Қызығушылық (эмоция ретінде) – дағдылармен біліктерді, білімдер мен түрткіні дамытуға ықпал ететін жағымды эмоциялық ахуал. Қызығушылықтың қалыптасу құрылымына:
жағымды эмоционалды қатынастардың тууы; тереңдетілген жағымды эмоционалды қатынастардың тууы; орнықты (тұрақты) қызығушылық;
таңдану – кенеттен пайда болған жағдайларға жағымды немесе жағымсыз эмоциялық реакция; қуаныш – қажеттілікті толық қанағаттандыру мүмкіндігіне байланысты жағымды эмоциялық
ахуал;
Ашу – маңызды қажеттілікті қанағаттандыру жолында кенеттен пайда болған, әдетте аффект жағдайында өтетін жағымсыз эмоциялық ахуал жатады.
Жек көру – субъектінің өмірлік ұстанымдары, көзқарастары, мінез-құлқының өмірлік ұстанымдарымен, көзқарастарымен және мінезқұлқымен сәйкес келмеуінен туындайтын жағымсыз эмоциялық ахуал.
Қорқыныш – қауіптің төнгенін сезгендегі адамның немесе жануардың қорғану биологиялық реакциясын бейнелейтін жағымсыз эмоциялық ахуалы. К. Изард қорқыныш пен мазасыздануды ажырату қажеттілігін бірқатар зерттеулері арқылы көрсетеді [9].
З. Фрейдті толғандырып ойландырған мәселе адамның өз басынан кешіретін эмоциялык күйлік көріністері. Әсіресе ол адамның ашу үстінде өз психикасы мен санасын басқара алмай абдырауы, эмоциялық толқу үстінде адамның өзі істеген істеріне есеп бермейтіндігі не себептерге байланысты деген мәселелерге ерекше назар аударуына себепкер болды және психологияға «мазасыздық» түсінігін енгізді [10].
Қазіргі психологиялық сөздікте «қорқыныш - бұл субъектінің әлеуметтік және биологиялық экзистенциясы үшін қауіп туындайтын аффекті - сезімдік эмоция» деп беріледі.
Фрейд бойынша «қорқыныш – бұл аффект күйі, яғни нақты бір жағдайларға байланыс- ты қанағаттану және қанағаттанбаушылықты сезіну» [10].
Р.Ф. Овчарова қорқынышты адам санасында оның өміріне нақты бір қауіптің эффективті бейнеленуі (эмоционалды өткірлік) ретінде қарастырады [11].
Қорқыныш өзін-өзі сақтау инстинктіне негізделген, жоғары жүйке жүйесінің нақты физиологиялық өзгерістер мен қорғаныс рефлекстерімен сипатталады деп түсіндіріледі.
Сонымен, қорқыныш – бұл көптеген адамдарда үрей сезімін тудыратын эмоция. Сондықтан да қорқыныш адам өмірінің шынайы бөлігі болып табылады. Адам әртүрлі жағдайлардан қорқуы мүмкін, алайда бұл жағдайлардың барлығының ортақ белгілері бар. Ол адамдардың қауіпсіздігі мен тыныштығына қауіп төнген сияқты қабылданады және әсер етеді. Қорқынышты итенсивті түрде сезіну ұзақ уақыт есте қалады. Қауіпті түсіну өмірлік тәжірибеде тұлғааралық қарым-қатынасты қалыптастырады, қорқыныштың туындауына баланы тітіркендіретін қауіпті әсерлердің біртіндеп жоғарылауы да себеп болады. Әдетте бұндай жағдайларда тәжірибеде (қорқыныш, ауру, конфликт) көрінуі байқалады.
Достарыңызбен бөлісу: |