Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Халықаралық Гуманитарлық-Техникалық университеті
ТӨЛЕГЕН Ұ.Ш., ЖАНЫСБЕКОВ М.Ә.
ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҚАЗІРГІ ЗАМАН ТАРИХЫ ПӘНІНЕН СТУДЕНТТЕРДІҢ ДАЯРЛЫҒЫН ЖЕТІЛДІРУ
Оқу-әдістемелік құрал
Шымкент, 2017
ӘОЖ 94 (574) (075.8)
ББК 63.3 (5 Қаз) я7
Т65
Халықаралық гуманитарлық – техникалық университетінің ғылыми кеңесінде қарастырылған (хаттама №7, «28» ақпан 2017ж.)
Пікір жазушылар: Байтұр М тарих ғылымдарының кандидаты,
доцент
Қарабаева Г.Ө «Тарих және география»
кафедрасы меңгерушісі ауыл шаруашылық
ғылымдарының кандидаты, доцент
Төлеген Ұ.Ш., Жанысбеков М.Ә.
Т 65 Қазақстанның қазіргі заман тарихы пәнінен студенттердің даярлығын жетілдіру: Оқу-әдістемелік құрал. – Шымкент. 2017. – 144 б.
ISBN 978-9965-03-451-0
Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы» пәнінің негізгі мақсаты – отандық тарихтағы негізгі оқиғалардың мазмұны туралы ғылыми дәлелденген фактілер негізінде міндетті толық білім беру, тарихи-мәдени дамудың үздіксіздігі мен сабақтастығын дәлелді көрсету, рухани мұрагерліктің терең тамырларын, бұрынғы ұрпақтың қажырлы еңбегін, халықтың жеке тұлғаларын, тарихи тәжірибені және ұлттық дәстүрлерді құрметтейтін жастардың ұстанымын қалыптастыру.
ӘОЖ 94 (574) (075.8)
ББК 63.3 (5 Қаз) я7
ISBN 978-9965-03-451-0
Төлеген Ұ.Ш., Жанысбеков М.Ә.
КІРІСПЕ
«Өткенін білмеген, бүгінінің қадірін бағалай алмайды» демекші, тарих - шежіре қойнауы. Өткен дүниеміздің тарихы мен адамзат ұрпағының дамуы, мемлекетіміздің пайда болуы мен бүгінгі қоғам – мұның барлығы тарих пен тығыз байланысты.
“Қазақстан тарихында” ақтаңдақтар өте көп, сонымен бірге, тарихта орын алған қарама – қайшы түсініктерді түзету, жөндеу, бар түсініктерге қосымша
лар, өзгертулер енгізуді талап етеді.
Қазіргі уақытта Қазақстан тарихы пәнін оқытуға күрделі міндеттер жүктеліп отыр. Оның себебі де түсінікті. Еліміздің қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық жағдайында болып жатқан өзгерістерді былай қойғанда, білім беру саласындағы елеулі жаңалықтар, тарих пәнінің білім мазмұны мен оқыту әдістемесіндегі өзгерістер де жеткілікті. Тарих ғылымының, тарих пәнінің әдіснамалық мәселесі, оны шешу күрделі ғылыми ізденісті талап етеді.
«Қазақстанның қазіргі заман тарихы» пәні бойынша әдістемелік құралда жекелеген тақырыптардың дәрістері,практика сабақтарының тапсырмалары, студенттердің өзіндік жұмыстары ұсынылған.
Құралдың мақсаты - бағдарламада көрсетілген ғылым негіздерін білімгердің терең меңгеруіне және сол жұмыстың барысында олардың ойлау, таным қызметін дамытуға және оқытушыға әдістемелік көмек көрсету.
КІРІСПЕ. ХІХ-ХХ ҒАСЫРЛАРДЫҢ ТОҒЫСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН: ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖАҒДАЙ
Құзыреттіліктер - жастардың тарихи санасын қалыптастыруда ҚР тарихының орны мен мәнінің маңыздылығын студенттер игеруі керек. Сонымен қатар, ХІХ және ХХ ғасырлар тоғысындағы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық жағдайына сипаттама беру және ашып көрсету, жүргізіліп жатқан саясаттың ерекшеліктеріне студенттердің назарын аудару.
1.Қазақстанның қазіргі заманғы тарихының пәні, мақсаты және міндеттері, деректер мен тарихнамасы, кезеңдері.
2. Ұлттық тарихтың негізгі басымдықтары. «ҚР тарихи сананың қалыптасуның
тұжырымдамалары».Жетісуға
3. Орыс және басқа еуропалық тұрғындарды қазақ жеріне қорыныстандыру ісінің қарқын алуы
4. Қазақ қоғамының дәстүрлі шаруашылығындағы өзгерістер.
