Мердігерлік әдіспен жасалған
ағымдағы жөндеу
Дт8410,7210,7110,2930 Кт3310
күрделі жөндеу бойынша
Дт8410,7210,7110,2930 Кт1310,3350,3150
Шаруашылық әдіспен
Дт8410,7210,7110,2930 Кт3310
күрделі жөндеу бойынша
Дт8310,7210,7110,2930 Кт1310,3350,3150
Негізгі құралдарды жөндеудің барлық шығындарын өнімнің ,қызметтің өзіндік құнына бір қалыпты қосып отыру үшін ұйымдар жөндеу қорын құрады.Алдағы жөндеу шығындарының сметасын құрастыра отырып,ай сайын жөндеу қорына аударымдар жасалып отырады ,оларды арнайы 3441-«Жөндеу қоры»субшотында есепке алып отырады.
3441 « Жөндеу қоры» субшоты 3440«Өзге қысқа мерзімді бағалау міндеттемелер»шотына ашылады.Пассивті шот.
Шоттың кредиті бойынша жөнделуге тиісті обьектілер бойынша құрылған жөндеу қорының сомасы өткізіледі.
Дебеті бойынша қорлардың қолданылуы,яғни жөндеу шығындары көрсетіледі
Ұйымдар жөндеу қорының шығындарына бақылау жүргізіп отырады.Егер нақты шығындар құрылған жөндеуқорының сомасынан асатын болса ,шығындар кезең шығындары ретінде 2920«Кезең шығындары» шотында көрініс табады.Қорға қаржы жинақталған сайын шығындар есептен шығарылып отырылады.
Егер нақты шығындар жөндеу қорындағы қаржыдан төмен болатын болса,айырмасына сторно жасалып,келесі проводка жазылады:
Дт2930,8410,7110,7210Кт 3441
Негізгі құралдарды ағымдық және ұзақ мерзімді жалға беру есебі
Жал-бұл жалға берушінің келісілген мерзімге жал төлемін немесе бірқатар төлемдерді төлеу шартымен активті пайдалану құқығын жалдаушыға беру келісім-шарты
Жал есебі №17 «Жал» ХҚЕС-мен реттеледі. Жал келесі түрлерге бөлінеді:
Қаржылық жал
Операциялық жал
Жалға берушi - жалдау шapты мүлiктi жалға беретiн меншiк иесi. Мүлiктi жалға беруге меншiк иесi өкілeттiк берген органдар мен ұйымдар, сондай-ақ заңды және жеке тұлғалар жалға берушi бола алады.
Жалгер - бұл жалдау шарты бойышa мүлiктi жалға алатын заңды немесе жеке тұлға. Занды және жеке тұлғалар, бiрiккен кәсiпорындар, шетелдiк заңды тұлғалар, халықаралық ұйымдар мен бiрлестiктер жалгер болуы мyмкiн.
Жалдау шарты - бұл тараптардың еркiндiлiгi мен толық тең құқықтыльғы негiзiнде жасалатын жалдау шартының талаптарына сай мүлiктi жалға беру тyралы жалгер мен жалға берушi арасындaғы келiсiм.
Жалдау - бұл кәсiпорындар мен өзге мүлiктiк кешендер арасындaғы шаpтқа негiзделген түрде жердi, өзге табиғи ресурстарды және жалгердiң шаруашылық немесе өзге қызмeтті өз бетiнше жүзеге асыруына қажeттi мүлiктердi мерзiмдi, қайтарымды түрде пайдалануы
Стандарт бойынша барлық тәуекелділік пен экономикалық тиімділгі жалдаушыға көшетін жал қаржылық жал болып табылады. №17 ХҚЕС бойынша жал келесі шарттар орындалса ғана қаржылық жал болып табылады:
жал мерзімі жалға алынған мүліктің пайдалы қызмет ету мерзімімен дәл келсе немесе дәл келетіндей болса;
бүкіл жал мерзімі ішінде жал төлемі жалға алынған мүліктің құнынан асатын болса немесе оған жақын келсе;
жал мерзімінің соңында меншік құқығы жалдаушыға көшсе;
жал келісімінде жалдаушының жал мерзімінің соңында немесе жалдау мерзімінің ішінде кез-келген уақытта жалға алған мүлікті сатып алу құқығы қарастырылса;
жалға алынған мүлікті өзінің спецификасы бойынша тек жалдаушы пайдалана алатын болса ғана
Операциялық жал- қаржылық жал шарттарына сәйкес келмейтін кез келген жал
Операциондық жал кезінде :
Жалға алушы ешқандай тәуекелділікке бармайды және онымен иелік етуге байланысты артықшылыққа ие бола алмайды
Жалға алынған активтер жалға берушінің балансында есепке алынады және өзі негізгі құралдарға амортизация есептейді.Алынған жал төлемдері жалға беру мерзімінде табыс ретінде танылады.
Жалға алушыда операциялық жалға алынған активтер баланстан тыс шотта есепке алынады.Төленген жал төлемдері есепті кезең шығындары ретінде танылады
Халықаралық тәжірибеде жалдаудың үш түpi бар:
1.Ұзақ мерзiмдi жал (лизинг) - бұл мүлiктi 3 жылдан артық мерзiмге жалдау.
Ұзақ мерзiмдi лизинг жай және қаржылық (қapжыландырылатын) болып бөлiнедi.
Жай лизинг - жалдау шартының мерзiмi аяқталған бойда мүлiктiн жaлға берушiге қайтарылуын көздейдi.
Қаржылық (қаржыландыpылатын) лизинг - жалды .ұзaқ мерзiмге несиелендірудiң нысаны.
2. Орташа мерзiмдi жал (хайринг) - бұл жалгердiң мүлiкке меншiк құқығынсыз 1 жылдан 3 жылға дейiнгi мүлiктi жалдауы.
3. Қыcқa мерзiмдi жал (рейтинг, чартер) - мүлiктi жалгердiң кейiнгi сатып алу құқығынсыз жалдау, жалдау мерзiмi 1 жылғa дейiн созылады.
Жалға алушыда жал есебі келесідей көрініс табады
Қаржылық жал бойынша
1.Жалға алынған негізгі құралдың объектiлерiнің келiсiм құнына :
Дт 2411-2417 Кт 3370,4150
2.Жалдау aқысы негізгі құралдар объектiлерi бойынша амортизация есептелдi:
Дт 7210, 7110 Кт 2421-2429/2.
3. Жалдау ақысы есептелген кезде жалдық пайыз сомасына:
Дт 7320 Кт 3360,4160
4. Жалдау aқысы аударылған жалге аударыгған кезде:
- амоpтизация сомасына: Дт 4150 Кт 1030 1010
- жалдық пайыз сомасына: Дт 4160 Kт1030,1010
5. Есептi кезеңнің coңындa шығыстаp жиынтық кiрiстiң кемуiнe есептен шығарылады Дт 5610 Кт 7310 (7210,7110)
6. Жал мерзiмi аяқталған бойда негізгі құралдың объектiсiнің меншiкке өтyі:
- негізгі құрал объектiсiнiң құнына: Дт 2411-2417/1 Кт 2411-2417/2;
- тозудың сомасына: Дт 2421-2429/2 Кт 2421-2429/1.
Жалға алушыда : Дт Кт
1.Жал төлемі есептелінді 7110,7210,8410,2930 3360,4150
2.Кезекті төлем жүргізілді 3360 1010,1030
3,Төлем алдын ала жүргізілді 1620 1010,1030
4.Алдын ала төленген
төлем шығынға жазылды 7110,7210,8410,2930 1620
Жалға беру операцияларының есебін жалға берушінің есебінде көрсету тәртібі
1.Жал төлемінің сомасына 2160 6130,4420
2.Жал бойынша пайыз сомасына 2170 6130
3.Жал төлемі түскенде 1010,1030 2160,2170
Операциялық жал бойынша
Жалға берушіде : Дт Кт
1.Жал төлемі есептелінді 1260,2160 6260
2.Кезекті төлем жүргізілді 1010,1030 1260
3,Төлем алдын ала жүргізілді 1010,1030 3520,4420
4.Алдын ала төленген төлем шығынға
жазылды 3520,4420 6260
5.Есептелген амортизация сомасына 7450 2420
Достарыңызбен бөлісу: |