Практика мазмұны:
1.Танысып білу:
- пән мұғалімнің және сынып жетекшісінің оқу-әдістемелік құжаттарын;
-диагностикалық әдістемелердің көмегімен бекітілген сыныптағы тұтас педагогикалык үдерістің жағдайын (оқу үлгерімі, оқушы мен ұжымының даму деңгейі, әлуметтік белсенділігі, тәрбейлік деңгейі, тұлғалық психологиялық үдерістіерінің дамуы ес, ойлау, ынта және т.б.)
-отбасының педагогикалық үдерісін, психологиялық ахуалын анықтауды;
-бекітілген сынып окушыларының ата-аналармен, сынып жетекшісімен, мектеппен өзара байланыс жасау әдісін;
- мектептін психологиялык қызметінің жағдайын;
-мектептің дарынды балалармен жұмыс жүргізу әдісін;
-мектептің әдістемелік қызметін ұйымдастыру жолдарын;
-мектептің мамандануына сәйкес пәндер бойынша оқу және мектеп оқу бөлмелерінің әдістемелік қорын;
- инновациялық әдістер және технологияларды талдап, корыту және ендіру бойынша мектеп жұмыстарының мазмұнын;
- мектеп кітапханасының кітап қоры;
- тұтас педагогикалық үдерісіне этнапедагогика негіздерін ендіру;
2.Құрастыру:
-студенттің педагогикалық практика кезіндегі пән мұғалімдерінің және сынып жетекшісі ретінде жеке жұмыс жоспары;
-тақырыптық және сабақ жоспарларын;
-пән бойынша сыныптан тыс жұмыс жоспарлары;
-оқу бөлмесінің әдістемелік қорын толтыру жоспары (кесте, үлгі, таратпа материалдары және т.б.);
-сынып оқушыларының ата-аналарын педагогикалық ағарту жұмыстары үшін психологиялық-педагогикалық әдебиеттер тізімін;
-педагогикалық практика кезінде ғылыми-зерттеу жұмыстарының жоспары;
3.Іске асыру:
- пән мұғалімі ретінде жұмыстар (сабақ жүргізу, пән бойынша сыныптан тыс жұмыстар, үлгермейтіндермен жұмыс және т.б ); әртүрлі сабақтарға талдау жасау (психологиялық, жалпы дидактикалық , жеке әдістемелік, кешендік), сонымен сабактын өзіндік талдауы;
- жоспарға сәйкес сынып жетекшісі ретіндегі іс- әрекеті;
- сыныпта өткізілген тәрбиелік іс-шаралардын психологиялық, педагогикалық талдауы;
- бекітілген сынып оқушыларымен жұмыс жасайтын пән мұғалімдерімен байланыс;
- сыныптағы тұтас педагогикалық үдеріске жаңа білім беру және тәрбие технологияларының элементтерін ендіру;
-сынып белсенділерімен жұмыс;
-оқушыларға жеке көмегі;
-курстық және дипломдық жұмыстардың бағдарламасы бойынша, ғылыми жұмыстардың бағдарламасы бойынша ғылыми зерттеулер;
-өзін-өзі тәрбиелеу және кәсіби-тұлғалық өзін-өзі дамыту бағдарламасын жөндеу.
Достарыңызбен бөлісу: |