5. Қазақ жерінде өнеркәсіп ошақтарының қалыптасу ерекшеліктері
Тарих – адамзат қоғамының өткенін зерттейтін ғылым. Ол жер бетіндегі барлық халықтардың материалдық және рухани өмірі саласындағы сан ғасырлар бойындағы тәжірибесінің жиынтығы, бүгінге дейін өткен мыңдаған ұрпақтардың кейінге қалдырған мұрасы. Қоғамның әрбір мүшесі ұрпақтар зердесінің, бір сөзбен айтқанда, тарихи зерденің негізінде қалыптасады. Тарихи сана қоғамдық сананың жеке бір бөлігі болып табылады және дүниеге көзқарас жүйесінде маңызды орын алады. Тарихи сананы қалыптастыру жас ұрпақты өз халқының рухани өмірімен етене жақындастыруға, оның мәдениеті мен тарихының бастауларын түсініп өсуіне көмектесуі тиіс.
Қазақ халқының тарихы дүниежүзілік тарихтың маңызды бөлігі болып табылады. Түрік халықтарының қатарына жататын қазақтар саны жағынан олардың ішінде төртінші орын алады, ал территориясы жағынан дүние жүзі халықтарының ішінде алғашқы ондыққа кіреді. Тарихта әртүрлі этнонимдармен белгілі болған қазақтардың арғы ата-бабалары әрқилы қиын-қыстау жолдардан өтті, жат елдік басқыншыларға қарсы өз тәуелсіздігі үшін күрес жүргізді және дүниежүзілік өркениетке өздерінің лайықты үлесін қосты.
Алайда ғасырларға созылған орталық езгі кезеңінде үстемдік етушілер халықтардың бостандығын, жерін, табиғи байлықтарын, мәдени ескерткіштерін тартып алып қана қоймай олардың тарихи зердесін де өшіруге тырысты. Жаулап алынған елдердің халқын өздерінің тарихи дәстүрінде тәрбиелеу отарлық саясаттың маңызды құрамдас бөлігі болып табылады.
Қазақ халқының тарихын революцияға дейін де, одан кейін де Ресей тарихшылары жазды және империялық ұлы державалық идеология тұрғысынан түсіндірілді. Өз халқының тарихын шындық тұрғысынан қарастыруға ұмтылған ұлттық тарихшылар жазалауға ұшырап отырды.
Бүгінгі күні тәуелсіз Қазақстанның тарих ғылымының алдында үлкен де жауапты міндеттер тұр. Көпғасырлық орталық бұғауынан құтылған ол халықтың шындыққа негізделген тарихи санасын қалыптастыруы, жас ұрпақты отан сүйгіштік рухында тәрбиелеуі тиіс. Өткенді қайта жаңғыртуға тарихи деректер көмектеседі. Олар мынадай топтарға бөлінеді:
1.Заттай ескерткіштер (еңбек құралдары, қолөнер бұйымдары, үй тұрмысында қолданылатын бұйымдар, ыдыс-аяқ, киім-кешек, әшекей заттар, металдан жасалған ақшалар, қару-жарақ, тұрғын үйлердің қалдықтары және т.б.). Ежелгі замандардан қалған заттай ескерткіштерді зерттеумен арнайы тарихи ғылым-археология айналысады. Жер қыртысының қабаттарында заттай деректердің бай қорлары сақталған. Олар қазба жұмыстары арқылы бізге жетеді. Археологиялық ескерткіштер әлі жазу болмаған өте ерте дәуірлерді зерттеуде баға жетпес деректер болып табылады.
2.Этнографиялық ескерткіштер, яғни халқымыздың ежелгі тұрмыс бүгінге дейін жеткен қалдықтары: салт-дәстүрлері, діни сенім-нанымдары. Оларды зерттеумен этнография ғылымы айналысады.
3.Лингвистикалық ескерткіштер немесе халқымыздың тілінде сақталған тарихи деректер. Географиялық атаулар, жеке адамдардың есімдері, басқа тілден кірген сөздер, ескі тілдердің қалдықтары халқымыздың шығу тегін анықтауда, миграциялық үдеріс пен ежелдегі қоғамдық қатынастарды зерттеуде көп көмегін тигізді.
4.Фольклорлық материалдар, яғни халқымыздың ауыз әдебиетінің ескерткіштері-әртүрлі аңыз әңгімелер ертегілер, мақал-мәтелдер, тарихи жырлар, шежірелер.
5.Жазба деректер: тасқа, металлға, сүйекке, керамикаға жазылған ежелгі жазулар мен қағаз бетіне түскен әртүрлі қолжазба және баспа құжаттар. Қазақстан тарихы жөніндегі мәліметтер түрлі тілдерде: көне парсы, көне грек, латын, қытай, көне түрік, араб, парсы және орыс тілдерінде жазып қалдырылған.
6.Кино-фото-фотоқұжаттар деректердің ең жаңа түрлері болып табылады. Бұлар бізге және келешек ұрпақтарға ХХ ғасырда болып өткен аса ірі тарихи оқиғалардың тынысын, тарихи қайраткерлердің бет-бейнесі мен көрінісін жеткізді.
1995 жылдың шілде айында ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік саясат жөніндегі ұлттық кеңес «Қазақстан Республикасындағы тарихи сана қалыптасуының тұжырымдамасын» бекітті. Онда: «...өткен тарихымыздың шынайы бейнесін жасау-жалпыұлттық бірлігіміздің, Қазақстан Республикасының мемлекеттік бітімі қалыптасуының, оның егемендігін нығайтудың, азаматтық мен отаншылдықты тәрбиелеудің ең басты факторларының бірі болып отыр. Тарих - халықтың зердесі, ол содан қуат алады, ол содан әлеуметтік шығармашылыққа, жарқын болашаққа бастайтын шабыт алады»,- деп Отанмыздың тарихын оқытудың маңыздылығы атап көрсетіп, мемлекеттік саясаттың тарихи сананы қалыптастырудағы негізгі басымдықтары айқындады. Тарихи сананы қалыптастыру міндетін жүзеге асыру үшін мектепке дейінгі, мектептегі және жоғарғы оқу орындарындағы білім беру жүйесі, бұқаралық ақпарат құралдары, мәдениет мекемелері, қоғамда тарихқа ден қою, тарихқа деген құрмет пен тағзым, тарихты түйсіну ахуалын туғызуы тиіс болды.
Осындай игі шараның аясында Қазақстан тарихы пәні тек қане мектеп қабырғасында ғана емес, барлық жоғары жоғарғы оқу орындарындағы барлық мамандық студенттеріне міндетті пән ретінде оқытылып, мемлекеттік емтихан ретінде қабылдануда.
Тарих пәнінің оның ішінде Қазақстан тарихының мектепте 5 сыныптан бастап 11 сыныпқа дейін оқытылып, 11 сыныптың Ұлттық біріңғай тестісіне де негізгі пән ретінде енгені де белгілі. Тарих пәні сонымен қатар адамзат дамуының барлық сатысындағы әлемдік тарихты да қамтитыны белгілі. Ал, осындай өте үлкен тарихи кезеңіндегі сан қилы оқиғаларды тек қане дәріс, немесе мұғалімнің жетектеуімен оқушы санасында ұзақ уақытқа қалдыра алмайсың. Немесе, қазіргідей мектептен тыс уақытта да оқушының қолы жетер ақпараттық технологияның дамыған заманында жасөспірімдердің пәнге деген қызығушылығын арттыру үшін, ұстаз да өз пәнін жетік білетін, АКТ –ны меңгерген, кез-келген жайттардан шығар жолды оңай таба білетін, құзіреттілігі жан-жақты дамыған болуы қажет. Оқушы тарапынан қойылатын сауалдар өте көп, солардың жауаптарын қанағаттанарлықтай етіп беру де қажет.
Дәстүрлі сабақтардан бөлек заманауи оқыту технологияларының да басты назар аударатыны да диалогтық оқыту әдістері болып отыр. Диалогтық оқыту арқылы оқушының қызығушылығын арттыру, сөйлеу мәдениетін қалыптастыру, өзгелер алдында қысылмай, ойын ашық білдіруге, аудиторияны өзіне баурап алу қабілеттерін қалыптастырудың маңызы өте зор.
Әрине бұл жерде оқушының жас деңгейі, сыныптың қабылдау деңгейі, жалпы ахуалы, тақырыптың мазмұны мен ауқымы, ондағы фактілар мен деректердің күрделілігін де ескеру қажет. Оқушыларды неғұрлым төменгі сынып кезеңінде ойларын жүйелеуге дағдыландырсаң соғұрлым олардың жоғары сынып деңгейіне жеткенде ойларын бүкпесіз білдіру, өзгемен тез қарым – қатынас жасау дағдылары, кез-келген ортада өздерін ұстау мәдениеті де дами түседі.
Бұл ретте «Сыни тұрғыдан ойлау» жобасының: «Ой қозғау», «Миға шабуыл», «ЖИГСО-І», «ЖИГСО-ІІ», «Блиц-сауалнама», «Үш қадамды сұхбат», «6 неге?» сияқты әдістерінің көмегі өте зор. Сол сияқты, жұптық және топтық жұмысқа негізделген сабақта ортақ нәтижеге жету мақсатында жұптар немесе топтағы оқушылардың өзара диалогқа түсу әрекеттерінің барысында көшбасшылардың белсенділігі төмен оқушыларды да сабаққа тарту үрдісінің жоғары деңгейде қалыптасып келе жатқанын да байқадым.
Диалогтық оқыту тәсілінің мазмұнын саралай келе, жалпы сабақтарда мынадай өзгерістер бар:
• Ұяң оқушылардың топтық, жұптық жұмысқа өз еріктерімен кірісе бастағанын;
• Дарынды, қабілеті жоғары оқушының менің атап көрсетуінсіз де ұжым арасынан суырылып шыға алатынын;
• Оқушылардың бірін - бірі менің көмегімсіз де қателіктерін түзетіп, толықтыра алатынын;
• Жетекші сұрақтар арқылы өткен сыныптағы білімдерін еске түсіре алатындықтарын;
• Өздерінің деңгейлеріне сай сұрақтарды өздерінің анықтай алатынын;
• Өздерінің іс-әрекеттерін бағалауда сараптама жасауға қалыптасып келе жатқанын;
• Ойын ұжым алдында еркін жеткізуге дағдыларының қалыптасып, дамып келе жатқанын;
• Өз жастарына сай сөйлеу мәдениеттерінің қалыптасып келе жатқандықтарын;
Жоғарыда айтылған өзгерістерді қорытындылайтын болсам, әр ұстаз «ойы анық еместің, тілі анық емес» деген қағиданы есте сақтай отырып, үнемі өзінің білім, білік дағдысы мен қатар құзіреттілігін де дамытып отыру қажет. Сонда ғана, өзін сүйіп тыңдайтын, сабағына зор қызығушылықпен қатысатын, заман талабына сай бәсекеге қабілетті, жан-жақты құзіреттілігі дамыған, адамгершілік-рухани өресі кең шәкірт тәрбиелей алады.
Ұлы жүз Россия қоластына Кіші жүз бен Орта жүзден кейін өтті. Өйткені XIX ғасырдың 20 жылдары Ұлы жүздің бір бөлігі Орта және Кіші жүздердің Оңтүстіқ аймақтары Хиуа және Қоқан хандықтардың иелегінде болды. Бұл өңірдегі халықтарды Хиуа, Қоқан, Бұхар хандықтары қыспаққа алуды көбейтті. Хиуа, Қоқан, Бұхар хандықтары Каспий теңізі жағалауларынан Жетісуға дейінгі жерлерге шабуылдап отырды. Әсіресе Хиуа ханы Мұхаммед–Рахымның 1812, 1816, 1820 жылдардағы шабуылдары жойқын болды. 1820 жылы Хиуа ханы 2000-ға жуық қазақ ауылын аяусыз қырып жойды.
1821 жылы Орта Азия хандықтарына қарсы Тентектөре басқарған қазақ шаруаларының қозғалысы басталды. Көтерілісшілер саны 10 мыңнан асып, Түркістан, Шимкент, Әулисата, Сайран өңірін қамтыды. Көтерілістің халықтық сипатынан шошынған феодалдар опасыздықпен Қоқан жағына шығып көтеріліс қатыгездікпен жаншылды.
Оңтүстік Қазақстан, Жетісу өңіріндегі халықтардың Россия мемлекетімен сауда экономикалық қатынастары барған сайын кеңейе түсті. Осындай себептердің бәрі Ұлы жүз халықтарының Россия империясына қосылуын тездетті. 1817 жылы сұлтан Сүйік Абылайханұлы басқарған 66 мың адамнан тұратын жалайыр руы Россия империясының құрамына қосылды 1825 жылы Ұлы жүз жерінде Россия империясының Алатау, Қапал, Лепсі сияқты әскери бекіністері салынды. 1825 жылы 50 мың халқы бар үйсін болысы Россия мемлекетінің құрамына қосылды. 1847 жылы Іле және Лепсі өзендері маңындағы қазақтар мен қырғыздар Россия билігін мойындайды. 1848 жылы 10 қантарда Жетісудағы қазақтарды билеу үшін Россия патшалығы бұл өңірге жаңа лауазымды (пристав) бекітеді. Приставтың резиденциясы қапалда (1847 жылы салынды) болды.
1851 жылы 7 шілдеде подполковник Карбышев отряды Қоқан хандығы ның басты тірегі Таушубек бекінісін қантөгіссіз басып алады.
1853 жылы – Ақмешіт қаласының Россияның қоластына қаратылуы орыс әскерлерінің Іле бойымен жылжуына жол ашты. Осы кезден бастан Ақмешіт бекінісі Перовск деп аталды. 1853 жылы 2 сәуірде Батыс Сібір генерал-губернаторы Гасфорттың тапсыруы бойынша Көксу және Іле аралығында Іле бекеті салынды.
1854 жылы көктемде пристав М.Д. Перемышельский отряды Алматы деген жерде Верный бекінісінің негізін қалады. Сол жылы Верный бекінісіне 470 солдат қоныс тепті, ал 1855 осы бекінісіне Сібірден 500-ге жуық отбасы қоныстанды. Верный бекінісің салынуы 1855 жылы қырғыздың Бұғы руының Россия билігін мойындауын тездетті. 1855 жылы Ұлы жүз приставы резиденциясы Қапалдан Верныйға ауыстырылды.
1856 жылы Верныйда Орталық Россия губернияларынан, Воронежден келген қоныстаушылардың саңы бұынғыдан да арта түсті. 1857 жылы Верныйда су диірмені, 1858 жылы сыра заводы ашылды.
XIX ғасырдың екінші жартасында Верный қаласында П.П.Семенов-Тянь-Шаньский, Н.М.Пржевальский, Ш.Уәлиханов сияқты ірі ғалымдар бір аз уақыт тұрған.
Верный бекінісінің салынуы XIX ғ. 50-жылдарында Қазақ елінің Оңтүстік аудандады мен қырғыз жерінің Россияға қосылуын тездетті.
Қазақстанның Россияға қосылуының аяқталуы.
Патша үкіметі Оңтүстіқ Қазақстан өңірінен Қоқан хандығын ығыстырып, өз бақылауына алу үшін әскери қимылдарын көбірек ұйымдастыра бастады.
1859 жылы Ұлы жүзде тұрғызылған Қастек бекінісі Россияның тірегі саналып, Қоқан ханының шабуылдарына тосқауыл болды. Шу алқабынан полковник Циммерман тобы шабуылдап, 1860 жылы 26 тамызда Тоқмақты, 4 қырқүйекте Пішпекті алды. 1860 жылы 27 қазанда Ұзынағаш түбінде Алатау округінің билеушісі Г.А.Колпаковский басқарған орыс отряды қоқан әскерін жеңеді. Бұл шайқаста 400-ге жуық Қоқан сарбазы қаза табады, ал орыстар – 2 адамнан айрылды.
1863 жылы Қоңырат 4 мыңға жуық, бестаңбалы руынын 5 мыңға жуық шаңырағы Россия билігін мойындайды.
1864 жылы қөктемде Қоқан хандығына қарсы жіберілген патша әскері Шу алқабын, Мерке, Әулиеата, Түркістан бекіністерін алса, осы жылы 22 қыркүйекте Черняев төбы Шымкентті алады, ал Ташкентті шілде айында 1865 жылы үш күндік шайқастан кейін алды.
1866 жылы Бухар хандығын орыс әскерлері жаулап, 1867 жылы хандық иеліктері Түркістан генерал-губернаторлығының құрамына кірді, ал 1868 жылы Қоқан хандығына тәуелді болған қазақ жерлері Россия құрамына еніп, Түркістан генерал-губернаторлығына бағындырылды. 1873 жылы Хиуа хандығының орыс әскерінен жеңілуі Хиуа хандығы билігінен қазақтардың толық бөлініп шығуын тездетті.
Сөйтіп, XIX ғасырдың 30 жылдарынан басталып, 1,5 ғасырға созылған қазақ елінің Россия құрамына қосылу процесі – Ұлы жүздің Россия империясының құрамына енуімен аяқталды. XIX ғасырдың 60 жылдарында қазақ жері түгелдей Россия отарына айналды.
Патша – өкіметі қазақ даласын тупкілікті билеу үшін әуелі әр түрлі реформалар жүргізіп, қазақтың елдік этникалық ұйтқысын ірітіп, ұлыстарды бөлшектеп, оларды губернияларға, округтерге теліп, ұлтанды елді тұтастықтан айырды. Рас, олар мұның бәрінің бірден жүзеге асыра қойған жоқ, патша өкіметі оны кезең – кезеңімен іске асырды.
Оның алғашқысы – 1731 жылдан 1822 жылға дейін созылған ел билеу, жүйесіндегі протектораттық дәуір (кезең), яғни күшті мемлекеттің әлсіз мемлекетке формальды түрде болса да қамқорлық жасау саясатын жүргізу болды. Бұл кезде патша өкіметі ел билеудің бұрынғы хандық жуйесін сақтап, оның ішкі тірлігіне араласпай, қазақ елін өзіне жағынып бағынышты болған хандар арқылы басқарды.
Патша өкіметінің қазақ елінің басына тәуелділік ноқтасын біржолата кигізуі 1822 жылдан 1867 жылға дейін созылды. Сөйтіп, патша өкіметінің отаршылдық саясатының екінші кезеңі басталды. Бұл кезде ол әскер күші арқылы елдің ішкі тірлігіне араласып, жергілікті шаруаларды қонысынан қуа бастады. Олардың орнына ішкі Россиядан жоқшылыққа ұшыраған орыс босқындарын әкеп орналастырды.
Отарлаудың осы әскери - әкімшілік кезеңінде әскери бекіністердің іргесі қалана бастады. Оларды тұрақтандыру үшін шекаралық белгілермен бөлді. Біртіндеп бекіністер Қазақстанның ішкі аймақтарына тамыр жайды.
Бұдан кейін (үшінші кезең) отарлау саясатының ежелден қалыптасқан ескі тәсілдерінің бірі – отарлаушы елдің ішкі қуат көзі – этникалық тұтастығынан айырып, қандас, бауырластар арасына іріткі салу мақсатымен патша өкіметі енді қазақ даласын билеудің аға сұлтандық жүйесін жойып, оның орнына саты-
лап бағындыру жүйесіне негізделген мемлекет аппарат құрды. Бұл мақсатты
патша өкіметі 1867-1868 жылдардағы реформалар арқылы жүзеге асырды.
Хандық билікті іс жүзінде жойған 1822 және 1824 жылғы Жарғылар капиталистік қатынастар өрістей бастаған кезде өлкенің шаруашылық даму талабына сай болмады.
XIX ғасырдың 60-жылдары қазақтардың басқару жүйесін өзгерту үшін И.И. Бутков басқарған комиссия құрылды. Қазақ даласы екі облысқа бөлу жоспарланды. Бұл ұсыныс қабылданбады.
1865 жылы Ішкі істер министрлігі кеңесінің мүшесі Гирс басқарған Дала комиссиясы құрылды.
1865 жылы 5 маусымда II Александр бұйрығымен қазақ жерін зерттеу сұрақтары дайындалды: жерді иелену түрлері, сот ісі, ағарту ісі, салық, діни мәселе т.б.
1886 – 1891 жж. реформалар бойынша әкімшілік және сот құрылысына енгізілген өзгерістер.
1867-1868 жылдардағы реформалар екі жыл мерзімге тәжірибе түрінде уақыт
ша енгізілген болатын. Алайда, бұл «тәжірибе» жергілікті халыққа теріс әсер етуі ықтимал деген қауіппен 20 жылдан астам уақытқа созылды. Тек XIX -ғасырдың 80-ші жылдарының аяғы мен 90-шы жылдарының бас кезінде ғана отарлық өкімет орындары өлкенде әкімшілік, сот реформаларын енгізуді аяқтауға кірісті.
1886 жылы 2 маусымда «Түркістан өлкесін басқару туралы ереже», 1891 жылы 25 наурызда «Ақмола, Семей, Жетісу, Орал және Төрғай облыстарын басқару туралы ереже» қабылданды.
Түркістан өлкесі жерінің құрамына Ферғана, Самарканд және Сырдария облыстары кірді. Орталығы Ташкент қаласы болды. Сырдария облысы 5 уез-
ден, Ферғана - 5, Самарканд - 4 уезден турды. 1891 жылғы «Ереже» бойынша Орынбор және Батыс Сібір генерал– губернаторлықтарының орнына орталығы Омбы болған Далалық (Степной) генерал– губернаторлығы құрылды. Оның құрамына Ақмола, Семей, Орал, Төрғай және Жетісу облыстары кірді. Жетісу облысы 1897 жылы қайтадан Түркістан генерал – губернаторлығының қарауы-
на берілді.
Өлке шеңберінде генерал – губернаторға шексіз билік берілді. Басқару аппараты – кеңсе, әскери губернаторлар өздеріне бағынышты облыстық басқар
маларымен қоса генерал – губернаторға бағынды, ал облыстық басқармаларға жалпы жиналыс және кеңсе кірді. 1891 жылғы «Ереже» бойынша Ірі облыстық орталықтарда (Верный, Орал, Петропавл, Семей) полиция басқармасы құрыл-
ды, ал уездік қалаларда полициялық пристав құрылды. Болыстық басқарушы-
лар мен ауыл старшындарын бекіту әскери- –губернатор құзырында болды.
Сот құрылысы. XIX ғасырдың аяқ кезіндегі Қазақстанда 1886 және 1891 жылдардағы Түркістан және Дала өлкелерін басқару туралы «Ережелер» бойынша жүзеге асырылды. Түркістан және Далалық өлкелерінде жалпы империялық соттар жүйесі - әлемдік (мировой) судьялар, облыстық соттар және жоғарғы (сенат) сот инстанциясы қалыптасты. Соттардың төтенше съезі әскери губернатордың рұқсатымен шақырылды және өлкелік құқығы берілген орыс чиновнигінің қатысумен өткізілді.
Төменгі сот буыны – халықтық сот болды. Халықтық сот – империялық сотқа қосалқы, өз бетінше мәселені шеше алмайтын тәуелді буын.
Сонымен 1886-1891 жылдардағы сот ісіндегі өзгерістер «Ережелерде» әкімшілік, сот істерінің жүйесі бекітілді. 1891 жылғы «Ережеде» сот істері 17 баптан құрылды. Сот жүйелері Россиядағы үлгімен құрылды. Халық (билер) соты үстем тап өкілдерінің мүддесін қорғайтың, жергілікті мұсылмандардың ісін қарайтын ең төменгі сот буыны болды.
Патша өкіметінің отарына айналған еңбекші қазақ халқы оған ақшалай алым-салық төледі. Олардың мөлшері әр турлі болып өзгеріп отырды. Мысалы, 1844 жылғы «Ереже» бойынша әр түтіннен 1,5 сом жиналса, 1891 жылғы «Ереже» бойынша 4 сомға жетті.
Тұтас алғанда 1886-1891 жылдардағы реформалар отаршылдық және феодалдық езгіні күшейте түсуге бағытталған еді.
Патша өкіметінің қоныстандыру саясаты және Қазақстанда капиталистік қатынастардың дамуы
Патша өкіметінің аграрлық саясатының ажырамас бөлігі қоныстандыру саясаты болды. Помещиктер мен империалистік буржуазияның мүдделеріне сай келген қоныс аудару мәселесіне патша өкіметі XIX ғ. екінші жартысынан бастап қатты назар аударды. Өйткені, Россияда басыбайлықтың (крепостник
тік) жойылуы және әлеуметтік-әкімшілік жөніндегі реформалар аграрлық мәселені толық шешкен жоқ, Россияның орталық аудандарында шаруалардың толқулары тоқмады. Осындай жағдайда патша өкіметі шаруалардың назарын революциялық қозғалыстан аудару үшін бірқатар шаралар қолданды. Қоңыс аудары саясаты сол шаралардың бірі еді. Сібірді, Қазақстанның солтустік, батыс, орталық және оңтустік шығыс аудандарын отарлау арқылы патша өкіметі Орталық Россиядан шаруаларды қоныс аудартып, жаңа жерлерде солар арқылы өзіне әлеуметтік тірек жасамақ болды.
Әскери-әкімшілік отарлау саясаты Россиядан шаруалардың қазақ жеріне ағылып келуіне жол ашты. Қазақ даласын отарлау саясатын іске асыру жолында Жетісудың бірінші әскери-губернаторы Г.А. Колпаковскийдің бастауымен 1868 жылы «Жетісуда шаруаларды қоныстандыру туралы уақытша ережелер» бекітілді. Осы ереже бойынша қоныстанушы әр жанға 30 десятина жер берілді. Қоныс аударушылар 15 жыл мерзімге алым-салықтан, рекруттық (әскери міндет) міндеткерліктен босатылды. Мұқтаж отбасыларына «керек-жарақтар алу үшін» ақшалай (100 сом) көмек берілді.
1883 жылы Жетісу облысының Дала генерал-губернаторлығына қарауына байланысты жергілікті әкімшілік «Шығыс Түркістаннан Жетісуға қоныс аударған ұйғырлар мен дунгендерді орналыстыру» туралы ереже шығарды. Жаңа документ 1885 жылы 1 мамырда бекітілді. Бұрынғыларымен салыстырғанда жаңа «Ережелерде» қоңыстанушыларға берілетін артық- шылықтар біраз қысқартылды: енді жер улесі әр адам басына 10 десятина болып белгіленді, қоныстанушылар салықтар мен міндеткерліктерден үш жылға ғана босатылды, ал одан кейінгі үш жылдықта оларды жартылай өтейтін болды.
Патша өкіметі 1889 жылғы 13 шілдеде «Село тұрғындары мен мещандаррының қазыналық жерлерге өз еркімен қоныс аударуы және бұрынғы қоныс аударғандар жағдайын қарастыру» туралы арнаулы ереже бекітті. Бұл ережеде жерді бекітіп берудің тияқты мөлшері белгіленген жоқ, жергілікті өкімет орындарына оның өз қалауынша белгілеуге ерік берілді. «Ережеде» ішкі істер және мемлекеттік мүліктер министрлері алдын ала рұқсат еткен жағдайда ғана қоныс аударуға болатыны көзделді. Қоныс аударатын басты аймақтар – Жетісу, Ақмола, Семей, Тобыл, Томск губерниялары ңақтылы белгіленді.
Сонымен, «Село тұрғандары мен мещандардың өз еркімен қоныс аударуы туралы» 1889 жылғы ереже Россияның орталық губернияларынан
Қазақстанға қоныс аудару қозғалысын ішінара ашып берді және самодержавиенің жалпы аграрлық саясатының мәнді жақтарының бірі болды.
Аграрлық саясатты жүзеге асырушылардың бірі-Сібір темір жол комитеті болды (1892 ж. құрылды). Елдің шығысындағы бірсыпыра аудандар темір жолмен байланысқаннан кейін, шаруалардың қоныс аударуы кең өріс алды. Қазақстанда шаруаларды қоныстандыру алдымен Ақмола, одан соң Жетісу, Семей, Орал, Төрғай облыстарында жұргізілді.
Тек 1885 жылдан 1893 жылға дейін Ақмола облысының жергілікті халқынан 251779 десятина жер тартып алынып, 10940 халқы бар 24 жаңа селолар пайда болды. Семей облысында бұл кезде қазақ шаруаларынан 33064 десятина егістік жер тартып алынды. 1884-1891 жыл аралығында мұнда 3324 отбасы қоныстанды. Шеттен шаруаларды әкеліп қоныстандыру Сырдария облысын, Шымкент, Ташкент және Әулиеата уездерін кеңінен қамтыды.
Қоныс аударушылар Россияның Европалық бөлігінен ғана емес, сондай-ақ басқа облыстардан да келді. Мәселен, 1900 жылғы халық санағы бойынша тек Қазақстанның бес облысында (Ақмола, Орал, Төрғай, Семей, Жетісу) ғана 3463598 адам болса, оның ішінде европалық Россиядан келгендер 247 мыңдай адам, Сібірден – 42119, Орта Азиядан – 23530, Польшадан – 1191, Кавказдан – 1672, Финляндиядан – 72, басқа жерлерден 3557 адам келді. Сөйтіп, 1900 жылы 5 облыс бойынша сырттан келушілер өлкенің барлық халқының 10,5 процентін қамтыды. Оларға 44 миллион гектар жер таратылды.
Сөйтіп, патша самодержавиесінің Қазақстан территориясын отарлауға бағытталған және дамып келе жатқан Россия капитализмнің мүдделерін бейнелеген аграрлық саясаты XIX ғасырдың екінші жартасында осылайша жүзеге асырылды.
Тау – кен өндірісі.
XIX ғасырдың екінші жартасында Европа мемлекеттерінде дамыған капиталистік қатынас Россияға әсер етпей қоймады. Осымен байланысты Россияның капиталистік өнеркәсібі мен Қазақстандағы ауыл шаруашылық өндірісі арасындағы қатынас күшейді. Сауда және өсімқорлық капиталы Россияның орталық губерниялары мен Қазақстан арасындағы ғана емес, сонымен бірге өлкенің өз ішінде де товар айналысының өсуін шапшаңдатты. Өлкеде үстем болған натуралды шаруашылық біржіндеп ыдырай бастады.
Бұл кезде Қазақстан экономикасында натуралды шаруашылықтың көлемі қысқарды, өлке өнеркәсіп товарларын өткізу рыногы және бағалы ауыл шаруашылығы шикізатының қайнар қөзі ретікде капиталистік Россияға барынша тәуелді болып шықты.
XIX ғасырдың ортасы – қазақ жеріне капиталистік қатынастардың тарала бастауының көріністері айқын байқалды:
- Отырықшы мал шаруашылығы мен екіншіліктің дамуы.
- Жеке меншік жерді иеленудің кең таралуы.
- Жылқы санының азайып, ірі қара малдың көбеюі.
XIX ғасырдың 60 жылдарынан россиялық кәсіпкерлер қаражаттарын қазба байлықтары мол қазақ аймақтарында өндіріс салуға жұмсады.
Түсті металдар және тас көмір өндіретін тұңғыш кен орындары Шығыс, Орталық Қазақстанда ашылды. 300-400 жұмысшылары бар ірі өнеркәсіп орындары - Спасск мыс қорыту заводы (1857 ж.), Успен кеніші, Қарағанды көмір алабы, Екібастұз, Риддер кәсіпшілігі.
1898 жыл – Семей облысының Павлодар уезінде Воскресенск Кен - өнеркәсіп қоғамы құрылды.
Кен кәсіпшілігінің орталығы – Қарқаралы уезі.
Достарыңызбен бөлісу: |