Тренинг өткізу бойынша нұсқаулық: аитв-дан немесе басқа да созылмалы



жүктеу 5,3 Mb.
Pdf просмотр
бет18/40
Дата27.12.2019
өлшемі5,3 Mb.
#25174
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   40

50
Кейс 
Қарастыру қажет тұстар
Маша
•  Ол  ауылдық  жерде  тұратындықтан,  қолжетімді  жергілікті  қызметтер  картасын 
жасап,  олар  Машаға  жергілікті  деңгейде  қолдау  көрсете  алуы  үшін  байланыс 
орнатыңыз.  Олар  жастарға  арналған  қызметтер,  терапевтер,  әлеуметтік 
қызметкерлер,  ҮЕҰ,  ауруханалар  болуы  мүмкін.  Сол  жерде  болып,  сізбен  жұмыс 
жасап, АИТВ туралы білімді таратуға көмектесе алатын адамды іздеңіз.
•  Оның ата-анасымен қарым-қатынас құру қаншалықты мүмкін және тиімді екенін 
анықтаңыз. Бұл қауіпті болуы мүмкін, бірақ анықтап көрген дұрыс.
•  Машамен  болашақ  мүмкіндіктерге  және  не  істей  алатынына  қатысты  жұмыс 
жасаңыз. Қандай жергілікті курстар және оқу мүмкіндіктері бар екенін анықтаңыз. 
Оны не қызықтырады? Өзін қандай жұмыста көреді?
•  Ол  ішімдік  пен  есірткі  тұтынуға  қатысты  біршама  қолдауға  мұқтаж,  себебі,  олар 
оның өмірінде әрдайым болды. Тәуелділіктен арылуға көмектесу үшін жастармен 
жұмыс жасайтын қандай да бір жергілікті қызметтер бар ма, анықтаңыз.
•  Машаның  жүктіліктері  оған  өте  қатты  әсер  еткен,  басынан  өткен  жайттардың 
салдарынан  ол  медициналық  қызметкерлерге  сенбеуі  мүмкін.  Консультация 
ұсыныңыз,  болашақта  отбасын  жоспарлау  туралы  сөйлесіңіз,  сексуалдық 
денсаулық мәселелері бойынша жергілікті қызметтермен байланыстырыңыз.
•  Болашаққа  және  А=Ж  (Анықталмайды=Жұқтырмайды;  А=Ж  профилактикалық 
науқанының  мәлімдеуінше  АИТВ-мен  өмір  сүретін,  АРТ  қабылдайтын  және  кем 
дегенде алты бойы вирустық жүктемесі анықталмайтын дәрежеге (бір миллилитр 
қанға  шаққанда  40  көшірмеден  аз)  жеткен  адамдар  сырқатты  басқаларға 
жыныстық  жолмен  жұқтыра  алмайды)  бағдарлана  отырып,  АРТ  қабылдауға 
қатысты  ұнамды  жұмыс  жүргізіңіз.  Ол  бала  туған  кезде,  егер  дәрі  қабылдаса, 
баласы мен баланың әкесі АИТВ жұқтырмайтынына көз жеткізеді.
•  Пәтеріне  барыңыз,  емдеу  режимін  ұйымдастыруға  көмектесіңіз.  Егер  дәріні 
таңертең  қабылдаса,  оларды  тіс  щеткасының  жанына  қойыңыз.  Дәрі  ішкенде 
жеткілікті  мөлшерде  су  ішетініне  көз  жеткізіңіз.  Дәрі  қабылдау  барысы  үшін 
жауапкершілік сезімін иеленуі үшін жұмыс жасаңыз.
•  Жалғыз өмір сүруде – бюджетті жоспарлау, ас дайындау, азық-түлік алу – қолдау 
көрсетіңіз,  онымен  қарым-қатынас  құру  үшін  немесе  бар  болса,  жергілікті 
қызметтерге жіберу үшін жұмыс жасай аласыз.
Қатысушылардан өз топтарында қалуды өтініңіз.
Әр топқа өздері жұмыс жасаған жас тобына қатысты сценарийді (11-ҚОСЫМША-
НЫ қараңыз) беріңіз.
Слайд: Жаттығуды түсіндіру  Өз топтарыңызда қалыңыздар:
•  Өздеріңіз  жұмыс  жасаған  жас  тобына  қатысты  берілген  сценарийді  оқып 
шығыңыздар.
•  Сценарийдегі отбасын бастапқы бағалау үшін бағалау үшбұрышын және эко-кар-
таны пайдаланыңыздар, содан соң, баланы және отбасын тереңірек бағалау үшін 
барлық мүмкін әрекеттерді орындаңыздар (барлығын жасай алмайсыздар).
•  Осы  отбасына  арналған  кейс-менеджмент  құрылымын  анықтаңыздар.  Ойла-
ныңыздар, ЖИТС-орталығында неге қол жеткізуге болады, қазіргі уақытта қан-
дай жүйелер мен құрылымдар бар, не қосу керек (мысалы, клиника баруға дейін 
команданың кездесуі, ақпарат алмасудың келісілген тәртібі және т.б.). 
Содан  кейін  қатысушылардан  жұмыс  нәтижелерімен  таныстыруды  өтініңіз. 
Олар аяқтаған соң, қалған топтардан алып-қосары бар-жоғын сұраңыз. Соңында 
кез-келген қосымша түсіндірмелер беріңіз.


51
vii. Презентация:
 Бағалауды қорытындылау
Кешенді бағалау бойынша жұмыспен байланыстыру үшін қысқа презентация 
жасаңыз.Презентация келесі мәліметтерді қамтуы тиіс: 
Бірінші слайд: Бағалауды тәжірибеге енгізу
•  Баланың және отбасының қажеттіліктерін бағалау олардың өмірін айқын түсіну-
ді талап етеді;
•  Бағалаудан кейін іс-қимылдар жоспарын жасау және басымдықтарды айқын-
дау қажет; 
•  Бағалауды бір жетекші маманмен жүргізіп, артынша қалған мединалық қызмет-
керлер тобына беру қажет. 
Екінші слайд: Іс-қимылдар жоспары
Тиімді жоспар төмендегідей  болуы тиіс:
• 
 нақты;
• 
 өлшенбелі;
• 
 қолдан келерлік;
• 
 уақыт аралығымен шектелген
viii. Пікірталас:
 Кедергілер мен шешімдер
Қатысушылардан жоғарыда айтылғандарды тәжірибеге енгізу кезінде туында-
уы мүмкін барлық кедергілерді тізіп беруді өтініңіз. Оларды флипчарт парағының 
бір жағына жазып алыңыз.
Енді олардан топ болып сол кедергілердің шешімдері туралы ойлануды өтініңіз.
Осы мәселені түстен кейін кейс-менеджментпен жұмыс жасағанда зерделей-
тінін айтыңыз.
2.2 КЕЙС-МЕНЕДЖМЕНТТІҢ МУЛЬТИДИСЦИПЛИНАЛЫ ӘДІСТЕМЕСІ
АИТВ баланың немесе отбасының әлеуметтік жағдайына терең әсер ете алады. 
Сондықтан,  көрсетілетін  қолдау  баланың  медициналық  қажеттіліктері  шеңбері-
нен асып түсуі өте маңызды. ЖИТС-орталығының қызметкерлері баланың неме-
се отбасының барлық қажеттіліктерін қанағаттандырады деп күтуге болмайды, 
ал басқа мамандармен байланыста болу әртүрлі уақытта балаға оңтайлы қолдау 
көрсетіп қана қоймай, АИТВ-мен айналыспайтын мамандарды оқыту және ақпа-
раттандыру арқылы АИТВ-мен байланысты стигманы жоя бастайды, отбасылар-
ды түсінуге, ал кейін қолдау көрсетуге итермелейді. 
Тренингтің осы тарауында қамтылатын мәселелер:
6-стандарт: АИТВ жұқтырған балаларға күтім көрсететін мультидисциплиналы 
мамандандырылған педиатриялық команданың құзырет аясы
 Оқыту мақсаттары:
•  Қатысушыларды АИТВ жұқтырған балаларға және олардың отбасыларына қол-
дау көрсету кезінде мультидисциплиналы әдістемені қолдануға үйрету.
Кейс 
Қарастыру қажет тұстар
Маша
•  Ол  ауылдық  жерде  тұратындықтан,  қолжетімді  жергілікті  қызметтер  картасын 
жасап,  олар  Машаға  жергілікті  деңгейде  қолдау  көрсете  алуы  үшін  байланыс 
орнатыңыз.  Олар  жастарға  арналған  қызметтер,  терапевтер,  әлеуметтік 
қызметкерлер,  ҮЕҰ,  ауруханалар  болуы  мүмкін.  Сол  жерде  болып,  сізбен  жұмыс 
жасап, АИТВ туралы білімді таратуға көмектесе алатын адамды іздеңіз.
•  Оның ата-анасымен қарым-қатынас құру қаншалықты мүмкін және тиімді екенін 
анықтаңыз. Бұл қауіпті болуы мүмкін, бірақ анықтап көрген дұрыс.
•  Машамен  болашақ  мүмкіндіктерге  және  не  істей  алатынына  қатысты  жұмыс 
жасаңыз. Қандай жергілікті курстар және оқу мүмкіндіктері бар екенін анықтаңыз. 
Оны не қызықтырады? Өзін қандай жұмыста көреді?
•  Ол  ішімдік  пен  есірткі  тұтынуға  қатысты  біршама  қолдауға  мұқтаж,  себебі,  олар 
оның өмірінде әрдайым болды. Тәуелділіктен арылуға көмектесу үшін жастармен 
жұмыс жасайтын қандай да бір жергілікті қызметтер бар ма, анықтаңыз.
•  Машаның  жүктіліктері  оған  өте  қатты  әсер  еткен,  басынан  өткен  жайттардың 
салдарынан  ол  медициналық  қызметкерлерге  сенбеуі  мүмкін.  Консультация 
ұсыныңыз,  болашақта  отбасын  жоспарлау  туралы  сөйлесіңіз,  сексуалдық 
денсаулық мәселелері бойынша жергілікті қызметтермен байланыстырыңыз.
•  Болашаққа  және  А=Ж  (Анықталмайды=Жұқтырмайды;  А=Ж  профилактикалық 
науқанының  мәлімдеуінше  АИТВ-мен  өмір  сүретін,  АРТ  қабылдайтын  және  кем 
дегенде алты бойы вирустық жүктемесі анықталмайтын дәрежеге (бір миллилитр 
қанға  шаққанда  40  көшірмеден  аз)  жеткен  адамдар  сырқатты  басқаларға 
жыныстық  жолмен  жұқтыра  алмайды)  бағдарлана  отырып,  АРТ  қабылдауға 
қатысты  ұнамды  жұмыс  жүргізіңіз.  Ол  бала  туған  кезде,  егер  дәрі  қабылдаса, 
баласы мен баланың әкесі АИТВ жұқтырмайтынына көз жеткізеді.
•  Пәтеріне  барыңыз,  емдеу  режимін  ұйымдастыруға  көмектесіңіз.  Егер  дәріні 
таңертең  қабылдаса,  оларды  тіс  щеткасының  жанына  қойыңыз.  Дәрі  ішкенде 
жеткілікті  мөлшерде  су  ішетініне  көз  жеткізіңіз.  Дәрі  қабылдау  барысы  үшін 
жауапкершілік сезімін иеленуі үшін жұмыс жасаңыз.
•  Жалғыз өмір сүруде – бюджетті жоспарлау, ас дайындау, азық-түлік алу – қолдау 
көрсетіңіз,  онымен  қарым-қатынас  құру  үшін  немесе  бар  болса,  жергілікті 
қызметтерге жіберу үшін жұмыс жасай аласыз.
Тренерге арналған ескертпелер
• 
Егер бала денсаулығына елеулі зиян келетіндей дертке ұшырамаса, біз оны 
қандай да бір мекемеге орналастырудың орнына өз отбасында қалдыру үшін 
жұмыс жасауымыз керек.
• 
Әрдайым қол ұшын созатын немесе қолдау көрсете алатын отбасы мүше-
лерінің бар-жоғын анықтаңыз.


жүктеу 5,3 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   40




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау