Учаскелік полиция пунктінің жұмысын ұйымдастыруға жауапты учаскелік полиция инспекторларының, учаскелік полиция инспекторлары мен олардың көмекшілерінің қызметін ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы


Учаскелік инспектор мен оның көмекшісінің жұмысын ұйымдастыру



жүктеу 26,72 Kb.
бет2/3
Дата05.10.2022
өлшемі26,72 Kb.
#39519
1   2   3
метод. по офорлм. УПП

3. Учаскелік инспектор мен оның көмекшісінің жұмысын ұйымдастыру
10. Учаскелік инспектор мен оның көмекшісінің жұмысын ұйымдастыру бойынша жалпы басышылықты ЖПҚ-ның бастығы немесе оның орынбасары жүзеге асырады.
12. Учаскелік инспектор мен оның көмекшісі ЖПҚ бастығымен бекітілген өз жұмысын УПП жұмыс жоспарларына сәйкес ұйымдастырады.
13. Жұмыс дәптерін жүргізеді, онда учаскелік инспектордың тікелей бастықтарының барлық тапсырмалары мен нұсқаулары және оларды орындау мерзімдері есепке алынады.
Әрбір айдың қорытындысы бойынша учаскелік инспектор және оның көмекшісі жұмыс дәптерінде атқарылған жұмыс туралы анықтама жасайды, ол жалпылау үшін ЖПҚ бастығына немесе оның орынбасарына (учаскелік инспектордың жұмысына басшылық ету жөніндегі инспекторға) ұсынылады.
14. Учаскелік инспектор мен оның көмекшісі:
1) құқық бұзушылықтардың, рецидивтік, тұрмыстық, алкогольдік қылмыстардың алдын алу, олардың жасалу себептері мен жағдайларын анықтау;
2) адам мен азаматтың құқықтарын, бостандығы мен заңды мүдделерін заңсыз қол сұғушылықтардан қорғауды қамтамасыз ету;
3) учаскелік инспекторда профилактикалық есепте тұрған адамдар (бұдан әрі – профилактикаланатын адамдар) тарапынан болатын құқық бұзушылықтарға жеке алдын алуды жүргізу;
4) әкімшілік учаскеде маңызы бар ақпаратты жинайды және оны ІІО-ның мүдделі бөліністеріне, сондай-ақ өзге де мемлекеттік органдарға береді;
5) қылмыстық теріс қылық жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайды анықтайды, оларды жоюға бағытталған шараларды қабылдайды;
6) құқыққа қарсы қол сұғушылықтан, оқиғалардан және оқыс жағдайдан зардап шеккендерге, сонымен қатар дәрменсіз немесе олардың өмірі мен денсаулығына қауіп төнетін жағдайда қалған жеке адамдарға көмектеседі;
7) қоғамдық орындарда масаң күйде жүрген, адамның қадір-қасиетін және қоғамдық имандылықты қорлаған адамдарды медициналық ұйымдарға немес ішкі істер органына жеткізеді;
8) құқық бұзушылықты анықтайды және жолын кеседі;
9) заңнамада белгіленген құзыреті шегінде әкімшілік өндірісті және сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асырады;
10) оқиғалар, жасалған немесе дайындалып жатқан қылмыстық немесе әкімшілік құқық бұзушылық туралы арыздарды қабылдайды, тіркейді және қарастырады, қабылданған шешім туралы заңнамамен белгіленген тәртіпте арызданушыға хабарлайды;
11) қылмыстық және әкімшілік құқық бұзушылық жасаған адамдарды ұстайды;
12) жеке адамдардан және заңды тұлғалардан Қазақстан Республикасының заңнамаларын сақтауды, құқыққа қарсы әрекеттерді тоқтатуды талап етеді, ал осы талаптарды орындамаған жағдайда тиісті мәжбүрлеу шараларын қолдайды;
13) жеке адамдардың жеке басын куәландыратын құжаттарын, сондай-ақ ІІО-ға олардың орындалуын бақылау жүктелген белгіленген қағидаларды сақтауды тексеруге қажетті өзге де құжаттарды тексереді;
14) өндірістегі материалдар мен істер бойынша жеке адамдарды және заңды тұлғалардың өкілдерін ІІО-ға шақырады, олардан түсініктемелер мен көрсетпелер, құжаттар, олардың көшірмелерін алады, ал келмеген жағдайда белгіленген тәртіпте мәжбүрлеп әкеледі;
15) жеке адамдарға және заңды тұлғаларға міндетті түрде қылмыстық немесе әкімшілік құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою туралы ұсыныстар мен ұсынымхаттарды орындау үшін енгізеді;
16) айтылған заңсыз қоғамдық, топтық немесе жеке қызығушылықтар және наразылықтар нысандарының жолын кеседі;
17) психоактивті заттарды пайдалану және мас күйде болу фактілерін анықтау үшін куәландыруды жүргізеді, ол мүмкін болмаған жағдайда – куәландыру үшін медициналық мекемелерге жеткізеді;
18) қылмыстық құқық бұзушылық жасады деп күдік келтірілген адамның ізіне түсу, оқиға орнына бару, төтенше немесе соғыс жағдайы қолданылған кезеңде, қарулы қақтығыс жағдайында, төтенше жағдайларды жою кезінде, сондай-ақ меншік иелеріне материалдық залал келтірілген жағдайда Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен оның орнын толтыра отырып, егер кiдiрту адамдардың өмірі мен денсаулығына нақты қатер төндіруі мүмкін болатын болса, жедел медициналық көмекке мұқтаж адамдарды медицина ұйымдарына жеткiзу үшiн көліктің кез келген түрін (дипломатиялық иммунитетi бар шет мемлекеттер өкiлдiктерi мен халықаралық ұйымдардың көлік құралдарынан басқа) пайдаланады;
19) жеке адамдарды әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін ішкі істер органдарына жеткізеді;
20) қаруды, оқ-дәрілерді, есірткі құралдарын, психотроптық заттарды және прекурсорларды, сондай-ақ өзге де тыйым салынған бұйымдар мен заттарды алады;
21) жеке адамдардың қауiпсiздiгiне қатер төндiретiн қылмыстық немесе әкімшілік құқық бұзушылықтар жасаған деп күдік келтірілген адамдардың ізіне түсу кезінде не сол жерде қылмыстық немесе әкімшілік құқық бұзушылық жасалды немесе жасалуда, жазатайым оқиға болды деп санау үшiн жеткiлiктi мәлiметтер болса, дүлей зілзалалар, апаттар, авариялар, эпидемиялар, эпизоотиялар және жаппай тәртiпсiздiктер кезiнде жеке тұлғалардың жеке басының қауiпсiздiгi мен қоғамдық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету үшiн тұрғын және өзге де үй-жайларға, аумақтарға және жер учаскелерiне (дипломатиялық иммунитетi бар шет мемлекеттер өкiлдiктерi мен халықаралық ұйымдардан басқа) кедергiсiз кiреді, оларды қарап тексереді;
22) қылмыстық немесе әкімшілік құқық бұзушылықтардың жасалу фактілерін және ішкі істер органдары қызметкерлерінің әрекеттерін белгілеу үшін техникалық құралдарды пайдаланады;
23) профилактикалық есепте тұрған адамдарды криминалистік есепке қою, суретке түсiру, дактилоскопия жасау, дыбыс жазбасын, кино- және бейне түсiрiлiмiн жүргізу үшін ІІО-ға жеткізеді;
24) дербес деректерді жинауды және өңдеуді жүзеге асырады;
25) Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де міндеттерді жүзеге асырады.
15. Учаскелік инспектор белгіленген тәртіппен әкімшілік учаскеге паспорт жүргізеді, онда әкімшілік учаскенің әлеуметтік-экономикалық, демографиялық және басқа да ерекшеліктерін, құқықтық тәртіптің жай-күйін сипаттайтын мәліметтер көрсетіледі.
16. УПП қызметін және әкімшілік учаскенің паспортын жүргізу тәртібін тексеруді ЖПҚ бастығының орынбасары кемінде тоқсанына бір рет және ЖПҚ бастығы кемінде жарты жылда бір рет жүзеге асырады. Тексеру нәтижелері осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тексерушілер кітабына енгізіледі.
17. Азаматтарды қабылдауды жүзеге асыру кезінде учаскелік инспектор және оның көмекшісі оларға жүгінген адамдар туралы мәліметтерді осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша азаматтарды қабылдауды есепке алу журналына жазады.
18. Учаскелік инспектор өз құзыреті шеңберінде қылмыскерлерді, хабар-ошарсыз кеткен адамдарды іздестіру, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, құқық бұзушылық профилактикасы мәселелері бойынша криминалдық полиция, тергеу, анықтау, пробация қызметі бөліністерінің қызметкерлерімен өзара іс-қимылды, сондай-ақ ІІО-ның жедел қызмет бөліністерімен қылмыстарды ашуға, ескертуге және жолын кесуге маңызды жедел ақпараттармен алмасуды жүзеге асырады.
19. Қызмет көрсетілетін әкімшілік учаскеде ауыр немесе аса ауыр қылмыс жасалған жағдайда учаскелік инспектор криминалдық полиция қызметкерлеріне есепке алынған адамдардың жасалған қылмыстарға қатыстылығын тексеру арқылы қылмысты ашуға көмек көрсетеді.
20. ЖПҚ бастығы немесе оның орынбасары:
1) құқықтық тәртіптің жай-күйін, учаскелік инспекторлар мен олардың көмекшілерінің жұмыс нәтижелерін қорытады және талдау жүргізеді;
2) учаскелік инспекторлар мен олардың көмекшілеріне олардың кәсіби шеберліктерін арттыруға, жұртшылықпен өзара іс-қимылды нығайтуға, құқық бұзушылармен жеке профилактикалық жұмыс жүргізуге, азаматтардың өтініштерін қарауға, басқа да қызметтік міндеттерді орындауға практикалық және әдістемелік көмек көрсетеді;
3) учаскелік инспекторлар мен олардың көмекшілерінің ІІО-ның мүдделі бөліністеріне және мемлекеттік органдарға беретін ақпараттарың, олар бойынша тексерулердің нәтижелерін жинақтау ісіне тігеді;
4) учаскелік инспектор мен оның көмекшісінің ақпараты бойынша жолы кесілген және ашылған қылмыстардың есебін жүргізеді, олар бойынша ІІО бастығына немесе қаланың (ауданның) әкіміне оларды көтермелеу үшін ұсынымдар енгізеді;
5) қабылданған шешімдер бойынша «СДТБТ бойынша шешім» Е-2 стаистикалық карточкасының толтырылуын, сондай-ақ оларда учаскелік инспектордың немесе оның қатысуымен қылмыстарды ашу фактілерін көрсету бөлігінде бақылауды қамтамасыз етеді;
6) ұйым басшысының және басқа да лауазымды адамдардың енгізілген ұсынымдар бойынша қабылдаған шаралары туралы хабарламағаны, сондай-ақ қылмыстық немесе әкімшілік құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен шаттарды жою бойынша шаралар қабылдамағаны үшін шаралар қабылдануын бақылайды және талап етеді;
7) учаскелік инспектор мен оның көмекшісін оның тікелей қызметіне (патрульдеу, спорттық, мерекелік және басқа да бұқаралық іс-шараларды өткізу кезінде құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету, объектілерді күзету, мәжбүрлеп әкелуді орындау, басқа қызметтерге іссапарға жіберу және т.б.) байланысты емес жұмысқа тарту практикасына жол бермейді;
8) ІІО мүдделі бөліністерінің учаскелік инспектордың ақпаратына уақтылы ден қоюын және тексеру нәтижелерінің күнтізбелік он күн ішінде ЖПҚ бөліністеріне ұсынылуын бақылауды қамтамасыз етеді. Кемінде тоқсанына бір рет осы мәселені ІІО бастығының жанындағы кеңесте тиісті шаралар қабылдай отырып, қарайды;
9) учаскелік инспекторлардың тергеу және анықтау органдарымен өзара іс-қимылын, қылмыс жасауға ықпал ететін себептермен шарттарды жою туралы, тергеліп жатқан қылмыстық істер бойынша әртүрлі меншік нысанындағы ұйымдар мен кәсіпорындарға жолданған және уақтылы қаралған ұсынымдар туралы ЖПҚ-ны ақпараттандыру бөлігінде қамтамасыз етеді;
10) ай сайын қорытынды кеңестерде учаскелік инспекторлардың және олардың көмекшілерінің қызмет көрсететін аумақта жүргізген жұмысы туралы қарайды.
