«Тўтынушылардыѕ электр ќондырєыларын пайдалану кезіндегі ќауіпсіздік техникасы ќаєидаларын бекіту туралы» Ќазаќстан Республикасы Їкіметініѕ 2012 жылєы 24 ќазандаєы №1353 Ќаулысы


Электр жабдығын сынақтан өткізу және параметрлерін өлшеу Электр жабдығын бөгде көзден жоғары кернеу беріп сынақтан өткізу



жүктеу 2,35 Mb.
бет10/14
Дата17.11.2017
өлшемі2,35 Mb.
#1138
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
30. Электр жабдығын сынақтан өткізу және параметрлерін өлшеу Электр жабдығын бөгде көзден жоғары кернеу беріп сынақтан өткізу

 

465. Электр жабдығына сынақ жасау өткізу жұмысын өткізуге дайындықтан, білімі мен талаптары тексеруден өткен жабдықтарды сынақ жасау бойынша мамандар құрамына кіргізілген кернеуі 1000 В жоғары электр жабдықтығында V топқа, кернеуі 1000 В дейінгі электр қондырғыларында IV топқа жататын электр қауіпсіздігі бойынша персоналға рұқсат беріледі.

Осы Қағиданың 7-ші қосымшасына сәйкес сынақ жасау берілген құқық электр жабдықтарында жұмыс істеудің білім нормалары мен қағидаларын тексеру туралы куәліктің «Арнайы жұмыстарды жүргізуге құқық беру куәлігі» деген жолда жазу жазылуы керек (№ 7-шы қосымша).

Электр жабдықтарын сынақтан өткізумен айналысатын жұмыс жүргізуші, сондай-ақ орнықты сынақ құрылғыларын пайдаланып, жеке өздері сынақ өткізетін жұмысшылар тәжірибелі жұмысшының бақылауымен бір айлық тәжірибеден өтеді.

466. Электр жабдығының сынақтары, оның ішінде электр қондырғысынан тыс, жылжымалы сынақ қондырғысын пайдаланып өткізілетін сынақтар наряд бойынша орындалады.



Электр қондырғысынан тыс сынақтарға нарядты сынақтар туралы шешім қабылдаған және наряд беруге құқығы бар жұмысшы береді.

Кернеуі 1000 В дейінгі электр қондырғыларында сынақтарды өнім бойынша өткізуге жол беріледі.

Жұмыс істеп тұрған электр қондырғыларындағы электр жабдығын сынауға рұқсаттаманы осы Қағидалардың 8-тарауына сәйкес жедел персонал, ал электр қондырғыларынан тыс жұмыстарға жауапты басшы немесе ол тағайындалмаған болса, жұмыс жүргізуші береді.

Жабдықты монтаждау немесе жөндеу жұмыстарын жүргізу барысында сынақ өткізу осы Қағидаларға 3-қосымшада көрсетілген нарядтың «Тапсырма беріледі» деген жолында айтылады.

467. Электр жабдығын сынауды құрамында IV топтағы жұмыс жүргізуші, III топтағы бригада мүшесі, күзет тапсырылған электр қауіпсіздігі бойынша II топтағы бригада мүшесі бар бригада өткізеді.

468. Жабдықты сынақтан өткізетін бригада құрамына жөндеу персоналы арасынан сынақтар бойынша арнайы жұмыстарға рұқсаттамасы жоқ жұмыскерлерді дайындық жұмыстарын орындауға және жабдықты қадағалауға енгізуге рұқсат беріледі.

469. Материалдар мен бұйымдарды (қорғау құралдарды, әртүрлі оқшаулағыш бөлшектерді, майды) ток өткізгіш бөліктері тұтастай немесе торланған қоршаулармен жабылған, ал есіктері бұғаттаумен жабдықталған тұрақты қондырғыларды пайдаланып, электр қауіпсіздігі бойына III топтың жұмыскердің жеке өзінің орындауына жол беріледі.

470. Сынақ жасау қондырғысы операторының жұмыс орны қондырғының кернеуі 1000 В асатын бөлігінен бөлектенеді. 1000 В астам кернеуі бар қондырғыға апаратын есік ашылатын жағдайда, сынақ схемасынан кернеудің түсуін және есік ашық тұрғанда кернеу берілмеуін қамтамасыз ететін бұғаттаумен жабдықталуы тиіс. Оператордың жұмыс орнында 1000 В дейінгі және одан жоғары кернеу қосылғаны туралы хабар беретін бөлек жарық дабылы және сынақ кернеуін беру туралы хабардар ететін дыбыстық дабыл көзделеді. Сынақ кернеуі берілген кезде оператор оқшаулағыш кілемшенің үстінде тұрады.

Жылжымалы сынақ қондырғылары, сынақ қондырғының шықпасында кернеу болған кезде, автоматты түрде қосылатын сыртқы жарық және дыбыстық дабылдармен жабдықталады.

471. Сынақтарды және оларға қатысты дайындық жұмыстарын өткізуге берілген нарядтар бойынша рұқсаттама, жұмыс орындарынан сынақ өткізілуге тиісті жабдықта жұмыс істеп жатқан басқа бригадалар шеттетіліп және олар рұқсат берушіге нарядтарды тапсырғаннан кейін ғана орындалады. Жергілікті кезекші персоналы жоқ электр қондырғыларда бригаданы шеттетілгеннен кейін жұмыстағы үзілісті рәсімдей отырып, жұмыс жүргізушінің нарядты өзінде қалдыруына рұқсат беріледі.

472. Сынақтан өтетін жабдық, сынақ қондырғысы және жалғағыш сымдар араларында сырт жаққа қаратылған «Сынақ жүргізіліп жатыр. Адам өміріне қауіпті» деген ескертпе плакаттары бар ілінген қалқандармен, арқандармен қоршалады. Қоршауды сынақ жүргізетін персонал орнатады.

473. Қажет болған жағдайда сынақ қондырғысына, жалғағыш сымдарға және сыналатын жабдыққа бөгде адамдардың жақындауын болдырмау үшін электр қауіпсіздігі бойынша II топтағы бригадасы мүшелерінен тұратын күзет қойылады. Бригаданың күзетке қойылған мүшелері қоршаудан тыс тұрады және сыналатын жабдыққа кернеу берілді деп есептеледі. Постыдан бұл жұмыскерлер жұмыс жүргізушінің рұқсатымен ғана кете алады.

474. КЖ сынақтан өткізу кезінде егер оның қарама-қарсы ұшы жабық камерада, ЖТК бөлігінде немесе үй-жайда орналасқан болса, онда есіктерге немесе қоршауға: «Сынақ жүргізіліп жатыр. Адам өміріне қауіпті» деген ескертпе плакат ілінеді. Егер есіктер мен қоршаулар ашық болса немесе сынаққа трассада талсымдары бөлінген кәбілі жөнделіп жатқан желі түссе, онда есіктерге, қоршауларға және кәбілдің бөлінген талсымдарының қасына ілінген плакаттардан басқа, электр қауіпсіздігі бойынша II топ бригадасы мүшелерінен немесе кезекші персоналдан тұратын күзет қойылады.

475. Сынақ қондырғысы мен сыналатын жабдықты әр басқа үй-жайларда немесе ТҚ-ның әр басқа учаскелерінде орналастырған кезде, оқшаулағыштың жай-күйіне қадағалау жүргізетін энергия қауіпсіздігі бойынша III тобының бригада мүшелеріне жұмыс жүргізушіден бөлек тұруға рұқсат етіледі. Бригаданың бұл мүшелері қоршаудан тыс тұруға және сынақтар басталмас бұрын жұмыс жүргізушіден қажетті нұсқама алады.

476. Жұмыс орнын дайындаған кезде орнатылған және сынақ өткізуге кедергі жасайтын жерге тұйықтау құралдарын ажыратуға, ал одан кейін оларды қайта орнатуға сынақтарды басқарып жүрген жұмыс жүргізушінің сынақ қондырғысының жоғары кернеу шықпаларын жерге қосқаннан кейін берген нұсқауы бойынша ғана рұқсат етіледі.

Жерге тұйықтауды уақытша алып тастауға рұқсат осы Қағидалардың 2-қосымша нарядының «Жеке нұсқаулар» деген жолында көрсетіледі.

477. Сынақ схемасын құрастырғанда, ең алдымен, сынақ қондырғысының қорғаныстық және жұмыстық жерге тұйықталып орындалады. Жылжымалы сынақ қондырғысының корпусы қимасы 10 мм2 кем емес икемді мыс сымнан жасалған жеке жерге тұйықтау өткізгіші арқылы жерге тұйықталады. Сынақ алдында корпустың жерге қосылу сенімділігі тексеріледі.



Сынақ қондырғысын кернеуі 380/200 В желіге қосу алдында оның жоғары кернеу шықпасы жерге тұйықталады.

Сынақ схемасында жерге тұйықтау үшін қолданылатын мыс сымның қимасы 4 мм - ден кем болмайды.

478. Сынақ қондырғысын кернеуі 380/220 В желіге қосу тізбегінің көзге көрінетін үзігі бар коммутация аппараты арқылы немесе қондырғыны басқару орнында орналастырылған штепсель айырғышы арқылы орындалады.



Коммутация аппараты өздігінен қосылып кетуге тосқауыл болатын құрылғымен жабдықталады немесе аппараттың жылжитын немесе жылжымайтын түйіспелерінің арасына оқшаулағыш жапсырма орнатылуға тиіс.

Сынақ электр қондырғысын кернеуі 380/220 В желіден қоректендіру үшін пайдаланылатын сым немесе кәбілдің осы желіге орнатылған сақтандырғыштармен немесе автоматты ажыратқыштармен қорғалады. Жылжымалы сынақ қондырғысын желіге қосуды осы желіні пайдаланатын ұйымның өкілдері жүргізеді.

479. Сыналатын жабдық пен сынақ қондырғысының арасындағы жалғағыш сым, алдымен, оның жерге қосылған жоғары кернеу шықпасына жалғанады.



Жалғанатын сымды осы Қағидалардың 10-қосымшасының 1-кестесінде көрсетілгеннен кем емес қашықтықта кернеу беріліп тұрған ток өткізгіш бөліктерге жақындауын (түйісуін) болдырмайтындай етіп бекітіледі.

Жалғағыш сымды фазаға, сыналатын жабдықтың полюсіне немесе кәбілдің талсымына жалғауға немесе оның ажыратуға жұмыстың сынақ басшысының нұсқауы бойынша және оларды жерге тұйықтағыш пышақтарды немесе тасымалды жерге тұйықтап орнату арқылы жерге тұйықтағаннан кейін ғана рұқсат етіледі.

480. Әрбір сынақ кернеуін берудің алдында жұмыс жүргізуші мынадай іс-шараларды орындайды:



1) схема құрастырмасының дұрыстығын және жұмыстық және қорғағыштық жерге тұйықтағыштың сенімділігін тексереді;

2) бригаданың күзетке тағайындалған мүшелері мен жұмыскерлердің көрсетілген орындарды бар-жоқтығын, бөтен адамдардың шеттетілгенін және жабдыққа сынақ кернеуін беруге болатын-болмайтындығын тексереді;

3) кернеудің берілуін бригадаға «Кернеу беремін» деген сөзбен ескертеді және ескертуді бригаданың барлық мүшелері естігеніне көз жеткізгеннен кейін сынақ қондырғысының шықпасынан жерге қосу құралын алып, оған 380/220 В кернеу береді.

481. Жерге тұйықтау алынған және қондырғының шыққан сәтінен бастап, сыналатын жабдықты және жалғағыш сымдарды қоса отырып, сынақ қондырғысына түгелдей кернеу келіп тұр деп есептелінеді және сынақ схемасы мен сынақтан өтіп жатқан жабдықта қандай да бір жалғау жұмыстарын жүргізуге тыйым салынады.

482. Сынақ қондырғысының шықпасына кернеу берілген сәтте бастап сынақтан өтіп жатқан жабдықта болуға, сондай-ақ сынақ қондырғысының корпусына жерде тұрып жанасуға, жылжымалы зертханаға кіруге және одан шығуға, жылжымалы зертхананың кузовына жанасуға жол берілмейді.

483. Кәбілді сынауды және күйдіруді жерге тұйықтау құрылғылары бар пункттер жағынан бастау талап етіледі.

484. Сынақтар аяқталған соң жұмыс жүргізуші сынақ қондырғысының кернеуін нөлге дейін төмендетеді, оны кернеуі 380/220 В желіден ажыратады, қондырғыны жерге тұйықтайды және ол туралы бригадаға: «Кернеу түсірілді» деген создермен хабарлайды. Одан кейін ғана сымдарды жалғауға немесе сынақтар толық аяқталған жағдайда, оларды сынақ қондырғысынан ажыратуға және қоршауларды алып тастауға жол беріледі.

Анағұрлым сыйымды жабдықты (кәбілдер, генераторлар) сынағаннан кейін ондағы қалдық заряды арнайы разрадтағыш штанганың көмегімен түсіріледі.

 

 



Электр өлшегіш тістеуіктермен және өлшегіш штангалармен жұмыс

 

485. Кернеуі 1000 В жоғары электр қондырғыларында электр өлшегіш тістеуіктермен жұмысты екі: біреуі IV топтағы (жедел персонал ішінен), екіншісі - III топтағы (жөндеу персоналы ішінен рұқсат беріледі) жұмыскер орындайды. Өлшеу кезінде диэлектрлік қолғаптар пайдаланылады. Аспаптың көрсеткішін санау үшін аспапқа қарай еңкеюге рұқсат берілмейді.

486. Кернеуі 1000 В дейінгі электр қондырғыларында электр өлшегіш тістеуіктермен жұмыс істеуге III топтың бір жұмыскеріне диэлектрлік қолғаптарды қолданбай жұмыс істеуге жол беріледі.

Электр өлшегіш тістеуіктермен ӘЖ тірегінде тұрып жұмыс істеуге рұқсат берілмейді.

487. Өлшегіш штангалармен жұмысты кемінде екі: біреуі - IV топтағы, қалғандары II топтағы жұмыскер орындайды. Конструкцияға немесе телескопиялық мұнараға штангасыз көтерілу, сондай-ақ одан штангасыз түсу талап етіледі.



Тіректі конструкциялар немесе телескопия мұнарасын пайдалана отырып бірлікті өлшеу жұмысын жүргізу кезінде, жұмыс наряд бойынша орындалады.

Штангамен диэлектрлік қолғаптарды пайдаланбай жұмыс істеуге жол берілмейді.

 

 



Желілерді импульстік өлшегіштермен жұмыс

 

488. Желілердің импульстік өлшегішін ажыратылған және жерге тұйықталған ӘЖ-мен ғана қосуға жол беріледі. Қосу мынадай тәртіппен орындалады:



1) жалғағыш сымды алдымен импульстік өлшегіштің жерге тұйықталған сымына (қорғаныс құрылғысынан шығатын), одан кейін - оқшаулағыш штангалардың көмегімен ӘЖ сымына жалғанады. Жалғағыш сымды ӘЖ-не жалғайтын штангалар өлшеу кезінде желі сымында қалуға тиіс. Штангалармен жұмыс кезінде диэлектрлік қолғаптарды пайдалану қажет;

2) жерге тұйықтау құралы ӘЖ-нен импульстік өлшегіш жалғанған ұшынан алынады. Қажет болғанда жағдайда жерге тұйықтау құралдарын жерге тұйықтаушы ӘЖ-нің басқа ұштарынан да түсіруге жол беріледі. ӘЖ-нен жерге тұйықталған құралдар алынғаннан кейін жалғағыш сымға, қорғаныс құрылғысына және оның сымына кернеу берілген деп есептелінеді және оларға жанасуға рұқсат берілмейді.

3) импульстік өлшегіштің сымынан жерге қосу құралы алынады.

489. Импульстік өлшегіштің сымын ӘЖ оқшаулағыш штангалардың көмегімен IV топтың жедел персоналы немесе зертхана персоналы жедел персоналдың бақылауымен орындайды.



Импульстік өлшегішті орнықты коммутация аппараты арқылы ӘЖ бұрын жалғанған орнықты сымға қосуды жөне өлшеуді жедел қызмет персоналы немесе өкім бойынша зертхана персоналы ішінен электр қауіпсіздігі бойынша IV топ жұмыскерлерінің жеке өздері орындайды.

490. Өлшеу аяқталған соң ӘЖ қайтадан жерге қосылады және одан кейін ғана жалғаушы сымдарымен оқшаулағыш штангаларды ең алдымен ӘЖ-нен, одан кейін импульстік өлшегіш сымнан алуға жол беріледі.



Жоғары кернеу импульстарының генераторы жоқ импульстық өлшегіштермен өлшеу жұмыс істеп жатқан бригадаларды ӘЖ-нен алыстатпастан орындауға жол беріледі.

 

 



Мегаомметрмен жұмыс

 

491. Пайдалану барысында мегаомметрмен өлшеуді электр техникалық персонал арасынан оқытылған жұмыскерлер орындайды. Кернеуі 1000 В жоғары электр қондырғыларында өлшеу жұмыстары наряд бойынша, ал кернеуі 1000 В дейінгі электр қондырғыларында - өкім бойынша жүргізіледі.



Мегаомметрмен өлшеу жүргізілетін жұмыстардың мазмұнына енгізілген жағдайларда, мұндай өлшеулерді нарядта немесе өкімде атап көрсету талап етілмейді.

Оқшау кедергісін мегаомметрмен өлшеуді электр қауіпсіздігі бойынша III топтағы жұмыскер орындай алады.

492. Оқшауламаның кедергісін мегаомметрмен өлшеу, заряды алдын ала жерге тұйықтау жолымен түсірілген, токтан ажыратылған ток өткізгіштерде орындалады. Ток өткізгіш бөліктерден жерге тұйықтау құралдарын мегаомметрді жалғағаннан кейін ғана түсіріледі.

493.Ток өткізгіш бөліктердің оқшауламасының кедергісін мегаомметрмен өлшеу кезінде жалғағыш сымдарды оларға оқшаулағыш ұстағыштардың (штанга) көмегімен жалғау керек. Кернеуі 1000 В жоғары электр қондырғыларда, одан өзге, диэлектрлік қолғаптарды пайдалану қажет.

494. Жұмыс кезінде ток өткізгіш бөліктерге жалғанған мегаомметрге жанасуға рұқсат берілмейді. Жұмыс аяқталғаннан кейін ток өткізгіш бөліктерден қалдық зарядты аз уақыт жерге тұйықтау жолымен түсіру қажет.

495. 1000 В дейінгі кернеу беріліп тұрған құрылғылардың электр параметрлерін өлшеу талап етілген жағдайда, тасымалды аспаптың корпусын жерге тұйықтау керек және арнайы қалқандарды немесе оқшаулағыш тұтқалары бар жалғағыш өткізгіштерді пайдалану қажет.

 

 



31. Байланыс, диспетчерлік және технологиялық басқару құралдары

 

496. Осы бөлімдегі қауіпсіздік шараларын сақтау тәртібі мына жұмыстарды орындаған кезде:



1) байланыстың кәбіл және әуе желілерінде;

2) аппарат залдарында, кростарда, энергетикалық кәсіпорындардың үй-жайларында орналастырылған диспетчерлік және технологиялық басқару құралдары жабдығы мен байланыстың радио тораптарында;

3) байланыс құрылғыларында, ӘЖ бойымен байланыстың жоғары жиілікті қондырғыларында, өндірістік реле қорғанысы мен телемеханика қондырғыларында, телевидение және есептеу құрылғыларында жұмыстарды орындау кезінде сақталуға тиіс.

497. Жұмыстарға жауапты басшы осы Қағидалардың 35-тармағына сәйкес орындалатын жұмыстарда:



1) діңгекті өтпе жолдар құру, шеткі бұрыштық тіректерді ауыстыру бойынша;

2) КБЖ бойынша;

3) КҚП (ҚРП) және қызмет көрсетілмейтін күшейткіш пунктінің аппараттарына қатысты жұмыстар кезінде;

4) қосылым сүзгілерінде жерге тұйықтағыш пышақты жалғамайтын (сүзгілерді ашпай тексеруді қоспағанда) жұмыстар кезінде тағайындалуға тиіс.

Наряд берушінің жұмыстарға жауапты басшыны жоғарыда аталған жұмыстардан басқа жұмыстарды орындаған кезде де тағайындауына рұқсат беріледі.

498. Жауапты басшының немесе жұмыс жүргізушінің диспетчерлік және технологиялық басқару құралдары құрылғыларында рұқсат берушінің міндеттерін қоса атқаруына, жұмыс орнын дайындау үшін коммутация аппаратын пайдалану талап етілмеген жағдайда рұқсат етіледі. Бұл ретте рұқсат берушіге сақтандырғыштарды алуға және бригада мүшесімен бірлесіп тасымалды жерге тұйықтау құралын орнатуға рұқсат беріледі.

499. Диспетчерлік және технологиялық басқару құралдары құрылғыларында өкім бойынша осы Қағидалардың 4-тарауында көрсетілген:

1) электр беру желісі және 1-кластық фидерлі радиотрансляциялық желілердің ықпалына түспеген, токтан ажыратылған ӘБЖ және КБЖ;

2) ТҚ орналастырылған жоғары жиілікті байланыс құрылғыларын, оның ішінде байланыстың жиілікті арналарын өңдеу және жалғау элементтерін жөндеу, құрастыру және ретке келтіру бойынша жұмыстарды жүргізуге рұқсат етіледі.

500. Байланыстың кәбілдік немесе ӘЖ кернеуі 750 кВ ӘЖ-мен қиылысқан және жақындасқан учаскелеріндегі жұмыстар кезінде, персоналды жұмыскерлерді және байланыс пен радиоландыру құрылыстарын байланыстың кәбілдік немесе ӘЖ кернеуі 750 кВ ӘЖ-мен қиылысқан және жақындасқан учаскелерінде қорғау бойынша талаптары орындалады.

501. ТҚ аумағында орналасқан диспетчерлік және технологиялық басқару құралдары құрылғыларындағы жұмыс осы Қағидалардың 64-тармағына сәйкес ұйымдастырылады.

ӘЖ ТҚ аумағынан тыс жерде орнатылған жоғары жиілікті бөгеулердегі жұмыс ӘЖ қызмет ететін персонал беретін нарядтар бойынша жүргізіледі.

 

 



Кәбілдік байланыс желілері. Электр кәбілдері

 

502. КБЖ жоғары кернеумен сынақтан өткізу кезінде сыналатын учаске шектеледі. КБЖ-нің сынауға жатпайтын учаскелерінде сынақ кернеуінің пайда болуын болдырмау үшін олардың арасындағы барлық қосылымдар алынуға тиіс.

503. Оқшауламаның электр тоғына беріктігін сынақтан өткізу кезінде КБЖ әр басқа учаскелерінде жүрген жұмыскерлердің өзара байланысы орнатылуға тиіс.

504. КБЖ ең шеткі ұшындағы телефон аппараты сынақ өткізудің алдында телефон байланысы үшін бөлінген қос талсымдардың әрқайсысына жалғанған бөлгіш конденсаторлар (сыйымдылығы 0,1 мкФ және жұмыс кернеуі 5-6 кВ) арқылы қосылған болуы керек. Телефон аппараты мен конденсаторларды қазандықтан немесе резеңке диэлектрлік кілемше төселген ағаш табандығы бар құдықтан тыс орналастыру қажет. Телефонмен сөйлесулер кәбілде сынақ кернеуі жоқ болғанда және жұмыстарға жауапты басшыдан шақыру алғанда жүргізілуге тиіс. Сынақ жүргізіліп жатқанда телефон аппараты мен жалғағыш сымдарға қол тигізуге рұқсат берілмейді.

505. Сынақ кезінде жауапты басшыдағы телефон аппараты желіден қосулы жағдайда болады. Оны сынақтар аяқталғаннан және кәбілден заряд алынғаннан кейін қосу керек.

506. Кәбілге сынақ жасау кернеуін берудің алдында жұмыстарға жауапты басшы телефон арқылы бригада мүшелеріне сынақтардың басталатыны туралы ескертеді.

507. Оқшаулағыш орындарда (бокс) және өңделіп жұмыс қалпына келтірілген кәбілдің ұштарында қандай да бір ауыстырып қосу жұмыстарын жүргізуге, сондай-ақ сынақ барысында кәбілге жанасуға рұқсат берілмейді.

508. Өлшегіш аспаптардың және құрылғылардың металл корпустары жұмыс басталмастан бұрын жерге қосылуға тиіс, ал жерге қосу құралдарының түсірілуі, аспаптармен және құрылғылармен жүргізілген жұмыстар аяқталғаннан кейін, қорытынды әрекет ретінде орындалуға тиіс.

509. Электр жеткізу желілерінің және электрленген теміржолдардың айнымалы тоғының қауіпті әсеріне ұшыраған КБЖ электрлік өлшеулерін электрден қорғау құралдарын пайдаланып жүргізу керек.

510. Кәбілдерді тотығудан қорғау құрылғысына және қорғаныс құрылғыларын кезбе (немесе орнықсыз) токтар көзіне қосу, сондай-ақ катод қондырғыларындағы қондырғыдан кернеуді түсірмей жүргізілетін жұмыстарды диэлектрлік қолғаптарды киіп орындау қажет.



Құрғату қондырғысын жөндеу жұмысын оны түйіспе желісі жағынан және кәбіл мен құрғату кабелінің жерге тұйықтау құралдарын электрлендірілген теміржолдары мен трамвайдың түйіспе желісі жағынан ажыратқаннан кейін орындауға рұқсат беріледі.

511. Ауа қысымы артық кәбілді күтіп ұстауды қамтамасыз ететін жабдықты пайдалану қолданылып жүрген «Қысым астында жұмыс істейтін ыдыстардың құрылысы және оларды қауіпсіз пайдалану қағидаларына» сәйкес келуге тиіс.



Кептіру және автоматика блогынан электр қалқанының бөлігін (панель) алуға және жұмыстарды орындауға жабдықтан кернеуді түсірген соң 15 минуттан аспайтын уақытта кірісуге рұқсат етіледі. Жұмыс кезінде диэлектрлік кілемшені пайдалану керек.

КБЖ қызмет етуге электр қауіпсіздігі бойынша біліктілігі үшінші топтан төмен емес, кәбілді байланыс қондырғысының құрылысын және оны пайдалану ережелерін жақсы білетін тұлғаларға рұқсат беріледі.

КБЖ-ның үй-жайлары желдеткішпен жабдықталуға тиіс.

КБЖ-дағы барлық жұмыстар (сыртқы жұмыстардан басқа) қондырғыны токтан ажыратқаннан және кернеуді түсіргеннен кейін жүргізілуге тиіс.

Кернеу ажыратқышты немесе қоректендіру қалқанындағы және қондырғының өзіндегі іске қосқыштарды ажырату арқылы түсіріледі. Қалқанға: «Токқа қоспа! Адамдар жұмыс істеп жатыр» деген плакат ілінеді.

КБҚ металл конструкцияларының корпустары, сондай-ақ, оқшауламаның бүлінуі салдарынан оларға кернеу беріліп кетуі мүмкін іске қосқыш құрылғылардың қаптамаларын жерге тұйықтау керек.

Кептіргіш және таратқыш стативтер жанында диэлектрлік кілемше болуы тиіс.

Алдын алу-сақтандыру (профилактикалық) жұмыстарын, жөндеу жұмыстарын жүргізуге, қысым түсіп тұрған ауа компрессорларының, ресиверлердің, стативтер мен ауа жүргізгіштердің ақауларын жою жұмыстарын орындауға жол берілмейді. Көрсетілген операцияларды орындау кезінде қысымды атмосфералық күйге дейін төмендету қажет.

512. Қызмет етілмейтін күшейткіш пунктін (ҚКП) тұрақты және айнымалы токпен қашықтықтан қоректендіру КБЖ келесі жұмыстарды:



1) кәбілді монтаждау, бөлшектеу және қайта салу;

2) байланыстың бүлінген телефон желілерін жөндеу;

3) кәбілде өлшеу.

513. ҚКП қызмет етілмейтін регенерациялық пункті (ҚРП) қашықтан қоректендіру қызмет етілетін күшейткіш пункті (ҚКП) басшысының немесе кезекшінің атына диспетчерлік және технологиялық басқару құралдарының кезекшісі берген өтінім бойынша алынып тасталады. Өтінімде магистральдің атауы, қашықтан қоректендіру тізбегінің нөмірі, жұмыстың учаскесі мен сипаты, жұмыстың басталатын және аяқталатын уақыты, қашықтан қоректендірудің түрі, жұмыстарға жауапты басшының тегі көрсетіледі.

514. ҚКП (ҚРП) қашықтықтан қоректендіру ҚКП кезекшісі немесе бастығы соған уәкілетті қызметкердің рұқсатын алғаннан кейін алып тасталады.

Қашықтықтан қоректендіруді беру тізбегінде тиісті ілмектерді, сақтандырғыштарды немесе аппараттардың конструкциясына байланысты басқа да бөліктерін түсіру жолымен үзіктер жасау қажет. Бұл ретте диэлектрлік қолғаптарды пайдалану керек.

515. ҚКП (ҚРП) жұмыс жүргізуге рұқсат алғаннан кейін жұмыстарға жауапты басшы жөнделуге жататын кәбілді анықтауға, онда кернеудің жоқтығын тексеруге және оны разрядтауға тиіс. Бұл әрекеттерді ол қорғаныс көзілдірігін және диэлектрлік қолғаптарды киіп орындауға тиіс.

516. ҚКП (ҚРП) кабеліндегі жұмыс үшін бригадаға рұқсаттама берудің алдында қашықтан қоректендіруді қабылдау тізбектерінде қосымша үзіктер жасалынуға тиіс.

517. ҚКП (ҚРП) кабеліндегі жұмыс үшін бригадаға рұқсаттама беруді жұмыстарға жауапты басшы барлық қауіпсіздік шараларын орындағаннан кейін жүзеге асыра алады.



Ұйымда қашықтан қоректендіру құрылғыларының тізбесі болуға тиіс. Мұндай құрылғыларда қызмет ететін персонал бұл тізбемен танысып шығуға тиіс.

518. КБЖ жерасты құрылыстарындағы жұмыстар осы Қағидалардың 333-349 тармақтарының талаптарына сәйкес орындалуға тиіс.



КЖ қалпына келтіру үшін жүргізілетін жөндеу жұмыстары кәбілден кернеу түсірілгеннен және КЖ-нің екі ұшындағы қорғағыш жерге қосу құралы орнатылғаннан кейін орындалуы керек.

 

 




жүктеу 2,35 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау