Жерде жүретін көліктерге:
Жеңіл көлік,велосипед, пойыз,
автобус,троллейбус, жүк көлігі.
Әуеде ұшатын көлік түрлеріне:
Ұшақ,тік ұшақ,зымыран.
Суда жүзетін көлік түрлеріне:
Кеме,қайық жатады.
Осы кезде Қонжы аю келеді.
Балалар, сәлеметсізбе!
Қонжық аю: Мен сіздерден көмек сұрауға келдім. Сендер маған көмек бере аласыз ба? Мен ауылдағы әжеме барғым келеді, бірақ әлі күнге дейін көптеген кедергілерден өте алмай жолда тұрмын.
Тәрбиеші: Балалар, көмек береміз бе?
Ендеше жолға шығайық. Балалар біз биік-биік тауға келіп тоқтадық бұл таудан қандай көлік түрімен өтеміз?
Қане жауабын қарайықшы өте дұрыс айтыңдар ұшақ,тік ұшақ арқылы алыс жерлерге , көлік жүрмейтін жерлермен адамдарды,жүктерді әуемен тасымалдайды екен.
-Ал енді әрі қарай жолға шығайық алдымыздан үлкен әрі терең теңіз шықты. Ал бұл теңізден қандай көлік түрлерімен өтуге болады?
-Өте дүрыс теңіз,мұхит,көл арқылы адамдар өздерінің баратын жерлеріне,апаратын ауыр жүктерін осы кеме,қайықтармен жеткізеді екен. Балықшылар қайықпен балық аулайды.
-Әрі қарай жол жүрейік.
-Қараңдаршы, балалар, біз көптеген кедергілерден өтіп енді жазық далаға да келіп жеттік. Жазық далада қара жолдармен қандай көлік түрлерімен жүруге болады?
-Дұрыс айтасыңдар. Қане қарайықшы автобус, поезд, велосипед,жеңіл көлік түрлерімен жүруге болады екен. Жарайсыңдар балалар, Қонжық аю сендердің арқаларында үлкен-үлкен кедергілерден өтіп әжесінің ауылына келіп жетті сендерге үлкен рахмет айтты.
-Ал, қазір, бойымызды сергітіп алайық қане мойнымызға мына вагондарды іліп алып қатар- қатар пойызды құрайық
СЕРГІТУ ЖАТТЫҒУЫ.
Қане кімнің бойы ұзын
Паровоз ол поездің
Қатар-қатар тұрайық
Пойызді біз құрайық
Ал паровоз баста алға
Бәрімізді басқарда
Пш-пш пш-пш біз кеттік
Жүрісті біз үдеттік
Гу-гу гу-гу гуілде
Қалып қойма біріңде
Пш-пш пш-пш біз кеттік
Жүрісті біз үдеттік.
-Балалар ойын ұнадыма?
-Тағы ойнаймызба?
-Өте жақсы енді орнымызға жайғасамыз балалар көліктердің пайдалы да зиянды жақтары бар.
Пайдалы жағы:
адамдар баратын жерлеріне осы көлікпен жетіп қалады.Ауыр жүктерін осы көліктермен тиеп апарады. Ауырған жағдайда біз жедел жәрдем көлігін шақырамыз,өрт шыққан кезде өрт сөндіру көлігін шақырамыз.
Зиянды жағы:
көліктерден шыққан түтін,улы газдар қоршаған ортаның ауасын ластайды,
адамдардың ағзасына яғни ден саулығына кері әсерін тигізеді.
Кейбір жағдайларда жол апатына ұшырап адамдар қаза табады,сондықтанда жолдан откенде абай болып өткен жөн. Үлкен қалаларға барғанда бағдаршамға қарап өту керек.
–Балалар жолаушылар жүретін көліктерде өз ережелері бар:
1. Автобус,пойызға мінгенде міндетті түрде жол ақысын төлеу керек.
2. Үлкен адамдарға орын беру керек.
3. Қатты сөйлеуге,жүруге болмайды.
4. Отырған жерлеріңді таза ұстауларың керек.
Балалар ойын ойнаймыз ба?
Ойындар әр топтармен ойналады.
Достарыңызбен бөлісу: |