Төртінші өнеркәсіптік революция дәуірінде ғылым, білім, қоғамдық өмір, экономика саласында қандай өзгерістер болуы мүмкін?


Төртінші өнеркәсіптік революция – ұлттың өркендеу дәуірі



жүктеу 412,32 Kb.
бет2/3
Дата22.11.2022
өлшемі412,32 Kb.
#40281
1   2   3
философия промыш

Төртінші өнеркәсіптік революция – ұлттың өркендеу дәуірі



Nurgali NurtayЖурналист


Адамзат тарихы өнеркәсіп­тік революциялардың бірнеше сатыларынан өтті.

Бүгінде әлемдік қауымдастық төр­тінші өнеркәсіптік революция туын­датқан қарқынды технологиялық, эко­но­микалық және әлеуметтік өзгеріс­терге қадам басты. Жалпы анықтама­ларға сәйкес, төр­тін­ші өнеркәсіптік ре­волюция – жаһандық заттар өнеркәсіптік желілері мен қызметке бірігу келешегі негізі­ндегі толықтай автоматтандырылған цифрлық өндіріске өту, басқарылатын интеллектуалды жүйелер болып та­былады.
Әлемдік экономика жаһанданудың ықпалынан бөлек, технологиялық өр­кендеуге байланысты өзгерістер кезеңін басынан кеші­руде. Алдағы уақытта төртінші өнеркәсіптік революция қарсаңында тұрған елдердегі үйреншікті технологиялық процестерді түрлі технологиялар мен өнеркәсіптік тың жаңа­лық­тар өзгертеді. Өнер­кәсіп салаларындағы техно­логиялар бірігіп, өзара шек­теулер жо­йылады.
Қалыптасқан жаңа сын-тегеу­ріндерге әрбір мемлекет дайын болуы керектігі түсі­нікті. Әрбір ел мен ұлттың өр­кендеуі терең институционалдық реформалар жүргізу және экономика құрылымына са­па­лық өзгерістер енгізумен байланысты. Бұл экономикада матери­алдық, адами және қаржылық ресурстарды тиімді пайдал­ану үшін қажет. Тәуел­сіз елімізде қазіргі заманауи шарттарға сәйкес әзірленген стратегиялық және бағдарла­малық құжаттар ретінде «Қа­зақстан-2050» Стратегиясы, Ұлт Жоспары бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі 100 нақты қадам, «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге­ қабілеттілік» атты мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы, «Болашаққа бағдар: рухани жаңғы­ру» бағдарламалық ма­қаласы, «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламаларын атай аламыз.
Жаңа ақпараттық техно­ло­гиялардың кеңінен таралуы қоғамды жаңаша түсінуге және қалыптасқан ақпараттық-коммуникациялық технологиялардағы ақпараттық қоғамды «желілендіруге» ықпал жасады. Осы желілер заманауи қоғамның жаңа әлеуметтік құрылымын жасау арқылы күнделікті өмір, өндіріс, мәдениет және билікпен тығыз байланысты үдерістер нәтижесіне әсер ете­тіндігін дәлелдеді. 2000 жылдың 22 шілдесінде қабылдан­ған Жаһандық ақпараттық қоғамның Окинава Хартиясында көрсетілгендей, «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар – ХХІ ғасырдағы қоғамды қалыптастыруға ықпал жасайтын ерекше ма­ңыз­ды факторлардың бірі». Елімізде ақпараттық қоғамға көшуге ықпал ететін барлық қажетті жағдайларды жасау және «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпы­ға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» атты 2012 жыл­ғы 10 шілдедегі мақалада беріл­ген Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау үшін 2013 жылы «Ақпаратты Қазақстан - 2020» мемлекеттік бағдарламасы әзірленген болатын. Жоғарыда аталған Оки­нава Хартиясымен қатар, Ақпаратты қоғам құру қағидаттары декларациясы (Женева, Швейцария, 2003 жыл), Тунис мін­деттемесі іс-қимыл жоспары (Тунис, Тунис Республикасы, 2005 жыл), басқа да халықаралық құжаттардың, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Прези­дентінің 2010 жылғы 1 ақпандағы №922 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарының негізгі ережелері ескерілген бағдарламаның басты­ міндеттері қатарына мемлекеттік басқару жүйесінің тиімділігін қамтамасыз ету, ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның қолжетімділігін қамтамасыз ету, қоғамның әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуы үшін ақпараттық орта құру, отандық ақпараттық кеңістікті дамыту жатады.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың осы жылғы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауы еліміздің ілгері дамуы үшін жасалған маңыз­ды стратегиялық бастамалардың логикалық жалғасы болып табылады. Жолдау тақырыбы айтып тұрғандай, құжатта еліміздің төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктеріне ерекше назар аударылады. Төртінші өнер­кәсіптік революция жағда­йындағы тарихи өрлеу бас­тауында тұрған ұлт болуымыз керектігіне көңіл бөлінген. Ол үшін Елбасы шешуіміз тиіс әрқайсысының жүгі бөлек, түсінікті әрі айқын он міндет­ті атап көрсеткен болатын.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» атты халық­қа үндеуінде де төртінші өнер­кәсіптік революция жағда­йындағы жаңа экономика сұраны­стары туралы айтылады. «Қазір жыл сайын бөлі­нетін 54 мың грантқа қосымша 2018-2019 оқу жылында тағы 20 мың грант бөлу керек. Оның 11 мыңы техникалық маман­дықтар бойынша бакалаврлық білім беруге тиесілі болады. Бұл төртінші өнер­кәсіптік революция жағдайындағы жаңа экономикада зор сұранысқа ие болатын сан мың жаңа маманды даярлауға мүм­кіндік береді. Мұнда ең алды­ме­н инженерлер, ақпараттық технология, робот техникасы, нанотехнология саласының мамандары туралы сөз болып отыр» делінген.
Адамзат тарихы өнеркәсіп­тік революциялардың бірнеше сатыларынан өтті. Бірінші өнеркәсіптік революция қоғам мен экономикалық құрылымға ерекше ықпал жасады. Бу қазандығының пайда болуы қалалардың өрлеуі және алғаш­қы зауыттардың ашылуына әсер етуімен қатар, өндірістің дамуына қажетті нақты ғылымдардың ілгерілеуіне серпін берді. Екінші өнеркәсіптік рево­люцияның негізгі қозғаушы күші болған электр қуаты өндіріс екпінін үдете түсті. Өнеркәсіптік революцияның үшінші кезеңі сандық техно­логиялардың қалыптасуы және оның өндірісте енгізілуімен ерекшеленді. Бүгінде техно­логиялар тез өзгереді және ескір­у жылдамдығының шапшаңдығы өте жоғары.
Төртінші өнеркәсіптік революция жаһандық бәсекелес­тік жағдайында барлық елдер­дің әлемдік қауымдастықтағы орны мен рөлін ауыстыруы мүмкін. Технологияларды заман­ талабына сай дамытқан мемлекет ғана қарыштап да­миды. Сондықтан Елбасының 2018 жылғы Қазақстан халқына­ Жолдауындағы міндеттер елі­міздің жаңғыру бағытындағы жұмыстарын ілгерілетіп, жаңа жетістіктерге жеткізетіндігіне сенеміз.
Төртінші өнеркәсіптік революцияның қоғам мүшелері үшін маңызды қызметі ретінде­ азаматтық қоғам мен билік арасындағы тығыз өзара қимылдарды жүргізуге ықпал жасауын да айта аламыз. Барлық басқару құрылымдары мен әлеуметтік процестерге ақпараттық технологиялардың енуі осы қарқынды процестің нәтижесі деп білеміз. Электронды үкімет жүйелерінің дамуы, әсіресе еліміздегі «egov.kz» «мемлекеттік қызметтер мен ақпарат онлайн», шын мәнін­де, бюрократиялық кедергілер­ді, сыбайлас жемқорлық бел­гілерін азайтатындығы анық. Бұл технологиялардың мемлекеттік құрылымдарға енуі қоғамдағы барлық процестерге­ сырттан әсер етуге тосқауыл қояды. Сонымен қатар, элек­тронды үкімет жүйелері ар­қылы мемлекеттік құрылымдардың қызмет көрсетуін ба­қылауға мүмкіндік туады, азаматтардың қызметтің жүру бары­сын қадағалауына да жағ­дай­ жасалады.
Бүгінде билік органдары үшін ақпараттың ашықтығы өте маңызды мәселе болып табылады. Ақпараттың ашықтығын арттыру міндеті бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара байланыс, аймақ тұрғындары, инвесторлар мен журналис­терге дайындалған арнайы іс-шаралар көмегімен жүзеге асады­. Ақпараттың ашықтығын арттырудың негізгі құралдарының бірі ретінде жергілік­ті мемлекеттік органның ресми­ сайты және әлеуметтік желі­лер­дегі белсенділігі де саналады.
Ресми сайт қызметінің не­гізгі қыры ретінде оның қарапайымдылығы мен қолдануда­ғы оңтайлылығы деп ойлаймыз. Сонымен қатар, сайттағы ақпараттардың өзектілігі, ашықтығы, мөлдірлігі, интербелсенділігі, тұтынушыға ба­ғыт­талуы, қолжетімділігі өте маңызды. Барлық деңгейдегі әкімдіктердің ресми сайттары өңірдің төлқұжаты болып табы­латындықтан, оның маз­мұнына ерекше мән беруіміз қажет. Әсіресе, беріліп жатқан ақпараттардың ағылшын тілін­дегі нұсқасы басты назарда болуы­ тиіс. Өйткені, өңір тура­лы ақпарат алу барысында, әсіресе шетелдік инвесторлар ең алдыме­н аймақтың ресми сайты­на назар аударатындығы жасырын емес.
Бүгінде кейбір ғалымдар арасында төртінші өнеркәсіп­тік революция түсінігімен қатар, индустрияландыру 5.0 ұғымын пайдаланушылар да кездесіп жатыр. Әрине, бұл көзқарастардың пайда болуы дұрыс та шығар. Өйткені үшін­ші және төртінші өнеркәсіптік революциялар арасындағы ұзақтық тым жақын. Зерттеу­шілердің болжамы бойынша келесі өнеркәсіптік революция болып табылатын индустрияландыру 5.0 азаматтық қоғам, басқару мен құрылым, адам бірегейлігіне ықпал жасайтын, экономикалық және өндірістік зардаптары болуы мүмкін жүйелі өзгерістерді тудыруы ықтимал.
Соңғы жылдары Елбасы Н.Назарбаевтың Қазақстан халқы­на арналған жолдаулары Үшінші жаңғыру және төртін­ші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктеріне арналуда. Сондықтан еліміз үшін экономикалық даму парадигмаларын түбегейлі өзгерту және оны төртінші өнеркәсіптік револ­юция қағидаларына сай бағыттау маңызды болып табылады. Елімізде жүзеге асып жат­қан мемлекеттік бағдарламалар осы бағытта жұмыс істеп жатыр. Бұл үшін мемлекетіміз­дің экономикалық, әлеумет­тік, саяси, технологиялық, мәдени және рухани әлеуеті жоғары деп есептейміз. Ал, Елбасының осы жылғы Қазақстан халқына Жолдауы аясындағы міндеттерді орындау барысында мемлекеттік органдар, азаматтық қоғам, барлық ел тұрғындарының жұмылуы төртінші өнер­кәсіптік революция кезеңіндегі еліміздің әлемдік қауымдастықта лайықты орын алуы­на септігін тигізеді.
Төртінші өнеркәсіптік ре­волю­ция басқарудың құрал­дары мен әдістерінің жаңғы­руына әкелуімен қатар, басқару­ қызметі заманауи қоғамдағы әрекеттердің түбегейлі өзгеріс­теріне ұшырайды. Жаңа технологиялық әрекеттер адам мен техника арасындағы өзара қимылдарды өзгертуімен бірге, адамзаттан жаңғыртылған кәсі­би дағдыларды талап етеді. Бұл тұста құнды кадрларды даяр­лауды дамытуға мән беріледі.
Төртінші өнеркәсіптік револю­ция дәуірінде еңбек нарығ­ында түбегейлі өзгеріс­тер орын алады. Индустрияландыру 4.0 кезеңіне жаңғыртылған түрде жұмыс істейтін қызметкерлер қажеттілігі туындай­ды. Қоғам кәсіби ма­ман­данған, өзін-өзі ұйым­дас­тыра алатын, әлеуметтік дағдылары қалыптасқан тұлғаны таңдайды. Сондықтан еліміз үшін рухани дүниетанымы бай, іскер, білімді азаматтардың қызметіне сұраныс артады.
Индустрияландыру 4.0 кезеңінде қолданылатын техниканың адамға бейімделуін назар­дан шығармайтын ұйымдастыру-техникалық жетілдіру­ міндеттерін шешуге бағыт­талған әлеуметтік-техникалық жүйелердің ерекшелігі мол. Адам еңбегінің өнімділігі, қауіпсіздігі, денсаулығы мен жұмысқа қабілеттілігін сақтау сынды адамзаттың ерекшеліктері мен мүмкіндіктерін өнді­ріс ортасына бейімдеу маңызды саналады. Бұл процесте адам – техника – өндірістік орта сынды жүйелердің өзара әрекеттерін кешенді зерттей­тін эргономика ғылымының же­тістіктерін пайдаланған жөн.
Жалпы, төртінші өнер­кә­сіптік революция әкелетін мүмкіндіктер мен туындатуы мүмкін қиыншылықтар барлығымыздың мәселеге сын көзбен қарауымызды талап етеді. Қоғам мүшелері мәселенің мәнін түсінген жағдайда ғана өзгермелі шарттарға тез бейім­деледі, ал еліміз мерзімі жеткен­ реформаларға дайын болады.

жүктеу 412,32 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау