|
Қуандыкова Н. Т. ҚАржылық есеп модульдік бағдарлама бойыншаТүсіндірме жазба және есеп саясатын ашып көрсету
|
бет | 128/131 | Дата | 12.12.2022 | өлшемі | 449,84 Kb. | | #40573 |
| ?óàíäûêîâà Í. Ò. ?Àðæûëû? åñåï ìîäóëüä³ê áà?äàðëàìà áîéûíøàТүсіндірме жазба және есеп саясатын ашып көрсету
Қаржылық есептілікте түсіндірме жазбаларда кәсіпорын келесілерді көрсетеді:
қаржылық есептілікті дайындау кезінде қолданылатын әдістер мен тәсілдер туралы және кәсіпорынның есеп саясатының негізгі жағдайлары туралы мәліметтері;
қаржылық есеп берудің басқа да құрамдас бөліктерінде көрсетілмеген бухгалтерлік есеп стандарты талап ететін ақпараттарды ашу;
қаржылық есеп беруде ұсынылмаған оның анық ұсынылуы үшін қажетті қосымша мәліметтер. Түсіндірме жазбаларда бухгалтерлік баланста табыстар мен шығындар жөніндегі есепте және ақша қозғалысының есебінде көрсетілген сомаларға нақты талдау немесе түсіндіріп жазу, сонымен қатар қолданушыларға пайдалы қосымша мәліметтерде келтіріледі.
Пайдаланушыларға есептілікті түсінуге және оны басқа субъектілердің қаржылық есептілігімен салыстыра алуына көмектесетін ақпараттарды түсіндірме жазбада ұсыну тәртібі төмендегідей:
бухгалтерлік есеп стандарттарына сәйкестігі туралы ақпараттар;
бағалауға және есеп саясатына негіз болатын қолданылып отырған мәліметтер;
қаржылық есептіліктің әрбір бабы мен нысаны ұсынылатын тәртіпке сәйкес қаржылық есептіліктің нысандарында ұсынылған ақпараттар бойынша қосымша мәліметтер;
шартты талаптар мен міндеттемелерді, сол сияқты жасалынған келісімшарттарға сәйкес қабылданған міндеттемелерді қоса есептегендегі басқа да ашып көрсетулер, және қаржылық әрі қаржылық емес сипаттағы басқа да ашылымдар.
Кейбір жағдайларда қажеттілік болғанда немесе ыңғайлы болу үшін түсіндірме жазбадағы ақпараттардың орналасу тәртібі өзгеруі мүмкін. Мысалы, пайда мен зиян туралы есеп беруге қатысты сыйақы мөлшерлемесі және әділ құнды түзету жөніндегі түсіндірмелер бухгалтерлік балансқа қатысы бар қаржылық активтер немесе міндеттемелерді өтеу мерзімі туралы түсіндірмелерімен бірігуі мүмкін.
Сонымен қатар, ол жерде кәсіпорынның атауы және орналасқан жері, кәсіпорынның негізгі қызметі және жүргізетін операциялардың сипаттамасы, бас компанияның атауы, есеп беру мерзімінің соңындағы қызметкерлердің орташа саны сияқты маңызды мәліметтер де көрсетіледі.
Бухгалтерлік баланста мойындалған және мойындалмаған қаржылық активтердің, қаржылық міндеттемелердің және үлестік құралдардың әрбір сыныбы бойынша кәсіпорын келесілерді ашу керек:
қаржылық құралдардың сипаты және құндық параметрлер туралы мәліметтер олардың көлеміне, уақыт бойынша бөлінуіне және болашақ ақша ағымдарының анықтылығына әсер ететін мәні бар жағдайларды қосқанда.
Есеп саясаты мен қолданған әдістерді, соның ішінде бухгалтерлік баланста өлшем құралын тану және оларды бағалаудың базасын;
Шартта көрсетілген сыйақы мөлшерлемесін қайта қарастыру немесе алдынғы күнге байланысты төлем мерзімінің келіп жетуі күндері;
Тиімді сыйақы мөлшерлемесі, егерде олар қолданылатын болса.
Есеп саясатын ашу кезінде кәсіпорын келесілерді сипаттауы керек:
қаржылық есеп беруді дайындау үшін қолданылған бағалаудың негізіг;
қаржылық есеп беруді дұрыс түсіну үшін айтарлықтай маңызы болатын есеп саясатының әрбір нақты жағдайын.
Қаржылық есеп беруде қолданылатын нақты есеп саясатына қосымша ретінде қаржылық есептілікті құрастырудың жалпы негізін қалыптастыратын бағалардың негізі де ұсынылуы тиіс.
Есеп саясатын ашу, қолданушылар операциялар мен жағдайлардың есебін бейнелену әдістерін түсіну үшін көмектеседі.
Кірістер мен шығыстар жөніндегі есеп беруді ашып көрсету
№2 нысан-қаржы шаруашылық қызметтің қорытындысы туралы есеп қорытынды айналымдары және қаржылық есеп кестесін есепке ала отырып баланс негізінде жасалынады.
Кірістер мен зиянға әсер ететін есептік бағалаудағы өзгерістердің мәні мен көлемі де түсіндірме жазуларда көрсетілуге тиіс. Сонымен қоса стандартта елеулі қателіктер мен олардың шаруашылық қызметіне әсері қарастырылады. Елеулі қателік дегеніміз есепті кезеңда анықталған, маңыздылығы соншалық, тіпті бұрынғы жылдардың қаржылық есептемелері жарамсыз деп санауға әкеп соқтыратын бұрынғы жылдардың қателіктері. Бұрынғы жылдардың қаржылық есептемесін жасау кезінде жіберілген қателікке жасалған түзетудің сомасы есепті кезеңнің кірісіне немесе зиянына екі әдіспен қосылады:
бөлінбеген кірістің бастапқы сальдосын өзгеру жолымен;
есепті кезеңнің таза кірісіне немесе зиянға енгізу жолымен.
Бұл орайда түсіндірме жазуларда мыналарды ашу керек: елеулі қателіктің сипаты, есепті кезең және әрбір бұрынғы кезең үшін түзету сомалары, қайта есептелген салыстырмалы деректер немесе себептер, есеп саясатындағы өзгерістер.
Ақша қозғалысы туралы есептің құрамы
Ақша қозғалысы туралы есеп-қаржылық есептің 3-ші үлгісі болып табылады. Ақша қозғалысы туралы есеп ҚЕХС №7 «Ақша қозғалысы туралы есеп»стандартына сәйкес құралады.
Ақша қозғалысы туралы есеп кәсіпорынның операциондық,инвестициялық және қаржылық қызметінен түскен және төленген ақша қаражаттары туралы есепті жылдағы мәліметтерді қамтиды
Ақша қозғалысы туралы есепте, ессептік мерзімде кәсіпорындағы қолма-қол ақша санының өзгеруі туралы және ақша сомасының көбею туралы, оларды пайдалану бағыты туралы ақпарат болу керек.
Ақша қозғалысы туралы есепті дайындағанда табыстың көбею жолдарын және оларды пайдалану әдістерін бөліп көрсету қажет.
Кәсіпорынның таза табысы – еңбекпен табылған табыс, егер есептік мерзімде олар ақшалай түрде алынса және есептік мерзімде ақшаның азаюымен байланысты шығыстар ақшалай түрде жүргізілсе – ақша көзі болып табылады.
№3-ші нысанның 1-ші қосымшасында «Таза табыспен байланысты ақша қозғалысында» қажетті таза табыс сомасы түзету есебімен көрсетілуі тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|