Жезқазғанда (91%) және Павлодарда (82,2%) бар екенінен хабардар, сонымен
қатар сұратылғандардың Атырау (52,5%) және Қостанай (64,3%)
қалаларында ӘПҚ-ның бар екенінен хабарсыз болғаны анықталды.
- Барлық сұратылған (сауалнама қатысушылары) қызмет алушылардың
ішінен 71%-ы әлеуметтік қызметкерге көмек сұрап өтініш жасаған, олардың
63,7%-ы мұны тұрақты түрде әртүрлі деңгейде жүзеге асырған; әлеуметтік
қызметкер топтық қызмет немесе іс-шаралардың қандай да бір түрлеріне
қатысуды ұсынған, және көп жағдайда сауланама қатысушылары осы іс-
шараларға қатысқан. Респонденттер әлеуметтік-психологиялық қызметте
өздерінің әлеуметтік-медициналық (56,2%) және әлеуметтік-психологиялық
(38,4%) проблемаларын шешкен, және әлеуметтік-құқықтық, әлеуметтік-
экономикалық және өзге де әлеуметтік мәселелер айтарлықтай сирек
қарастырылған.
- Сұратылғандардың (сауалнама қатысушыларының) жартысы (50,4%) үшін
әлеуметтік қызметкер қабылдайтын ғимараттағы жағдаймен (жабдықтар,
жиһаз, мүлік мен т.б.) толықтай қанағаттанған, ал сауаланама
қатысушыларының 37%-ы толықтай емес, дегенменде қанағаттанатындарын
білдірген. Сауалнама қатысушыларының (сұратылғандардың) басым бөлігі
(81,2%) оларды қабылдайтын ғимараттағы жабдықталу сапасына «толықтай
қанағаттанамын» және «қанағаттанамын» деп баға берген. Дәл осындай
қызмет алушылардың саны (83,7%) ұйымның әлеуметтік қызметкерлері өз
келушілеріне мейрімді және сыпайы қарым-қатынас көрсетеді деп санайды
(сұратылғандар «5» және «4» деген бағаны берген).
-
АМСК-те
әлеуметтік
қызметкерлер
қызметінің
қажеттілігін
сұратылғандардың 84%-ы көрсеткен; әлеуметтік қызметкер ұсынатын
қызметтер сапасына қызмет алушылардың тек бір бөлігі ғана (65,7%)
толықтай қанағаттанған, немесе (18,7%) толықтай болмаса да, дегенмен
қанағаттанатынын көрсеткен; әлеуметтік қызмет сенімділікті туыдырады,
өйткені ӘПҚ-те қандай да бір қызметтер алған қызмет алушылар өздерінің
достарына, туыстарына және таныстарына әлеуметтік және проблемаларын
шешу үшін ӘПҚ-ға баруға кеңес береді.
- Әлеуметтік қызметтер көрсету сапасын жақсарту және толықтылығы үшін,
қызмет алушылардың пікірлері бойынша:
егде жастағы адамдарға медициналық-әлеуметтік және психологиялық
көмек көрсетуді кеңейту (21%);
медициналық мәселелер бойынша консультациялар (кеңестер) беру
(18%);
жедел көмек көрсете алу (16,4%);
учаскеде әлеуметтік қызметкерлер санын ұлғайту (12,6%);
әлеуметтік проблемаларды шешуде бюрократиялық рәсімдерді (12,6%)
және формализмді (8,2%) азайту;
әкімшілік-құқықтық проблемаларды шешу (10,6%), әлеуметтік-
экономикалық тәуелсіздікті арттыру саласында (7,4%) әлеуметтік-
құқықтық мәселелерде көмек көрсету аясын кеңейту қажет.
- Халық АМСК-да ӘПҚ туралы жеткілікті түрде хабардар емес. АМСК-та
әлеуметтік қызмет, қызмет алушылардың пікірі бойынша қажет, алайда
халыққа әлеуметтік қызметтер көрсету сапасын және толықтылығын арттыру
талап етіледі.
Содан кейін, медициналық персоналдың әлеуметтік қызметкерлермен
өзара қарым-қатынас жасауы бойынша ӘПҚ және талдау шеңберінде
алынған деректер негізінде, мынадай тұжырымдар жасалды:
- Сауалнамаға қатысқан медициналық персонал ұйымдарында қазіргі сәтте
әлеуметтік-психологиялық қызмет (93%) жұмыс істейді, яғни әлеуметтік
қызметкерлермен бірлесе жұмыс жасау тәжірибесі бар.
- Медициналық персонал әлеуметтік қызметкерлерге психологиялық көмек
(60,2%), әртүрлі құжаттарды ресімдеумен байланысты көмек (43%)
қажеттілігі, құжаттарды қарау барысында туындаған мәселелер кезінде
пациенттің деректерін анықтау (34,4%), пациентті басқа мемлекеттік
мекемеге ауыстыру (30%), пациенттің жақындары мен туыстарын табу
(26,8%), тағы басқа да 6,4% жағдайларында өтініш жасайды. Сұратылған
медициналық персоналдардың тек 4,3%-ы әлеуметтік қызметкерлерді
қатыстырмаған, өйткені аталған жағдайлар тәжірибеде болмаған.
- Сұратылған медициналық персонал пікірі бойынша көбінесе әлеуметтік
қызметкерлердің көмегіне жалғыз басты егде жастағы адамдар және
балаларынан бөлек тұратын қарт кісілер (65,5%), егде жастағы мүгедектер
(62,3%), кедейлік шегінде тұрған аз қамтылған отбасылары (49,4%), және
мүгедек-балалар (43%), өмір сүру жағдайы орташа және нашар көп балалы
отбасы (39%) және жалғыз басты аналар (35,4%), қиын өмірлік жағдайға
түскен жасөспірімдер, нашақорлар, араққұмарлар (5%) жүгінеді. Сонымен
қатар, сауалнама қатысушыларының 68%-ы әлеуметтік қызметкермен бірге
отбасылар патронажы қажет десе, ал респонденттердің 30%-ы әлеуметтік
қызметкермен бірлесе отбасы патронажының қажеттілігі жоқ деп санайды.
- Сұратылған медициналық персонал үшін әлеуметтік қызметкер көмегі
көбінесе халық арасында ауыр (күрделі, қиын) жағдайларды анықтауды
(48,3%), халықпен сөйлесу барысында коммуникативтік дағдыларды (45%),
әкімдіктер, жұмыспен қамтуды үйлестіру басқармасы, ЗБМО, ХҚКО секілді
және т.б. ұйымдармен аралық көмекті (43%) реттеуді, егде жастағы
адамдардың демалу қызметтерін қамтамасыз етуді (41%), сонымен қатар
жұмыста әлеуметтік аспектілерді оқуды (40%) қамсыздандырды қамтиды.
- Сұратылған (сауалнамаға қатысқан) медициналық персоналдың басым
бөлігі (81,7%) әлеуметтік қызметкерлердің қызметін «жақсы» (43%) және
«өте жақсы» (38,7%) деп бағалады, алайда респонденттердің 16,2%-ы жұмыс
«қанағаттанарлық» немесе «нашар» деңгейде жүргізіледі деп көрсеткен,
сонымен қатар олардың жартысы әлеуметтік қызметкерлер бірлескен
қызметте оң үлес қосады деп санамайды. ӘПҚ жұмысын жақсы бағалаған