Тұлғаның эмоционалдық аймағын зерттеу мәселелері


Ал агрессивті мінез-құлық дегеніміз



жүктеу 79,41 Kb.
бет7/9
Дата16.09.2022
өлшемі79,41 Kb.
#39276
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Тұлғаның эмоционалдық аймағын зерттеу мәселелері

Ал агрессивті мінез-құлық дегеніміз – адам әрекетінің ерекше формасы. Мұндай мінезқұлық субъектінің нұқсан келтіру мақсатымен өзінен басқа адамға немесе адамдар тобына өз артықшылығын білдіріп, қыр көрсетуі неме- се күш қолдануға тырысуымен сипатталады. Агрессивті мінез-құлық карқындылығы мен пайда болу дәрежесі бойынша: жеккөрушілік, жақтырмаушылықтан – тіл тигізуге («вербалдық агрессия») және дөрекі түрде күш қолдануға («физикалық агрессия») дейін бөлінеді. Әлеуметтік-психологиялық түрғыдан келгенде: жекелеген адамдардың агрессивті мінез-құлықтары жиынтығының, бұқаралық сипаттағы құбылыс ұтымының шеңберіндегі тұлғааралық агрессияның – топтық агрессияға айналуының мәні бар.
Шетелдік психологияда агрессивті мінезқұлықтың пайда болуының, себеп салдарларының сан алуан түрлері кездеседі. Агрессивті мінез-құлық нақты көріністерін түсіну үшін тұлғалық және ұжымдык әрекеттің жалпы құрылымындағы оның орнын айқындап алған жөн. Мысалы, агрессивтілік субъектінің қорғаныстық жауабына ұқсамауына, аффектінің салдары еместігіне немесе агрессивті мінезқұлық өзіндік мақсат-мүдде мен мәнге ие болып, ерекше тұлғалық және ұжымдық іс-әрекетке (ауытқыған, теріс мінез-кұлық) көшуіне және т.б. баса назар аудару қажеттілігі.
Психологияда агрессияның тағы мынадай түрлері кездеседі: зиянды, зиянсыз. Зиянсыз агрессия: қауіп төнген кезде ғана пайда болып (қорғану мақсатында) артынан басылады. Зиянды агрессия: қатыгездік пен қауіпке толы болады.
Агрессияның бұл түрі барлық жастағы адамдарға тән, ал кейде ерте жастан басталады. Агрессия ми бөліктерінің әртүрлі ауруға шалдығуы немесе әлеуметтік жағдайларға байланысты пайда болуы мүмкін. Бүгінгі жастардың интернет желісі арқылы көретін кино, бейнефильмдеріндегі катыгездік, күш көрсету көріністері олардың агрессивті деңгейін арттыруға себеп болатындығы ғылыми зерттеулер барысында дәлелденіп отыр.
Агрессивті балалардың мінез-құлқын тәртіпке келтіруде мына бағыттарда жұмыс істеу қажет:

  1. Ашу – ызаны қолдануға болатын жағдайларға үйрету.

  2. Балаларды әртүрлі жағдайларда өзін-өзі ұстай алуға, өзін-өзі басқару әдістеріне үйрету.

  3. Шиленіскен жағдаяттарда сейлесу дағдыларын қалыптастыру.

  4. Адамдарға сену, жаны ашу сияқты қасиеттерді қалыптастыру.

Агрессияны мінез-құлық ретінде ғана емес, психикалық ахуал және эмоциялық компонент ретінде қарастырудың маңызы зор. Агрессивтілік кезінде адам қатты ашуланады. Дегенмен кез келген ашу агрессия тудырмайды. Адам қажеттілігін қанағаттандыру үшін шынай қоршаған ортаға бейімделіп қана қоймай, онымен қатынас жасай білу керек. Осындай бейімделудің құралы болып адамның уайымдары саналады. Олар адам қажеттілігінің қанағаттануының деңгейін ерекше әсерлі түрде көрсетеді. Уайымдар адамның қоршаған ортамен қарым-қатынастарға бейімделуінің бастапқы құралы болып, кейінірек өзіндік мағынаға ие болады және адам қажеттілігін сезіне бастайтын психологиялық шындық түрінде көрінеді. Осылайша, адамның психологиялық дамуына шексіз мүмкіндік тудыратын қажеттіліктер пайда болады [15].
Қажеттіліктердің орындалуына кедергілер туғанда адам ашу-ызаны, мазасыздықты бастан кешіреді. Бұл фрустрация арқылы түсіндіріледі. Бағыттылығына қарай фрустрациялық күй адамның мінез-құлық реакцияларынан көрінуі мүмкін: экстрапунитивтік, интрапунитивтік, импунитивтік.
Экстрапунитивтік қалпы реакцияның сыртқа бағытталуымен байланысты (сыртқыны айыптаушы реакциялар). Адам туындаған жағдайға басқаларда кінәлі санайды.
Фрустрацияның интрапунитивтік қалпы адамның сәтсіздікке өзін кінәлауымен сипатталады. Адамды мазасыздық басады.
Импунитивтік қалыптағы фрустрация кезінде адам өзін және басқаларды кінәлі деп санамайды. Фрустрациялық ахуалдың пайда болуы адамның тұлғалық ерекшеліктеріне байланысты.
Эмоциялық ахуалдарды реттеу психологиядағы өзекті мәселенің бірі. Эмоциялық ахуалды зерттеуде Ф.Б. Березин тұжырымдары бар. Яғни бейімделу адамның психикалық аймағының деңгейінде көрінеді. Психикалық бейімделу жалпы бейімделудің көзі деп санайды. Березин бойынша бейімделудің сәтті өтуі психологиялық қорғаныспен мазасыздыққа қарсы тұру тетіктеріне байланысты. Психологиялық қорғаныс – қандай да бір дау-жанжалды түйсінуге байланысты мазасыздық шамасын азайту немесе жоюға бағытталған тұлғаны тұрақтандырудың арнайы реттеуші жүйесі [16]. Ф.Б. Березин психологиялық қорғаныстың мынадай түрлерін көрсетеді: мазасыздық шақырушы, қауіп факторын сезінуге кедергі келтіруші, мазасыздықтыфиксациялауғамүмкіндік беретін, түрткілер деңгейін төмендетуші,мазсыздықты жоюшы.
Адам өмірінің барлық аспектілеріндегі әлеуметтік, дене, эмоциялық, рухани және ақыл-ой жетістіктерінің үйлесімі ғана өмірінің шын мәнісі болып табылады. Денсаулық пен үйлесімділікке ұмтылса, бұлардың ешқайсысын да шеттетпеу керек.
Эмоционалдық саулық – бұл организмдегі функциялардың өзіндік айналымының жеткілікті болуы, физиологиялық үрдістердің үйлесімі және сыртқы ортаның түрлі факторларына барынша бейімделгіштік күйлері.
Жан (психикалық) саулығы тек дене гигиенасы ғана емес, сонымен бірге психогигиена, руханилықтың өзіндік тәрбиесін, адами тұрғыдағы ұстанымды, сана тазалығын да қамтиды. Психикалық саулыққа жету жолы интегралды тұлғаға жету жолы. Психикалық саулық – психиканы жаттықтыру, психикалық процестерді дамыту (ес, зейін, қиялдау және т.б.), ақыл-ой мен сезімді тәрбиелеумен тығыз байланысты.
Қоршаған әлеуметтік ортамен күнделікті қарым-қатынасқа түсу барысында адамдар бір-біріне әртүрлі ықпал етіп, әсерлер алады. Олардың жағымды, жағымсыздығына қарай ішкі жан дүниеміз жауап қайтарады.

жүктеу 79,41 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау