|
Қуандыкова Н. Т. ҚАржылық есеп модульдік бағдарлама бойыншаНегізгі құралдарды жөндеу есебі,түрі және тәсілдері
|
бет | 42/131 | Дата | 12.12.2022 | өлшемі | 449,84 Kb. | | #40573 |
| ?óàíäûêîâà Í. Ò. ?Àðæûëû? åñåï ìîäóëüä³ê áà?äàðëàìà áîéûíøàНегізгі құралдарды жөндеу есебі,түрі және тәсілдері
1.Негізгі құралдарды жөндеу түрі және тәсілдері
2.Негізгі құралдарды жөндеу есебі
Негізгі құралдар ұзақ мерзім қызмет ету барысында тозады және де оның бөлек бөлшектері әрдайым істен шығып отырады.Ұйым негізгі құралдарының үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін, жөндеу жұмысын тұрақты түрде жүргізеді. Жөндеу жұмыстарының көлеміне байланысты ағымдағы және күрдслі жөндеуге бөлінеді.
Ағымдағы жөндеу дегеніміз негізгі құралдарды жұмыс жағдайында ұстау үшін оның тозған детальдарын ауыстыру немесе жөндеу болып табылады.
Күрделі үйлердің, құрылыстардың және күрделі машиналардың тозығы жеткен бөлшектері мен детальдарының барлығын ауыстыруға байланысты болатын ірі жөндеу түрін айтады.
Жөндеу жұмыстары мердігерлік және шаруашылық әдіспен орындалуы мүмкін.
Жөндсу жұмыстары шаруашылық әдіспен жүргізілгенде барлық жұмыстарды шаруашылық өз күшімен орындайды.
Мердігерлік әдісті пайдаланғанда жөндеу жұмыстарын арнайы құрылыс мекемелері орындайды.
Жөндеу жұмыстарының бухгалтерлік есебін жүргізу олардың қандай әдіспен орындалатындығына байланысты.Жөндеу есебі барлық жұмыстардың құжаттық рәсімделуінің жұмыс көлемін және өзіндік құнын анықтауды, жөндеуге жұмсалатын қаражатты мақсатты түрде пайдалануды бақылауды қамтамасыз етуі керек.
Мердігерлік ұйымдармен жасасқан шарт негізінде негізгі құралдардың мердігерлік тәсілмен жасалған ағымды және күрделі жөндеулері үшін субьект жөнделетін обьектілерді жөндеу орнына апарып және қайтадан әкелу шығындарымен қоса аяқталған жөндеу жұмыстарының ақысын төлейді. Жабдықтармен көлік құралдарының жөндеу үшін мердігерлермен есеп айырысуды обьект бойынша тұтастай біткен жұмыс үшін жасайды.
Күрделі жөндеуден өткен негізгі құралдарды қабылдап алу “Күрделі жөндеуден өткен қайта құрастырылған және жаңартылған негізгі құралдарды қабылдау тапсыру актісі” бойынша құжатталады.
Субьектінің негізгі құралдары қабылдауға өкілетті қызметкері және жөндеу қайта құрастырулар немесе жаңарту жұмыстарын жүргізген субьект өкілі қол қойған обьектіні актіні субьектінің бухгалтериясына тапсырады. Актіге бас бухгалтер қол қояды, оны субьект басшысы немесе соған өкілетті адамдар бекітеді.
Негізгі құралдардың жөнделген обьектісінің техникалық төл құжатындағы сипаттамасына күрделі жөндеуге қайта құрастыруға және жаңартуға байланысты өзерістер енгізілуі керек.
Шаруашылық тәсілмен негізгі құралдарды жөндеу цехынан тыс жерлерде жөндеу бойынша шығындар тікелей өндіріс шығындарына апарылады. Негізгі құралдарды күрделі жөндеу бойынша жөндеу цехтарының шығындары алдын-ала жинақталып 8310«Көмекші өндіріс» шотына жатқызылады.Жөндеу аяқталып ,акт жасалғаннан кейін шығындар 8310 шоттан өндірістің шығын шоттарына немесе кезең шығындарына жатқызылады.
Негізгі құралдарды жөндеу есебі бойынша жазбалар:
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|