БАҒА ҚОЮ МЕХАНИЗМІ
Бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалау, тоқсандық жиынтық бағалау нәтижелері электрондық нәтижелерді тіркеу журналында тіркеледі. Барлық балдар, бағалардың есебі электрондық журналда автоматты түрде жүзеге асырылады.
Білім алушылардың бөлім/ортақ тақырыптар бойынша және тоқсандық жиынтық бағалау нәтижелерін қою электрондық журналда оқыту тәжірибесін жетілдіру, талдау үшін қолданылатын балдар, бағалар туралы ақпараттарды көрсетеді.
Жиынтық бағалаудың нәтижелері білім алушыларға, ата-аналарға тоқсан барысында, тоқсанның соңында беріледі.
Жылдық баға қою
Білім алушының пән бойынша жылдық бағасы барлық төрт тоқсанның нәтижелерінен құралады. Жылдық баға есебі үшін білім алушының бөлім/ортақ тақырыптар бойынша және тоқсандық жиынтық бағалаудағы жалпы саны есептеледі. Бұдан соң оқу жылындағы балдың пайыздық мазмұны (50%:50%) пайыздық арақатынаспен анықталады.
Оқу жылындағы бөлім/ортақ тақырыптар бойынша және тоқсандық балдың пайыздық мазмұны жинақталады, балдарды бағаға ауыстыру шәкілі бойынша бағаға ауыстырылады.
Тапсырма
Тақырыпты түсініп оқып, конспектілеу.
Бағалау түрлерінің сызбасын жасау.
ГЛОССАРИЙ
Достарыңызбен бөлісу: |