Материалдарды есепке алу үшін:
1310-«Шикізат және матеиалдар»
1350-«Басқа да запастар» шоттары қолданылады. Шоттар активті
Дт бойынша келіп түскен материалдардың нақты өзіндік құны
Кт бойынша шығындалған материалдардың нақты өзіндік құны есепке алынады
Дебеттік сальдосы-қоймадағы материал қалдыңғының өзіндік құнын көрсетеді
1310,1350 шоттардың кредиттік айналымы журнал ордер №10 көрініс табады.
Жабдықтаушылар және мердігерлермен есеп айырысу есебі
1. Жабдықтаушылар және мердігерлермен келісім шарттарды жасау тәртібі
2.Жабдықтаушылармен және мердігерлермен есеп айырысу талдау және жинақтау есебін ұйымдастыру
3.Жабдықтаушылармен және мердігерлермен есеп айырысу есебі
1. Жабдықтаушылар және мердігерлермен келісім шарттарды жасау тәртібі
Ұйымдардың басқа субьектілерімен қаржылық- шаруашылық қатынасы келісім шарт бойынша анықталады. Келісім шарт тараптардың ара қатынасын реттейді. ҚР АК сәйкес, екі немесе бірнеше тұлғалардың арасындағы азаматтық құқықтары мен міндеттемелері, олардың өзгерісі немесе тоқтатылуы туралы жасалған келісім- келісім шарт болып табылады. Келісім шарт жазбаша түрде жасалады. Келісім шарт тараптар арасындағы қатынастардың заңды нормасын қалыптастырып, мәміленің орындалу тәртібі мен атқару тәсілдерін анықтайды, сонымен қатар міндеттемелердің рет ретімен орындалуын қамтамасыз етуді қарастырады.
Келісім шарттардың ең көп тараған түрі- алып-сату келісім шарты, ол бойынша сатушы тауардың меншіктік құқығын, шаруашылық жүргізуді немесе оперативтік басқаруды сатып алушыға беруді міндетіне алады. Сатып алушы соған сәйкес тауарды қабылдап алып, ол үшін келісілген қаржыны төлеуді міндетіне алады.
Алып- сату келісім шартының азаматтық заң кодексінің талаптарына сай, өзіндік ерекшеліктері болуы мүмкін, оның ішінде тауарды ұзақ мерзімге, несиеге беруге, тікелей сатуға, ж.т.б. түрде сатуға болады.
Келісім шартта тауарды қабылдап алу мерзімі көрсетіліп, ол шарт орындалмайтын болса, жауапкершілік шаралары қоса көрсетілгені жөн. Мысалы, келісім шарт бойынша, тауар келісім жасалғаннан кейін, немесе ақы төленгеннен кейін 10 күннің ішінде жеткізіліп беріледі деп көрсетілген. Тауардың уақытында жеткізілмеуі немесе ақысының уақытында төленбеуі, келісім шартта көрсетілген жауапкершіліктерге әкеліп соқтырады. ҚР Салық кодексінің талаптарына сай, айыппұлдар және басқада жауапкершілік шараларынан туындайтын сомалар, алдын ала шегерілмеген болса, жылдық жалпы табыс көлемінің мөлшеріне қосылады. Осыған орай, мойындалған айыппұлдар, бюджетке төленгеннен басқасы, қарсы тараптың жылдық жалпы табыс көлемінің мөлшерінен алынып тасталады.
Алып- сату келісім шартында, ұйымның өзі өндірген өнімнің бағасы бойынша, арзандату және үстеме қосу тәсілдері жиі қолданылады. Арзандатылған кезде 6030 шоттарының тобы пайдаланылады. Осы шоттар тобында келісім шарт бойынша қарастырылған арзандату операциялары, және тауардың сапасыздығына байланысты бағасының төмендетілуіне орай жасалған операциялар көрсетіледі.
Сатып алынған жабдықтардың бағасын бухгалтерлік есеп жүйесі бойынша дұрыс анықтау, салық есептеу кезінде аса маңызды болып саналады. Негізгі құралдарға мүліктік салық салынатын болғандықтан, олар салық есептеудің басты объектілері болып саналады жәнесалықтық база олардың орта арифметикалық жылдық қалдық бағасы бойынша есептеліп, бухгалтерлік есеп жүйесі бойынша анықталады.
Бухгалтерлік есеп жүйесінің тәртібі бойынша, негізгі құралдардың бағасына қосылған шығындарды салық төлеуші ағымдағы шығындарға жатқызуы мүмкін, ал салық есебінде ол сомаларды шығарып тастайды. Бұл жағдайда салық есебінен шығарылған сомалар өсіп кетіп, соған сәйкес салық салынатын табыс көлемі азаяды. Соңынан сату үшін сатып алынған көлік құралдары мен жабдықтарға, мүлік салығын салу тәртібі қолданылмайды.
Уақытында жеткізілмеген тауар үшін келісім шарт бойынша айыппұл төлеу жолдары қарастырылуға тиіс. Салық кодексінің талаптарына сай, борышкер мойындаған айыппұлдар, үстемақылар, қорытынды жылдық табыстың құрамына қосылады. Үстемақы мен айыппұлдардың сомасы олардың пайда болуынан бастап емес, қарсы тараптың мойындауынан кейін табыс болып саналады. Сонымен қатар, тек қана жылдық табыс ретінде мойындалған сома ғана шығын есебінде алынып тасталады.
Тауарларды шикізат түрінде алып-сату келісім шартында, оларды өткізу-қабылдау шарттары қарастырылады, ол кезде шикізатты тасымалдау кезіндегі көлемі мен сапасының өзгеру мүмкіндіктері ескеріледі(кебу, бұзылу, салмағын жоғалту ж.т.б.). Ондай жағдайларда салмақты табиғи себептермен жоғалту нормалары қолданылады, ал ол нормадан асып кеткен кезде, өндірістік-техникалық мақсаттағы тауарларды қабылдау ережелерінің талаптары пайдаланылады. Құндылықтар есебін жүргізу тәртіптеріне сәйкес, нормаға сәйкес жоғалған көлемі, құндылықтардың өндірістік өзіндік құнына қосылады, ал одан артық кеткен шығындар, жеткіліксіз болған көлемдері мен бұзылған өнімдер, және басқа да өндірістік емес шығындар, сол кезеңнің шығындарына жатқызылады. Ол жағдай салық салынатын табыс көлемін анықтаған кезде, аса маңызды роль атқарады. Мысалы, бухгалтерлік есеп жүргізу тәртібіне сәйкес, сатылған өнімнің өзіндік құнынан, нормаға сәйкес өндірістік шығындар алынып тасталады. Керісінше, нормадан тыс шығындаролардың ішіне кірмейді. Осыған орай, ҚР Салық кодексінің 237 бабы бойынша, бұзылған, жоғалған тауарлардың көлемі өндірістік және өндірістік емес деп бөлінбейтінін айта кеткен жөн. Осыған байланысты, бұзылған немесе жоғалған тауарларға салынған ҚҚС, есептен алынып тасталады(төтенше жағдайларға байланысты бұзылып және жоғалғандардан басқасы).
Тұтыну тауарларын жеткізу туралы келісім шартқа, тауарлардың ерекшеліктерін көрсететін, түрлері, сорты, олардың атаулары туралы қосымша құжат бірге жасалынады. Ондай тауарларды жөнелткен кезде, әр тауардың түрі мен сорты көрсетіліп, арнаулы орам қағаздары толтырылады.
Сатып алушының тауарды алғаны жайлы құжатын бухгалтерлік есеп жүйесіне енгізу үшін, тауардың бағасын, атын, түгел екендігін және басқа да қажетті мәліметтерді көрсететін тауармен бірге келген құжаттар негіз бола алады. Жеткізуші үшін тауарды сату, табысын мойындау болып есептеледі. Бухгалтерлік есеп жүргізу үшін, мүліктік құқығын сатып алушыға беруі, табысын мойындаудың бір түрі болып саналады. Әдетте, тауардың меншіктік құқығы жеткізушіден сатып алушыға, тауарды берген сәттен бастап өтеді.
Тауар сатып алушының қолына тиген кезден бастап қана берілген болып саналмайды, оларды тасымалдайтын көлік мекемесіне немесе сатып алушыға жөнелту үшін поштаға салынған кезден бастап сатып алушыға берілген болып саналады. Егер жөнелтуші мүліктік құқығын және мүлік иесінің міндеттерін сақтап қалса, мәміле орындалмаған болып саналады, және табыс алынбаған болып есептеледі. Осы ереже бухгалтерлік есеп бойынша да табысты мойындамауға себеп болады.
Салық есебін жүргізу кезінде сату мен табысты мойындауға басқаша көзқарас қалыптасқан. Салық кодексінің талаптарына сай, салық төлеуші салық есебін, тауарды сату мақсатында жөнелткен уақыттан бастап, кіріс пен шығыс есебін жүргізуге міндетті. Салық есебі бойынша, сату мақсатында жөнелтілген, айырбасқа жіберілген, ақысыз берілген, сонымен қатар кепілге қойылған тауарды кепілге алушыға жөнелтілген тауарлардың барлығы, шығысқа шыққан болып саналады. ҚҚС есептеу мақсатында сатылған өнім айналымын анықтау тәртібіне көз салайық. Тауар айналымының басталуы, тауарды жөнелткен күннен басталады. Егер жөнелтілмей, қолма қол берілсе, тауардың стып алушыға меншік құқығын берген күн, тауар айналымының басталған күні болып саналады.
Достарыңызбен бөлісу: |