9
беру теориялары; физиканы оқытудың теориясы мен әдістемесінің негізгі
қағидалары мен ұстанымдары.
Зерттеудің
теориялық
негізі:
зерттеу
мәселелерi
бойынша
философиялық, психологиялық, педагогикалық, әдiстемелiк және медициналық
еңбектер; медициналық жоғары оқу орнында физиканы кәсіби бағытта
оқытудың әдіснамалық негіздері мен тәсілдері.
Зерттеу көздері: физикалық білім мен тәрбие беру мәселелері бойынша
философ, психолог, педагог, дидакт және әдіскер ғалымдардың еңбектері;
Қазақстан Республикасының «Бiлiм туралы» Заңы; Қазақстан Республикасында
білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған
мемлекеттік бағдарламасы; Қазақстан Ресупубликасы жоғары білім берудің
мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты; Білім беру бағдарламалары, оқулық,
оқу-әдістемелік кешендер, педагогтардың жетістіктері мен тәжірибелері,
сонымен қатар, диссертанттың педагогикалық тәжірибесі және медициналық
жоғары оқу орнында жүргізген ғылыми-педагогикалық зерттемелері.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы: медициналық жоғары оқу орнында
физикалық білім беру мазмұнының медицинаға қатысты маңызды бөлімдері
іріктеліп, теориялық негізделді; медициналық бағытта физиканы оқыту
әдістемесі жасалып, «Медициналық мамандықтарға арналған физика» элективті
пәні ұсынылды.
Қорғауға ұсынылатын қағидалар
- медицина мамандығы студенттеріне физикалық білім беру олардың
физикадан дайындық деңгейін арттырады және болашақ кәсіби іс-әрекеттерінде
қолдана
алу біліктерін қалыптастырады;
- физикалық білім берудің медицинаға қатысты маңызды бөлімдерін
іріктеу және оны теориялық негіздеу медицина мамандығы студенттерінің
болашақта дәрігерлік қызметтерін дұрыс ұйымдастыруға, кәсіби шешім
қабылдауға
бағытталған;
- медициналық бағытта физиканы оқыту әдістемесі студенттердің болашақ
кәсіби іс-әрекеттерінде қолданумен қамтамасыз етіледі.
Зерттеудің теориялық маңыздылығы
Жүргізілген ғылыми-зерттеулер:
- медицина мамандығы студенттеріне оқытудың кәсіби-бағдарланған
теориясын жасаумен;
- медициналық жоғары оқу орындарында оқытылатын арнайы пәндер
бойынша физикалық білім берудің маңызды бөлімдерін іріктеумен;
- физиканы кәсіби бағытта оқытудың тиімді әдістемелік жолдарын,
формалары мен құралдарын анықтаумен сипатталады.
Зерттеудің практикалық маңыздылығы
Зерттеу нәтижелері бойынша медициналық-физикалық мазмұнда
теориялық білімді бекіту тапсырмалары, студенттердің өзбетінше жұмыс
жасауына арналған тест сұрақтары, шығармашылық және зерттеуге арналған
лабораториялық-практикалық жұмыстар дайындалды. Сондай-ақ «Медицинада
мамандықтарына арналған физика» элективті курсының жұмыс оқу
10
бағдарламасы мен «Медициналық физика пәнінен тесттер мен есептер жинағы»
атты
әдістемелік нұсқау даярланып, оқу үдерісіне енгізілді.
Зерттеу жұмысының нәтижелерін медициналық жоғары оқу орындарында,
орта кәсіптік білім беру мекемелерінде, педагог кадрларды кәсіби бағытта
даярлау және олардың біліктілігін арттыру жүйесінде кеңінен пайдалануға
болады.
Зерттеу базасы: Х.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік
университетінің медицина факультеті.
Зерттеу нәтижелері бойынша жарияланымдар
Диссертациялық жұмыс бойынша 18 ғылыми еңбегі жарық көрді. Оның
ішінде Қазақстан Республикасының Бақылау комитеті ұсынатын ғылыми
басылымдарда – 3: Қазақстан Республикасының педагогикалық ғылым
академиясының хабаршысында (Алматы, 2016), Абай атындағы ҚазҰПУ-нің
Хабаршысында (Алматы қ., «Педагогика ғылымдары» сериясы, 2016),
Қазақстанның ғылымы мен өмірі. (Астана, 2016); Скопус, Томсон Рейтер (ISI
Web of Knowledge, Thomson Reuters) компаниясының ақпараттық базасының
деректері бойынша нөлдік емес импакт-факторға -2: Indian Journal of Science
and Technology (Үндістан, 2015), American Journal of Applied Sciences (Америка,
2015); халықаралық конференция материалында– 9; Зерттеу жұмыстарының
тұжырымдары, материалдары, өзекті мәселелер: «Қазақстанның қарқынды даму
кезеңінде жаратылыстану-гуманитарлық білім беру және ғылымды жетілдіру
мәселелері» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференциясында
(Түркістан қаласы, 2014ж), профессор Е.Ы. Бидайбековтың 70-жылдығына
және мектеп информатикасының 30-жылдығына арналған «Математикалық
модельдеу мен ақпараттық технологиялар білімде және ғылымда» атты VII
Халықаралық ғылыми-әдістемелік конференциясында (Алматы, 2015ж), Білім
беру жүйесінің интеграциялану жағдайында бәсекеге қабілетті маман
даярлаудың
мәселелері
атты
халықаралық
ғылыми-практикалық
конференциясында
(Шымкент-Түркістан,
2015ж),
профессор
А.К.
Купчишиннің 70-жылдығына арналған «Радиациялық –термиялық құбылыстар
және инновациялық технологиялар» атты Халықаралық ғылыми-практикалық
конференциясына (Алматы, 2015ж), «Әуезов оқулары – 14» жаңа жахандық
ахуалдағы Қазақстанның білім және ғылымдағы инновациялық әлеуеті» атты
халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясында (Шымкент, 2016ж);
соның ішінде шетелдік халықаралық конференция материалдарында – 3: ІІ
Международная научно практическая интернет конференция (г. Переяслав
Хмельницкий, Украина, 2015г), ХІХ Международная конференция студентов,
аспирантов и молодых ученых «Наука и образование» (Томск, 2015г.), VIII
Международная
научно-методичская
конференция
«Преподавание
естественных наук (биология, физика, химия), математики и информатики в
вузе и школе» (Томск 2015г); РИНЦ импакт факторы бар Ресей ЖАК тізіміне
енетін
журналдарында
–
2;
Вестник
Томского
Государственного
Педагогического Университета (TSPUBulletin) (Томск, 2015
,
№3, №5
)
;
Қазақстан Республикасының ұлттық ғылым академиясының хабаршысында
(Алматы, 2014).