47) үй-жай - тұрғын үйдегі (тұрғын ғимараттағы) жеке ішкі кеңістік. Үй-жай қабырғасының, еденінің және төбесінің (қабатаралық жабынның) ішкі әрленбеген беті, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында немесе меншік иелері арасындағы келісімде өзгеше көзделмесе, әрбір үй-жайдың шекарасы болып табылады;
2 Бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
47) алынып тасталсын;
|
27 т. түсініктермен үйлескен. Қайталауды болдырмау мақсатында.
|
|
2 баптың
48) тармақшасы
|
2 бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
48) үй-жайлар (пәтерлер) меншік иелерінің кооперативі - кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін бірлесіп басқаруы үшін үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелері құратын коммерциялық емес ұйым;
|
2 бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
48) Меншік иелерінің бірлестігі (ММБ) заңды тұлға болып табылатын коммерциялық емес ұйымның нысаны болып табылады және оны басқаратын, күтіп-ұстауды қаржыландыратын және оның қауіпсіздігін қамтамасыз ететін бір кондоминиум нысанындағы пәтерлер мен тұрғын емес үй-жайлардың иелерінен тұрады;
|
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 34-бабына және «Коммерциялық емес ұйымдар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына сәйкес кондоминиум объектісін басқару үшін коммерциялық емес ұйымның жаңа түрін енгізу.
|
|
2 баптың 48-1) тармақшасы
|
2 бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
48-1) болған жоқ;
|
2 бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
48-1) кондоминиумға қатысушы – кондоминиум объектісіндегі пәтерді немесе тұрғын үй емес үй-жайдың меншік иесі;
|
Заңның мәтінінде қолданылатын терминді ашып көрсетпей түсіндіру
|
|
2 баптың 49) тармақшасы
|
2 бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
49) үй-жайлар (пәтерлер) меншік иелері кооперативінің мүшесі - үй-жайлар (пәтерлер) меншік иелері кооперативінің құрылтайшысы болып табылатын немесе берген өтінішінің негізінде үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелері кооперативінің мүшелігіне қабылданған кондоминиум объектісіндегі үй-жайдың (пәтердің) меншік иесі;
|
2 бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
49) мүліктер меншік иелерінің бірлестігі (ММБ) – басқару нысаны мүліктер иелерінің бірлестігін таңдаған кондоминиум қатысушысы ;
|
Коммерциялық емес ұйымның жаңа формасын енгізуге байланысты қазіргі тұжырымдаманың редакциялық пысықталуы.
|
|
50) баптың
2 тармағы
|
2 бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
50) шектеулі пайдаланылатын ортақ мүлік - ортақ мүліктің жекелеген жеке меншік иесінің (меншік иелерінің) пайдалануына белгіленген тәртіппен берілетін жекелеген бөліктері.
|
2 бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
50) кондоминиумның шектеулі пайдаланылатын ортақ мүлік – осы Заңмен берілген кондоминиумның ортақ мүлігінің бөлігін ММБ жекелеген жеке меншік иесінің немесе үшінші тұлғаның пайдалануы;
|
Ортақ мүліктің жеке бөліктерін пайдалану құқығы бар адамдардың шеңберін кеңейту
|
|
2 баптың
51) тармақшасы
|
2 бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
51) болған жоқ;
|
2 бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
51) тұрғын үй көмегі – осы Заңмен және отбасының шекті-қол жетімді шығыстар деңгейінің нормаларымен көзделген шығыстардың төлем сомасы арасындағы өтемақы айырмасына арналған аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) жергілікті бюджеттен төленетін төлемдер;
|
Заңда және заңға бағынышты нормативтік актілерде аталған тұжырымдаманы ашып жазу қажеттілігі туындады.
|
|
2 баптың
52) тармақшасы
|
2 бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
52) болған жоқ;
|
2 бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
52) энергия тиімділікті көппәтерлі тұрғын үй - энергияны пайдалану арқылы салынған КТҮ ресурс үнемдеуші және энергияны үнемдейтін технологиялары мен материалдары;
|
КТҮ құрылысы кезінде елімізде энергияны үнемдейтін материалдар мен технологияларды пайдаланудың артуына байланысты және оны заңда есекру
|
|
2 баптың
53) тармақшасы
|
2 бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
53) болған жоқ;
|
2 бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
53) нысаналы жарна – кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстау шараларының төлеміне, оны іске асыруға ММБ үштен бір бөлігі кем емес бөлігі дауыс берген сметада қарастырылмаған ММБ қатысушылардың біржолғы жарналары;
|
Осы тетіктің тәжірибеде қолданылуына және заңда ескертілуіне байланысты.
|
|
2 баптың
54) тармақшасы
|
2 бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
54) болған жоқ;
|
2 бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
54) инженерлік-техникалық қамсыздандыру желілері - КТҮ жылу, газ, сумен жабдықтау және су бұру барысында тікелей қолданылатын құрылғылар мен коммуникациялардың жиынтығы.
|
Зайда ескертілуіне байланысты.
|
|
3 баптың
3 тармағы
|
3 бап. Қазақстан Республикасының тұрғын үй қоры
3. Осы Заңда және Қазақстан Республикасының басқа да заңнамалық актiлерінде көзделген жағдайларды қоспағанда, жеке тұрғын үй қоры және мемлекеттiк кәсiпорындардың, сондай-ақ мемлекеттік мекемелердің тұрғын үй қоры үйлерiндегi тұрғын үй-жайларды жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдардың немесе өзге де ұйымдардың мәжбүрлеп иелiктен шығаруына тыйым салынады.
|
3 бап. Қазақстан Республикасының тұрғын үй қоры
3. Тұрғын үйді мәжбүрлеп иеліктен шығаруды тек осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заң актілерінде көзделген жағдайларда сот жүзеге асырады.
|
Қазақстан Республикасы Конституциясының 25-бабына сəйкес келтіру, «... тұрғын үйге қол сұғылмайды. Сот шешімінен басқа, тұрғын үйден айыруға болмайды ... ».
|
|
4 баптың
3 тармағы
|
4 бап. Тұрғын үйлердi пайдалану
3. Тұрғын үйдегi тұрғын үй-жайлар мен тұрғын емес үй-жайларды қайта жабдықтау мен қайта жоспарлауды үй-жай иесiнiң келiсiмiмен және жобаның құрылыс нормалары мен ережелерiне сәйкес келуiне жауап беретiн жеке немесе заңды тұлға орындаған жоба болған жағдайда жүзеге асыруға болады. Тұрғын емес үй-жайлар тұрғын үй-жайлардан оқшау болуға тиіс және ортақ кіру (шығу) есігі болмауға тиіс. Жобаның мiндеттi талаптарға сәйкестiгiн Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен сәулет, қала құрылысы және құрылыс iстерi жөнiндегi уәкiлеттi орган растайды.
Үй-жайларды қайта жабдықтау және қайта жоспарлау жөнiнде нақты атқарылатын жұмыстардың жобаға сәйкестiгi үшiн Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен меншiк иесi мен жұмысты атқарушы жауап бередi.
Үй-жайларды (пәтерлерді) өзгерткен (қайта жабдықтаған, қайта жоспарлаған) кезде тұрғын үй-жайлар (пәтерлер) меншік иелерінің жалпы санының кемінде үштен екісінің міндетті жазбаша келісімі, мынадай:
өзгерістер тіреуіш конструкцияларды қозғаған;
өзгерістер ортақ мүлікті қозғаған жағдайларда, талап етіледі.
Жоғарыда аталған өзгерістер өзгертілетін үй-жайлармен (үй бөліктерімен) жапсарлас басқа да үй-жайлар (үй бөліктері) меншік иелерінің ғана мүдделерін қозғаған жағдайда, тек аталған адамдардың ғана жазбаша келісімін алу талап етіледі.
Жоғарыда санамаланған өзгерістер мүгедектердің тұрғынжайға қолжетімділігін қамтамасыз етуге байланысты болған жағдайда, тұрғын үйдің үй-жайлары (пәтерлері) меншік иелерінің жазбаша келісімі талап етілмейді.
|
4 бап. Тұрғын үйлердi пайдалану
3. Тұрғын үйдегi тұрғын үй-жайлар мен тұрғын емес үй-жайларды қайта жабдықтау мен қайта жоспарлауды тек қана үй-жай иесiнiң келiсiмiмен және жобаның құрылыс нормалары мен ережелерiне сәйкес келуiне жауап беретiн жеке немесе заңды тұлға орындаған жоба болған, заңды тұлғада жобалық қызметке лицензиясы болған жағдайда жүзеге асыруға болады. Тұрғын емес үй-жайлар тұрғын үй-жайлардан оқшау болуға тиіс және ортақ кіру (шығу) есігі болмауға тиіс. Жобаның мiндеттi талаптарға сәйкестiгiн Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен сәулет, қала құрылысы және құрылыс iстерi жөнiндегi уәкiлеттi орган растайды.
Үй-жайларды қайта жабдықтау және қайта жоспарлау кезінде нақты атқарылатын жұмыстардың жобаға сәйкестiгi үшiн Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен меншiк иесi мен жұмысты атқарушы жауапты.
Пәтерлерді және тұрғын үй емес үй-жайларды өзгерткен (қайта жабдықтаған, қайта жоспарлаған) кезде пәтерлер және тұрғын үй емес үй-жайлар меншік иелерінің жалпы санының кемінде үштен екісінің міндетті жазбаша келісімі, мынадай:
өзгерістер тіреуіш конструкцияларды қозғаған;
өзгерістер ортақ мүлікті қозғаған жағдайларда, талап етіледі.
Жоғарыда аталған өзгерістер өзгертілетін үй-жайлармен (үй бөліктерімен) жапсарлас басқа да үй-жайлар (үй бөліктері) меншік иелерінің ғана мүдделерін қозғаған жағдайда, тек аталған адамдардың ғана жазбаша келісімін алу талап етіледі.
Жоғарыда санамаланған өзгерістер мүгедектердің тұрғынжайға қолжетімділігін қамтамасыз етуге байланысты болған жағдайда, пәтерлер және тұрғын үй емес үй-жайлардың меншік иелерінің жазбаша келісімі талап етілмейді.
|
«Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы», «Рұқсаттар мен хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес келтіру
|
|
5 бап
|
5 бап. Тұрғын үйдi бiрлесiп пайдалану
Үй-жайлардың иелерi (азаматтар, заңды тұлғалар, мемлекет) тұрғын үйдi бiрлесiп пайдалану үшiн Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған кез келген бiрлестiкке бiрiгуге құқылы.
|
5 бап. Тұрғын үйдi бiрлесiп пайдалану
Оннан астам пәтерлер мен тұрғын емес үй-жайлардың менші иелері оларға иелік ету құқығы тіркелген күннен бастап бір ай ішінде (жеке және заңды тұлғалардың) автоматты түрде кондоминиум объектісіне басқаруды жүзеге асырушы ММБ қатысушылары болады, олар оны күтіп-ұстауға және оның сақталуын қамтамасыз етеді;
|
Қолданыстағы редакцияны нақтылау.
|
|
6 бап
|
6-бап. Тұрғын үй қорын және кондоминиум объектісін басқару
Тұрғын үй қорын және кондоминиум объектісін басқаруды меншiк иесi тiкелей, не өзi құратын (тағайындайтын, сайлайтын) органдар арқылы, сондай-ақ сенiм бiлдiрiлген адамдар арқылы жүзеге асырады.
|
6-бап. Тұрғын үй қорын және кондоминиум объектісін басқару
Кондоминиум объектісін басқаруды кондоминиум объектісінің жоғарғы органы немесе ММБ жүзеге асырады.
|
ММБ түсінігін енгізмен байланысты редакциялық пысықтау
|
|
1-1 тарауының атауы
|
1-1-тарау. Тұрғын үй қатынастары саласындағы мемлекеттік реттеу
|
1-1-тарау. Тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласындағы мемлекеттік реттеу
|
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты мемлекеттік реттеудің нормаларын заңнамалық тұрғыда бекіту қажеттілігі
|
|
10-1 баптың 1) тармақшасы
|
10-1-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыреті
Қазақстан Республикасының Үкіметі:
1) тұрғын үй қатынастары саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын әзірлейді және олардың жүзеге асырылуын ұйымдастырады;
|
10-1-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыреті
Қазақстан Республикасының Үкіметі:
1) тұрғын үй қатынастары тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын әзірлейді және олардың жүзеге асырылуын ұйымдастырады;
|
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты мемлекеттік реттеудің нормаларын заңнамалық тұрғыда бекіту қажеттілігі
|
|
10-1 баптың 1-1) тармақшасы
|
10-1-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыреті
Қазақстан Республикасының Үкіметі:
1-1) болған жоқ;
|
10-1-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыреті
Қазақстан Республикасының Үкіметі:
1-1) ММБ үлгілік жарғысын бекітеді;
|
ММБ тіркеу кезіндегі рәсімдерді азайты үшін
|
|
10-2 баптың 1) тармақшасы
|
10-2-бап. Уәкілетті органның құзыреті
Уәкілетті орган:
1) тұрғын үй қатынастары саласында мемлекеттік саясаттың іске асырылуын жүзеге асырады;
|
10-2-бап. Уәкілетті органның құзыреті
Уәкілетті орган:
1) тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласында мемлекеттік саясаттың іске асырылуын жүзеге асырады;
|
10-1 б. түзетулерге сәйкестендіру мақсатында
|
|
10-2 баптың 4) тармақшасы
|
10-2-бап. Уәкілетті органның құзыреті
Уәкілетті орган:
4) өз құзыреті шегінде тұрғын үй қатынастары саласында нормативтік құқықтық актілерді, нормативтік-техникалық құжаттамаларды әзірлейді және бекітеді;
|
10-2-бап. Уәкілетті органның құзыреті
Уәкілетті орган:
4) өз құзыреті шегінде тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласында нормативтік құқықтық актілерді, нормативтік-техникалық құжаттамаларды әзірлейді және бекітеді;
|
10-1 б. түзетулерге сәйкестендіру мақсатында
|
|
10-2 бабы 9) тармақшасы
|
10-2-бап. Уәкілетті органның құзыреті
Уәкілетті орган:
9) үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелері жиналыстары хаттамасының және үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелеріне жазбаша сауалнама жүргізу кезінде дауыс беру парағының, кондоминиум объектісін басқару жөніндегі есептің үлгі нысанын әзірлеп, бекітеді;
|
10-2-бап. Уәкілетті органның құзыреті
Уәкілетті орган:
9) ММБ қатысушыларының кондоминиум объектісін басқарумен, күтіп-ұстаумен және пайдаланумен байланысты, оның ішінде хаттамалар мен шарттардың үлгілік нысандарынан тұратын шешім қабылдау тәртібін қабылдауды бекітеді;
|
ММБ қызметін реттеу мақсатында.
|
|
10-2 бабы 10-4) тармақшасы
|
10-2-бап. Уәкілетті органның құзыреті
Уәкілетті орган:
10-4) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған шығыстар сметасын есептеу әдістемесін әзірлейді және бекітеді;
|
10-2-бап. Уәкілетті органның құзыреті
Уәкілетті орган:
10-4) пайдалану шығындарының ең төменгі есепті әдісін қоса алғанда, кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған шығыстар сметасын есептеу әдістемесін әзірлейді және бекітеді;
|
Ең төменгі пайдалану шығындар тұжырымдамасын енгізуге байланысты ағымдағы нұсқаны түсіндіру.
|
|
10-2 бабы 10-5) тармақшасы
|
10-2-бап. Уәкілетті органның құзыреті
Уәкілетті орган:
10-5) тұрғын үй инспекциясы туралы үлгі ережені бекітеді;
|
10-2-бап. Уәкілетті органның құзыреті
Уәкілетті орган:
10-5) тұрғын үй инспекциясы туралы үлгі ережені әзірлейді және бекітеді;
|
Қолданыстағы редакцияны нақтылау.
|
|
10-2 бабы 10-6) тармақшасы
|
10-2-бап. Уәкілетті органның құзыреті
Уәкілетті орган:
10-6) кондоминиум объектісін басқару шартының үлгілік нысанын бекітеді;
|
10-2-бап. Уәкілетті органның құзыреті
Уәкілетті орган:
10-6) кондоминиум объектісіне қатысушылардың жоғарғы органы немесе ММБ басқару органдары арасында сервистік қызмет көрсету субъектісімен, сонымен бірге ММБ басқару органы ретінде жалдамалы жеке тұлғасымен басқару шартының үлгілік нысанын бекітеді;
|
Заң нормаларының өзгеруіне байланысты қолданыстағы редакцияны пысықтау.
|
|
10-2 бабы 10-7) тармақшасы
|
10-2-бап. Уәкілетті органның құзыреті
Уәкілетті орган:
10-7) тұрғын үй инспекциясы ұсынып отырған тұрғынжайлардың (пәтерлердің) меншік иелері кооперативі басқармасының төрағасы кандидатурасына қойылатын біліктілік талаптарын әзірлейді және бекітеді;
|
10-2-бап. Уәкілетті органның құзыреті
Уәкілетті орган:
10-7) алынып тасталсын;
|
Пәтерлер меншік иелері төрағасының таңдау тәрбінің өзгеруіне байланысты
|
|
10-2 бабы 10-9) тармақшасы
|
10-2-бап. Уәкілетті органның құзыреті
Уәкілетті орган:
10-9) тұрғын үй-пайдалану және коммуналдық қызметтер көрсететін ұйымдарға басқарудың қазіргі заманғы әдістерін енгізудің әдістемелік қамтамасыз етілуін жүзеге асырады;
|
10-2-бап. Уәкілетті органның құзыреті
Уәкілетті орган:
10-9) алынып тасталсын;
|
Функциялар нарыққа берілген
|
|
10-2 бабы 10-11) тармақшасы
|
10-2-бап. Уәкілетті органның құзыреті
Уәкілетті орган:
|