Қуандыкова Н. Т. ҚАржылық есеп модульдік бағдарлама бойынша


Жабдықтаушылармен және мердігерлермен есеп айырысу талдау және жинақтау есебін ұйымдастыру



жүктеу 449,84 Kb.
бет58/131
Дата12.12.2022
өлшемі449,84 Kb.
#40573
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   131
?óàíäûêîâà Í. Ò. ?Àðæûëû? åñåï ìîäóëüä³ê áà?äàðëàìà áîéûíøà

2..Жабдықтаушылармен және мердігерлермен есеп айырысу талдау және жинақтау есебін ұйымдастыру

Жеткізушілермен есеп айырысу есебi әрбiр шот-фактура бойынша жәнеәрбiр жеке жеткізушілер бойынша жүргiзiледi. Есеп айырысу қужатын алу барысында олар жеткізушілермен есеп айырысу кiтапшасына жазылады. Төлеу шотына қабылдау бойынша акцепт төлем тапсырмасын жазады және оны есеп айырысу құжаттарымен бiрге қаражаттың, қайта есептелуi үшiн банкке бередi.


Төлем тапсырмасымен банк мекемелерi арқылы алынған және қабылданған тауарлар үшiн қолма-қол ақшасыз есеп айырысу жүргiзiледi. Сондай-ак. салықтық шот- фактураның нөмipi мен күніне, тауар-көлiк жүкқұжатына және тауар босатуды немесе қызмет көрсетудi растайтын басқа құжаттарға, сонымен бiрге тауарлық емес операция бойыншa тапсырмаларына сiлтемесiмен қызметтердiң есеп айырысуы жүргiзiледi. Төлем тапсырмасы - бұл қызмет етушi кәсіпорынның банкке арнайы бланкте ресiмдеу арқылы өз шотынан белгiлi бiр соманы басқа кәсiпорын шотына аудару туралы нұсқay. Қаражатты 3 немесе одан да көп алушыға аудару арқылы қызмет еткен бiр банкке төлем тапсыр­маларының жиынтығы жазылады. Жеткізушілермен есебі № 6 журнал-ордерде жүргізіледі. Пайда болуы шот-фактурамен расталады, келісім шарт негізінде. Бухгалтерлік есеп шоттардың үлгілік жоспарында 3310 шоттың кредитінде жазылады.
Жабдықтаушы және мердігерлермен есеп айырысудың жинақтау есебі бухгалтерияда журнал ордер №6 жүргізіледі. Журнал ордер №6 үш кезеңде толтырылады:

  1. Кезеңде журналда жабдықтау бөлімінен түскен жабдықтаушылар-дың акцептелген шоттары күні, шот номері,тіркеу номері, жабдық-таушының атауы және акцепт сомасының көрсетілуі бойынша тіркеледі. Содан кейін шот фактуралар экспедиторға жүкті алу үшін беріледі. Әрбір жабдықтаушыға жо №6-да бөлек жол беріледі.

  2. Бұл кезеңде журнал ордер №6-ға жазбалар бухгалтерияға қоймадан түскен құжат номері, түскен құндылықтардың атауы және есепке алу құны көрсетілген кіріс ордерлері негізін жазылады.Құндылықтардың нақты құны жабдықтаушы құжаттарының мәліметтері бойынша корреспонденттелетін шоттарда көрсетіледі.

  3. Бұл кезеңде журнал ордер № 6-да банк шотының үзінді немесе кассир есебінің мәліметтері бойынша жабдықтаушы және мерді-герлер шоттарының төленгені туралы белгі жасалады. Айдың соңында журнал ордерде шоттар бойынша қалдықтар шығарылады.

“Келмеген жүк” бөлек бағанасында қоймаға айдың соңында түспеген материалдық құндылықтар әрбір партия бойынша бөлек көрсетіледі. Жүк түскен кезде “Келмеген жүк” графасында түзетпе(сторно) жасалып, жүктің қабылдануы туралы жазба жалпы тәртіпте жүргізіледі.
Қоймаға түскен төлемге шот фактуралары қойылмаған материалдық запастар жо№6да бөлек жолда шот номерінің орнына «Н» (фактурланбаған) әрпімен көрсетіледі. Фактурланбаған жеткізілімдер жазбасының негізі болып, материалдарды қабылдау актісі болып табылады. Мұндай жеткілім бойынша шот түскен кезде алдында есепке алу құны бойынша жазылған сома бухгалтерия анықтамасы негізінде түзетіледі және түскен шот фактуралар мәліметтері негізінде жазба жасалынады. Материалдарды қабылдау актісі бойынша кіріске алынған материалдық құндылықтардың артықшылығы журнал ордер №6да фактурланбаған жеткізілімдер ретінде бөлек жолда көрсетіледі.
Жабдықтаушыларға сәйкес келмеген баға, арифметикалық қателер бойынша қойылған шағым және жетіспеушілік сомасы жо№ алтыда бухгалтерияның анықтамасы негізінде түзетіледі және 1280 шотта қосымша проводка арқылы көрсетіледі.
Журнал ордер №6да жабдықтаушы және негізгі құралдарды жөндеу коммуналдық және басқа да қызметтер бойынша операция есебі көрсетіледі.



жүктеу 449,84 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   131




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау