59
КЕСТЕМЕН ЖҰМЫС ІСТЕУ КОНТЕКСТ-МЕНЮІ
Меңзер кесте ұяшығына орналастырылған соң Кестемен жұмыс
істеу (Работа с таблицами) контекст-менюі жанданады. Бұл контекст-
меню 2 Конструктор (Конструктор) жəне Жоба (Макет) панельдерімен
байланысқан.
Конструктор панелі ұяшық ішін бояу, кесте əдістерін, кесте
элементтерінің шекарасына тəн өзгерістерді таңдау, кесе сызу жəне
сызықтарды өшіру мүмкіндіктерін береді:
Кестелер_əдіс_те-__рі_нің_параметр-__ле_рі'>Топтар
Көрінісі
Кестелер əдіс те-
рі нің параметр-
ле рі (Параметры
стилей таблиц)
Кестелер əдісі
(Стили таблиц)
Кесте шекарасын
салу (Рисования
границ)
Жоба (Макет) панелі Кесте ерекшеліктері (Свойства таблицы)
диалог терезесін ашу, түссіз ұяшықтар сызығын кескіндеу, кестеге
жолдар (қатарлар) мен бағандар қосу немесе өшіру, кесте ұяшықтары
мен жолдарын немесе бағандарын біріктіру, ұяшық өлшемдерін
өзгерту, ұяшықтарды бөлу, ұяшықтағы мəліметтерді тегістеу əдісі
мен мəтін бағытын белгілеу, мəліметтерді сұрыптау, кестедегі сандық
60
өрнектер бойынша формула негізінде есеп-қисап жұмыстарын орын-
дау мүмкіндіктерін береді.
Кесте
Таблица)
Қатарлар мен бағандар
(Строки и столбцы)
Біріктіру
(Объединение)
Ұяшық өлшемі
(Размер ячейки)
Тегістеу
(Выравнивание)
Мəліметтер
(Данные)
Кесте ұяшықтарындағы мəліметтерді жеке-жеке яки бірге
(блокқа алып) форматтауға болады. Бұнда мəліметтің орналасу əдісі,
өлшемдері, сызықтың түсі мен көрінісі, ұяшықтар реңкінің түсі тағы
басқалар Конструктор жəне Жоба (Макет) панельдерінің көмегімен
оңай ғана орындалады.
СҰРАҚТАР МЕН ТАПСЫРМАЛАР
1. Кестелерге мысал келтiр.
2. Кесте элементтерiн айт.
3. Мəтiндiк құжаттарға кестелер нелiктен кiрiстiрiлген?
4. Құжаттарда кесте кiрiстiру керек болған орын қалай көрсетiледi?
5. Құжаттарға кесте кiрiстiру үшiн Word мəтiн процессорында
орындалатын амалдарды іс жүзінде көрсет.
6. Құжаттағы кестеден көшiрме қалай көшiрiледi?
7. Құжаттағы кестенi қалай жоюға болады?
8. Құжаттағы кесте қасиеттерi қалай өзгертiледi?
9. Кесте ұяшығына нелерді кiрiстiруге болады?
10. Кестелер үстiнде орындалатын қарапайым амалдарды көрсетiп бер.
11. Кесте бағандарының кеңдiгi қалай өзгертiледi?
12. Кесте жолдарының биiктiгi қалай өзгертiледi?
13. Кестедегi анықтамалар қалай сұрыпталады? Оны көрсет.
14. Кесте шекарасын бояу барысын iс жүзiнде көрсет.
15. Кестеде жол, баған жəне ұяшықтар фонын өзгерту барысын iс
жүзiнде көрсет.
61
ЖАТТЫҒУЛАР
1. «Менің жанұям» атты құжаттың жалғасына отбасы мү шелерiнiң
аты-жөнiн жəне туылған жылы туралы анықтамалар жазылған
кесте қос. Бұнда:
а) кестеге анықтамаларды бұрын əзiрлеген мəтiнiңнен көшiрме
алып орналастыр;
ə) Анықтамаларды фамилия бойынша алфавиттiң керi ретiмен
сұрыпта;
б) кестедегi анықтамаларды туылған жылы бойынша өсу ретiмен
сұрыпта;
в) кестедегi анықтамаларды жасы бойынша кемею ретiмен
сұрыпта.
2. Төмендегі көріністегідей етіп кесте жаса:
Реттелген тізім
Реттелген тізім
Маркерлі тізім
Маркерлі тізім
1. Информатика
2. Математика
3. Физика
А) Информатика
Ə) Математика
Б) Физика
•
Информатика
•
Математика
•
Физика
Информатика
Математика
Физика
3. «Компьютер бөлмесi» атты құжаттың жалғасына осы бөлмедегi
жиһаздардың аттары, саны, түстерi бейнеленген кесте қос. Бұл
кестеден көшiрме ал жəне оны жиһаздардың атаулары бойынша
өсу ретiмен сұрыпта.
4. Дəптеріңе «Өмiрбаян 2» атты құжаттың жалғасына қосу үшін
алдыңғы тоқсанда пəндерден алған бағаларың бейнеленген
кесте сыз. Бұл кестеден көшiрме ал жəне оған пəндердiң аттары
бойынша өсу ретiмен сұрыпталған мəліметтерді қос.
КЕСТЕЛЕР ҮСТIНДЕГІ АМАЛДАР
Өткен сабақта Word бағдарламасында құжатқа кесте кiрiстiру,
кесте бағандары өлшемiн өзгертiру жəне реттеу сияқты амалдар-
мен таныстың. Бұл сабақта кестеге жаңа жол мен баған қосу не-
месе оларды жою, кесте ұяшықтарын топтау жəне керiсiнше кес-
те ұяшықтарын ұсақтау сияқты амалдарды орындау əдiстерiмен
танысасың.
13-сабақ
62
Кілт сөздер: жаңа қатар жəне жаңа баған қосу, қатарды жəне
бағанды алып тастау, ұяшықтарды біріктіру, ұяшықтар жасау.
КЕСТЕГЕ ЖАҢА ЖОЛ НЕМЕСЕ БАҒАН ҚОСУ
Кестеге жаңа қатар (жол) немесе жаңа баған қосу үшін алдымен
меңзерді қосылуға тиісті қатарға яки бағанға көрші орналасқан қатарға
не бағанға бағыттау керек. Жоба (Макет) менюі панелінің Қатарлар
мен бағандар (Строки и столбцы) тобынан керекті амал таңдалады.
Мəселен, егер жаңа қатар меңзер орналасқан қатардан жоғарыға
қосылуы қажет болса, онда Жоғарыға орналастырылсын (Вставить
сверху) батырмасы, егер жаңа баған меңзер орналасқан бағанның сол
жағына қосылуы керек болса, онда Солға орналастырылсын (Вста-
вить слева) батырмасы таңдалады.
КЕСТЕДЕН ЖОЛДАРДЫ НЕМЕСЕ
БАҒАНДАРДЫ АЛЫП ТАСТАУ
Кейде кестедегi артықша жолды немесе бағанды жою керек бола-
ды. Бiрақ қарапайым əдiспен оларды жоюға болмайды. Сондықтан
төмендегiдей амалдар орындалады.
Алдымен меңзер жойылатын жолға немесе бағанға орналастырыла-
ды. Егер бiрнеше жол немесе баған жойылуы қажет болса, жолдар не-
месе бағандар блокқа алынады. Жоба (Макет) панелінің Қатарлар
мен бағандар (Строки и столбцы) тобындағы Жойылсын (Удалить)
батырмасы тізімінен керекті амал таңдалады. Егер қатарды алып тас-
тау қажет болса, онда Қатарлар жойылсын (Удалить строки) батыр-
масы таңдалады.
КЕСТЕ ҰЯШЫҚТАРЫН БIРЛЕСТIРУ
Iс-тəжiрибелiк жұмыс барысында кестенiң бiрнеше жолы мен
бағанындағы тiк төртбұрыш түрінде блокқа алынды ықтимал ұя-
шықтарды бiрлестiру қажет болады.
Ұяшықтарды бiрлестiру үшiн төмендегi амалдарды бiртiндеп орын-
даймыз:
Орындалып жатқан іс-қимылдар
Нəтижесі
1. Біріктірілуге тиісті ұяшықтарды блокқа
аламыз.
2. Жоба (Макет) панелінің Бірікті ру (Объ-
единение) тобындағы Ұяшықтар бі-
ріктірілсін (Объединить ячейки) батырма-
сы таңдалады.
Достарыңызбен бөлісу: |