21. Учаскелік инспекторлары мен олардың көмекшілері қызметінің нәтижелері облыс, Астана және Алматы қалалары, аудан (қала, қаладағы аудан) әкімнің қатысуымен өтетін жиналыста жылына екі реттен кем емес қаралады, онда ЖПҚ бастығының тиісті есебі тыңдалады.
4. Профилактикалық бақылау жүргізу тәртібі
22. Учаскелік инспектор профилактикалық есепке қояды және өз бетімен және (немесе) ішкі істер органдарының бөлімшелерімен өзара іс қимыл жасаса отырып:
1) әкімшілік қадағалау белгіленген;
2) бас бостандығынан айыру орындарынан шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы шешім (қаулы) қабылданған;
3) ауыр және (немесе) аса ауыр қылмыс жасағаны үшін жазасын өтегеннен кейін бас бостандығынан айыру орындарынан босату туралы шешім қабылданған немесе қасақана қылмыс жасағаны үшін бас бостандығынан айыруға екі немесе одан көп рет сотталған («Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды әкімшілік қадағалау туралы» 1996 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының қолданылу аясына шартты түрде жататын);
4) сот әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша мінез-құлқына ерекше талаптар белгілеген;
5) қорғаныс нұсқамасы шығарылған адамға қатысты профилактикалық бақылауды және жеке профилактикалық жұмысты жүзеге асырады.
Профилактикалық есепке қою кезінде көрсетілген адамдар санаты осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша 1), 2), 3) тармақтарда көрсетілген санаттағы адамдар бойынша криминалдық полиция бөліністеріне хабарлай отырып, профилактикалық есепте тұрған адамдар есепке алу журналына тіркеледі.
24. Әкімшілік учаскенің ерекшеліктері туралы хабардар болуды арттыру мақсатында учаскелік инспектор әкімшілік учаскені тұрақты зерделейді, мынадай адамдардың:
1) Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар бұрын сотталғандар;
2) Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жасөспірімдердің жыныстық қол сұғылмаушылығына қарсы қылмыстары үшін бұрын сотталғандардың;
3) Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша алкогольдік ішімдіктерді теріс пайдаланушы ретінде денсаулық сақтау органдарында диспансерлік есепте тұратындардың;
4) Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша есірткі құралдарын, психотроптық және уытты заттарды медициналық емес қолдануға жол беретіндер ретінде денсаулық сақтау органдарында диспансерлік есепте тұратындардың;
5) Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоғамдық қауіп төндіретін мінез-құлқы асоциалды бағыттағы психикалық сырқаттардың, денсаулық сақтау органдарында диспансерлік есепте тұратындардың;
6) Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ішкі істер органдарында кәмелетке толмағандардың істері бойынша бөліністерде есепте тұрғандардың;
7) Қағидаларға 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес жазалау тағайындалғандардың, сондай-ақ шартты немесе жазалауды мерзімінен кейін өтеу тағайындалғандардың;
8) Қағидаларға 12-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әкімшілік учаскеде уақытша болатын, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар тізімі болады.
Адамды неғұрлым маңызды санат бойынша бір тізімге ғана қосу қажет, бұл ретте «Айрықша белгілер» бағанында қосымша санат көрсетіледі (мысалы, «есірткі құралдарын медициналық емес қолдануға жол береді»). Тізімдер тоқсанына кемінде бір рет жаңартылып тұрады. Растайтын және өзге де барлық материалдар әрбір санат бойынша жеке жинақтау папкаларына тігіледі.
Бұдан бөлек, әкімшілік учаскеде жалға берілетін пәтерлерде (үйлерде) тұратын азаматтарды есепке алу журналын Қағидаларға 13-қосымшаға сәйкес нысан бойынша, әкімшілік учаскеде тұратын адамдарды есепке алудың электрондық журналын Қағидаларға 14-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жүргізеді.
25. Ескепе қою, есептен алу және анықтамалық деректерін (мекенжайын және т.б.) өзгерту фактісін белгілеу сәтінен бастап күнтізбелік үш күннен кешіктірмей Біріктірілген деректер банкінің «Есептегі элемент» есебіне енгізу үшін Ақпараттық-талдамалық орталығының аумақтық бөліністеріне толтырылған ақпараттық-іздестіру карталарын (АІК-ЛЦ) ұсынады, олар бойынша тоқсан сайын міндетті түрде акт жасай отырып, салыстыра тексеру жүргізіледі.

жүктеу 26,72 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау