Қуандыкова Н. Т. ҚАржылық есеп модульдік бағдарлама бойынша



жүктеу 449,84 Kb.
бет54/131
Дата12.12.2022
өлшемі449,84 Kb.
#40573
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   131
?óàíäûêîâà Í. Ò. ?Àðæûëû? åñåï ìîäóëüä³ê áà?äàðëàìà áîéûíøà

Материалдардың есептен шығарылуы және босатылуы
Кәсіпорындар мен ұйымдардың өндірісінде жиі пайдаланылатын материалдық қүндылықтар үшін толтырылатын талап ету қағаздарының санын кемітіп, есеп жұмысын жеңілдету үшін және материалдарды өндіріске босату лимитінің сақталуына ағымдағы бақылау жүргізу үшін шектеулі-заборлық (шектеу карталары) карталарды қолдануға болады. Шектеулі-заборлық картаның үлгілі түрі М-8 бойынша ұйьмның қоймасынан бо-сатылатын материалдардың санын (көлемін), ол материалдар арқылы өндірілетін өнімнің және оның біреуіне жұмсалатын материалдардың көлеміне қарап экономикалық жоспарлау бөлімі есептеп шығарады. Шектеулі-заборлық карта бойынша материалдар онда көрсетілген мөлшер шегінде ғана босатылады. Онда қаралған материалдардан артық өндіріске керек болған материалдар бөлек талап ету қағазы бойынша босатылады. Шектеулі-заборлық картаның негізіне сүйене отырып, өндіріске босатылатын материалдарды қойманың есебінен шығарады. Шектеулі-заборлық карта қоймадан бір ай бойы босатылатын материалдарға жаса-лынады. Бұл картада шығарылатын өнімнің, шығынньң немесе тапсырыстың коды көрсетілуі тиіс. Шектеулі-заборлық картаның бір данасы жаңа айдың басына дейін материалдарды алатьн цехқа немесе бөлімшеге, ал екінші данасы материалдарды босататын қоймаға табыс етіледі. Материалдар қоймадан өндіріске цехтың өкілі өзіндегі шектеулі-заборлық картаны әкелгенде ғана босатылады.
Қоймашы шектеулі-заборлық картаның екі данасына да материалдардың босатылған уақыты мен олардың санын номенклатуралық нөмірі бойынша жазады. Содан кейін шектеулі-заборлық картаның цехтағы данасына қоймашы, ал қоймадағы данасына цех басшысы немесе оның өкілі қол қояды. Материалдарды есептеуге осы күнгі санайтын машиналар пайдаланылған жағдайда толтырылатын алғашқы кұжаттардың санын азайту үшін қоймадан босатылатын материалдарды тікелей қойманың карточкасына жазу жүйесін де қолдануға болады. Бұл жағдайда материалдарды қоймадан босатуға ешқандай кұжат жазылмайды. Шектеулі-заборлық картаға барлық бір дана болып жазылатын бухгалтерлік құжаттар негізделініп жасалады. Материалдарды босату лимитін қоймадағы картаның өзінде де көрсетуге болады. Бұл карточканың үлгілі түрі — М-17. Цехтың өкілі материалдарды алған кезде қоймашының есептеу карточкасына қол қояды да, ал қоймашы цехтың шектеулі-заборлық карточкасына қол қояды. Сондай-ақ шектеулі-заборлық карточкада өндірісте пайдаланылмай қоймаға қайтарылып берілген материалдар да есептелінеді. Қоймадағы есеп карточкасына материалдардың әрбір номенклатуралық нөмірі бойьшша босатылғаны, қоймада қалғаны, материалдарды цехқа әрбір босатқан уақыт сайын немесе шектеулі-заборлық картаны жапқаннан кейін, бірақ келесі айдың біріне дейін жазылып отырылуы тиіс. Бұл жағдайда шектеулі-заборлық картаны қоймалық есептің тиісті карточкаларымен бірге сақтау керек. Лимитгі пайдаланып болғаннан кейін қоймадағы шектеулі-заборлық картаның қорытынды дерегі шектеулі-заборлық картаның цехтағы данасымен салыстырылады. Егер бұл шектеулі-заборлык картадағы деректер өзара сәйкес болса, екі жақтың өкілдері, яғни қоймашы мен цех өкілі деректердің дұрыстығын мақұлдап қол қояды.
Айдың аяғында шектеулі-заборлық картада көрсетілген мате-риалдардың пайдаланылған-пайдаланылмағанына қарамастан барлық шектеулі-заборлык карталар бухгалтерияға тапсырылады.
Құрылыс ұйымдарында көбіне шектеулі-заборлық картаның М-28 және М-28А нөмірлі үлгілі түрлері қолданылады. Үлгілі түрі М-28 нөмірлі шектеулі-заборлық карта материалдарды салынып жатқан құрылысқа ол құрылыс басталғаннан бастап, аяқталғанға дейін босатуға арналған. Шектеулі-заборлық картаның бұл түрі қүрылыс жүмысын жүргізуші прорабтар немесе мастерлер тағы да басқа жұмыс жүргізушілердің біреуінде болады. Сонымен қатар ай сайын үлгілі түрі М-28 шектеулі-заборлық карта жазылады да, ол қоймада сақталынады. Материалдарды қоймадан босатқанда қоймашы үлгілі түрі М-28А шектеулі-заборлық картаға қол қояды, ал материалдарды қабылдап алушы құрылыс бөлімінің өкілі үлгілі түрі М-28А шектеулі-заборлық картаға қол қояды. Айдың аяғында жұмыс жүргізуші мастер, прораб пайдаланылмаған материалдарға түгендеу жүргізіп, оның нәтижесі бойынша үлгілі түрі М-28 түрлі шектеулі-заборлық картадағы 14 бағанды (графаны) толтырады. Ай бойы нақтылы пайдаланылған материалдар санының көлемі карточканың әрбір жолы бойынша алынған материалдардан қоймаға қайтадан тапсырылған материалдармен оның айдың аяғында пайдаланылмай қалған қалдығын алып тастау арқылы табылады. Қоймашы мен жұмыс жургізуші тиісті жазулары жазылып дайын болған шектеулі-заборлық картаны алғашқы құжаттармен бірге материалдар жайында берілетін есепке тіркеп, бухгалтерияға тапсырады. Бухгалтерияда қойманың берген есебі бойынша жұмсалған, өндіріске босатылған материалдардың есептен дұрыс шығарылуы тексеріледі. Сонымен қатар үлгілі түрі М-28 түрлі шектеулі-заборлық карта арқылы әрбір объекті бойынша құрылыс басталғаннан бастап жұмсалынған материалдар жайлы деректер анықталады. Салынып бітпеген объектінің шектеулі-заборлық кар-тасы жұмыс жүргізушіге қайтарылып беріледі. Шектеулі-заборлық картаның М-28А нөмірлі үлгілі түрі материалдарды орталық қоймадан немесе құрылыс бөлімшесінің қоймасынан құрылыс объектілеріне бір ай бойы уақыт аралығында босатуға арналған. Шектеулі-заборлық картаның үлгілі түрі М-28 және М-28А санды нөмірлерінің ішіне материалдардың ай бойы босату санына қарап, қосымша парақ тігуге де болады.



жүктеу 449,84 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   131




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау