Туризмнің белсенді түрлерінің техникасы мен тактикасы


тақырып. Туризмнің белсенді түрлеріндегі тактикалық әзірлену әдістемесі



жүктеу 0,74 Mb.
бет4/5
Дата20.02.2018
өлшемі0,74 Mb.
#10223
1   2   3   4   5
4 тақырып. Туризмнің белсенді түрлеріндегі тактикалық әзірлену әдістемесі

7, 8 лекция Тактикалық әзірлену. Саяхатты қамтамасыз ету
Саяхат ауданын таңдау

Саяхат ауданын таңдау саяхат мақсатына, қатысушылар мүдделері мен қызығатындығына байланысты..

Саяхат ауданын таңдаған кезде жолдарды, жолға қажетті уақытты, саяхат шығындарын, көптеген басқа да факторларды ескеру қажет. Көмекші, кеңес беруші ретінде әртүрлі ақпарат көздері: кітап, БАҚ, карталар, Интернет, жерлерді аралаған тәжірибелі адамдар болуы мүмкін

Топ құрамын анықтау

Жас мөлшері, мүдделері, көзқарастары, техникалық, физикалық дайындық дәрежесі жақын болғаны жақсы.

Спорттық топ болса, жорықтың күрделілігіне орай қатысушылар мен жетекшісіне қойылатын талаптарға, ережеге сәйкес топ құрамы анықталады.

Ереже бойынша, 1-2 күрделілік дәрежесіндегі жаяу, тау, су, велосипед жорықтарының топ құрамы 4 адамнан кем болмауы керек. Шаңғы туризмінің 2 дәрежелік, жаяу, тау, су, велосипед 3 дәрежелік жорықтарының топ құрамы 6 адамнан кем болмауы керек.

Топ тым үлкен болса да жорық қиындап кетеді.



Саяхатқа қатысушылар мен жетекшісіне қойылатын талаптар

Топ жетекшісі бұрын осы күрделілік дәрежедегі саяхатқа қатысып, одан бір дәреже төмен жорықты бұрын басқарған болуы тиіс.

Қатысушылардың тәжірибесі жорық күрделілігіне сәйкес болуы крек.

Топ ішіндегі міндеттер

Алдымен міндеттерді тағайындау қажет.



Топ жетекшісі дайындықты, шынығуды басқарады, маршрут әзірлеу мен оның құжаттары үшін жауап береді, саяхатқа ресми рұхсат алады. Жорықта ол басшы, бұйрықтары екі қайталанбай орындалуы міндет.

Жетекшінің орынбасары тәжірибесі бар туристердің арасынан таңдалады. Жетекші шешімдеріне сәйес әрекет орындағандықтан, оның да бұйрықтары орындалу қажет.

Шаруашылықты меңгеруші(завхоз) тамақ пен жабдықталуға жауап береді, олардың есебін жүргізеді, жүктерді(тамақ пен құралдарды) рюкзактар бойынша таратады, ас мәзірін(меню) жасайды, жолда ас қорын толтыру мәселесін шешеді.

Қазынашы жорық алдында ақша жинайды, оны өзі сақтайды немесе сақтау үшін туристердің арасында таратады. Барлық қаржы есебін жасайды.

Санинструктор(фельдшер) дәрі қорапшасын қалыптастырады, оны алып жүреді. Санитарлық-гигиеналық ережелер орындалуын қадағалайды, қажет болса, ағашқы медициналық жәрдем береді.

Күнделік жүргізуші барлық оқиғаларды, жолдағы мәліметтердің барлығын жазып отырады. Топ күнделігіне топтың басқа мүшелері де өздерінің жазуларын қосады.

Фотограф немесе сүретші жорықты толығымен фото немесе сүретпен көрсетеді.

Жөндеуші(ремонтник) сайман мен материалдар үшін жауап береді, құрал-жабдықтарды жөндейді.

Жорықта бивак жұмыстарын, отын жинау, тамақ пісіру, басқа жұмыстарын кезекшілер орындайды.

Қажет болса, түнгі кезек болады.

Жорыққа дайындалған кезде де туристер әртүрлі міндеттер орындайды. Апта сайын олар кездесіп, жасалған жұмыс, мәселелер туралы ақпаратпен алмасу керек.



Маршрутты әзірлеу

Машрутты әзірлеу туризм түріне, мақсатына, жыл мезгіліне, туристер тәжірибесіне, т.б. факторларға байланысты.

Маршруттың тактикалық схемалары мынадай болады:

- сызықтық(линейная);

- айналмалы(кольцевая);

- радиалды және оның варианттары;

- түйдектелген(комбинированная).

Маршрут күрделілігі біртіндеп қиындау керек, мысалы, 1 дәрежелі жорықта қатысқандар 2 дәрежеден өтуді көздеуі мүмкін және т.с.с.

Маршрут ауданын зерттеу

Туристер алдын ала саяхат ауданының географиялық, тарихи, әкономикалық және т.б. ерекшкліктерін зерттеу қажет. Ол үшін көркем және ғылыми әдебиеткөздерін, географиялық сүреттемелер мен анықтамаларды, метеорологиялық байқауларды, бұл ауданда болған туристік топтардың есептерін оқып, қарап шығу қажет.

Туристер ауданның жер бедерін, ауа райы көрсеткіштерін, өзен мен көлдердің лоцияларын, ауа райы болжамын, экскурсиялық нысандардың орналасуын, көрінісі әдемі нүктелерін алдын ала біліп алуы керек.

Осымен қатар, барлық қажетті құжаттар мен рұхсаттарды дайындап қою керек.

Ауданды зерттеу қаүіпсіздікті қамтамасыз ету үшін де керек.

Маршрутты безендіру

МКК рұхсатын алу үшін алдын ала арнайы құжаттарды бір ай бұрын беру керек:



Саяхат жоспары. Жорық мақсаты, жолдағы жұмыстар, экскурсиялық нысандар, т.б.

Қатысушылар тізімі. Жас мөлшері, қызмет орны, құжат туралы мәліметтер, үй мен жұмыс мекенжайы, туристік тәжірибе, дәреже, өтілген маршруттар мен олардың ауданы, күрделілік дәрежесі, кім ретінде өтті, т.б. Жетекші, сонымен қатар, нақты қандай жорықтарын басқарғанын белгілейді.

Қозғалыс графигі. Аталған топтың ықтимал жылдамдығын, жолдағы кедергілерін, нысандарын, жүк салмағын, физикалық хал-күйін ескере тұра, картада қозғалыс графигін белгілейді.

Шаңғы, жаяу 1 дәрежелі жорық графигі шамамен мынадай болуы мүмкін: 1-ші күн – 15км, 2 – 20км, 3 – 20км, 4 – 20км, дневка, 20, 25, 25, 20, 15км.

2 дәреже – 1-2 демалыс жоспарланады: 15, 15, 20, 20км, дневка, 20, 20, 20, 25км, дневка, 25, 25, 25, 20км.

3 дәреже, әсіресе шаңғы жорығы: 10, 15, 20км, дневка, 20, 20, 20, 20, 20, 20км, дневка, 25, 25, 25, 25, 25, 15км.

Жалпы ереже: жүктің ауыр болғандығынан және қатысушылардың бейімделмегендігінен бірінші күндері жол онша алыс емес. Бірінші демалыс үш күннен кейін болады, себебі – құрал-жабдықтарды жөндеу және өзіне дәлдеу керек болады. Екінші жартысында жүктемесі үлкен. Соңында километраж төмендейді – уақыт резерві болуы керек.

Құрал-жабдықтар тізімі. Топтық, жеке құрал-жабдықтар мен сайман.

Маршрут схемасы. Жоспарға жорық жолыың схемасы келтіріледі. Схемада жолы, түнеу мен дневка демалыстарының орны көрсетеледі. Қосымша маршрут схемасы да көрсетіледі. Масштабтары бірдей болу керек.

Схемаға қосымша жолдың ең қиын жерлерінің сүреттемелері мен олардан өту әдістері көрсетіледі.



Тамақтандыру. Әралуан азық-түлік энергиялық құнын, олардағы ағуыз, көмір-су, май, витамин үлестерін, маршрутта жұмсалатын энергия мөлшерін біле тұра, тамақ рационы жасалады. Мұнда туризм түрі, жыл мезгілі, маршрут күрделілігі, қаржының болуы, қажетті азық-түлік ассортиментінің болуы ескеріледі.

Тамақтандыру құжатында бір адамға және топқа келетін тамақ салмағы мен бағасы, жорыққа дейін сатып алынған және жолда сатып алуға жоспарланған тамақ тізімі келтіріледі.



Смета(шығын есебі). Барлық шығындар есептеледі. Қосымша тағы 10-15 % ақша қоры болу керек.

Байланыс тәртібін алдын ала ойластыру керек, Бақылау(контроль) нүктелері мен мерзімдері көрсетіледі..

Қаүіпсіздік мәселелері.
Жорыққа 1-2 апта қалғанда топ рұхсат алу керек. Рұхсаты маршруттық кітапша немесе парақ ретінде беріледі.
Топтың маршрутқа шығуына дайындығы

Оның алдында аталған шаралармен бірге топ тренинг(шынығу) жасау керек.


Саяхат қорытындысын жасау

Жорықтан кейін есеп беріледі.

Есеп тараулары мынадай болуы мүмкін.

«Жорық ауданының жалпы сипаттамасы». Тарауға географиялық ерекшеліктері, жер бедері, климат, температура амплитудалары, жауын-шашын мөлшері мен түсу мерзімдері, жел күші мен негізгі бағыттары, қар шекарасы, орман шекарасы, гидрография, өзен ағысы, тереңдігі, қайраңдары, табалдырықтары, сарқырамалары, көлбеуі, топырақ, өсімдік, жануарлар әлемі жеуге келетін және шипалы өсімдіктер, аң мен балық аулау мүмкіншіліктері, пайдалы қазбалар, жолдар, елді мекендер туралы мәліметтер кіреді.

Тарау соңында әдебиет тізімі мен кеңес берушілер аттары келтіріледі.



«Жорыққа дайындық» тарауында қатысушылар тізімі, тәжірибесі, олар өткен жорықтары, жорықтағы міндеттері, аудан таңдау себебі, маршрут әзірлеу тәртібі, мақсаттар мен міндеттер.

Тамақ рационы, азық-түлік қоры, сатып алған жері, дәрілер тізімі.

Жоспарланған және шын мәнінде жұмсалған қаржы шығыны салыстырылады.

Құрал-жабдықтар тізімі.

Топ жүгі мен топ мүшелеріне бөлінуі.

Бақылау нүктелері мен уақыт.



«Жорық күнделігі» тарауында күн тәртібі, оқиғалар, туристердің хал-күйі, ауа райы, ауа температурасы, жел күші мен бағыты, жауын-шашын, қар қалыңдығы, қозғалыс туралы мәліметтер, бивктар, өткен жолы, километраж, уақыт, тұрмыс, экскурсиялар, т.б.

Маршруттың техникалық сипаттамасы»(сүреттемесі) тарауында қозғалыс тәртібі, бағдарлар, асулар, өткелдер, қаүіпті жерлер және олардан өту әдістері, қаүіпсіздік шаралары туралы мәліметтер болады. Сонымен қатар, отын, ауыз су, бивактарға қолайлы орындарының бар-жоғы туралы мәліметер кіреді.

«Жорық қорытындылары» тарауында өткен жорық қиындықтары, оның танымдық маңызы, құрал-жабдықтардың сипаттамалары, басқа топтарға берілетін кеңестер беріледі.

Есепке қосымша масштабы 1: 1000000-дан ірі масштабтағы маршрут схемасы болады. Ерекше қиын жерлерді ірі масштабтағы схемалар, фотографиялар, сызбалар арқылы көрсеткен жөн. Схемада түнеу мен демалыс орындарын, баспана мен отынның бар-жоғын көрсету керек.

Есепте фотографиялық есеп болу керек. Онда барлық маңызды жерлердің сүреті болу керек, белгілі жерлерде рюкзактарды алдына қойып топ толық құрамында түсу қажет. Фотографиялар ақпарат болуымен бірге маршруттан өту дәлелі, кепілі болады.
5 тақырып. Тамақтандыру
9,10 дәріс. Тамақтандыру қағидалары. Тамақтандырудың ғылыми негіздері. Физикалық жүктеме болғандағы энергия шығыны. Тағамдардың энергиялық құндылығы.

Тамақ біріншіден адамға энергия береді, екіншіден,құрылыс(пластическая или строительная функция) функциясын орындайды.

Адамға қажетті негізгі тамақтандыру заттары: ақуыз, майлар, көмір-сулар, минералдық тұздар.

Ақуыз – ағзаның өте маңызды бөлігі, өмір негізі болып табылады. Олардың құрамына май мен көмір-суда кездеспейтін азот бар. Ақуыз ағзаның үнемі бұзылып, жойылып тұратын ткань ақуызын қайта құрады. Сонымен қатар, энергияны да береді(ақуыздың бір граммы 4,1 килокалория береді). Ақуыз заттар алмасуы мен қан толтыруды ынталандырады. Ең құнды ақуыз етте, сүтте, жұмыртқадка, балықта болатын жануар ақуызы, бұршақта, фасольде, ірі бұршақта, кептірілген саңырау құлақта да бар.

Тәулік рационында салмақтың әрбір килограммына 1,3-1,5 г ақуыз келу керек, яғни адамның салмағы 70кг болса, тәулігіне 100г ақуыз тұтынуы қажет. Ауыр жұмыс істесе ақуыз минимумы 1кг салмаққа 2г ақуыз болу керек.

Майлар – жылу, энергия беретін зат. Майдың бір граммы 9,5 килокалория береді. Май адам ағзасында қор ретінде жиналады: дені сау, салмағы 70кг ер адамда 12кг май болады. Бұл қордың энергиясы бір айға жеткілікті.

Бір тәулікке 50-100г(600-900 калория) май қажетті. Одан көп болса май артық болады, адам семіріп кетеді.

Көмір-суларға дәнді дақылдардағы, картоптағы, көкөніс пен жеміс қабығындағы өсімдік крахмал, гликоген(жануарлардағы крахмал) жатады. Ең үлкен мөлшері – қантта. 1г 4,1 калория береді.

Көмір судың үлкен жігі бауырда гликогенге айналып қор ретінде сақталады. Артық көмір-су майға айналады. Бір жегенде қант мөлшері 100 грамнан аспау керек.

Жорық кезінде гликоген қоры азаяды да адамның еңбек қабілеті төмендейді, сондықтан қосымша қант немесе глюкозаны қабылдау керек.

Клетчатканы артық жесе, ол ауыр болады, тыныс тарылады, сондықтан қиын маршрутта клетчаткасы көп тағамдардың мөлшерін азайту керек.

Су мен минералды тұздар. Су адамның салмағының 70% құрады, судың маңызы өте үлкен. Су болмаса, өмір үрдістерінің барлығы үзіледі. Тамақсыз адам бір айдан көп өмір сүре алады, ал су болмаса, бір аптаға жете алмайды. Тамақ пен ішімдіктер арқылы адам тәулігіне 2,5 л су тұтынуы қажет. Сүт құрамында судың үлесі 87,2%, көкөністер мен жемістерде 90% дейін, етте75% дейін, нанда 47% дейін.

Өмір әрекеті тұзсыз да жүре алмайды. Адам ағзасы Ca, Na, K, Mg, P, Fe, S, Mn, As, I тұздарын үнемі қажет етеді.

Ас тұзы асқазан шырыныың құрамына кіретін тұзды қышқылын жасау үшін керек. Оның жетіспеулігі жүрек-тамыр жүйесінің, бүйрек, басқа органдардың жұмысын бұзады. Ас тұздың тәулік қажеттілігі 12-15г, ауыр жұмыс істеп қатты терлегенде одан да көп.

Са тұздары сүйек клеткалары мен қан құрамына кіреді. Сүт тағамдарындағы кальций тұздары жақсы сіңеді. Тәулікте кальций қажеттілігі 0,8г.

Жүрек пен сүйек жүйесіне магний тұздары қажет. Олар қара бидай нанда, сырда, фасоль, бадамда(миндаль) көп. Фосфор ағзаның жүйкелік және бұлшық еттік әрекетіне қажет. Тәулігіне 1,5г қажет. Фосфор жұмыртқаның сарысында, сырда, бұршақта, жаңғақтарда, етте болады. Темір гемоглобин жасайтын қанның қызыл бөлшектерінің құрамына кіреді. Гемоглобин құрамындағы темірсіз газ алмасуы мүмкін емес.

Витаминдер тамақта жоқ болса, неше түрлі авитаминоз аурулары пайда болады.

А витамині ағзаның өсуіне, қан жасауына, тотықтыру процестеріне, көмір-су алмасуына, асқазан-ішек трактының жұмысына үлес қосады, ағзаның жұқпалы ауруларына қарсыласуын күшейтеді. А витамині жетіспесе «соқыр тауық» ауруы, терінің заттар алмасуының бұзылуы болады. А витамины сиырдың сары майында, балық майында, жұмыртқаның сарысында, қызғылт-сары немесе қызыл түсті иамыр жемістері мен жемістерде(сәбіз, өрік, асқабақ, қызанақ, қызыл бұрыш) болады. А витаминінің тәулік нормасы 2-3мг. А витамины жоғары температураға төзімді, пісірген, қуырған кезде бұзылмайды.



В витамины ағзадағы көмір-су мен май алмасуына жәрдем береді, жүйкені тозу мен шаршаудан сақтайды, көмір-суларды белсенді бұлшық ет әрекетіне пайдалануға үлес қосады. В витамины ұзақ уақыт жетіспесе, сал ауруымен, жүрек жұмысы мен тамақ қорыту процестерінің бұзылуымен өтетін «бери-бери» деген ауыр сырқат пайда болады. В витаминының тәулік нормасы 3мг. Ашытқыда, бауырда, шошқаның қаракесек етінде, орман жаңғағында болады.

Ввитамині тотықтыру процестерінде қатысады, ағзаның ауруға қарсыласуын күшейтеді. Бұл витамин жетіспесе, бұлшық ет әлсірейді, жүйке тітіргеніштігі төмендейді немесе көтеріледі, , асқазан-ішек трактындағы ісіп қызару процестері қозып кетеді. Ввитамині ашытқыда, етте(әсіресе бауырда, бүйректе, мида), жемістерде, көкөністерде, дәнді дақылдарда болады.

РР витамины тотықтыру процестерінде және көмір-су мен ақуыз алмасуында қатысады. Жетіспесе адам тез шаршайды, қорыту процесі бұзылады. Ұзақ уақыт жетіспесе, жүйке жүйесі мен тері жамылғысын бұзатын пелагра ауруы пайда болады. Тәулік нормасы 15мг, кептірілген ашытқыда, бауырда, ақ саңырауқұлақта, бүйректе, картопта, қызанақта, жаңа қырыққабатта болады.

С витамині немесе аскорбин қышқылы бұлшық ет жұмысына үлес береді, көмір-су мен ақуыз алмасуында қатысады, оттегіні қорытуға жәрдемдеседі. Жетіспесе ағзаның жұмыс қабілеті мен ауруғы қарсыласуы төмендейді, әлсіздік, азудың қанауы байқалады, ақырында цинга ауыруына әкеліп соғады. Тәулік нормасы 50-75мг, туристік жорықта 150-200мг, жас жемістерде(апельсин, лимон, итмұрын, қарақат және т.б.) болады.

Адамға қажетті энергия оның іс-әрекетіне байланысты. Физикалық жүктемесіз жұмысты орындайтын қызметкер немесе студентке 2500-3000ккал/тәулік жеткілікті.Жорықтарда, олардың қиындығына байланысты, 3300-4000, тіпті 7000-8000ккал жетеді.

Тау ауруы болмау үшін тамақтанудың ролі жоғары. Консервіге көшу тау ауруын қоздырады. Биік тауларда аппетит жоғалады, дәм де өзгереді. Ағза ащы, қышқыл тағамдарды, жас көкөністер мен жемістерді аңсайды.

Тамақтандыруды дұрыс ұйымдастыру үшін мынадай факторларды білу қажет:

1) саяхатшылардың жынысын, жас мөлшерін, ұлтын, тұратын жерін, мамандығын;

2) ас арасындағы күнделікті маршруттың техникалық сипаттамасын;

3) маршрут кесінділеріндегі физикалық, техникалық, психологиялық жүктемелерді;

4) маршруттың дәл графигін.

Тамақ таңдау критерийлері:

1)құрамы бойынша ғылым дәлелдеген және маршрутқа, су-тұз режиміне сәйкес болуы;

2) салмағын азайту: шыны ыдысқа салмау, металл ыдыстарына салынған азық-түлік мөлшерін мүмкіндікше азайту;

3) салмағын алдын ала өңдеу, сублимация, дұрыс тыстау арқылы азайту;

4) пісіру, дайындау уақыты ұзақ болмау керек, сонда отын үнемделеді;

5) туристердің ұлттық салттарына сәйкес тамақты таңдау.

Тау туризмінде тамақтандыруды дұрыс ұйымдастыру үшін маршрутты үш негізгі кезеңіне бөледі: 1-ші кезең – биік тауға қары жоқ жазықпен жақындау; 2-ші – биік тауда техника жағынан қиын емес жерлерде жүру; 3-ші – биік тауда қиын жерлерде жүру.

В.Н.Вуколовтың кітабында 190-192 беттерде ас мәзірінің үлгісі көрсетілген. Маршрут қиындаған сайын энергиялық құны өседі: 1 кезеңде 2850-3150 ккал, 2 кезеңде 3400-4100 ккал, 3 кезеңде 4600-5600 ккал.

Әдетте көже 200-300 ккал, жарма сүт көже немесе ет көжелер – 400 және одан көп, екінші тағам гарнирімен – 500-600 ккал, балық тағамдары – 500, май қосылған көкөніс тағамдары – 200-400, май немесе сүт қосылған ботқа – 350-400, компот, кисель, желе, сүт қосылған кофе – 100-150 ккал.

Дайындықтың келесі маңызды кезеңі – режим құрастыру.

Тамақтану режимы дегеніміз жақсылап реттелген ас жасайтын уақыт, олардың саны және олардың арасындағы уақыт. Мысал: таңғы ас – 7-4.40; түскі дәм алу(пикник, ланч) – 12-13, түстен кейінгі дәм алу(полдник) – 16-16.30; кешкі тамақ – 19-20. Әдетте, бірақ үш рет тамақтанады.

Су-тұз режимы – физикалық жүктемеге, климат жағдайына, адам ағзасының күйіне байланысты, адам ішетін сұйық заттардың мөлшерін, ішетін уақытын, жиілігін, химиялық құрамын реттейтін режим. Қарапайым жағдайларда су қажеттілігі 2,5 л. Биік тауда су тері, өкпе арқылы кетеді, ағза кептірілген сияқты болады. 3-5 л су керек болады. Ыстық, шөл жерде жүрсе, 10 л болуы мүмкін.

Жорық кезінде тек таңғы, түскі, кешкі тамақ кезінде ғана шөлді әбден қандыруға болады. Жүрген кезде ішуге болмайды, аялдама жасаған кезде ауызды шаюмен шектелу қажет.


жүктеу 0,74 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау