Тұрсынбекова жазира жұмабекқызының Әлеуметтік қызметкердің Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласында әлеуметтік



жүктеу 0,7 Mb.
Pdf просмотр
бет6/27
Дата14.05.2018
өлшемі0,7 Mb.
#12267
түріДиссертация
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27

құзыреттіліктерін 

қалыптастырудың 

клиентке 

бағдарланған 

моделі 

сипатталып, әзірленді.  



Модельдің  (Үлгінің)  ерекшелігі  қызмет  алушының  клиентке 

бағдарлану бойынша басқару (ұйымның миссиясы мен мақсаттарын әзірлеу, 

стратегиялық  және  тактикалық  жоспарлау),  клиентке  бағдарланған  қызмет 

(қызмет  алушының  қажеттіліктерін  анықтау,  шешімдер  қабылдау, 

қызметтерді  жүзеге  асыру),  клиентке  бағдарланған  білім  (біліктілікті 

арттыру,  өзін-өзі  дамыту,  табысты  тәжірибені  жариялау)  арқылы 

қажеттіліктеріне қанағаттануы болып табылады.  

Әдебиеттер  талдауы  денсаулық  сақтау  саласында  әлеуметтік 

қызметтерді 

көрсету 


барысында 

әлеуметтік 

қызметкердің 

кәсіби 


құзыреттіліктерін  қалыптастырудың  клиентке  бағдарланған  моделін  енгізу  

АМСК  мекемелерінің  халыққа  әлеуметтік-медициналық  көмек  көрсетудің 

ықпалдастырылған  әлеуметтік-медициналық  формасына  өтуімен  мүмкін 

екенін көрсетті.  

Әлеуметтік  қызметтерді  ұсыну  бойынша  клиентке  бағдарланған 

модельді  енгізу  біріншіден  халықтың  ауру-сырқаумен  өтініш  білдіруінің 

жиілігін  төмендетумен  байланысты,  ұйымның  мәртебесі  мен  имиджін 

арттыруға,  екіншіден  халықтың  әлеуметте  осал  топтарының  өмір  сүру 

сапасын  әлеуметтік  бейімделу  бойынша  іс-шаралар  есебінен  жақсартуға, 

жұмыспен  қамтуға,  үшіншіден  денсаулықтың  белсенді  моделіне  ақырын-

ақырын  көшуге  әкелетін,  халық  арасынан  еріктілер  (волонтерлер) 

бастамасын  (клубтар  құру,  салауатты  өмір  салты  бойынша  тренерлер 

даярлау) дамытуға мүмкіндік береді.      

Үшінші  бөлім  Қазақстан  Республикасының  денсаулық  сақтау 

саласында  әлеуметтік  қызметтерді  көрсету  барысында  әлеуметтік 

қызметкердің  кәсіби  құзыреттіліктерін  қалыптастырудың  ерекшеліктер 

талдауына арналған. Алдымен әлеуметтік қызметкердің кәсіби құзыреттілігін 

қалыптастырудың  қолданыстағы  технологиясы  зерделенді.  Сонымен  қатар, 

әлеуметтік  жұмыстың  оқу  бағдарламалары  мен  практикасы  «әлеуметтік 



көмекші»  қосымша  анықтамасын  енгізу  және  анықтамалардың  әрқайсысы 

бойынша  қажетті  біліктілік  деңгейін  нақты  сипаттау  мақсатында 

Республикалық  мамандық  классификаторына  өзгерістер  енгізу  қажеттілігін 

көрсетті  (қазіргі  сәтте  классификаторда  (сыныптамада),  сипаттамасында 

біліктілік  талаптарының  араласқаны  байқалатын  «әлеуметтік  қызметкер» 

және «әлеуметтік жұмыс маманы» кәсіптері (мамандықтары) аталған).  

Әлеуметтік  қызметкердің  кәсіби  қызметіне  біліктілік  талаптарын 

қалыптастыру барысында жұмыста басқарудың үш деңгейі бөліп көрсетілді, 

оған сәйкес мынадай кәсіби құзыреттіліктер талап етіледі (ұсынылады):  



Бірінші  деңгей  –  маңызды  (негізгі)  базалық  құзыреттіліктер,  оның 

ішінде басқарушылық-әлеуметтік және денсаулықты сақтау құзыреттіліктері, 

дербестік  (өзін-өзі  дамыту  және  өз  бетімен  оқу,  үйрену)  және  қосалқы 

міндеттер.  Олар  адамның  жалпы  басқару  қабілетін,  сонымен  қатар  оның 

әлеуметтік кәсіби ортада бар болу қабілетін сипаттайды. 

Екінші деңгей базалық деңгейде сипатталған кәсіби құзыреттіліктерді 

қамтиды,  бірақ  аталған  (тұлғалық)  мәнмәтінде  адамның  дәл  әлеуметтік 

қызметтің  қызметкері  болу  қабілетін  растауы  тиіс.  Маңыздысы  кәсіби 

қызметтің  жоспарланған,  ұйымдастырушылық,  мотивациялық,  бақылау, 

рефлексивті  секілді    үстем  түрлері  мен  функцияларының  сипаттамасы  ғана 

емес, сондай-ақ ақпараттарды жинау, пысықтау, басқару шешімдерін, оларды 

іске асыру бойынша ұйымдастырушылық әрекеттерді әзірлеу және қабылдау 

және тағы басқалары бойынша жалпыға міндетті басқарушылық алгоритміне 

акцент (назар) салу болып табылады.  

Үшінші  деңгейде  әлеуметтік  қызметкерлердің  арнайы-кәсіби 

құзыреттіліктері  қарастырылады.  Мұнда  іс  жүргізу  және  салдарлы  топтар 

көрсетілген.  Іс  жүргізу  құзыреттіліктері  әлеуметтік  қызметкердің  кәсіби 

қызметі  бағыттарын  сипаттайды.  Салдарлы  құзыреттіліктер  әлеуметтік 

қызметкердің  әлеуметтік  қызметтегі  өзгерістер  динамикасына  оң  және, 

нәтиже ретінде, қоғамның әлеуметтік дамуын қамтамасыз етуге әсер ете алу 

қабілеттерін белгілейді. 

Содан  соң  жұмыста  әлеуметтік  қызметкерлердің  денсаулық  сақтау 

саласында әлеуметтік қызметтер көрсету барысында кәсіби құзыреттіліктерін 

қалыптастыру  диагностикасы  жүргізілді.  Осы  мақсатпен  әлеуметтік  зерттеу 

жүргізілді  –  ҚР  денсаулық  сақтау  саласында  әлеуметтік  қызметкерлердің 

қызметтерін 

әлеуеттік 

алушылар, 

әлеуметтік 

қызметкерлермен 

мультитәртіптік өзара қарым-қатынастағы медициналық персонал, сонымен 

қатар  әлеуметтік  қызметкерлерінің  ішінде  сауалнама  жүзеге  асырылды. 

Арнайы құрастырылған сауалнама бойынша сұратылғандардың барлығы 621 

респондент  (16-24  сұрақ),  оның  ішінде  126-і  әлеуметтік  қызметкер,  93-і 

поликлиникалардағы  медициналық  персонал  өкілдері,  соның  ішінде 

отбасылық,  участкелік  дәрігерлер  мен  отбасылық,  участкелік  медбикелер, 

402-і әлеуметтік қызметтер алушы (бұдан әрі – қызмет алушы) Қазақстанның 

6 өңірінде, оның ішінде Астана, Қарағанды, Қостанай, Жезқазған, Павлодар, 

Атырау қалаларында іске асырылды.  

Сұрақ мәнінің диагностикасы төмендегілерді көрсетті: 

-  АМСК-те  әлеуметтік-психологиялық  қызмет  жұмысы  туралы  халықтың 

хабардар  болуы  жеткіліксіз:  АМСК-те  әлеуметтік  қызметтерді  әлеуетті 

алушылардың  тек  84%-ы  ӘПҚ  туралы  біледі.  Басым  бөлігі  әлеуметтік-

психологиялық  қызметтің  Қарағандыда  (97,5%),  Астанада  (93%), 




жүктеу 0,7 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау