ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ
«Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Эссе тақырыбы: “Мен тандаған мамандық”
Орындаған: Беделғазықызы Алима
Тобы: МН-011
Тексерген: Джумажанова Г.К.
Семей 2022
Қазіргі таңда мектеп бітіргеннен кейін түлектерге қажетті ең танымал мамандықтардың бірі – менеджмент. Әр ата-ана алдында «баламызды қандай мамандыққа беруімізге болады?» деген сұрақ туындайды. Жалпы статистика бойынша 10 адамның тек 2-і ғана оқуға қайда бара жатқанын және қандай мамандық таңдайтындығын нақты айта алады. Сондықтан мектеп бітірушілер мамандық таңдауда болашақта алатын табысты көздемей, алған білімдеріне сүйене отырып өздеріне ұнайтын мамандықты таңдағандары жөн.
«Мен неліктен менеджер маманыдығын таңдадым?». Ең бірінші, «менеджмент» сөзінің мағынасын ашып, менеджерлердің алатын орнын анықтап алайық. Бірде-бір компания менеджерсіз өмір сүре алмайды, себебі ұйым пайда болған сәтте оны басқаруға қажеттілік те пайда болады. Менеджерлердің атқаратын қызметі - басқару: персоналды басқару, қаржылық ағымды басқару, жобаларды басқару, ұйымды басқару және тағы басқа.
Менеджер қандай қызметтерге, лауазымдарға, мамандықтарға ие бола алады? Бұл мамандық бойынша оқыту қаншалықты қиын? Аталған сұрақтарға әрі қарай жауап берелік.
«Менеджмент» мамандығы кез келген саладағы компанияларды және ұйымдарды басқару бойынша білім береді.
Ал менеджер – бұл басқалардың жұмысын ұйымдастыруға және бақылауға қабілетті маман. Бірақ оның қолданылу саласы және білімі әртүрлі болуы мүмкін: қаржы, туризм, спорт, көлік, өнер және тағы басқалар. Өндірісті ұйымдастыру, қаржылық жоспарлау саласындағы ілгерлі білім, психологиялық басқару аспектілері, компанияларды дамыту бойынша мәселелерді кешенді және кезекті шеше білу жемісті мансапқа қол жеткізуге мүмкіндік береді.
Менеджердің мақсаты — компанияның тұрақты бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету.
Сондықтан «Менеджмент» мамандығын таңдаған тұлға нағыз мықты, танымал мамандықты таңдады деуге болады.
«Менеджмент» мамандығы бойынша оқу қиын ба?
Әрине, әр мамандықтың өзіндік бейімділігі, ерекшелігі бар. Бұл мамандық гуманитарлық ойлау қабілеті мықты және сапалы аналитикалық қабілетке ие адамдарға жеңіл тиеді. Оқуды аяқтағаннан кейін түлектер үдерістерді, қызметтерді және адамдарды басқару бойынша маңызды дағдылар мен білімдерді игереді.
Менеджер өндірісте, компанияда, фирмада, мекемеде, ұйымда кім болып жұмыс істей алады?
Осы мамандық бойынша көптеген лауазымдарға баруға болады. Мысалы, сіз қаржы менеджері ретінде жұмыс істей аласыз. Бұл мамандық қаржымен жұмыс істеуге тікелей байланысты. Осы мамандықты игеріп, банкте, ақшамен жұмыс істеуді көздейтін қызметте жұмыс істеуге болады.
Менеджмент мамандығы спортпен белсенді айналысатындарға да болады. «Дене шынықтыру және спорт» мамандығына «дене шынықтыру және спорт менеджменті» атты пән оқытылады. Менеджмент пәні тек менеджерлерге ғана оқытылып қоймай, экономика, қаржы, мемлекеттік және жергілікті басқару, есеп және аудит мамандықтарына да оқытылады. Сондықтан менеджмент мамандығы қазіргі таңда ауқымды, танымал мамандық.
Мен «менеджер» мамандығын таңдадым. Қазір Семей қаласының Шәкәрім атындағы университетте, “Менеджмент және басқару” мамандығының 3-курсында оқимын. Оқу барысында болашақ менеджерлер үшін қажет, әрі қызықты пәндерден дәріс жүргізіледі: қаржы, макро және микроэкономика, бухгалтерлік есеп, маркетинг принциптері, адам ресурстарын басқару, маркетингтік зерттеулер, басқару шешімін жасау және т.б. Басқару саласының мамандары, ірі компаниялардың басшылары дәріс жүргізіп, тәжірибелі менеджер болуда қиын белестерден өтіп, ұйымды тиімді басқаруда қандай шараларды қолдану қажет екендігін түсіндіреді. Осы алған біліміміз арқылы біз де тәжірибеге ие болдық. Бар ынтасын, қабілетін, құштарлығын білімге жұмсаған адам болашақта елінің мақтанышы бола алады.
Болашақта қабілетті, елінің дамуына үлес қосатын мамандардың пайда болуы жастардың қолында. Әр адам дұрыс таңдау жасау керек. Менің таңдауым – менеджмент!
Достарыңызбен бөлісу: |