|
Қуандыкова Н. Т. ҚАржылық есеп модульдік бағдарлама бойынша
|
бет | 112/131 | Дата | 12.12.2022 | өлшемі | 449,84 Kb. | | #40573 |
| ?óàíäûêîâà Í. Ò. ?Àðæûëû? åñåï ìîäóëüä³ê áà?äàðëàìà áîéûíøàБасқа міндетті төлемдер:
Салықтардан басқа Қазақстан Республикасында Салықтық кодексте белгіленген және белгілі бір мөлшерде бюджетке төленетін басқа міндетті төлемдер (міндетті ақша аударымдары - алымдар, төлемақылар, төлемдер және т.б.) жұмыс істейді.
Алымдар, баждар және төлемдер деп әдетте заңи және жеке тұлғалардың мемлекеттік органдардың оларға көрсететін қызметтері үшін төленетін біржолғы міндетті төлемдерді айтады. Бұл төлемдердің сомасы жергілікті бюджеттердің кірістеріне не белгіленген үлестерде бюджеттер мен тиісті ұйымдарға не арнаулы қызметтер көрсететін ұйымдардың, мекемелердің шығындарын ішінара немесе толық өтеу қызметін дамытып, жетілдіру үшін түгелдей олардың қарамағына түседі.
Тіркеу алымдары - уәкілетті мемлекеттік органдар салық заңнамасында белгіленген тіркеу іс-әрекеттерін жасаған кезде, сондай-ақ осындай тіркеу іс- әрекеттерінің жасалғанын куәландыратын құжаттың телнұсқасын берген кезде өздері алатын біржолғы міндетті төлемдері. Тіркеу іс-әрекеттерін Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен және жағдайларда уәкілетті мемлекеттік органдар (тіркеу органдары) жүзеге асырады. Олар тоқсан сайын есептік тоқсаннан кейінгі айдын 20 сынан кешіктірмей өзінің орналасқан орны бойынша салық органына уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша алым төлеушілер және салық салу объектілері туралы ақпарат береді.
Міндетті төлемдердің арасында ерекше орынды мемлекеттік баж алады. Мемлекеттік баж - уәкілетті мемлекеттік органдардың немесе лауазымды адамдардың заңдық мәні бар іс-әрекеттер жасағаны үшін не (немесе) құжаттарды бергені үшін алынатын міндетті төлем. Заңдық мәні бар іс-эрекеттер жасау және(немесе) құжаттар беру жөнінде уәкілетті мемлекеттік органдарға немесе лауазымды адамдарға өтініш жасайтын жеке және заңи тұлғалар мемлекеттік бажды төлеушілер болып табылады.
Бюджетпен есеп айырысу үшін шоттар жоспарында 3100 «Салықтар бойынша міндеттемелер» бөлімшесінің келесі пассивті шоттары қарастырылған:
3100 - «Салықтар бойынша міндеттемелер »
3110 -«Төлеуге тиісті корпарациялық табыс салығы»
3120 -«Жеке табыс салығы»
3130 -«Қосылған құн салығы»
3140 -«Акциздер»
3150 -«Әлеуметтік салық»
3160 -«Жер салығы»
3170 -«Көлік құралдары салығы»
3180 - «Мүлік салығы»
3190 -« Өзге салықтар»
3230 -« Басқа да міндетті төлемдер бойынша өзге міндеттемелер»
Шоттардың кредиті бойынша есептелген салық сомалары көрініс табады,ал дебеті бойынша төленген немесе алдын-ала аударылған салық сомалары есепке алынады.
Кредиттік қалдығыкәсіпорынның ай басына бюджет алдындағы қарызын көрсетеді.
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|