УўК 004(075) кбк 32. 81 я72 і-74 а в т о р л а р т о б ы : Б. Болтаев, M. Mахкамов



жүктеу 0,51 Mb.
Pdf просмотр
бет13/18
Дата08.03.2018
өлшемі0,51 Mb.
#11944
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18

47

СҰРАҚТАР МЕН ТАПСЫРМАЛАР

1.  Мəтiндiк  құжаттарға  нелiктен  сурет  орналастырылады?

2.  Құжаттарға  суреттер  қандай  дереккөздерден  кірістіріледі?

3.  Құжаттарда  сурет  кiрiстiру  керек  болған  жер  қалай  көрсетiледi?

4. Құжаттарға сурет кiрiстiру үшiн Word мəтiн процессорында қандай 

шаралар  орындалады?

5.  Суретті Word коллекциясынан  «Сəулеткерлік»  тақырыбы  бо-

йынша  іздестіруді  іс  жүзінде  көрсет.

6.  Құжаттағы  сурет  қалай  белгiленедi?

7.  Құжаттағы  суреттен  көшiрме  көшiру  жəне  кiрiстiрудi  көрсет.

8.  Құжаттағы  суреттi  қалай  жоюға  болады?

9.  Құжаттағы  сурет  өлшемдерi  қалай  өзгертiледi?



ЖАТТЫҒУЛАР

1. «Менің  жанұям»  тақырыбымен  сақталған  құжатқа  жанұяның 

əрбір мүшесінің мамандығына немесе қызыққан кəсібіне сəйкес 

суреттерді  кірістір  жəне  форматтарын  өзгерт.

2.   «Мен  жəне  менің  достарым»  деген  атпен  сақталған  құжатқа 

тақырып  мазмұнына  қатысты  суреттер  кірістір  жəне  олардың 

форматтарын  өзгерт.

3. Word бағдарламасында  төмендегі  көріністі  кескінде  жəне  оны 

«Сурет  форматы»  деген  атпен  сақта.

4.  Дəптеріңе «Paintпен  сурет  салу»  атты  мəтін  жаз.  Мəтінде

Paint  бағдарламасының  мүмкіндігі,  жабдықтар  панеліндегі  жаб-

дықтардың  міндеті  жəне  олар  жасайтын  пішіндер  кес кінделетін 

болсын.  Сызбалардың  түсін  сан  түрлі  етіп  таңда.



48

ҚҰЖАТТАРДАҒЫ  ПІШІНДЕР  МЕН  СЫЗБАЛАР

Құжат мазмұнды жəне əдемi болу үшiн мəтiнге кейде фигура не-

месе сурет кiрiстiру қажет болады. Егер ол Word коллекция сында бол-

маса шы? Ол жағдайда сен Paint бағдарламасынан пайдалануыңа бо-

лады. Бiрақ Word бағдарламасында фигура (пiшiн) жəне схема салу 

мүмкiншiлiктерi де бар, одан пайдалану жұмысыңды бiраз жеңiлдетедi. 

Бұл сабақтағы көптеген амалдар саған Paint бағдарламасынан белгiлi 

болғандықтан оларды орындау қиын болмайды.



Кілт  сөздер:  пішінді  орналастыру,  пішін  форматы,  пішіндерді 

біріктіру.

СЫЗУ МҮМКІНДІКТЕРІ

Бiз  алдыңғы  сабақтарда  мəтiндiк  құжаттарға  суреттердi  кiрiстi-

рудi  қарап  шықтық.  Оншалықты  күрделi  емес  сызбаларды  мəтiн 

процессорының  мүмкiндiктерiн  пайдаланып  та  салуға  болады.  Бұл 

iсті  Кірістіру  (Вставка)  менюінің  Иллюстрациялар  (Иллюстрации) 

тобындағы Пішіндер (Фигуры) бөлімінің тізімі көмегімен орындауға 

болады.

Ашылған  тізімде  төмендегідей  түрдегі  пішіндерді  кірістіру  мүм-



кіндігі жинақталған:

Қолданылған соңғы 

пішіндер

Сызықтар


Тік төртбұрыштар

Негізгі пішіндер

Пішінді стрелкалар

Формула пішіндері

Блок-сызбалар

Жұлдыздар мен таспалар Пішінді ұсыныстар



10-сабақ

Последние использованные фигуры

Линии

Основные фигуры



Блок-схема

Звезды и ленты

Выноски

Фигурные стрелки



Фигуры для формул

Прямоугольники




49

ПІШІНДІ  ФОРМАТТАУДЫҢ  КЕЙБІР  МҮМКІНДІКТЕРІ

MS Word бағдарламасында  пішін  салғанда  немесе  ерекшелеген-

де  бағдарламаның  Сызу  құралдары-Формат  (Средства  рисования-

Формат) контекст-менюі белсенділігі артады. Егер Сызу құралдары 

контекст-менюі таңдалса, ондай жағдайда ашылған панельде саған та-

ныс Реттеу (Упорядочить) жəне Өлшем (Размер) топтарына қосымша 

пішінді форматтауға қатысы бар төмендегідей топтар кескінделеді:

Топтар

Көрінісі

Пішіндерді 

кірістіру

(Вставка фигур)



Пішін əдістері

(Стили фигур)



WordArt əдістері 

 (Стили WordArt)



Мəтін (Текст)

Пішінді  кірістіру  (Вставка  фигур)  тобының  көмегімен  кейінгі 

пішіндерді орналастыру мүмкіндігі туады.



Пішін  əдістері  (Стили  фигур)  тобы  пішінді  жəне  оның  ішінде 

мəтінді  кескіндеу  əдістерін  өзгерту,  пішіннің  іші  мен  шекарасын 

бояудың түрлі мүмкіндіктерін ашып береді.

WordArt  əдістері  (Стили WordArt) тобы  мəтінді  көрікті  сурет 

көрінісінде  кескіндеуге  байланысты  арнайы  мəтін  эффектілерін 

қолдану мүмкіндігін туғызады.

4 –Информатика, 6-сынып




50

Мəтін (Текст) тобы мəтіннің пішін ішінде орналасу бағытын жəне 

вертикаль тегістелу мүмкіндіктерін ашады.



ПІШІНДІ  ОРНАЛАСТЫРУ  ЖƏНЕ  ФОРМАТТЫ  ӨЗГЕРТУ

Бетке  пішінді  кірістіру,  яғни  орналастыру Paint бағдарламасы 

сияқты  пішін  таңдау,  пішінді  орналастыру  жəне  форматты  өзгерту 

секілді қадамдарды қамтиды.

Пішінді  орналастыру,  сызба  салу  жəне  орналастырылған  пішін 

көрінісін  өзгертудің  кейбір  мүмкіндіктерін  төмендегі  үдеріс  арқылы 

қарастырамыз.

Орындалып жатқан əрекеттер

 Нəтиже

1. Пішіндер бөлімінің тізіміндегі Негізгі 



пішіндер тобынан Ай (Месяц)   батыр-

масын таңдаймыз.

Тышқанның көрсеткіші   + 

көрінісіне келеді.

2.  Тышқаншаның  көрсеткіші  сызба  бас-

талуға  тиісті  нүктеге  бағытталған  соң 

сол  жақ  батырмасын  басып  тұрамыз. 

Тышқаншаны  жылжытып,  көрсеткішін 

керекті  бағытқа  қарай  қозғалтамыз.  Сы-

зуды тоқтату үшін тышқаншаның батыр-

масын босатамыз. Осы пішінді тағы 2 рет 

сызамыз (немесе нұсқалаймыз).

3. 1- жəне 3-суреттердегі ай кескіндерінің 

енін  өзгертеміз.  Бұл  үшін  суреттер 

белгіленгенде  кескінделген  сары  ромб 

пішінді  маркерге 

  тышқаншаның 

көрсеткішін бағыттап, тышқаншаның сол 

батырмасын басқан күйде 1-сурет үшін – 

солға, 2-сурет үшін оңға жылжытамыз.

4. 1-суретті  белгілеп,  Сызу  құралдары-

Формат контекст-менюі панелінің Пішін 

əдістері (Эффекты фигур) 

 батырма-

сын таңдаймыз. Ашылған тізімнің Бедер 

(Рельеф)  батырмасы  тізімінен  Бұрыш 

(Угол) 

 көрінісін таңдаймыз.



 


жүктеу 0,51 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау