Уалиханова баян сапарбековна


Диссертация құрылымы мен мазмұны



жүктеу 5,12 Kb.
Pdf просмотр
бет5/48
Дата29.05.2018
өлшемі5,12 Kb.
#18239
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   48

11 
Диссертация құрылымы мен мазмұны 
Диссертация  нормативтік  сілтемелерден,  қысқартулардан,  кіріспе,  екі 
бөлімнен, зерттеудің қорытындысынан, пайдаланған әдебиеттер тізімінен және 
қосымшадан тұрады. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


12 
1 МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНДА КӘСІБИ БАҒЫТТА 
ФИЗИКАНЫ ОҚЫТУДЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗДЕРІ 
 
1.1  Медициналық  жоғары  оқу  орнында  физика  пәні  оқытудың 
әдістемелік аспектілері  
Жоғары оқу орнының жалпы тапсырмалары студенттерді тиімді оқытудың 
заңдылығын анықтайды, оның мақсаты студенттердің білімді саналы меңгеруі 
мен  кәсіби  және  тұлғалық  маңызды  ойлау  біліктерінің  жүйесін  қалыптастыру 
болып  табылады  [59].  Бұл  заңдылықтар  оқытудың  факторы,  шарттары  мен 
нәтижелері арасындағы көпжақты байланысты бейнелейді. 
Жоғары  оқу  орнындағы  оқу  процесінің  жалпы  дидактикалық  негіздерін 
талдай отырып, С.И. Архангельский [60] оның келесідей негізгі заңдылықтарын 
көрсетеді: 
- оқытудың табиғи заңдылығы; 
- оқытудың, тәрбиелеу мен тұлғаны дамытудың бірлігі заңы; 
- оқытудың  мұрагерлік  деңгейі  мен  кезеңдері,  ғылыми  танымның  деңгейі 
мен кезеңдері заңы. 
Бұл қағидалар жалпыланған түрде берілген, сондықтан нақтылауды талап 
етеді. 
Физика  (медициналық  жоғары  оқу  орнында  –  медициналық  және 
биологоиялық  физика)  іргелі  басқа  пәндермен  қоса  –  молекулалық  биология, 
биохимия,  физиология  –  өмір  туралы  ғылымның  негізін  құрайды.  Физиканың 
мақсаты – табиғатта, әсіресе адам ағзасында болатын физикалық және физика-
химиялық  құбылыстарды  толық  түсіндіру  болып  табылады,  өйткені 
медицинадағы,  физиологиядағы  кей  құбылыстарды  физика  ғылымы 
тұрғысынан ғана түсіндіруге болады. 
Физикадағы  зерттелетін  мәселелер  жиынын  Е.В.  Шевченко  [61]  былай 
анықтайды: 
- адамзат –физикалық танымның объектісі; 
- диагностика тәсілдерінің физикалық негізі; 
- емдеу  және  диагностика  мақсатында  қолданылатын  медициналық 
приборлар мен аппараттардың жұмыс істеуінің физикалық  принципі; 
- емдеу тәсілдері және аурулардың  профилактикасының физикалық негізі; 
- пәнаралық деңгейдегі ғылыми таным субъектісінің іс-әрекеті; 
- медициналық жоғары оқу орнында физиканы оқыту процесіндегі физика-
медициналық білімнің көріністік мәселесі. 
Алғашқы  төрт  мәселе  медициналық  физика  категориясының  мазмұнды 
аспекті ретінде, ал қалған екеуі процессуалды болып қарастырылады. 
Алғашқы мәселені талдасақ, табиғаттағы көп қырлы болатын, организмде 
жүріп отыратын процестердің пайда болуы, физика ғылымының қарастыратын 
объектісін  қамтиды,  яғни,  материя  қозғалысының  физикалық  формасы 
заңдылық болады.  
Физика медицина үшін «іргелі білім» болып табылады. 
Дәрігердің іс-әрекетінің негізгі кезеңдерін қарастыра келіп (бақылау  


