«Қорқыныш» термині сияқты «үрей» термині де кеңінен қолданылады. Қорқыныш пен үрейдің ортақ белгісі мазасыздану және алаңдау сезімі түріндегі эмоционалды компонент болып табылады. Үрей мен қорқыныштың ерекшелігі шамадан тыс қорқу болып табылады. Үрей – бұл қауіпті алдын ала сезіну, алаңдау күйі. Үрей, негізінен, жауапкершілік, борыш, адамгершілік сезімі бар адамдарға тән. Сонымен қатар үрей өзінің және жақын адамдардың өмірі үшін жауапкершілікті сезіну, солар үшін алаңдаумен сипатталады. Егер үрей сезімі ұзақ уақыт созылса және қауіпті алдын ала сезсе, онда үрейдің объективті формасы қорқыныш ретінде қарастырылады. Кейбір жағдайларда қорқыныш үрейдің шығу қақпағы ретінде де көрінеді. Педагогика мен психологияда қорқыныштың әртүрлі классификациясы бар.
Шынайы.
Невротикалық.
Еркін қорқыныш.
Шынайы қорқыныш – сыртқы қауіпті қабылдауға қалыпты реакция ретінде өзін-өзі сақтау инстинктің рационалды көрінуі.
Невротикалық қорқыныш – невротиктердің «мақсатсыз қорқыныштардың» әртүрлі формасы психикалық инстанциялардың жұмыс істемеуінен туындайды.
Еркін қорқыныш – жалпы белгісіз үрейленушілік, қорқыныш тудыратын объектілермен байланысты емес жөнсіз қорқыныш.
Невротикалық қорқыныштар – жоғары эмоционалды интенсивтілікпен, ұзақ уақыт және тұлғалық мінез-құлқына жағымсыз әсер етумен, басқа да невротикалық бұзылушылықтардың әрекеттестігімен, қорқыныш объектілерінен қашумен сипатталады. Невротикалық қорқыныштар ұзақ және шешілмейтін қобалжулардың нәтижесі болуы мүмкін. Көбінесе сезімтал, ата-аналармен қарым-қатынаста эмоционалды қиындықтарды сезінетін балаларда қорқыныш сезімі басым болады және оларда отбасындағы конфликттерден, қобалжулардан эмоционалды әлсіреу болады. Бұл балалар ересектерге қауіпсіздіктің, махаббаттың, беделдің көзі ретінде қарайды.
Қорқыныш – бұл интенсивті түрде көрінетін эмоция, оны қарапайым, шынайы және жасерекшелік сипаты бойынша және ауытқушылық деңгейіне байланысты ажыратуға болады. Әдетте қорқыныш қысқа мерзімді, қайтымды болады, адамдардың құндылық бағдарына тимейді, оның мінезіне, тәртібіне және қоршаған ортадағы адамдармен әрекеттестігіне әсер етпейді. Қорқыныш объектілерінен жанасудан қашатындықтан қорқыныштың кейбір формалары қорғаныс реакциясы қызметін атқарады.
Жас ерекшелік қорқынышы эмоционалдық сезімтал балаларда олардың психикалық және тұлғалық даму ерекшеліктерінің көрінісі ретінде байқалады. Олар мына факторлардың негізінде пайда болады: ата-аналарда қорқыныштың болуы; баламен қарым-қатынаста мазасыздану, оны қауіптерден шектен тыс қорғау және құрбыларымен араласуын шектеу; сол жыныстағы ата-анасының тарапынан көп тыйым салыну немесе басқа жыныстағы ата-анасының балаға толық еркіндік беруі, сонымен бірге отбасындағы үлкендердің көптеген іске аспаған қоқан-лоққылары; сол жыныстағы ата-анамен рөлдік идентификация мүмкіндігі көбінесе ұл балаларда болмайды; ата-аналардың арасындағы қақтығыстық қарым-қатынас; шошыну тәрізді психикалық жарақаттану; үлкендермен және құрбыларымен қарым-қатынас жасау үрдісінде қорқынышқа психологиялық бой алдыру.
Адамдардың әлеуметтік әрекетін және тұлғааралық қарым-қатынасқа, мінезіне жағымсыз әсер ететін, санасыздықтан еріксіз, қиын, созылмалы шиеленсікен жағдайда (эмоционалды шок, қатты қорқу) паталогиялық қорқынышты білдіреді.
Қорқыныш – бала өміріне және сәттіліктеріне төніп тұрған қауіптің мидағы бейнесі. Мазасыздық – қорқынышты эмоционалды түрде сезіну. Мазасыздану сезіміне алып келетін қорқу мынадай себептерге байланысты болады: өз қатарларымен дұрыс қатынаста болмау, ата-анасының өзара жанжалды болуы психикалық жарақат алуы, ата-ана тарапынан қатал тәртіп, т.б.
Мазасыздық – күй ретінде қолайсыздықты сезу. Осы арқылы мінез құлықтың кері формаларында мыналар жатыр деген пікір айтуға болады: мазасызданудың көрінуі ретінде қарастырылуы, эмоционалдық күйзелу, тынышсыздық, қолайсыздық және өзіне сенімсіздік.
А.Н. Леонтьев эмоцияны іс-әрекет жүйесінде қарастырады. Ол: «Эмоциялар өзіне іс-әрекетті бағындырмайды, қозғалыстың механизмі және нәтижесі болып табылады». Эмоция ішкі сигналдар қызметін орындайды. Эмоция ерекшелігі, олар мотивтер арасындағы қатынасты бейнелейді. А.Н. Леонтьев: «мотивтер сезілмеген уақытта да, олар өздерінің психикалық бейнеленуін ерекше формада – әрекеттің эмоционалды бояуы формасында табады» деген пікір айтады [12].
Аффект пен эмоциялар өзінің ситуативтілігімен ерекшеленеді. Аффектілер А.Н. Леонтьев бойынша, әрекет соңында пайда болып әрі жағдайдың жалпы бағасын береді де, ал эмоциялар болған немесе мүмкін болатын жағдайға бағалау және жеке қатынасты бейнелейді. Сезімдер айқын сипаттағы заттық сипаттағы тұрақты эмоционалды бастан кешулер болып табылады және іс-әрекетке қатысады, бірақ жағдайға тәуелді болмайды.
Достарыңызбен бөлісу: |