медициналық қызметкерлер үшін әлеуметтік қызметкерлермен өзара қарым-
қатынас жасау бойынша оқудың кез келген тақырыбы қызықты, оның
айтарлықтай басым бөлігі үшін әлеуметтік қызметкердің құқықтық
мәртебесі, яғни олардың пацентке нені жасау, нені жасамау керектігі туралы
құқығы түсінікті емес.
- Медициналық персоналдың көбі әлеуметтік қызметкерлердің қызметін
жақсы бағалайды және халықтың әлеуметтік осал топтарының әлеуметтік-
психологиялық проблемаларын шешу қажеттілігі жағдайында ӘПҚ-ке
жүгінеді, алайда оның айтарлықтай басым бөлігіне әлеуметтік қызметкердің
пациентке деген қарым-қатынасы бойынша құқықтық мәртебесі түсінікті,
анық емес.
Әлеуметтік қызметкердің денсаулық сақтау саласының алғашқы
буынындағы (АМСК) рөлдерін зерттеу нәтижелері бойынша мынадай
тұжырымдамалар жасалды:
- Сұратылған әлеуметтік қызметкерлердің кәсіпті (мамандықты) таңдау
себептері:
Адамдарға көмектескілерге келеді, адамдармен жұмыс жасауды (53%);
жұмыс маңызын (33%) ұнатады; сонымен қатар, респонденттердің 17%-ы –
«лайықтырақ жұмыс жоқ». Сауалнамаға қатысқандардың басым бөлігі (88%)
қандай да бір жағдайда өз жұмыстарына қанағаттанады және әлеуметтік
қызметкерлердің тек 9%-ы өз жұмыстарына қанағаттабайды. Әлеуметтік
қызметкерлердің кәсіптеріне қанағаттануы өңірлер бойынша мынадай,
айырмашылықтар бар: Астана қ. 76%, Қарағанды қ. - 84%, Қостанай қ. –
84%, Жезқазған, Павлодар және Атырау ққ. – сауалнамаға қатысқандардың
барлығы өз жұмыстарымен «толығымен қанағаттанамын» және «толықтай
болмаса да, қанағаттанамын» деп көрсеткен.
- Әлеуметтік қызметкердің жұмысында көбінесе мыналарды орындау тиімді
жүзеге асады: клиенттермен тіл табысу (62%), клиентке психологиялық
қолдау көрсету (41,2%), әкімшілік сұрақтарды шешу (35%), құқықтық
мәселелерді шешу (23%), патронаж (21,4%), клиентке арнайы күтім жасау
(7%).
- Әлеуметтік қызметкерлердің тек 65,2%-ы клиенттің алғашқы жағдайын
бағалау, байқау тәжірибесін меңгерген (субъективті бағалау бойынша), және
әлеуметтік қызметкерлердің 43,4%-ы клиенттің жағдайын тереңінен байқап,
бағлауды табысты жүзеге асырады; сауалнамаға қатысқандардың
(сұратылғандардың) үштен бірінің (30%) клиенттің жағдайын алғашқы
бағалау саласында кәсіби құзыреттілігі төмен, және әлеуметтік
қызметкерлердің сұратылғандарының 40%-дан астамы паценттің жағдайын
тереңінен байқап, бағалау дағдысын меңгермеген. Сонымен қатар, әлеуметтік
қызметкерлердің төрттен бірі ауыр жағдайларда сырттай қадағалаудың
қажеті жоқ деп көрсетсе, сұралғандардың 21%-ы бұл туралы мүлде білмейді.
- Әлеуметтік қызметкер кезігуі мүмкін қиындықтар: психологиялық
жүктемелер және күйзеліс (43,6%); клиенттің проблемаларын шешу үшін
мүмкіндіктер мен әкімшілік ресурстардың жеткіліксіздігі 39%); клиенттердің
жұмыстан тыс уақытта жиі өтініш жасауы (28%), бейіні бойынша
білімдерінің жеткіліксіздігі және қазақстандық (25%) және шетелдік
мамандарында (16,6%) біліктілікті арттыру қажеттілігі; клиенттермен жұмыс
жасау үшін кәсіби құралдармен, аспаптармен қамтамасыз етілмеуі (22%);
күніне келетін клиенттердің (келушілердің) көптігі (12,6%); клиенттермен
(12%),
әріптестермен,
басшылықпен
(7%)
сөйлесу
қиындығы
келіспеушіліктер, мамандыққа қойылатын талаптардың жоғарлығы (4%),
жалақының төмендігі (3%).
-
Әлеуметтік қызметкерлердің жартысынан көбі (54%) АМСК-те
тәртіпаралық өзара байланыс жоғары деңгейде қойылған, кері байланыс
тұрақты түрде жүзеге асады десе, респонденттердің 34%-ы – орташа
деңгейде деп көрсеткен, ал қатысушылардың 8,6%-ы тәртіпаралық өзара
байланыс деңгейі төмен немесе аталған өзара қарым-қатынас мүлде жоқ деп
белгілеген.
- Сауалнама процесінде әлеуметтік қызметкерлер кәсіби жағынан өсуге
дайын екенін көрсетті (87%), алайда респонденттердің бір бөлігі ғана білім
алу нұсқаларын көрсеткен: респонденттердің 25,4%-ы жүйелі түрде өз
бетімен білім алады; сауалнама қатысушыларының 12,7%-ы кәсіби
біліктілікті
арттырудан
өткен,
конференцияларға,
семинарларға,
тренингтерге қатысқан; сұралғандардың 12,7%-ы клиенттермен және
әріптестермен, медициналық персоналмен жұмыс істеу процесінде өз кәсіби
деңгейін және білімін арттырады.
- АМСК-тегі сауалнамаға қатысқан әлеуметтік қызметкерлердің басым бөлігі
қандай да бір деңгейде өз жұмыстарына қанағаттанады. Сонымен қатар,
шамамен жартысы өз кәсіби құзыреттіліктерін арттыруға, оның ішінде
әлеуметтік-медициналық міндеттерді орындауға мұқтаж.
Осылайша, аталған жұмыс бойынша жүргізілген Қазақстанда және
шетелде әлеуметтік қызметкердің кәсіби құзыреттіліктерін қалыптастырудың
теориялық-әдіснамалық
ерекшеліктерінің,
оларды
Қазақстан
Республикасында
жүзеге
асырудың
ұйымдастырушылық-нормативтік
тетіктерінің талдауы, әлеуметтік қызметкердің кәсіби құзыреттіліктерін
қалыптастыру технологиясының талдауы, сондай-ақ әлеуметтік қызметкердің
денсаулық сақтау саласында әлеуметтік қызметтер көрсету барысында
кәсіби-тұлғалық құзыреттіліктерінің қалыптастырылуының әлеуметтік
зерттеуі мынадай тұжырымдар жасауға мүмкіндік берді:
1. Жоғарыда айтылған мәнмәтінге сәйкес әлеуметтік қызметкердің
денсаулық сақтау саласында әлеуметтік қызметтер көрсету барысында кәсіби
құзыреттіліктерін қалыптастыру – бұл субъектілердің өзара қарым-
қатынасының білім беру үдерісі, оның нәтижесі маманның стандарттарға
сәйкес функцияларды жүзеге асыруы үшін жеткілікті білім, дағды, икемділік
және тәжірибе деңгейін, сондай-ақ теориялық-әдістемелік талдау және озық
тәжірибеге ие елдердегі осындай зерттеулер тәжірибесі негізінде оның
этикалық (әдептік) ұстанымын көрсететін кәсіби қасиеттердің интегралды
сипаттамасы ретіндегі құзыреттіліктер болып табылады. Әлеуметтік