13 
диагноз      емдеу  шаралары          емдеу  нәтижесін  бағалау),  физика  пәнінің 
процессуалды  компоненті  студенттерде  кәсіби  бағыттауды  дамытуға  ықпал 
жасайтынын айтуға болады. Оларға жататындар: 
- қандай  да  бір  диагностикалық  аппараттың  физикалық  принциптерін 
анықтау; 
- физикалық 
заңдылықтар 
мен 
процестердің 
диагностикалауда 
қолданылуы; 
- науқасты диагностикалау нәтижесін түсіндіру, салыстыру мен жалпылау. 
Физика  пәндерін  білу  диагностика  және  емдеудің  жаңа  әдістерін  жасауға 
мүмкіндігін береді. Қазіргі кезде көптеген физикалық әдістер түрлі ауруларды 
ажырата  білуге,  дәрілік  препараттардың  әсерлесу  механизмін  анықтау  үшін, 
емдеу кезінде бақылау үшін кеңінен қолданылады. 
Осы  әдістердің  теориялық  негізін  білу  клиникалық-диагностикалық 
деректерді  объективті  түсіндіру  және  емдеу  шараларын  дұрыс  сезіну  үшін 
қажет.  Дәрігердің  диагностикалық  және  емдеу  тәсілі,  көбіне,  құралдар 
көмегімен  алынатын  деректерге  тәуелді.  Зерттеуші  құралдың  жұмыс  жасау 
принципінің  физикалық  негізін  білгенде  ғана  медициналық-биологиялық 
зерттеулерде түрлі техникалық құралдарды барынша тиімді қолдануы мүмкін. 
Сонымен  бірге,  физиканы  оқыту  қазіргі  медициналық  техниканы  қолдану 
мәселелері  бойынша,  студенттерде  ғылыми  білімдер  мен  тәжірибелік 
дағдыларын қалыптастыруға бағытталған [62]. 
Медицинада физика пәнін оқыту – осы саладағы ғылыми әдіснаманы және 
ғылыми  дүниетанымды  қалыптастыру,  клиникалық-лабораториялық  және 
функционалды зерттеу әдістерінің теориялық негізі есебінде, диагностика және 
қазіргі техникалық құралдарды медициналық зерттеулерде қолдану үшін қажет. 
Медициналық  жоғары  оқу  орнындағы  физика  пәнін  оқытуды  жетілдіру, 
студенттерде  жаратылыстану  ғылымдарының  негізін  меңгеруді  қамтамассыз 
етуі  тиіс.  Физиканы  оқыту  дүниетанымдық  тематикамен  байланысты  болуы 
керек.  Ал  дүниетанымды  қалыптастыру,  студенттердің  ойлау  шеңберін 
ұлғайтумен жүзеге асады. Ойлау іс-әрекетінің негізгі түрлері келесідей болады:  
1) физикалық ұғымды анықтау және түсіндіру; 
2) физикалық процестерді бір-бірінен ажырата алу, салыстыру; 
3) зерттеу жолдарының маңыздысын анықтап, талдау; 
4) нәтижені жалпылау, жүйелеу, топтау; 
5) ұсынылған гипотезаны нақтылау, дәлелдеу, теріске шығару; 
6) индукция, дедукция, абстрактілеу; 
7) ойлау моделдерімен жұмыс. 
Аталған  негізгі  ойлау  түрлерін  жинақтай  келе,  жалпы,  медициналық 
физиканы  жетілдіруге  ықпал  жасайтын  суретті  (сурет  1)  қарастырайық.  Оны 
Е.В. Шевченко 1-сурет түрінде ұсынған [61, с.72]. 
Осылайша,  жаратылыстану  ғылымдары  пәндерін  жоғары  медициналық 
білім беру жүйесінде болашақ дәрігер үшін физикалық білімнің маңыздылығы 
ұсынылуы  тиіс  және  бұл  студенттердің  кәсіби  бағыттын  дамыту  мүмкіндігін 
кеңейтеді.  
 


жүктеу 5,12 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   48




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау