Тренинг өткізу бойынша нұсқаулық: аитв-дан немесе басқа да созылмалы


ӘДІСТЕМЕЛІК ҚҰРАЛМЕН ҚАЛАЙ ЖҰМЫС ЖАСАУ КЕРЕК



жүктеу 5,3 Mb.
Pdf просмотр
бет3/40
Дата27.12.2019
өлшемі5,3 Mb.
#25174
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   40

8
ӘДІСТЕМЕЛІК ҚҰРАЛМЕН ҚАЛАЙ ЖҰМЫС ЖАСАУ КЕРЕК 
Оқу-әдістемелік құралдың бірінші бөлімінде тренингтің мақсаттары мен мін-
деттері туралы, тренингке дайындық туралы, жұмыста қолданылатын негізгі әді-
стер және тренинг бағдарламасы туралы ақпарат бар.
Оқу-әдістемелік құралдың қалған бөлігі қатысушыларға «АИТВ және басқа да 
созылмалы аурулармен өмір сүретін балалар мен жасөспірімдерді психоәлеумет-
тік қолдау жөніндегі нұсқаулықта» баяндалған көмек көрсету Стандарттарының 
негізгі  элементтерін  зерттеуге  көмектесетін  оқу  курсын  (тренингті)  дайындауға 
көмек көрсету үшін әзірленген. 
Сондықтан,  оқу-әдістемелік  құралын  аталған  нұсқаулықпен  бірге  оқу  және  
барлық мәселелерде соған сілтеме жасап отыру қажет.
Аталған  нұсқаулықты  жүзеге  асыруда  көмек  беретін  оқыту  шарасы  қаты-
сушыларға төменде көрсетілген мақсаттарда қолдау көрсетуге бағытталуы тиіс:
• 
Аталмыш  нұсқаулықта  көрсетілген  стандарттардың  негіздемесін 
зерттеу;
• 
Өз  наным-сенімдеріне  және  балалармен,  жасөспірімдермен  және 
отбасылармен жұмыс істеу әдістеріне талдау жасау және олардың әсері;
• 
Балалармен,  жасөспірімдермен  және  отбасылармен  жұмыс  істеу 
әдістеріне талдау жасау және олардың әсері;
• 
Өздері  жұмыс  жасайтын  медициналық  мекемелерде  және  күнделікті 
жұмысында стандарттарды қолдану тәсілдеріне талдау жасау;
• 
Стандарттарды енгізу барысында кездесуі  мүмкін кейбір кедергілерді 
жою жолдарын іздеу.


9
I-ТАРАУ. 
ТРЕНИНГ ӘДІСТЕРІ ЖӘНЕ ТЕОРИЯЛАРЫ
1.1 ТРЕНИНГ МАҚСАТТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ
Тренингті өткізудегі  мақсат: жалпы практика дәрігерлерін, дәрігер-инфекцио-
нистерді, психологтарды, әлеуметтік қызметкерлерді, сондай-ақ басқа да медици-
налық және медициналық емес мамандықтар иелерін психоәлеуметтік қолдауды 
жүзеге асыру, сүйемелдеу және АИТВ-мен өмір сүретін балалар мен жасөспірім-
дердің, сондай-ақ олардың отбасы ортасының емделуге  құлық танытуын қалып-
тастыру.
Міндеттер:
АИТВ-мен  өмір  сүретін  балалар  мен  жасөспірімдердің  жасына,  клиниканың 
ерекшелігіне,  терапиялық  бағдарламасына  және  АИТВ-ның  әлеуметтік  аспек-
тілеріне сәйкес олардың қажеттіліктері мен құқықтарын түсінуді қамтамасыз ету 
және білім беру;
• 
АИТВ-мен өмір сүретін балалар мен жасөспірімдерге, сондай-ақ олар-


10
дың  отбасына  психоәлеуметтік    қолдау  көрсетуді  және  оларды  сүйе-
мелдеп алып жүруді ұйымдастыру және жүзеге асыру, нәтижелі кеңе-
стер  беру;
• 
АИТВ-на шалдыққан балаға мәртебесі туралы түсінік беру, оның өз ер-
кімен  антиретровирустық терапия (АРТ) емін алуға аса ынталы болуы-
на қол жеткізу жолында   дағдыларды қалыптастыру.
Тренингтің қорытынды нәтижелері:
Қатысушылар:
• 
клиникалық жұмысында баламен жұмыс істеуге    бағытталған ыңғай-
лы  әдістеменің  қолданылуын  қамтамасыз  ету  үшін  өзін  сенімді  және 
толық даяр екенін сезінуі тиіс; 
• 
ата-аналармен/қамқоршылармен  бірлесіп  жұмыс  жасаудың  маңыз-
дылығын түсінуі тиіс;
• 
ата-аналарды/қамқоршыларды АИТВ-жұқпа кезінде емдеу және бақы-
лау тұрғысынан басты мәселелер бойынша оқыта алуы тиіс;
• 
балаға оның АИТВ мәртебесі туралы  ертерек айту, содан кейін бала мен 
оның отбасына әрі қарай психоәлеуметтік қолдау көрсету қажеттілігін 
түсінуі тиіс.
Қатысушылар білуі тиіс: 
• 
мектеп жасындағы балаларға қолдау көрсету және өзара көмек көрсету 
топтарын ұйымдастыру;
• 
бала  мен  оның  отбасының  барлық  өмірлік  тәжірибесін  зерделеп,  на-
зарға ала отырып, АҚТҚ бар балалар мен жасөспірімдердің емделуге 
деген ниетінің жоғары болуын қалыптастыруға кешенді тәсілді қолдану. 
Қатысушылар төмендегілерді орындай алуы тиіс: 
• 
АИТВ-мен өмір сүретін жасөспірімнің және оның отбасылық ортасының 
қажеттіліктеріне бағалау жүргізуді;
• 
балаға бағытталған қарым-қатынас тәсілін қолдану және АИТВ-мен өмір 
сүретін балаларға және жасөспірімдерге жасына қарай АИТВ-жұқпасы 
мәселері бойынша  консультация беру;
• 
мектеп жасындағы АИТВ-мен өмір сүретін балаларға арналған қолда-
ушы және өзара көмек көрсету топтарын ұйымдастыру;
• 
баланың және оның отбасының бүкіл өмірлік тәжірибесін зерттей және 
ескере  отырып,  АИТВ-мен  өмір  сүретін  балалардың  және  жасөспірім-
дердің емделуге аса құлықтылы болуын  қалыптастыруда кешенді әді-
стемені қолдану.
1.2 ТРЕНИНГКЕ ДАЙЫНДЫҚ. НЕГІЗГІ ОҚЫТУ ӘДІСТЕР
Тренерлерге қойылатын талаптар: 
Тренингті осы сала бойынша оқудан өткен, кем дегенде екі тренерден тұратын  коман-
да өткізгені жөн. Тренингті өткізуге ЖИТС алдын алу және оған қарсы күрес орталығының  
маманын (дәрігер немесе психолог) және ҮЕҰ маманын (әлеуметтік қызметкер, психолог 
немесе АИТВ шалдыққан баланың ата-анасы) тартқан дұрыс. Тренерлердің жасөспірімдер-
мен және балалармен жұмыс жасауда, мәртебені жария етуде,  қолдау және өзара көмек 
топтарын алып жүруде және АИТВ шалдыққан балаларға және олардың отбасыларына 
психоәлеуметтік қолдау көрсетуде тәжірибесі болуы тиіс.


11
Тренинг өтетін орынға және құрал-жабдыққа қойылатын талаптар: 
Сабақты кең бөлмеде өткізген жөн, топтарда жұмыс жасау үшін бөлменің әр бұрышына 
қосымша үстелдер, қатысушылар отыратын орындықтар қойылуы керек. Сонымен қатар, 
тренерде компьютер, мультимедиялық проектор, флипчарт және/немесе интерактивтік тақта 
болуы тиіс. Интерактивтік жаттығулар үшін кеңсе құралдары жиынтығын – картон, түрлі-түсті 
қағаз, қалам, маркер, қайшы, желім, скотч, степлер, түрлі-түсті стикер – дайындап қою қажет.  
     Тренинг қатысушылары: АИТВ-мен өмір сүретін балалармен және жасөспірімдермен, әрі 
олардың отбасымен жұмыс жасайтын барлық мамандар – инфекционист мамандар, пе-
диатрлар, АМСК жалпы тәжірибе дәрігерлері, психологтар, дәрежелері тең кеңесшілер, әле-
уметтік қызметкерлер, орта медицина қызметкерлері  -  және басқалары оқытылуы тиіс
Осы тренингте қолданылатын оқыту әдістері:
Презентация
 - эбұл  үлгі, теориялар, заңнамалар туралы  немесе қатысушыларды өз 
тәжірибесін талдауға ынталандыру туралы  нақты ақпаратты ұсынуға арналған баяндама.  
Презентацияның мақсаты - презентация объектісі туралы толық ақпаратты аудиторияға 
ыңғайлы түрде жеткізу. Презентация бірыңғай ортада ұйымдастырылған мәтіннің, гипер-
мәтіндік  сілтемелердің,  компьютерлік  анимацияның,  графиканың,  бейненің,  әуен  және 
дыбыстық қатардың (бірақ барлығы бірге болуы міндетті емес) үйлесімін білдіруі мүмкін. 
Сонымен  қатар,  презентацияда  ақпаратты  ыңғайлы  қабылдау  үшін  ұйымдастырылған 
сюжет, сценарий және құрылым бар. «Он сегіз минут» ережесін сақтау және тыңдаушы-
ларға ақпаратты шамадан тыс үйіп-төкпеу үшін презентация ұзақтығы аталған уақыт ара-
лығынан аспауын қадағалау маңызды. 
Презентация слайдтардан тұрады. Ең дұрысы, бір ережені ұстану керек: бір слайд – бір 
ой. Бір слайдта тезис және оның бірнеше дәлелі келтірілетін презентациялар иланымды 
болады. Презентация әзірлеудің кәсіби шеберлері бір слайдта ең көбі отыз сөз және бес 
тармақтан тұратын тізімді пайдалануға кеңес береді.
Әдетте презентация мазмұнының жоспары төмендегідей болады: 
1.  Басты  бет. Бірінші слайдта презентация атауы, авторы, автормен байланысу бойын-
ша мәліметтер келтіріледі. 
2.  Мазмұны.  Бұл  тарауда  презентация  жоспары,  негізгі  міндеттер  және  қаралатын 
мәселелер көрсетіледі.
3.  Тарау атауы. 
4.  Қысқаша ақпарат. 
5.  3 және 4 тармақтары қанша рет қажет болса, сонша рет қана қайталанады.Ең басты-
сы – келесі тұжырымды ұстану: тезис – дәлел – қорытынды. 
6.  Түйіндеме,  қорытынды.  Әрбір  қорытынды  жеке  слайдта  түсінікті  және  қысқа  етіп 
жеткізілуі тиіс. 
7.  Назарларыңызға рахмет. Сұрақтар. Мұнда презентацияны таныстырушымен байла-
нысу бойынша  мәліметтер және кері байланыс келтірілуі міндетті. 
Айтатындарыңыздың барлығын бірдей слайдтарға жазуға болмайтынын ескеру маңы-
зды. Слайдтарға тек қана маңызды тезистерді, терминдерді, суреттерді, сызбаларды, ди-
аграммаларды,  яғни  аудитория  жақсы  қабылдайтын  барлық  ақпараттарды  орналасты-
рыңыз.  Артынша  үлестірме  материалдарды  пайдаланыңыз  немесе  қатысушыларға  әрі 
қарай оқуға арналған материалдарды атаңыз.
Пікірталас
– бұл ақиқатқа жетуге және пікір мен тәжірибе алмасуға бағытталған, топ-
та  жүргізілетін  әңгімелесу  түрі.  Пікірталасты  басқа  әңгімелесу  түрлерінен  өзгеше  ететін 
маңызды қасиеті болып талқылау табылады. Атап айтқанда, даулы (пікір таластыратын) 
мәселені қарама-қайшы пікірді ұстанатын әртүрлі адамдармен талқылау. Пікірталас көбі-
несе интерактивтік оқыту әдісі және күрделі тақырыпты немесе теориялық мәселені зерт-
теу әдісі ретінде қарастырылады. Есіңізде болсын, әркімнің өз пікіріне құқығы бар, бірақ 
кез  келген  пікірге  күмән  келтіруге  немесе  теріске  шығаруға  болатынын  ұмытпау  керек 
(сондықтан да, адамдар өздерін шабуыл объектісі  немесе шеттетілген жан ретінде сезін-


жүктеу 5,3 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   40




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау