болады. Олар бiр-бiрiмен
тек мазмұны бойынша ғана емес, басқа да жағынан да ерекшеленедi.
Бiрiншi кезекте көзге түсетiн айырмашылық — құжаттың өлшемi. Əр
түрлi құжаттар сан алуан өлшемдегi қағазға жазылғанын көп көргенсiң.
Бұдан тыс, мəтiн жазылғанда беттiң сол, оң, жоғарғы жəне төменгi
бөлiгiнен əр түрлi қашықтық қалдырылады. Əр түрлi құжаттарда жол-
дар арасындағы аралық та сан алуан болады. Құжаттарда бұл сияқты
шектеулер өте көп кездеседi.
Мəтiн процессорларында дайындалған құжаттың түрiне қарай бет
параметрлерi жəне мəтiн параметрлерi (қарiп, абзац) белгiлеп алы-
нады. Олар құжаттардың параметрлерi (ерекшеліктері) деп аталады.
БЕТ ПАРАМЕТРЛЕРІ
Бiрер құжат əзiрлегенде алдымен ол қандай өлшемдегi қағазға ба-
сылатыны анықталады. Соған қарай бет өлшемдерi таңдауды көрінісі
төменде бейнеленген Бетті белгілеу (Разметка страницы) пернесінің
көмегімен жүзеге асырған қолайлы:
Бұл таспаның Бет параметрлерi
(Параметры страницы) бөлімін-
дегі
Ө рiс
(Поля)
таңдау тізімінен өріс өлшемдерін белгілеу, Ориен-
тация таңдау тізімінен беттің (кітап не альбом) бағытын белгілеу
Өлшем (Размер) таңдау тізімінен қағаз өлшемдерін белгілеу, Бағана
(Колонки) таңдау тізімінен беттегі бағаналар санын белгілеу мүмкін.
26
Егер беттің толық параметрлерін қарап шығу қажет болса, онда
Бет параметрлері (Параметры страницы) қолданба терезесі ашыла-
ды. Бұл терезе Разметка страницы пернесінің Параметры страницы
логикалық тобындағы (симв.) батырмасының
көмегімен ашылады.
Терезенің қабаттарынан таңдалған параметрлердің күшке енуі үшін
терезенің «ОК» батырмасы («тышқанның» көмегімен) таңдалады не-
месе Enter пернесі басылады.
Өріс кеңдігін горизонталь жəне вертикаль сызғыштың көмегімен
өзгерту мүмкіндіктері де бар. Ал сызғыштар Көрініс (Вид) таспасының
Кескіндеу (Показать) логикалық тобынан Сызғыш (Линейка) ныса-
нын таңдаған соң кескінделеді.
Беттің бұрынғыдан да əсем əрі тартымды болғанын көрсету үшін
беттің фонының түсін жəне шекараларын өзгертуге болады. Бұл үшін
Бетті белгілеу (Разметка страницы) таспасының Беттің фоны (Фон
страницы) бөліміндегі Беттің түсі (Цвет страницы) жəне Беттердің
шекаралары (Границы страниц) пернелерінің мүмкіндіктері пайда-
ланылады.
MS Wordта беттің фонына бозғылт түсті таңдауға немесе
төмендегідей əр түрлі Бояу əдістерін (Способы заливки) қолдануға
болады:
Достарыңызбен бөлісу: |