Критериалды бағалау – белгіленген критерийлер негізінде білім алушылардың нақты қол жеткізген нәтижелерін оқытудың күтілетін нәтижелерімен сәйкестендіру үдерісі.
Дескриптор – тапсырмаларды орындау кезіндегі нақты қадамдарды көрсететін сипаттама.
Бағалау критерийі – білім алушының оқу жетістіктерін бағалауға негіз болатын белгі.
Модерация – бағалаудың анықтығы мен дәлдігін қамтамасыз ету үшін қойылған балдарды стандарттау мақсатында тоқсандық жиынтық бағалау бойынша білім алушылардың жұмыстарын талқылап қарастыратын үдеріс.
Кері байланыс – белгілі бір оқиға немесе əрекетке жауап беру, үн қату, пікір білдіру.
Достарыңызбен бөлісу: |