Туризмнің белсенді түрлерінің техникасы мен тактикасы



жүктеу 0,74 Mb.
бет1/5
Дата20.02.2018
өлшемі0,74 Mb.
#10223
  1   2   3   4   5

Туризмнің белсенді түрлерінің техникасы мен тактикасы

1 тақырып: ТТТ негізгі ұғымдары – 2 сағат

1 дәріс. Кіріспе.Курс нысаны, пәні, мақсаты мен міндеті, маңызы. Курстың орны. Әдебиеттерге шолу.ҚР туристік спорттық жорықтарды өткізу тәртібі.

Мақсаты: ТТТ ерекшеліктерін зерттеу, негізгі ТТ әдістерді игеру, туризм түрлерінің техникалық тәсілдерін білу, стратегиялық және тактикалық шешімдерді қабылдай білу, туристік топтармен жұмыс істей білу.

Міндеттері. ТТТ негізгі ұғымдарды білу, туризм түрлерінің техникалық тәсілдерін игеру, туристік саяхаттарды қаүіпсіз және ұтымды түрде жоспарлау мен өткізу қағидаларын білу, оқу-жаттығу түрінде өтетін жазғы оқу практикасына дайындалу

Оқу нәтижесінде студенттер мынадай білімдер мен дағдыларға үірену қажет:



  1. Әртүрлі дәрежелі қатысушылар үшін белсенді турларды әзірлеу

  2. Турларды қаүіпсіздік негізінде жоспарлау мен іске асыруды жоспарлау әдістемесін білу

  3. Арнайы және бивак жабдықтарын таңдау мен онымен жұмыс істей білу

  4. Техникалық әдістерді игеру

  5. Тактикалық және стратегиялық ойлау

  6. Демалыс күнгі жорықтарды ұйымдастыру мен басқаруды білу

Туризмнің белсенді түрлеріне туристің маршрутты өз күшін жұмсап өтумен байланысты туристік саяхаттарды жатқызады. Белсенді туризмге спорттық туризмнің көптеген түрлері жатады: жаяу, тау, шаңғы, су( моторсыз кемелер мен қайықтар), велосипед және т.б.

Қазақстаның туристік болашағында белсенді туризмнің маңызы ерекше, себебі – елімізде туристік рекреациялық ресурстарының ішінде табиғи ресурстары басым роль атқарады. Олардың ішінде ең алдымен тау туризмі мен альпинизм, су туризм ресурстары: Орталық Қазақстан, Солтүстік және Батыс Тянь-Шань, Алтай мен Жоңғар Алатауы.

Қазақстан турфирмаларының көпшілігі белсенді туризммен айналыспайды. Мұндай жағдайдың бірнеше себебі бар, оалардың ішінде жоғары дәрежедегі мамандардың жетіспеуі. Сондықтан бұл мәселені шешу болашақ мамандардың міндеті болуы тиіс.

Туристік спорттық саяхаттың негізгі құжаты – маршруттық кітапша.

Маршруттық кітапша құрамына мынадай мәліметтер кіреді:

- Маршруттық квалификациялық комиссияның(МКК) рұхсаты;

- маршрут атауы, қиындық дәрежесі, ұзақтығы мен ұзындығы

- негізгі пункттер, оның ішінде жолда кездесетін кедергілердің сипаттамасы(мысалы, асулардың қиындық дәрежесі мен биіктігі);

- негізгі, қосымша және апаттық варианттар;

- маршруттардың сұлбалары(схемалары);

- жетекшісі мен қатысушылардың толық тізімі, оның ішінде: алдағы спорттық тәжірибелері(өтілген маршруттардың саны мен қиындық дәрежелері), осы маршруттағы міндеттері, толық есімдері, мекенжайлары, телефондары;

- жоспарланған маршрут пен шынында өтілген маршрут, маршрут жоспарларының өзгеруі мен лардың себептері;

-маршрутқа қажетті жеке және топтық құрал-жабдықтар тізімі;

- жүк салмағы(әйелдер мен ер адамдар үшін бөлек, мысалы, ер адамдардікі 25 кг, әйелдердікі 17 кг);

- бақылау(контроль) пункттері мен оларға жету мерзімдері;

- Спорттық туризм федерациясының МКК төрағасының маршрут пен оның өтілуін растайтын қолы мен МКК мөрлері;

- маршруттарды өту нәтижесінде берілетін спорттық дәрежелер.

Қазақстанда спорттық туризмді басқаратын орган – Спорттық туризм федерациясының жергілікті бөлімдері және олардың МКК-лары.

Демалыс күнгі жорықтарының негізгі құжаты – маршруттық парақ. Онда жетекшісі аталады, қатысушылар тізімі мен олардың біліктілігі жазылады, маршрут схемасы, оның ұзындығы мен ұзақтығы, жолдағы кедергілер аталып шығады, тексеруші органның рұхсаты болу қажет.
2 дәріс. Т мен Т негізгі ұғымдары. Туристік саяхат қаүіпсіздігі – маршрут жолын, тактикалық схемалар мен кедергілерден өтудің техникалық әдістерін таңдаудағы негізгі критериі.

Туризм техникасы дегеніміз – туристік маршрут немесе оның кесіндісінде кездесетін кедергілерінен өту әдістерінің жиынтығы және осыларға сәйкес құрал-жабдықтарды қаүіпсіздікті қамтамасыз ету үшін қолдана білу. Туризм түріне байланысты, әртүрлі кедергілерден өту үшін:

- кедергілердің ерекшеліктерін білу;

- осылардан өту әдістерін жете білу;

- осыларға сәйкес құрал-жабдықтарды дұрыс таңдап қолдана білу қажет.

Туризм тактикасы дегеніміз – қойылған мақсатқа адам күшін, қаржысын, жабдықтарын ұақытын мүмкіндікше аз мөлшерде жұмсап және қаүіпсіздіктің қажетті деңгейін қамтамасыз етіп шаралар мен әрекеттер жиынтығын қолдану. Сонымен қатар, тактика – маршрут жолымен өөту үшін қажетті құралдар мен әрекеттер жиынтығы. Тактикаға кіретіндер: жорықтың график-жоспарын жасап оны орындау, яғни жол мен жол кесінділерінен қолдағы құралдар мен жағдайларда қаүіпсіз түрде өту.

Тактика екі кезеңнен тұрады: а) жорық алдындағы(жорыққа дайындық); б) жорық тактикасы(жорық кезіндегі).

Жорық алдындағы тактикаға 1) маршрутты таңдау, 2) жорықтың график- жоспарын құрастыру, 3) азық-түлік пен құрал-жабдықтар тізімін жасау, 4) өзінің физикалық, техникалық дайындығы мен тәжірибесі бойынша таңдалып алынған маршрут өтуге қабілеті жеткілікті туристер тобы мен оның жетекшісін таңдап алу.

Жорық кезіндегі тактика : 1) жорық жоспары мен бөлек тілімдерін өту графигін өту графигі үнемі реттеп, түзетіп отыру, 2) жорық кезінде алдағы нақты жерлерден өту жолын табу, 3) әрбір кесіндіден өтуде топ қимылын ретін нақты жоспарлау мен іске асыру, 4) жолдың әрбір кесіндісінде техникалық әдістерді, шаралар мен әрекеттерді таңдау.

Тактика қателерінің нәтижесінде жарақаттану, өлім, мақсатқа жетпеу, қаржыны, адамадардың күшін, құрал-жабдықтарды артық жұмсау сияқты теріс салдарлар болуы мүмкін.

Тактикалық мәселелерді шешудің оларды қиындататын әралуан факторлары болады: ауа райының шұғыл өзгеруі, табиғи апаттар, басқа туристік топқа жәрдем беру қажеті, жарақаттар немесе сырқаттар, топтың нашар хал-күйі және т.с.с.

Жорық мақсаты жорықтың тактикалық әзірленуінің негізі болып табылады. Мақсаттар: спорттық, рекреациялық, сауықтыру, оқу, зерттеу(экологиялық, рекреациялық, гляциологиялық, гидрологиялық, медициналық), іздеу-құтқару.

Спорттық жорық мақсаты – туристік тәжірибені жетілдіру, спорттық дәрежені орындау, жарыстарда қатысу.

Рекреациялық жорықтар(демалу) әдетте көрікті, әдемі жерлерде, қатты шаршамайтындай қылып, су көздерінің жанында аялдамалар жасалып өткізіледі.

Оқу жорықтары арнайы график бойынша оқу-практикалық мақсатта өткізіледі.

Зерттеу жорықтары әралуан мақсаттарда зерттеу сипатына сәйкес өткізіледі.

Күш-қабілет - өтуге жоспарланған жорық қиыншылықтарынан туристік топтың қабілеті. Жорыққа дайындық деңгейін анықтау үшін жорық қатысушылары мен жетекшісінің физикалық, техникалық психологиялық ресурстарын тексеру қажет. Туристік топтың күшін бағалау параметрлері:

- қажетті білімдер мен дағдыларды игеру деңгейі;

- техникалық, физикалық психологиялық ресурстары, бірге жұмыс істеу қабілеті, жеке тәжірибелілік пен шеберлігі;

- мамандандырылуы, бірін бірі ауыстыру мен сыйысушылығы;

- жетекшінің даралығы мен лидер бола алатын адамдар.

Ол үшін әралуан әдістер болады: тест. Сұрау, жарыстар, нормативтер, физикалық, техникалық көрсеткіштер.

Тактика құралдарына туристік шараның(жорықтың) ұйымдастырушылық және материалдық-техникалық жабдықталуы жатады: қаржы, құрал-жабдықтар, тамақтандыру, көлік, байланыс, медициналық қамтамасыздану.

Уақыт – календарлық және күнегі қозғалыс графиктері, жұмыс күнінің ұзақтығы, маршруттың бөлек кесінділерінен өту уақыты. Туризмде көп жағдайларда қашықтық оны өту уақытымен анықталады.

Негізгі маршрут – жоспарланған маршрут.

Қосымша маршрут - жағдайлар өзгеріп кетсе, негізгі маршруттан өту мүмкіншілігі жоқ болып кесе іске асырылатын маршрут, бірақ негізгі маршруттың соңғы пунктіне туристердің жетуімен сипатталады, маршрут өтілді деп есептеледі.

Апаттық вариант төтенше жағдайда ең жақын елді мекенге өте аз уақытта жедел жету үшін, жолдың кез келген нүктесінен жету үшін қолданылады.
2 тақырып. Туристік жорықтардағы табиғи

кедергілердің сипаттамасы – 2 сағат

3 дәріс. Тау, жаяу туризміндегі табиғи кедергілер. Асу, су кедергілері, шатқалдар, каньондар, ну орман, үйінділер, мұздықтар, қар, фирн, жартастар.

Техникалық табиғи кедергілер туризмнің әрбір түріне бөлек анықталады.

Жаяу туризмінің кедергілері: батпақтар, ну орман-тоғайлар, өзендерден өту, шөпті беткейлер.

Тау туризміндегі негізгі кедергілер – асулар мен мұздықтар. Сонымен қатар, қар, фирн, жартастар, су кедергілері және т.б.

Соқпақпен жүр уережелері. Ритм.Жоғары-төмен. Тамыр соғуы тоқтағаннан 5-6 мин. Кейін қалпына келуі тиіс, шынықпаған адамдікі – 8-10 мин. Жазық жердегі рюкзакпен жүргенде 3,5-4 км/сағ. болады.Тоқтау, күту.

Шөпті беткей. Қаүіптер: тас құлауы, тайғанақ. Өкшесін толық басып қою. Тастарды пайдалану. Қиғаштап жүру. Альпеншток қолдану. Траверс. Жатас үстіндегі шөпті беткейге бармау.



Шөгінді үйінділер, мореналар. Мықты жатқан тастар: күңгірт, қына өскен. Тас құлағанда айғайлау керек.

Қар түрлері өте көп. Фирн. Ережелер:

1.Бағыт – су ағу бағытына сәйкес болу керек: қар көшкіні қаүпі азаяды

2.Беткейге еңкеймей тұру керек.

3. Тәңертең жүрген жөн.

4. Күндіз қар траверсін жартас немесе бетінде жатқан тастардың жанында ең тар жерде жасау.

5. Аяқ қарға кіріп кетсе, оны екі-үш рет тығыздаған соң ғана салмағын ізге салу.

6. Қадам сайын қарға кіріп кете берсе, жылдам шаршап қаласың, сондықтан тірелу мөлшерін тізе, алақан, мұзшапқыш арқылы үлкейту керек.

7. Баспалдақты горизонталды, беткейге қиғаштамай жасау керек.

8. Алдағы келе жатан адамның ізіне аяқты абайлап, артыңдағы үшін ізді бұзбай қою керек.

9. Күн көзінен еріп, балқып кеткен фирнде кошкасыз жүру керек.

10. Алда келе жатқанды жиі ауыстырып тұру қажет.



11. Көлбеуі 30 аспаса, бүкіл топпен бірігіп жүруге болады - өздерін өзі ұстап қалуы мүмкін. Егер күдіксенсең, сақтандыру қолданылады.

12. Бейтаныс беткейде, әркелкі қар мен фирнде, жарық, жартас, шөгінділер мен жар үстінде сырғанауға(глиссаж жасауға болмайды).

Қарлы жер бедерімен қозғал қар күйіне байланысты. Ең қолайлысы – тәңертең. Күндіз, еріген кезде қиын. Дәл осындай жағдай – жаңа қалың қар түссе болады.

Мұздыта қар астында көрінбеітін жарыққа құлау қаүіпі бар.

Мұз жарығының үстіндегі жұқа қардың үстімен жүру үшін алдымен мұзшапқышпен оның мықтылығын бйқау керек. Егер әрең кіріп, қардан өтпесе, мықты, аяқты дәл бір бірінің ізіне салып, міндетті түрде сақтандырумен өтуге болады.

Еңбектеп өту – егер мұзшапқыш тегіс немесе тұтқасына дейін кіріп кетсе.



Құлауықатты емес беткейге тура, мұзшапқыш қолданып мінеді. Табанды жалпағымен қою, «шырша» сияқты. Одан қатты көлбеу( 25-30) болса, қырындап, мұзшапқышқа сүйеніп міну керек. Табанын қырынан қою, жоғары үшкір бұрышпен қиғаш міну.

Орташа көлбеу(35-45) қар көшкіні қаүіпі болмаса, жартылай қырындап, қиғаштап(зигзагпен)міну. Баспалдақты бәтіңке қырының рантымен шайқап ұрып жасау. Табанын горизоналды, бір біріне параллелді қою.Мұзшапқыш дайын, беткейге астыңғы ұшымен тіреліп міну.

Бұрылыста зигзагпен бұрылу.



Қабыршақ мықты болмаса(5-10 см), аяқ ішіне кіріп кетсе, қадам сайын қабыршақты сындырып отыру керек.

Көлбеуі үлкен беткейлер(50-65) тура, үш есепке, беткейге тура қарап, үнемі екі тіреу сақтап міну. Екі аяқта тұрып, мұз шапқышты ұшын ағаш тұтқасының жартысына дейін қадау керек(бірінші есеп), Одан кейін, сол аяқта тұрып, шақыш басын екі қолдап ұстап, оң аяқ ұшымен сол тізе биіктігінде баспалдақ жасау, оған оң аяқты қойып тізені жазу(екінші такт). Оң аяқта тұрып, шапқышты ұстап, сол аяқ ұшымен екінші баспалдақ жасап, оған сол аяқты қою(үшінші такт( және одан әрі сол сияқты.

Траверстер.

Түсу үш есепке, беткейге қарап, үнемі екі жерде тіреліп түседі.


жүктеу 0,74 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау