19
№1: Құжаттар = ХУЖжатлар = DOСUMENTS = ДокуМЕНТЫ;
№2: Жоғарғы ReGiStR ◊ БуЫн КӨШІРУ = БУҒин КУЧириш.
3. Microsoft Word бағдарламасын іске қос. Құжатқа «Microsoft
Word» мəтінін жаз. Құжатты «Алғашқы атпен сақтау» атымен
сақта. Бағдарламаны жап.
4. «Алғашқы атпен сақтау» атты құжатты ашып, мəтіннің жалғасына
мəтіннің мезгілін жаз (2010) жəне «Екінші атпен сақтау» атымен
ағымдағы папкада сақта. Бағдарламаны жап.
5. «Екінші атпен сақтау» атты құжатты ашып, мəтіннің жалғасына
«...да сақтау əдістері» мəтінін жаз. Құжатты «Екінші атпен
басқа папкада сақтау» атымен ағымдағы папка ішінде жаңа
«Басқа папка» атты папка ашып, сонда сақта. Бағдарламаны
жап.
6. Дəптеріңе «Менің жанұям» атты бес абзацтан тұратын мəтін
жаз. Мəтін жазудан бұрын əрбір абзацта жарияланатын мазмұн
жөнінде жоспар құр. Құрылған жоспарыңды да дəптеріңе жазып
қой.
WORDта МƏТIН
ЖАЗУ ЕРЕЖЕЛЕРI
Мəтiн процессорында мəтiн жазу үшiн тек пернелердi басудың
өзi жеткiлiктi емес. Word бағдарламасында мəтiн теруден алдын
тия нақты ойланған жоспар немесе ереже негiзiнде жазылады.
Мысалы, сен өткен сабақта жазған «Өмiрбаян» атты құжат та
белгiлi бiр сұрақтарға жауап беру арқылы дайындалды. Бiрер
құжат дайындауды жоспарлауда оның түрлерiн, мəтiн жазу
ережелерiн, құжаттағы əре кеттердi, редакциялау мүмкiндiгiн бiлу
маңызды.
Кілт сөздер: құжаттың көріністері, мəтін жазу ережелері,
құжаттағы қозғалыс.
ҚҰЖАТТЫҢ КӨРІНІС ТҮРЛЕРІ
Microsoft Word бағдарламасы құжатпен жұмыс істеу мақсаттарын
ескере отырып Көрініс (Вид) таспасы арқылы құжатты кескіндеудің
бірнеше көрініс түрлерін ұсынады:
4-сабақ
20
Бетті белгілеу (Разметка страницы) түрінде (А-сурет) мəтін, өріс,
сурет жəне басқа бөліктер қағазға басып шығару кезінде болжалданған
беттегідей көріністе кескінделеді.
Оқу (Режим чтения) түрінде құжаттың өлшемдері экранның
өлшемдеріне сəйкес түрде өзгереді жəне көптеген жабдықтар
кескінделмейді. Бұндай көрініс түрі құжатты оқу кезінде көздің шар-
шамауын қамтамасыз етуге бағытталған.
Веб-құжат (Веб-документ) түрі құжатты браузер айнасындағыдай
етіп кескіндейді. Бұл түрді браузерлерден (мысалы, Windows
21
құрамындағы Internet Explorerден) көру үшін Веб-беттер мен Веб-
құжаттар дайындаған кезде пайдаланған оңтайлы.
Структура (Структура) түрінде (Ə-сурет) құжаттың тақырыптары
құжат құрылымындағы деңгейге сəйкес түрде жылжиды. Бұл түр мəтін
құрамын көріп тұру, мəтін бөліктерінің нұсқасын алу, көшіріп өткізу
жолымен мəтінді қайта құруда қолданылады.
Қаралау (Черновик) түрі мəтінді енгізуге, редакциялауға жəне
форматтауға арналған. Көріністің бұл түрі мəтінге көбірек назар ау-
дару қажет болғанда қолданылады. Қаралама түрінде MS Wordтың
кейбір элементтері кескінделмейді.
Қалыпты жағдайда MS Word іске қосылғанда Бетті белгілеу
көрініс түрі кескінделеді. Қолайлы болуы үшін Көру түрлерін таңдау
мүмкіндігі жағдай жолына енгізілген.
МƏТIН ЖАЗУ ЕРЕЖЕЛЕРI
Microsoft Word бағдарламасында мəтіндегі сөздер беттің оң жақ ше-
карасына жеткенде, соңғы сөз автоматты түрде жаңа жолға өткізіледі.
Жаңа абзацқа өту үшiн Enter пернесiн басу қажет.
• Əр қандай тыныс белгiден кейiн пробел (бос орын) пернесi басы-
луы тиiс, тыныс белгiнiң алдында пробел болмайды.
• «Қатаң пробелдi» орналастыру үшiн Ctrl , Shift Probel перне-
лерi қосарлана басылады. Жол соңын да қатаң пробел қатыс қан сөйлем
(мысалы, А. Фозилов) бөлiнiп қалмау үшiн, яғни бiр жолда орналасуы
шарт болғанда қолданылады.
• «Дефис» («-») белгiсi пробелсiз жазылады. Мысалы: қауын-
қарбыз, киім-кешек.
• «Тире» («–») екi жағынан пробелдермен бөлiнедi. Оны жазу
үшiн Ctrl жəне көмекшi пернелер жиынтығынан «тире» пернелерi
қосарлана басылады. Мысалы, «Бахром Махкамов – сыныбымыздағы
ең жақсы оқитын оқушы».
• «Ұзын тире» («—») екi жағынан пробелдермен бөлiнедi. «Ұзын
тире» жазу үшiн Ctrl, Alt жəне көмекшi пернелер жиынтығынан,
«тире» пернелерi қосарлана басылады. Мысалы, «Жоғары рұханият —
жеңілмес күш».
• «Қатаң тирені» жазу үшiн Сtrl , Shift жəне – пернелерi қо-
сар лана басылады. Қатаң тире сызықша жол соңында жазылғанда
22
сызықша қатысқан сөз (мысалы, 5-сынып) бөлектенiп қалмауы үшiн,
яғни бiр жолда орналасуы тиiс болғанда қолданылады.
• «Жұмсақ тире» жұмсақ буын көшіру деп те аталады. Мəтін жазу
үдерісінде Microsoft Windows бағдарламасы сөздің қатарға сыймаған
бөлігін автоматты түрде буынға бөліп, жаңа қатарға өткізеді.Дегенмен
бұл кейбір тілдердің грамматикасына қарама-қайшы келуі де мүмкін.
Осындай кездерде буын арасына «жұмсақ тире» енгізіліп, Ctrl мен
0 цифрының жанындағы - пернелері қосарлана басылады. Осының
нəтижесінде буын дұрыс тасымалданады. Егер редакциялау үдерісінде
«жұмсақ тиренің» көмегімен жазылған сөз қатарға толығымен сия-
тын болса, онда «жұмсақ тире» белгісінің көмегімен бөлінген буын
тасымалындағы тире белгісі кескінделмейді. Ал қалыпты жағдайда,
яғни пайдаланушы орналастырған тиренің көмегімен буынға бөлу
арқылы жаңа қатарға тасымалданған сөздерде тире белгісі мəтінде
кескінделеді.
• Жақша, апостроф (дəйекше) немесе қос тырнақша iшiне
алынған сөздер олардан пробелдермен ажыратылмайды, мысалы:
«Windows XP».
• Рим цифрларын жазу үшiн I, V, X, L, C, M сияқты латын əрiптері
пайдаланылады.
ҚҰЖАТТАҒЫ ҚОЗҒАЛЫС
Microsoft Word бағдарламасында меңзер жылдам пернелер
көмегімен құжатта төмендегідей əрекеттендіріледі.
•
бір қатардан екіншісіне ↑ немесе ↓ бағыт пернелері;
•
бір белгіден екіншісіне → немесе ← бағыт пернелері;
•
бір сөзден екіншісіне Ctrl пернесін басып тұрған күйі → не-
месе ← пернелерін қоса басудың көмегімен;
•
бір абзацтан екіншісіне Ctrl пернесін басып тұрған күйі ↑ не-
месе ↓ пернелерін қоса басудың көмегімен;
•
бір беттен екіншісіне PageUp жəне PageDn пернелерінің
көмегімен;
•
қатар басына Home , қатар соңына End пернелерінің көмегімен;
•
мəтін басына Ctrl + Home , мəтін соңына Ctrl + End пернелері-
нің көмегімен.
Достарыңызбен бөлісу: |