|
Қуандыкова Н. Т. ҚАржылық есеп модульдік бағдарлама бойыншаНегізгі құралдардың қайта бағалануы және түгенделу, олардың қорытындыларының есепте көрсетілуі
|
бет | 46/131 | Дата | 12.12.2022 | өлшемі | 449,84 Kb. | | #40573 |
| ?óàíäûêîâà Í. Ò. ?Àðæûëû? åñåï ìîäóëüä³ê áà?äàðëàìà áîéûíøàНегізгі құралдардың қайта бағалануы және түгенделу, олардың қорытындыларының есепте көрсетілуі Негізгі құралдардың нақты қолда болуын анықтау және олардың сақталуына бақылау жасау мақсатында нормативтік, құқықтық және басқа да актілерге сәйкес негізгі құралдарға түгендеу жасалынады.
Негізгі құралдарды түгендеу тәртібі.
кәсіпорын мүлкін жалға бергенде,сатқанда,меншік формасы өзгергенде
құрылтайшылар құрамы өзгергенде
жылдық есеп алдында
құндылықтар бүлінгенде,ұрланғанда
материалдық жауапты тұлға ауысқанда
өрт немесе т.б табиғи апатттарда
Бұл тексерудің мақсаты – негізгі құралдарға қаралған тәртіптерге сәйкес тозу сомасының есептелгендігін анықтау болып табылады.
Тексеру кезінде төмендегі мәселелерге назар аударуға міндетті:
есеп жүргізу саясатында қаралған тозуды есептеу тәртібінің сақталғандығына;
тозу-есептеу ведомосының дұрыс толтырылып есептелгендігіне;
автокөліктерге тозу-есептеу ерекшеліктерінің сақталғандығына;
негізгі құралдарды кіріс және шығыс еткенде тозу есептеу және оны тоқтату тәртіптерінің сақталғандығына;
тозу-есептеуге жатпайтын негізгі құралдарға есептелмегендігіне;
ішкі аудитордың немесе лауазымды тұлғалардың тозу-есептеудің тәртібінің сақталуына бақылау жасап отырғандығына.
Түгендеу жүргізу кезінде негізгі құралдардың есеп мәліметтері мен қолда болуы арасындағы сәйкестікті орнатады, олардың жиынтықтылығын, техникалық жағдайын, бағыты бойынша пайдалану деңгейін анықтайды. Бұл жүмысты жүзеге асыру үшін кәсіпорын бұйрығы бойынша түгендеу комиссиясы құрылады. Түгендеуді
бастамас бұрын түгендеу карточкаларының, техникалық паспорттың, жолға өткізілген және қабылданған объектінің жағдайын тексереді, қажет құжаттарды дайындайды және негізгі құралдардың тұрган жсрі бойынша тізімін анықтайды. Комиссия мүшелері лауазымды немесе материалды жауапты тұлғалар қатысуымен негізгі құралдарды қарастырады және атауы, белгісі, түгендеу нөмірі бойынша қолда бар болу сәйкестігін тіркейді. Материалдық құлдылықтардың нақты қолда бары мен бухгалтерлік есеп мәліметтерімен сәйкестігін қамтамасыз ету үшін кәсіпорындарда жылына бір рет жылдық есеп берудің алдында түгендеу жүргізіледі .
Түгендеу жүргізу тәртібі 1994 жылы 16 желтоқсанда №194 “Қазақстан Республикасының кәсіпорынтерінің бухгалтерлік есеп және есеп беру туралы” ережемен қарастырылған түгендеуді жүргізу үшін түгендеу комиссиясы құрылады. Оның құрамы кәсіпорын басшысының бұйрығымен бекітіледі. Материалдық құндылықтардың нақтылығы тізімдемеге тіркеледі . Тізімдеме мәліметтерімен есеп мәліметтері салыстырылады. Ауытқулар мен оның себептері анықталады .
Түгендеу нәтижелері түгендеу жұмысы аяқталған соң айлық есепте бейнеленеді.
Артықшылық анықталған негізгі құралдар материалдық заттар кіріске алынады және кәсіпорынтің қаржылық нәтижесіне жатқызылады.
Құндылықтардың жетіспушілігін кәсіпорын басшысының өкілі бойынша кәсіпорын шығынына есептен шығарылады . Кінәлі анықталған жағдайда жетіспеушіліктер кінәлі тұлғалардың есебіне жатқызылады .
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|