Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп
Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есепҚазақстан Республикасындағы бухгалтерлік есептің № 4стандартында ашылып көрсетіледі «Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп» беру – бұл ақша қаражаттары мен олардың эквиваленттерінің келіп құйылуы мен шығысталуы. Ақша эквиваленттеріне қысқа мерзімді қаржы инвестициялары (мерзімі бір жылдан кем) және облигация, қазынашылық векселі және т.б. сияқты өтімді бағалы қағаздар жатады. Ақша түсімдері туралы ақпарат, біріншіден, кәсіпорынның ақша қаражаттары мен олардың эквиваленттерін табу қабілеті, сондай-ақ ақша түсімдерін пайдаланудағы кәсіпорынның мұқтажын бағалауға көмектеседі. Екіншіден,кәсіпорынның таза активтеріндегі өзгерісті, оның қаржы құрылымын, сондай-ақ өтімділік пен төлем қабілетін бағалауға көмектеседі. Үшіншіден, әртүрлі кәсіпорындардағы операциялық қызмет туралы есеп берулерді салыстыруға мүмкіндік береді.
«Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп» беру екі әдіспен жасалады: тікелей әдіс және жанама әдіс.
Тікелей әдіске басымдылық беріледі, өйткені ол болашақ ақша түсімдерін бағалауда тиімді болатын ақпаратпен қамтамасыз етеді, ал оны жанама әдіс бере алмайды.
Тікелей әдісті қолданған кезде ақша қаражаттарының барлық түрдегі түсімдері мен олардың төлемдері туралы ақпарат екі тәсілмен алынуы мүмкін:
- Біріншіден, журналдар, қосымша ведомостер бойынша кәсіпорынның есептік жазуларынан;
- Екіншіден, сату көлемін, сатылған өнімнің өзіндік құнын және есепті кезең ішінде тауарлы-материалдық қорларды, дебиторлық және кредиторлық берешектердегі өзгерістерді ескеріп, шаруашылық қызметтің нәтижелері туралы есеп берудегі басқа баптарды түзету жолымен;
- басқа да ақшалай емес баптардан;
- инвестициялық қызметтен немесе қаржыландыру жөніндегі қызметтен болған ақша қаражаты қозғалыстарының нәтижесінде ақша әсері туындайтын басқа баптардан.
Жанама әдіс бойынша операциялық қызметтен алынған ақша қаражаттарының таза түсімі таза пайданы немесе зиянды түзету жолымен анықталады. Мұндағы ескерілетіндер:
есепті кезең ішінде тауарлы-материалдық қорлардағы және операциялық қызметтен алынған дебиторлық және кредиторлық берешектерде болған өзгерістер;
тозу, амортизация, резервтер, салықтар, бөлінбеген пайда сияқты ақшалай емес баптар;
инвестициялық қызметтен, сондай-ақ қаржыландыру жөніндегі қызметтен алынған ақша қаражаттарының қозғалысы нәтижесінде алынған ақша қаражаттарының қозғалысы нәтижесінде ақша әсері туындайтын өзге де баптар.
Түсіндірме жазбада кәсіпорындағы ақша қаражаттары мен олардың эквиваленттерінің маңызды сомалары ашылып көрсетіледі.
Кәсіпорынның қалауы бойынша өтімділіктің қаржы жағдайын анықтау үшін пайдаланушыларға қажетті болып табылатын қосымша ақпарат алынып көрсетіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |