4) Иллюстрациялы материалдар: карта
Бақылау сұрақтары:
1. Фашистік Германияның жоспарында Қазақстан қандай орын алған?
2. Қазақстан экономикасын әскери бағытқа ауыстыру процесі қалай жүргізілді?
3. Қазақстандықтар қандай майдандарда ерлік көрсетті?
4. Азат етілген облыстарға Қазақстан қандай көмек көрсетті?
5. Ұлы Отан соғысында кеңес халқының жеңісінің маңызы неде?
СОҒЫСТАН КЕЙІНГІ ЖӘНЕ “ЖЫЛЫМЫҚ” ЖЫЛДАРЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН (1946 – 1964 ЖЖ)
Құзыреттіліктер - соғыстан кейінгі жылдардағы қоғамдық-саяси өмірге, Сталиннің жеке басына табынушылыққа, 1946-1964 жж. республиканың әлеуметтік-экономикалық дамуында тепе-теңдіктің болмауына сипаттама беру
1 Соғыстан кейінгі жылдардағы Қазақстан (1946-1953 жж.)
2. «Хрущев жылымығы» жылдарындағы Қазақстан (1953-1964жж.)
3. Тың және тыңайған жерлерді игеру.
4. Мәдениет және білім беру салаларының даму проблемалары
Республикадағы әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық–саяси ситуация. Экономиканы бейбіт өмірге лайық қайта құру басталды. Еліміздің экономикасы ауыл шаруашылығын реформалау қолға алынды. КПСС ХХ съезі –Сталиннің жеке басқа табынуын айыптады. Экономиканы басқаруды реформалау халық шаруашылығын территориялық өндірістік басқару принципі енгізілді.
Тың және тыңайған жерлерді игеру экономиканы экстенцифтендіру бағытының жалғасы болды. «Тың және тыңайған жерді игеру» елімізге экологиялық зардаптарын тигізді. Өнеркәсіп пен транспорттың дамуы күрт өсті қала құрылысын құрастыру өндірісімен жаңа қалалардың қалыптасуы өріс алды. Қоғамдық саяси өмірдегі «жылымық» пайда болды. Әміршіл -әкімшіл жүйелердің кемшіліктері көбейді. «Дамусыз өсу»-экономиканы басты сипатын болды. Елімізде тапшылық мәселесі өсті.
Соғыстан кейін интеллегенцияны кудалау қайта басталып, «Бекмахановтың ісі» деген науқан ұйымдастырылды. Соғыс жылдарында ол белгілі тарихшылар А.П. Кучкин, А.М. Панкратова, Б.Д. Греков., Н.М. Дружининдермен бірге Қазақстан тарихын жазуға қатысты. 1947 жылы «Қазақстан ХІХ ғасырдың 20-40-шы жылдарында» атты кітабын жариялады. Осыдан соң болған ұлтшыл деген айып тағылып, 1952 жылы 2 желтоқсанда 25 жылға сотталды. Ғалымдар А. Жұбанов, Қ. Жұмағалиев, Б. Сүлейменов, Қ. Сәтпаев жазушылар М.Әуезов, Ю. Домбровский қудалауға ұшырады.
Тіптен қазақ халқының ұлттық эпосы да айыпталып, «Қобылданды», «Ер Сайын», «Шора батыр», «Ер Едіге» сияқты тарихи жырларға тиым салынды. Ақын-жазушылардың творчествосына идеологиялық бақылау күшейтілді.
1949ж. 29 тамызында Семей полигонында ең алғашқы ядролық заряд жарылды. 1964 жылға дейін атмосферада 113 жарылыс жасалып, 1964 жылдан кейін сынай жер астында өткізіле бастады. Барлығы 143 жарылыс жасалды. Бұл жарылыстар Қазақстанға орасан зор экологиялық зардаптар алып келді.
1954 жылы Қазақстанда тың және тыңайған жерлерді игеру басталды. Тек 1954-1955жж. Екі жылдың ішінде ғана республикада 18 млн. гектар тың жерлер игерілді. Осының нәтижесінде астық өндіру артып, ол жыл басына шаққанда 2 мың га. жетті.
Сонымен қатар тың игерудің жағымсыз жақтары да болды. 1960 жылға дейін Қазақстанда 9 млн. га жер жел эррозиясына ұшырап, құнарсызданды. 1954-1962жж. аралығында Қазақстанға Одақтың Еуропалық бөлігінен 2 млн. жуық адам көшіп келді. Республикада қазақтардың үлес салмағы 30 процент қана болып, қазақ тілінің сақталуына қатер төнді.
Тоқырау кезеңі дейтін 1971-1985 жылдар аралығында Қазақстан экономикасы бұрынғысынша техникалық прогресске қабілетсіз, қарабайыр (экстентивті) әдіспен жұмыс істеді. Соның өзінде халық шаруашылығының дамуында кейбір келелі көрсеткіштерге қол жеткізді. Мәселен, осы жылдарда өндіріс және ғылыми өндірістер құрылымдарының саны 28-ден 162 дейін, оның ішінде кәсіпорындар 97-ден 610 дейін өсті. Энегетикада электр энергиясын өндіру одан әрі шоғырланып, орталықтандырылды. 1975ж. республиканың барлық кәсіпорындары дерлік бір орталықтан электр қуатымен жабдықталды. Шевченко қаласында шапшаң нейтронға негізделген аса ірі атом реакторы жұмыс істеді. Минерал тыңайтқыштар шығару 1,8 есе, сары фосфор өндіру 2,5 есе артты. Машина жасау және металл өңдеу саласындағы өсудің жылдық орташа қарқыны 12 процентке жетті. Республиканың машина жасау саласы машиналардың, механизмдердің, приборлар мен жабдықтардың 2 мыңнан астам түрлерін жасап шығарды. Республикада мұнай өндіру бесжылдықта 1,8 есе, ал газ өндіру 2,5 есе артты. Бұл көрсеткіштер оныншы және он бірінші бесжылдықтарда да кеміген жоқ. 1980 жылы 250-ге жуық кәсіпорын, ірі өндірістер мен цехтар қатарға қосылды; өндірістің жаңа салалары пайда болды; өнімнің 700-ден астам түрін шығару, оның ішінде 150 жаңа түрін шығару елімізде тұңғыш рет игерілді. Өнеркәсіп өнімі 18,3 процент артып, 22 миллиард сомға жуық болды; астық өндіру мұның алдындағы бесжылдықпен салыстырғанда 27 процент, ал астық дайындау 33 процент артты. Әсіресе, 1979 жылы үлкен табыстарға қол жетті. Сол жылы Республика 1 млрд. 262 млн. Пұт немесе 20 миллионнан астам тонна астықты мемлекет қоймасына құйды. Дегенмен, бұл жылдарда бірыңғай халық шаруашылығы жүйесіне әбден кірігіп кеткен республика эконо-
микасы қалыпты да қарқынды дами алған жоқ. Өнеркәсіп өнімінің кейбір түрлерін өндіру жөніндегі жекелеген экономикалық көрсеткіштер бойынша жоспарлық тапсырмалар орындалмады. Өндірісті жоспарлауда кемшіліктерге жол берілді, жаңа өндірістік қуаттар кешігіп іске қосылды. Жоспарлық, технологиялық және еңбек тәртібін бұзушыларға жол берілді, ғылым мен техникалық жетістіктері өндіріске жеткілікті дәрежеде тез енгізілмеді.
Осы жылдарда мәдениет саласының материалдық техникалық негізін нығайтуда біраз жұмыстар жүргізілді. Республикада мәдени объектілердің құрылысы жаңа типтік жоба бойынша, мектеп пен мәдениетің мекемелерінің алдына өмірдің өзі қойған жаңа талаптар ескеріле отырып жүргізілді. Алматыда Қазақ политехникалық, Энергетика институттары, Халық шаруашылығы институты жақсы жабдықталған жаңа үйлерге көшті. Республика астанасында Университет қалашығының құрылысы жүргізілді. Тоғызыншы және оныншы басжылдық жылдарында жаңа баспалар құрылды. Бұлар –«Қайнар», Қазақ Совет Энциклопедиясы, жастарға арналған «Жалын», «Өнер» баспалары. Республикада жылма-жыл қазақ, орыс, ұйғыр, неміс, корей тілдерінде 30 миллиондай дана таралыммен 2 мыңға жуық кітап шығып тұрды. Бір жолғы таралымы 5 миллион данамен 415 газет, ондаған журнал шығарылды. 1970ж. қарсы телевизия республиканың барлық облыстарына дерлік енді. Телевизия бағдарламаның тәуліктік орташа көлемі 270 сағатқа дейін артты. Қазақстанда телевизияның 15 программалық орталығы және осынша студиясы, сондай-ақ телевизия бағдарламасын таратып және қабылдап алып қайта тарататын тарату жүйелері істеді. 4 республикалық және 19 облыстық бағдарламалар арқылы радио хабарлары қазақ, орыс, ұйғыр, корей тілдерінде жүргізілді.
1977 ж. республикада жоғары оқу орындарының саны 50-ге, ал арнаулы оқу орындарының саны 220-ға жетті. Жоғары оқу орындары мен техникумдарда 500 мыңдай студент оқыды. Республика халқының әрбір 10 мың адамына 160 студенттен келді. Бірақ экономикадағы тежеу мен тоқырау құбылыстары қоғам өмірінің басқа жақтарына да салқының тигізбей қоймады. Келеңсіз процестер әлеуметтік саланы мықтап шарпыды. Әлеуметтік — мәдени саланы дамытуға қаржы бөлудің "қалдықтық принципі" қалыптасты.
Тоқырау жылдары деп айдар тағылған кезеңде барлық жерлердегі сияқты Қазақстанда да ел бақару ісінде жағымпаздық, парақорлық, рушылдық, жершілдік сияқты көптеген келеңсіз құбылыстар кеңінен орын алды. Бұл жылдары ұлт саясатында, әлеуметтік-экономикалық және кадр мәселелерінде көптеген ауытқушылыққа, бұрмалаушылыққа жол берілді. Жалпы барлық кеңес қоғамы үшін бұл кезде қоғамдык ойдың мәні өзгеріп, сөз бен істің арасында алшақтық, қайшылық кең өріс алды. Республиканың басшы органдарына орталықтан басшы кадрлар жіберу кеңінен орын алды. Оларды қызметке жібергенде жергілікті жерлердің пікірі, республиканың тарихи жағдайы, оның дәстүрлерімен санаспады. Мұндай жағдай 1986 ж. желтоқсан айында Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің бірінші хатшысы Д.А. Қонаев жолдасты орнынан алынған кезде айрықша көзге түсті. Пленум мәжілісі 18-ақ минутқа созылды. Осы уақытта Д.А. Қонаевты орнынан алып, оның орнына Мәскеуден жіберілген Г.В. Колбин сайланды. Мұның өзі қайта құрумен, демократиядан үлкен үміт күтіп отырған республика халқының, соның ішінде қазақ жастарының наразы-
лығын туғызды. Пленум өткеннен кейінгі екінші күні орталық Партия Комитеті үйі алдындағы алаңға өздерінің Пленум шешімімен келіспейтіндегін білдіру үшін жұмысшы және студент жастар, оқушылар т.б. жиналды. Олардың қолдарында ұстаған ұрандарының арасында "Әр халықтың өз ұлттық көсемі болуы керек" деген ұрандар болды. Мұндай көсемнің Қазақстанда тұратын орыс халқы өкілдерінен де болуы мүмкіндігі айтылды. Алаңда болып жатқан жағдай, республика басшылары соның ішінде Г.В. Колбиннің ойында қазақ жастарының арасында елдегі социалистік құрылысқа қарсы астыртын әрекет, ұлтшыл ұйым бар деген пайымдаумен арам пиғылды тұғызды. Үрейленген партия басшылығы Мәскеудің мақұлдауымен Алматыға басқа жерлерден арнайы әскер бөлімдері шақырылды. Қалада қақтығыстар басталып, жастар қатты зардап шекті. Олардың барлығы ұлтшыл деп айыпталды.
1987 ж. 14 наурызда өткен Қазақстан Компартиясы Орталық Комитеті Пленумының шешіміне сәйкес партия ұйымдарын тазалау басталды. Жергілікті кадрларды қуғынғы салған Г.В. Колбин Орталық Партия Комитеті бюро мүшелерінің пікірлерімен санаспады, олардың талаптарын, қабылдамады, мәселелерді көп жағдайда өз еркімен шешті. 1989 ж. Г.В. Колбин басқа жұмысқа ауысып, Мәскеуге кетті. Оның орнына 1989 ж. шілдеде Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің бірінші хатшысы болып Н.Ә. Назарбаев сайланды.
Қайта құру арқасында қазақ халқы өзінің тарихы, ұлттық қайта дамуы, тілі, мемлекеттік егемендік алу жөнінде талаптарын қоя бастады, бұл мәселелер жаңа қырынан көрініс тапты.
Тарихымызда 1970-1980 жылдар тоқырау кезеңі деген атаумен белгілі. Сәл алдын 20-жылдан кейін коммунистік қоғам құруды уәде еткен партия басшылығы 1977 ж. Конституцияда кемелденген социализм қоғамын жариялады. Кеңес Одағының барлық территориясында ұлттық проблемалар елде қылмыс, коррупция күшейіп кетті. Ел бұрынғы басқару жүйесімен келісе алмады. 1985ж. елде қайта құру басталды. Демократияның алғашқы қарлығаштары қазақ жастары болды. Тарихымызда 1986 ж. желтоқсан оқиғасы қазақтардың өзін-өзі басқаруға, тәуелсіздікке ұмтылуындай баға алады.
4) Иллюстрациялы материалдар: презентация, карта
Бақылау сұрақтары:
1. ХХ ғ. 50-60 жж. республиканың қоғамдық-саяси өмірі қандай ірі оқиғалармен сипатталды?
2. Экониканы бейбіт өмірге қайта құру қалай жүргізілді?
3. Ауыл шаруашылығын көтеруде қандай әрекеттер жасалынды?
4. Тың және тыңайған жерлерді игерудегі қателіктер мен артықшылықтардың көрінісі неде?
5. Н.С. Хрущевтің реформасының жартылылығының көріністері неде болды?
6. Ауыл шарушылығын дамуында қандай дағдарыстық көріністер пайда болды?
7. Кеңес қоғамынының барлық буынында тоқыраулық көріністер неден пайда болды?
8. 1970-80 жылдардағы мәдениет пен білімнің дамуындағы тенденциялар қандай?
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ, РУХАНИ «ТОҚЫРАУЛАР» ЖӘНЕ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ПРОБЛЕМАЛАР (1960 Ж ІІ ЖАРТЫСЫ – 1980 Ж І ЖАРТЫСЫ)
Құзыреттіліктер - 1965-85 жылдардағы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуының тенденцияларын, қазақстандық қоғамның барлық саласында тоқыраулық көріністердің белен алуын көрсету.
1. Қазақстандағы шаруашылықтық, рухани тоқырау.
2. Тоқырау кезеңінде экологиялық мәселелердің өршуі.
3. КСРО-ның ірі кәсіпорындарының дамуына Қазақстанның қосқан үлесі.
4. Әдебиет және өнер, ғылым салаларындағы жетістіктер мен кемшіліктер.
Соғыстан кейінгі жылдардағы Қазақстанның әлеуметтік – саяси және экономикалық дамуының ерекшеліктері. Қазақстанның азат етілген аудандарды қамқорлыққа алуы.Қазақстан шефтік көмекке алған республика, облыс, аудандар. Қазақстан жаңа кәсіпорындарының КСРО – ның қорғаныс жабдықтарын шығаруға ауысуы. Аталған мақсаттағы жаңа кәсіпорындары, құпия қалалардың пайда болуы. Семей ядролық, т. б. сынақ алаңдарының ашылуы. Байқоңыр космодромының іске қосылуы. Отын – энергетикалық базаның дамуы. Жаңа ірі комбинаттар, шикізат орындарының ашылуы.(Ертіс химия – металлургия зауыты, Екібастұз көмір кенінің бірінші разьезі, Соколов – Сарыбай кен байыту комбинаты, т. б.). Су, автомобиль, әуе жолдарының дамуы. Ұлттық ғы-лыми – техникалық мамандар, маманданған жұмысшы кадрлерінің өсуі. Елдегі карточкалық жүйенің жойылуы. Қазақстан халық шаруашылығының шикізаттық негізде дамуының сақталуы. Ауылшаруашылығындағы қиыншылықтардың орын алуы.Елдегі тоталитарлық, әміршілдік жүйенің одан ары күшеюі. Оның қоғамның барлық саласына енуі. Репрессия, т. б. жазалау шараларының жалғасуы. Қазақстандағы “Бекмахановтің ісі.” Республикадағы белгілі ақын – жазушылар, ғалымдарды қудалаудың жалғасуы.
Сталиннің қайтыс болуы. Елдегі жаңа партиялық – мемлекеттік басшылық. Оның жүргізген саясаты. Н. С. Хрущевтің саяси билік басына келуі. КОКП 20 сьезі. Оның шешімдері. Сталиндік жеке басқа табынуды айыптау.
Елдегі өндірісті дамытудағы атқарылған шаралар. Партиялық биліктің жаңа түрлерін енгізу. Шаруашылықты басқарудың шексіз орталықтандырылуын шектеу шаралары. Одақтас республикалардың хұқықтары мен мүмкіншіліктері, дербестіктерін арттырудағы басталған істер.
КОКП – ның 1954 жылғы ақпан – наурыз Пленумы, оның шешімдері. Қазақстандағы тың және тыңайған жерлерді игерудің басталуы. Оның мақсаты, барысы. Қорытындысы. Қазіргі күнгі баға.
40 – 50 жылдардағы елдегі мәдени – ағарту шаралары. Жаңа жоғары оқу орындарының ашылуы. Республика Ғылым Академиясының құрылуы. Қазақстан ғалымдарының ашқан жаңалықтары. Қазақстан жазушыларының жаңа шығармалары. Олардың көтерген тақырыптары.
КОКП – ның 1964 жылғы қазан Пленумы. Партия мен мемлекет басшылығының ауысуы. Л. .И. Брежневтің саяси билікке келуі. Басқарудағы субьективистік және волюнтаристік әдістің сыналуы. Экономиканы реформалау шараларының орындалмауының себептерін айқындау.1965 жылғы шаруашылық реформалар. Экономика мен қоғамдық өмірдегі қайта құрулар мен қарама – қайшылықтар. Шаруашылық есеп және оның жартыкештігі. 1966 – 70 жылдардағы халық шаруашылығын өркендетудің 8 бесжылдық жоспары. Оның нәтижесі. Аталған кезеңдегі Қазақстандағы өнеркәсіптегі жалпы өнім өндірудің артуы.
Еңбектің тиімділігін арттыру шаралары. Қазақстандағы жаңа өнеркәсіп орындарының салынуы. Теміржол байланысының жаңа жүйелерінің іске қосылуы. Республика экономикасының шикізаттық бағытының одан ары жалғасуы. Қазақстан өнеркәсіп орындарының қорғаныстық маңызының артуы. Республиканың экологиялық жағдайының нашарлауы.
Ауылшаруашылығындағы еңбек өнімділігінің артуы. Қазақстанның елдің ірі астық өндіру аймағы болып қалыптасуы. Экономиканы дамытудың экстенсивті жолының сақталуы, оның Қазақстандағы көрінісі.Аталған кезеңдегі халыққа білім беру, денсаулық сақтау, ғылымдағы, спорт пен мәдениеттегі жетістіктер және оның қарама – қайшылығы.
“Тоқырау” кезеңі дейтін 1971-1985 жылдар аралығында Қазақстан экономикасы бұрынғысынша техникалық прогреске қабілетсіз, қарабайыр әдіспен алға басты. Бұл жылдары өнеркәсіпті өркендетуге 40,8 млрд сом немесе халық шаруашылығын бөлінген барлық қаржының 32 пайызы жұмсалды. Негізгі өнеркәсіптік қорлар 3,1 есе артып, оның ішінде химия және мұнай-химиясында 6,5 есе өсті. 15 жыл ішінде өнеркәсіп өнімінің жалпы көлемі екі есе, ал машина жасау, Энергетика электр қуатын өндіру одан ары шоғырланып орталықтандырылды. 1975 жылы республиканың барлық кәсіпорындары дерлік бір орталықтан энергиямен жабдықталды. Шевченко қаласында шапшаң нейтронға негізделген, дүние жүзіндегі аса ірі атом реакторы жұмыс істеді. Минерал тыңайтқыштар шығару тоғызыншы бесжылдықта 1,8 есе, сары фосфор өндіру 2,5 есе көбейді. Машина жасау және метал өңдеу саласындағы өсудің жылдық орташа қарқыны 12 пайызға жетті.
Бұл көрсеткіштер оныншы және он бірінші бесжылдықтарды де еміген жоқ. 1980 жылы 250-ге жуық кәсіпорын, ірі өндірістер мен цехтар қатарға қосылды, өндірістің жаңа салалары пайда болды. Дегенмен, осы жылдарда КСРО бірыңғай халық шаруашылығы жүйесіне әбден кірігіп кеткен Қазақстан экономикасы қалыпты да қарқынды дами алған жоқ. Республика өнеркәсібінің жартысына жуығы одақтық министрліктің қарамағында болды. Одақтық ведомстволар республикадан шикізат ресурстарын сорып алып, аса зор пайда тапты. Бірақ, олар Қазақстан бюджетіне инфрақұрылымды дамытуға қаржыны жұмсамады деп айтуға болады. Олар өз қарауындағы кәсіпорындар арқылы жылына 15 млрд. Сом жалпы табыс алып отырса да, республикалық бюджетке бар болғаны 31 млн. сом немесе 1 пайыздан аз қаржы аударды. Міне, осындай және тағы да басқа себептермен байланысты өнеркәсіп өнімінің кейбір түрлерін өндіру жөніндегі жекешеленген экономикалық көрсеткіштер бойынша жоспарлық тапсырмалар орындалмады. Өндірістің жоспарлауда кемшіліктер орын алды, жаңа өндірістік қуаттар кешігіп іске қосылды. Жоспарлық, технологиялық және еңбек тәртібін бұзушыларға жол берілді, ғылым мен техниканың жетістіктері өндіріске жеткілікті дәрежеде тез енгізілмеді. Осының әсерінен, республика өндіріс орындары мемлекетке 1981 жылы 760 млн. сом 1982 жылы -1,0 млрд, 1983 жылы-1,3 млрд, 1984 жылы-1,64 млрд. сомға жоспарлы өнімді берген жоқ. Сонымен бірге өндіріс тиімділігі мен өнім сапасын арттыруда, ғылыми-технологияны дамуда, қазіргі заманғы техника мен технологияны игеруде еліміздің капиталистік мемлекеттерден кейін қалуы күшейе түсті. Бұл жылдарда жалпы өнім көрсеткішін қуалай өсіру ауыр өнеркәсіпте негізгі мақсатқа айналды. Күрделі құрылыста да солай болды, мұнда жұмысты атқарудың ұзақ мерізімге созылуы салдарынан ұлттық байлықтың едәуір бөлігі істен шығып қалып жатты. Қымбатқа түсетін, жоғары ғылым-техникалық көрсеткіштерге жетуді қамтамасыз етпейтін обьектілер салынды. Бірақ, осыған қарамастан республиканың басшылығы партияның кезекті сьездерінде елдегі ірі өнеркәсіп орынының, шахтаның, мұнай кәсіпшілігінің, комбинаттардың, зауыттарының қатарға қосылғаны туралы зор жігерленген рухта есеп беріп отырды. Еңбекті, материал мен ақшаны көп жұмса,ан қызметке немесе кәсіпорынның көрсеткіші жоғары бағаланды. Республика ілгерілеу қарқынына айырыла бастады, шаруашылықтың және мәдениеттің барлық саласында іркілес көбейіп, қиыншылықтар үсті-үстіне жинақталып, шиеленісе түсті, шешілмеген проблемалар көбейді.
1970-1980 жылдарындағы Қазақстанның ғылыми – техникалық прогрестің өндірісіне енгізіле бастауы және тау кен өндірісін механикаландыру және оның нәтижелері срндай-ақ мұнай өндіру салалары прогрессивті тәсілдерді негізу тақырыбындағы лекцияны шоли келе біз тақырыпты толығымен көптеген материалдар мен зерттеу жұмыстарын жүргізу арқылы лекцияның мәтінінде толығымен қамтып отырмыз.
Тоқырау кезеңін қамтыған үш бесжылдық аралығында ауыл шаруашылығын 1965 жылдан басталған реформалау әрі жалғасытырылды. Аграрлық салаға қаржыны көптеп бөлу, селолы әлеуметтік проблемаларын шешу, шаруашылық есепті енгізу, ауыл шаруашылық өнімдерінің сатып алу бағасын арттыру шаралары белгіленді. Осы бағытта тек 1971-1978 жж ауыл шаруашылық саласында 58,2 млрд. Сом бөлінді. Мұның нәтежесінде 1985 ж дейін негізгі егін шаруашылығы жұмыстары-жер жырту, тұқым себу, дәнді дақылдарды жинау, мал шаруашылығы саласындағы жұмыстар 75-90 пайызы техникаландырылды. Алайда, ауыл шаруашлығы проблемаларын тек күрделі қаржыны көбейту арқылы шешу жолы тиісті нәтеже бермеді. Аграрлық секторда аса маңызды орын алатын жердің құнарлығын арттыру, электрлендіру, ауыл шаруашлығы өнімдерін сақтайтын және өндейтін кәсіпорындар жеткілікті дәрежеде салынбады. Сондай-ақ село еңбеккерлерінің әлеуметтік-экономикалық проблемалары шешілмей қалды, сөйтіп бұл салада күткен бетбұрыс болмады, нәтежесінде ауыл шаруашылық өнімдерін өндіру тұрақсыз болды. Егістіктің шығымдылығы азайды, мал шаруашылық өнімдерін өндіру бірқалыпты жүрмеді. Бұл кезде ауыл шаруашылық секторының құрамында едәуір ұйымдық өзгерістер енгізіліп, колхоздардың есебінен совхоздардың саны көбейді. 1969 жылы республикада 879 совхоз бен 1355 колхоз болса, 1985 жылы колхоздар есебіне совхоздар саны 2140-қа өсіп, республикада 388 колхоз қалды. Сөйтіп, меншіктің кооперативтік-колхоздық түрінің үлес салмағы едәуір төмендеді, бірақ осыған қарамастан колхоздық меншіктік одан ары жетілуін көруге болады. 1971-1985 жылдары совхоздардың өнімі көбеймей бір орында қалса, колхоздарда ол орта есеппен 200 мың сомға дейін өсті.
Мал шаруашылығында жем-шөп базасы нығайтылды, жем-шөптік дақылдар егілетін алқаптар ұлғайтылды. Дегенмен мұның барлығы тек экстенсивтік шаруашылық негізінде іске асырылды. Атап айтқанда, жемшөптік дақылдар егілетін алқаптар сегізінші бесжылдықтағы 8824,4 мың гектарға дейін жеткілікті. 1985 жылы жоспарланғған 50 млн. қойдың орнына тек қана 35 млн. қой болды. Оған шопанның ауыр еңбегіне немқұрайды қарау, малды күтіп бағудағы қазақтың еңбек дәстүрін елемеу, халықтың ғасырлар бойы қалыптасқан, сыннан өткен технологиясының жоғалып кетуі үлкен әсерін тигізді.
Бір айтып кететін жай, бұл жылдары мал шаруашылығын өнеркәсіптік негізге көшіру басталды. Сондай-ақ ет және сүт өндіретін кешендер мен мал семіртетін алаңдар салынды, малды өсіріп, семіртетін мамандандырылған шаруашылық бірлестіктері, құнажындар өсіретін фермалар құрылды. Жалпы қуаиы 23 мың ірі қара малды жедел өсіріп, семіртетін төрт кешен: Алматы облысы бойынша 10 мың басқа арналған “Жетіген”, Шығыс Қазақстан облысында 5 мың басқа есептелген “Ждановский”, Орал облысында 5 мың басқа арналған “Правда” газеті атындағы, Ақмола облысында 3 мың басқа арналған “Шалқар” кешендегі жұмыс істеді. Шошқа өсіріп бордақылайтын “Волынский” (Қарағанды облысы) кешені қатарға қосылды. 1976 жылдың басына қарай 575 мың бас ірі қара мал, 418 мың шошқа, 1,7 миллионнан астам қой өнеркәсіптік негізде күтіп бағылды.
Республиканың жергілікті жерлеріндегі ауыл шарушылығы өндірісін ұтымды ұйымдастыру, оның тиімділігін арттыру бағытындағы кейбір ізденістер басшы органдар тарапынан қолдау таппады. 80-ші жылдардың басында жүргізілген сансыз көп қайта құрылар, эксперименттердің, бағаның интеграция мен мамандандырудың жаңа түрлерін және т.б енгізу ауыл шаруашылығының берекесін кетірді. Одан болдырған ауыл шаруашылығын қатаң әкімшілік бақылауға алынып, аяғында келіп дағдарысқа көшті. Істің жағдайы жаңа шешемдер қабылдау жолымен өзгертуге тырысу елеулі нәтеже бермеді.
Республиканың қоғамдық-саяси және мәдени дамуындағы жағдайы. ХХ ғ. 70-ші жж. Бірінші жартысында Қазақстанда халықтың әлеуметтік жағдайын көтеруде бірсыпыра істер атқарылды, республика жұмысшылары мен қызметшілерінің орташа айлық табысы едәуір өсті. Колхозшылардың кепілді еңбек ақысы көбейді, халықтың төмен айлық алатындары орташа айлық алатындар дәрежесіне көтерілді. Осы жылдары халықтың қоғамдық тұтыну қоры есебінен қамтамасыз ету біраз жақсарды. Оның едәуір бөлігі жәрдем, зейнетақы және стипендия төлеуге, тегін білім алуға, денсаулық сақтауға, мәдени және тұрмыстық қызмет көрсетуге жұмсалды. 1971ж. колхозшылар үшін де жұмысшылар мен қызметкерлерге. 1972-1974 жж. Соғыс және еңбек мүгедектеріне айлық орташа зейнетақы 33 пайызға көбейтілді, ал 1975 ж. Отан соғысының мүге-
дектеріне қосымша жеңілдіктер енгізілді.
Алайда, бұл шаралардың халықтың тұрмыс дәрежесіне көтеруге ықпалы аз тиді. Өйткені мемлекеттің және кәсіпорындардың бағаны көтеруі, тауарлар сапасының нашарлауы, тапшылықтың өсуі, ақы төлеудегі теңгермешілік т.б халықтың тұрмасыжағдайының төмендеуіне әкеп соқтырды. Оған ақшаның құнсыздануы әсер етті, тек 1970-1986 жж. Құнсыздануы 20 пайызға өсті. Әлеуметтік саладағы ең өткір мәселенің бірі-тұрғын үй мәселесі. Осы жылдары бұл мәселе бірсыпыра шешуін тапты: миллиондаған адам жаңа пәтер алып, өздерінің тұрғын үй жағдайын жақсартты Дегенмен халық санының өсуіне байланысты тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселесі аяғына дейін шешілмеді, оған үй салуға бөлінген қаржының азаюы себеп болды, тұрғын үй құрлысының жоспары орындалмады. Тек, он бірінші бесжылдықта ғана республикада 1,2 млн. шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілмеді, мектеп, аурухана, балалар бақшасын салу жоспары орандалмады.Сөйтіп, тоқырау кезіндегі келеңсіз процестер әлеуметтік саланы мықтап шарпынды. Әлеуметтік-мәдени саланы дамытуға қаржы бөлудің “қалдықтың принциптер” қалыптасты, яғни ол салаға таза өндірістік мақсаттардан артылған қаржы ғана бөлінді. Әлеуметтік мәселелер жөніндегі “кереңдік” пайда болды, ал өндірістің техникамен жабдықталуы, кадрлардың біліктілігі, нң бастысы-жұмыс сапасы артта қала бастады.
Достарыңызбен бөлісу: |