С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті
Кәсіпорындағы экономика және басқару кафедрасы
050511 – Маркетинг мамандығының студенттері үшін
түлек жұмыстарын орындау бойынша
әДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР
Павлодар
Түлек жұмысын орындау
бойынша әдістемелік нұсқауларды бекіту парағы
|
|
Нысан
ПМУ ҰС Н 7.18.3/25
|
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті
БЕКІТЕМІН
ОІ жөніндегі проректор
__________Н.Э. Пфейфер
2010 ж. «____»__________
050511 – Маркетинг мамандығының студенттеріне арналған түлек жұмыстарын орындау бойынша
ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР
Әдістемелік нұсқаулар мамандықтың Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты ҚР МЖМБС 3.08.315-2006 және ҚР МЖМБС 5.03.016 – 2009 «Жоғары оқу орындарында дипломдық жұмысты (жобаны) орындау ережелері. Негізгі жағдайлар» негізінде әзірленді
Құрастырушы: КЭБ кафедрасының профессоры,
т.ғ.к., доцент _________ С.С. Донцов
Кәсіпорындағы экономика және басқару кафедрасының отырысында ұсынылды, № __ хаттамасы «___» __________ 20 __ ж.
Кафедра меңгерушісі ________________ С.К. Кунязова
Қаржы-экономика факультетінің оқу-әдістемелік кеңесімен құпталды
2010 ж. «___»__________№____ хаттамасы.
ОӘК төрағасы ______________ Л.А. Сидорова
КЕЛІСІЛДІ:
Факультет деканы _______________ Т.Я. Эрназаров «___» __________ 20 __ ж.
ЖжӘҚБ ҚҰПТАЛҒАН:
ЖжӘҚБ бастығы____________ А.А. Варакута «___» __________ 20 __ ж.
Университеттің оқу-әдістемелік кеңесімен құпталған
«___»____________ 20 __ ж. № __ хаттамасы
1 Жалпы жағдайлар
Дипломдық жұмыс жоғары оқу орнында білім алудың соңғы сатысында мамандығының оқу жоспарына және МЖМБС сәйкес орындалады.
Дипломдық жұмысты орындаудың мақсаты болып табылады:
дайындық мақсаттары бойынша теоиялық білімдерін арттыру және бекіту, жүйелендіру және нақты тапсырма кезінде осы білімдерін қолдану;
өздік жұмысты жүргізу дағдыларын дамыту және дипломдық жұмыста қарастырылатын мәселелер мен сұрақтарды шешу кезінде зерттеу әдістемесін меңгеру;
қазіргі өндіріс пен қаржы қатынастарын ұйымдастыру жағдайларында студенттердің өздігінен жұмысына дайындығын, сонымен қатар оның кәсіби құзіретінің деңгейін анықтау.
Дипломдық жұмыс – өзекті мәселелерінің бірін өздігінен кешенді ғылыми-тәжірибелік зерттеу. Орындалған дипломдық жұмыс келесі талаптарды қанағаттандыруы қажет:
ғалымдармен, аналитиктармен, практиктермен ғалымдармен, аналитиктермен, практиктермен жүргізілген зерттеулердің қарастырылатын мәселелерінің қазіргі заманғы ғылыми-теориялық және тәжірибелік деңгейін көрсетуі;
нақты, тәжірибелік маңызды нәтижелерге жетуге мақсаттық бағыттың болуы;
алға қойылған міндеттерді шешуге өзіндік тәсілдерден, өз бағалары мен қорытындыларынан құрылуы;
сенімді мәліметтерден, жүргізілген зерттеулердің шындық нәтижелерінен және нақты мәселенің шешілуін қамтамасыз ететін негізделген дербес ұсыныстардың құрылуы;
материалды баяндау бүтін, логикалық, сатылы, түсінікті және ықшамды болуы тиіс;
әдеби тіл нормалары мен жазбаша ғылыми жұмыстарды рәсімдеу ережелеріне сәйкес болуы.
Кәсіпорынның материалдары негізінде жазылған дипломдық жұмыс авторының ұсыныстары осы кәсіпорын (ұйым) үшін пайдалы болған жағдайда, берілген ұсыныстарды жүзеге асыру белгілі бір экономикалық тиімділік бере алғанда немесе маңызды басқару шешімдерін қабылдауға әкелген жағдайда аса құнды болып табылады.
Дипломдық жұмысты орындаудың жалпы алгоритмі А қосымшасында келтірілген бірқатар сатылардан құралады.
2 Диплом жұмысының тақырыптарына қойылатын талаптар
Дипломдық жұмыстар тақырыптарының тізімі шығарушы кафедрамен әзірленеді және жүйелі түрде жаңарып отырады. Тақырыптар тізіміне мамандыққа сәйкес түдектің дайындығына байланысты өзекті сұрақтар кіреді.
Студент бекітілген тақырыптар тізімінде жоқ тақырыпқа дипломдық жұмысты орындауға құқығы бар. Осы жағдайда студент кафедраға ұсынылатын тақырыптың мақсатқа лайықтығының толық негіздемесін немесе тапсырыс тақырыбын орындауға ұйым тарапынан тапсырыс-хат келтіреді.
Сырттай оқыту нысанының стуенттеріне дипломдық жұмыс тақырыбын өндірістік қажеттілікке сәйкес таңдауға рұқсат беріледі.
Дипломдық жұмыс тақырыбын таңдау кезінде студент келесі ойларды ескеруі қажет:
талдау үшін қажетті тәжірибелік материалдарды (нақты мәліметтерді) алу мүмкіндігі;
ғылыми әдебиеттің болуы;
жеке меншік ғылыми мүдделері мен қабілеттері;
курстық жұмыстарда және өндірістік практика кезеңінде басталған зерттеулердің бірізділігі.
Дипломдық жұмыстың тақырыбы студентке бітіру курсының басында жеке өтініші негізінде тағайындалады (өтініш үлгісі Б қосымшасында келтірілген). Өтініштердің негізінде кафедра дипломдық жұмыстардың тақырыптарын бекітуге университет ректорымен бекітілетін бұйрығын дайындайды.
Диплом алдындағы практика аяқталған соң қажет жағдайда дипломдық жұмыстың тақырыбы қаржы кафедрасының ұсынысы бойынша өзгертілуі, нақтылануы, түзетілуі мүмкін.
Дипломдық жұмыстың тақырыбы жиналған материалдың жеткіліксіз көлемі немесе дипломдық зерттеудің тақырыбын ашу үшін мәліметтердің жоқтығы, өндірістік практиканы (дипломалды практикасын) өту орны ауысқанда студенттің жеке өтініші негізінде немесе кәсіпорынмен – зерттеудің жаңа объектісімен қол қойылған келісімі болған жағдайда өзгертілуі (нақтылануы, түзетілуі) мүмкін.
Осы жағдайларда студент дипломдық жұмыс тақырыбын өзгертудің себептерін негіздеумен жеке өтініш жазады (В қосымшасы).
3 Диплом жұмысының жазылу ережелеріне қойылатын талаптар
Дипломдық жұмысты жазу үшін кафедраның келтіруімен әрбір студентке ғылыми жетекші тағайындалады.
Дипломдық жұмыстардың ғылыми жетекшілері ретінде ғылыми зерттеулер мен ғылыми басылымдардың саласы білім алушы мамандығының профиліне сәйкес келетін профессорлар, доценттер, тәжірибелі оқытушылар мен басқа ұйымдардың жоғары білікті мамандары тағайындалады.
Дипломдық жұмыстың ғылыми жетекшісі:
дипломдық жұмысты орындау үшін тапсырма береді;
дипломдық жұмысты орындаудың барлық кезеңіне жұмыстың күнтізбелік кестесін әзірлеуде студентке көмек көрсетеді;
студентке тақырып бойынша қажетті негізгі әдебиетті, анықтамалық және мұрағаттық материалдарды, типтік жобалар мен басқа дереккөздерді ұсынады;
кеңес беру кестесін анықтайды, оны жүргізу кезінде студенттің дипломдық жұмысты орындаудың күнтізбелік кестесін сақтаудың ағымдағы бақылауын жүзеге асырады;
диплом жұмысының барлық бөлімдерін қалыптастырады және дипломшының жұмысын бағыттайды.
Дипломдық жұмысқа тапсырма материалдар мен дереккөздердің сипаттамасынан, студентпен әзірленетін сұрақтар тізімінен, ұсынылған әдебиеттер тізімінен, кестелік мәліметтердің тізімінен (кестелерден, диаграммалардан, сұлбалардан және т.б.), дипломдық жұмысты жазудың толық күнтізбелік кестесінен тұрады.
Диплом жұмысының тапсырмасын кафедра меңгерушісі аяқталу мерзімін көрсете отырып бекітеді. Диплом жұмысының тапсырмасы диплом жұмысына тігіледі.
Жұмыстың күнтізбелік кестесі барлық кезеңдерге құрылады кезекті жекелеген тараулардың орындалуы нұсқалып және ғылыми жетекшімен келісіледі. Дипломдық жұмысты орындаудың бекітілген кестесіне сәйкес студент ғылыми жетекшісі мен кафедра меңгерушісі алдында пероидты түрде есеп береді. Нәтижелері кафедра отырыстарында талқыланады.
Дипломдық жұмыс мамандық бойынша әдебиетті (оқулықтарды, оқу құралдарын, монографияларды, периодтық әдебиетті, дәріс курстарын, журналдарды, соның ішінде шет тілдерінде, нормативтік әдебиетті және т.б.) терең зерттеу негізінде орындалады.
Әрбір дипломдық жұмыс тапсырмаға сәйкес жеке болашақты теориялық немесе тәжірибелік сұрақтардың әзірленуінен тұруы тиіс.
Дипломдық жұмыстың негізгі мәтіні шығармашылық ойды, зерттеудің қолданылатын әдістерінің негіздеуін, есептеудің қолданылған әдістері мен есептеулердің өзін, олардың талдау мен қорытындыларын ашуы тиіс және кажеттілік бойынша көрнекіліктермен, графиктермен, диаграммалармен, схемалармен және т.б. бейнеленуі қажет.
4 Дипломдық жұмыстың мазмұны мен құрылымы
Диплом жұмысы өзінің мазмұны жағынан ғылыми жұмысты, жоғары оқу орнын бітіруші курс студенті нақты мамандық бойынша өздігінен дайындаған, қолжазба түрінде ұсынады.
Диплом жұмысының көлемі, ереже бойынша, 60-90 бет болуы қажет. Қосымша диплом жұмысының көрсетілген көлеміне енгізілмейді.
Диплом жұмысының құрылымдық элементтері болып:
мұқаба;
титулдық бет;
дипломдық жұмысты орындау бойынша тапсырма;
мазмұны;
кіріспе;
үш бөлімнен, тармақтар мен тармақшалардан тұратын негізгі бөлім;
қорытынды (тұжырым);
пайдаланылған әдебиеттер тізімі;
қосымшалар.
Дипломдық жұмыс элементтері басталатын беттерінің номерлерін көрсете отырып, жұмыстың құрамы кіріспеден, реттік номерлер мен барлық бөлімдердің, бөлімшелердің атауларынан, қорытындыдан, қолданылған әдебиеттер тізімінен және қосымшалардың атауларынан тұрады.
Кіріспе дипломдық жұмыс тақырыбының өзектілігін негіздеуден, шешілетін ғылыми мәселенің қазіргі жағдайын бағалаудан құралуы тиіс, сонымен қатар дипломдық зерттеудің мақсаты, міндеттері, объектісі мен пәні, теориялық және әдістемелік негізі, дипломдық жұмысты жазудың тәжірибелік негізі, жұмыстың ғылыми жаңашылығы мен тәжірибелік маңыздылығы келтірілуі қажет. Кіріспе көлемі 2-4 беттен құралуы қажет (Г қосымшасы).
Дипломдық жұмыстың негізгі бөлімінде жұмысты орындаудың мәнін, мазмұнын, әдістемесін және негізгі нәтижелерін бейнелейтін мәліметтер келтіріледі. Қолданылған дереккөздерге сілтемелерді квадраттық жақшаларда келтіру қажет.
Дипломдық жұмыстың негізгі бөлімі, әдетте, бөлімдер мен бөлімшелерге (бөлімдер мен параграфтар) бөлінеді. Дипломдық жұмыстың барлық бөлімдері мен бөлімшелері бір-бірімен өзара байланысқан болуы тиіс.
Дипломдық жұмыстың бірінші бөлімі зерттелетін тақырып бойынша теориялық және ғылыми негіздерді ашады және шетелдік тәжірибемен аяқталады (20-30 бет). Бірінші бөлімшеде (1.1) зерттеу объектісін басқарудың мәні мен қажеттілігі ашылады, негізгі ұғымдар мен категориялардың мазмұны нақтыланады. Мәселеге әр түрлі көзқарас тұрғысынан міндетті сілтемелерімен әдебиеттер шолуы келтіріледі. Екінші бөлімшеде (1.2) зерттеу объектісін басқару саясатының теориялық аспектісі беріледі. Механизмдер, үрдістер, әдістер ашылады. Үшінші бөлімде (1.3) отандық тәжірибеде пайдаланудың мүмкіндігі мақсатында шетелдік тәжірибе талданады. Сонымен бірге анықтамалық және шолу кестелерін, схемаларды пайдалану мақсатқа лайықты. Бөлім мәселені теориялық қарастыру кезінде алынған негізгі ойларды жалпылайтын қорытындылармен аяқталады.
Екінші бөлім – аналитикалық. Бұл жиналған материалды өздігінен экономикалық, қаржылық, құқықтық және статистикалық талдау. Негізгі көңіл зерттеу объектісінің сипаттамасына, қазіргі заман жағдайларындағы оның жағдайын талдауға, мәселелерді анықтауға қажетті зерттеу пәнін детальді қарастыруға бөлінеді. Берілген бөлімнің материалын баяндау келесіде ұсынылады:
кәсіпорынның, оның ішкі және сыртқы ортасының сипаттамасы, негізгі қаржы-экономикалық көрсеткіштерін талдау;
ұйымдағы зерттеу объектісін басқару саясаты;
зерттеу пәнін және кәсіпорынның (ұйымның) тиімді қызмет етуіндегі зерттелетін мәселенің орнын толық талдау.
Жалпы бөлім жалпылаушы қорытындылармен аяқталуы тиіс. Талдау мәліметтерінің негізінде негізгі мәселелер – зерттелетін объектінің қызмет етуінің күшті және әлсіз жақтары анықталады.
Үшінші бөлім (жобалық) қорытындылайтын бөлім болып саналады (16-25 бет). Екінші бөлімде анықталған зерттеу объектісінің мәселелері бойынша жобалық шешімдер, ұсыныстар мен әзірлеулер болып табылады. Студент ұсыныстарды енгізе отырып, оңтайлы нұсқаны таңдауы қажет, кері салдардың тәуекелін минимизациялау бойынша іс-шараларды ұсынуы тиіс. Алдындағы екі бөлім сияқты үшінші бөлім де қорытындыдан құралуы қажет.
Қорытынды (3-4 бет) диплом жазушымен жүргізілген зерттеу нәтижелері бойынша жасалған қорытындылар мен ұсыныстарды жалпылаудан және үйлесуден тұрады. Бұл мәні бойынша теориялық қорытындыларды қысқаша баяндау, анықталған кемшіліктерді белгілеу және зерттелетін объектінің мәселелерін шешуге бағытталған нақты қалыптастырылған және негізделген ұсыныстар, оларды қолданудың мақсатқа сәйкестігі мен тиімділігін негіздеу. Студент дипломдық жұмысты Мемлекеттік аттестациялау комиссиясы алдында қорғау кезінде қорытынды баяндаманың негізіне алынуы тиіс.
Қолданылған әдебиеттер тізімі ғылыми жұмыстарға бекітілген талаптарға сәйкес рәсімделеді. Қайнаркөздер жөнінде мәліметтерді дипломдық жұмыстың мәтінінде дереккөздерге сілтемелердің пайда болу тәртібінде орналастыру жөн, араб сандарымен нүктесіз номерлеу және жаңа жолдан жазу қажет. Қолданылған дереккөздердің саны 40 атаудан кем болмауы тиіс.
Қосымшаларды берілген дипломдық жұмыстың жалғасы ретінде кейінгі беттерде рәсімдейді. Дипломдық жұмыстың мәтінінде барлық қосымшаларға сілтемелер болуы тиіс. Қосымшалар мәтіндегі сілтемелер тәртібінде орналасады.
Қосышаға дипломдық зерттеуді орындаумен байланысты және негізгі бөлімде көрсетілмеген материалдар кіреді. Қосымшалар болып табылады:
зерттеу объектісінің жылдық және ағымдағы есеп берулерінің нысандары, зерттеу объектісін сипаттайтын құжаттама;
дипломдық жұмыстың тақырыбына қатысты, жұмыста қолданылған құжат айналымы;
графикалық бөлімі.
Дипломдық жұмыста қабылданған шешімдер үшін, барлық мәліметтердің нақтылығы мен объективтілігі үшін студент – дипломдық жұмыстың авторы жауапкершілік тартады.
Дипломның бағасы келесі жағдайларда төмендетілуі мүмкін:
шешілетін мәселеге тікелей қатысты және басылып шыққан маңызды әдебиет көздерін атамаған жағдайда;
зерттеу мәселесіне арналған отандық жұмыстарды талдамаған жағдайда;
зерттеу тақырыбы бойынша нормативті-құқықты базаны оқымаған жағдайда;
теориялық бөлімі меншік эмпирикалық зерттеу пәнінің тұжырымдамасымен және қорытындылармен аяқталмаған жағдайда;
жұмыстың теориялық бөлімінде схемалар мен суреттердің жоқтығы немесе жеткіліксіз қолданылуы;
жеткіліксіз қолданылуы; жұмыстың аналитикалық бөлімінде кестелер мен диаграммалардың жоқтығы немесе жеткіліксіз қолданылуы;
дипломдық жұмыс екі әр түрлі бөлікке бөлінеді: бір-бірімен нашар тіркесетін теориялық және аналитикалық бөлімдер;
автор дереккөздерге және/немесе дереккөздер авторына сілтемесіз әдістемесін, сонымен қатар нәтижелерге сілтемесіз әдістемесін қолданғанда;
жұмыста зерттеуді жүргізу процедурасының толық сипаттамасы болмаған жағдайда (ұсынылған сипаттама бойынша процедураны анықтау мүмкін болмағанда);
жұмыста алынған нәтижелердің интерпретациясы жоқ, қорытындылар бастапқы мәліметтерді белгілеу ретінде құрылған. Әр түрлі әдістермен алынған мәліметтерді өзара салыстырмаған жағдайда;
дипломдық жұмыстың бөлімдері (бөлімшелері) бойынша материал мазмұнын біркелкі бөлмеген жағдайда. Әрбір бөлімшенің көлемі 8 беттен кем болмауы тиіс.
5 Диплом жұмысын ресімдеу
Дипломдық жұмыс ПМУ ӘН 4.01.3-09 сәйкес ресімделуі тиіс.
6 Дипломдық жұмысты қорғауға ұсыну тәртібі
Дипломдық жұмыс дипломалды практикасының соңғы аптасында алдын ала қорғау процедурасын өту үшін шығарушы кафедрасына ұсынылады.
Дипломдық жұмысты алдын ала қорғау процедурасы кафедраның ашық отырысында студенттердің және ғылыми жетекшісінің қатысуымен, қажеттілік жағдайында, ғылыми кеңес берушілердің міндетті болуымен жүргізіледі.
Алдын ала қорғау кафедра отырысының хаттамасымен рәсімделеді.
Алдын ала табысты қорғалған және бекітілген талаптарға сәйкес рәсімделген аяқталған дипломдық жұмысқа студенттің, ғылыми кеңесшілердің қолдары қойылады және ғылыми жетекшіге ұсынылады.
Әрбір дипломдық жұмыс антиплагиат процедурасын өтуі тиіс.
Ғылыми жетекші дипломдық жұмысқа жазбаша пікір жазады.
Дипломдық жұмысты мақұлдаған жағдайда жетекші оған қол қойып, қорғауға жіберу жөнінде өзінің жазбаша пікірімен бірге кафедра меңгерушісіне ұсынады (қорғауға дейін 10 күн бұрын).
Дипломдық жұмысты мақұлдамаған жағдайда ғылыми жетекші оған қол қоймайды, бірақ дипломдық жұмысты қорғауға жібермеу туралы өзінің шешімі негізделген жазбаша пікір жазады.
Осы материалдардың негізінде кафедра меңгерушісі титулдық бетте сәйкес жазбалар жасай отырып, берілген дипломдық жұмыс бойынша соңғы шешім қабылдайды.
Егер кафедра меңгерушісі студентті дипломдық жұмысты қорғауға жіберу мүмкін емес деп санаған жағдайда, бұл сұрақ берілген студент пен оның ғылыми жетекшісінің міндетті қатысуымен кафедра отырысында қарастырылады. Кафедра отырысының хаттамасы университет ректорына бекітуге ұсынылады.
Шығарушы кафедрамен қорғауға ұсынылған дипломдық жұмыс факультет деканымен рецензияға жіберіледі (қорғауға дейін 3 күн бұрын).
Зерттелетін тақырыптың өзектілігі, жаңашылдығы және тәжірибелік мәні, академиялық дәрежесі мен біліктілігі берілетін маман дайындау профиліне дипломдық зерттеу тақырыбының сәйкестігі, жүргізілген зерттеудің дербестігі, қорытындылар мен ұсыныстар, мәселені шешу және зерттеудің аяқталғандық дәрежесі көрсетілуге тиісті дипломдық жұмысқа сын пікір жазады.
Пікірде баллдық-рейтингтік әріптік жүйе бойынша бағасы және сәйкес академиялық дәрежесі мен біліктілігін беру мүмкіндігі көрсетілген дәлелдемелі қорытынды беріледі.
Ғылыми жетекшісімен қорғауға жіберілген, бірақ рецензентпен Ғ бағасына – «қанағаттандырылмаған» деп бағаланған дипломдық жұмыс жалпыға бірдей шарттарда қорғалады.
Факультет деканы кафедра меңгерушісі мен студент-дипломшыны қорғауға дейін 1 күн бұрын пікірмен таныстырады және пікір жазылған дипломдық жұмысты қорғау үшін Мемлекеттік аттестациялау комиссиясына жіберіледі.
Дипломдық жұмыс студенттің қалауы бойынша қазақ немесе орыс тілінде қорғалады. Студент кафедраның ұсынысы бойынша дипломдық жұмыстың қысқаша мазмұнын қосымша түрде шетел тілдерінің бірінде ұсынуы мүмкін, ол қорғау кезінде жарияланады және осы тілде сұрақтар қойылуы мүмкін.
7 Диплом жұмысын қорғау тәртібі
Дипломдық жұмыс мемлекеттік аттестациялау комиссиясының (МАК) жартысынынан кем емес мүшелерінің қатысуымен комиссияның ашық отырысында жүргізіледі.
Дипломдық жұмысты қорғау келесі тәртіпте жүргізіледі:
қорғау алдында МАК хатшысы дипломдық жұмысты комиссия төрағасына тапсырады, студенттің аты-жөні мен дипломдық жұмысының тақырыбын жариялайды;
дипломшының баяндамасы тыңдалады;
баяндама аяқталған соң комиссия мүшелері сұрақтар қояды, оларға дипломшы нақты, дәлелдемелі және қысқаша жауаптар беруге міндетті;
сұрақтарға жауап берген соң МАК хатшысы ғылыми жетекшінің, рецензенттің пікірлерін оқиды және ескертулерге жауап беру үшін дипломшыға соңғы сөз беріледі.
Дипломдық жұмысты қорғау жариялы нысанда студенттердің, шығарушы кафедраның оқытушыларының қатысуымен ұйымдастырылады. Қорғауға сонымен қатар ғылыми жетекшісі, дипломдық зерттеу жүргізілген ұйымның өкілдері және басқа мүдделі тұлғалар шақыртылуы мүмкін.
Дипломдық жұмысты талқылауға сұрақтар немесе сөз сөйлеу нысанында қатысушылардың барлығы қатыса алады.
Бір дипломдық жұмысты қорғаудың ұзақтығы, әдетте, бір студентке 30 минуттан аспауы тиіс.
Дипломдық жұмысты қорғау үшін студент мемлекеттік аттестациялау комиссиясы мен қатысушылардың алдында 7-15 минут баяндамамен сөз сөйлейді.
Баяндаманың негізгі бөлімі тәжірибелік сипат алуы тиіс. Баяндаманы міндетті түрде МАК қарауымен «Құрметті мемлекеттік аттестациялау комиссиясының төрағасы мен мүшелері! Сіздердің назарыңызға (жұмыстың тақырыбы көрсетіледі) тақырыбына дипломдық жұмыс ұсынылып отыр» деп бастау қажет.
Баяндамада көрініс табуы тиіс:
дипломдық жұмыстың таңдалған тақырыбының өзектілігі мен тәжірибелік мәні, оның объектісі мен пәні, мақсаты;
жұмыстың теоретиялық өңделгендігі және ғылыми жаңашылдығы;
негізгі идея мен ең маңызды қорытындылар: анықталған проблемалар және олардың шешілуі бойынша ұсыныстар.
Баяндаманы «Назарларыңызға рахмет!» сөздерімен аяқтаған жөн.
Баяндама үлестірме материалдармен көрнекіленуі тиіс. Оған студент жұмысының дербестігі мен нәтижелерін толық бағалауға мүмкіндік беретін кестелер, схемалар, суреттер кіреді. Үлестірме материалды бағдарламалық құралдардың көмегімен (мысалы, MS PowerPoint) презентация түрінде рәсімдеу қолданады. Үлестірме материалда дипломдық жұмыстың тақырыбы мен авторы көрсетілген титулдық беті болуы қажет. Үлестірме материал топтамасының саны Мемлекеттік аттестациялау комиссиясы мүшелерінің саны бойынша анықталады.
Дипломдық жұмысты қорғау нәтижелері бойынша баллдық-рейтингтік және әріптік жүйе бойынша баға қойылады. Сонымен бірге теориялық, ғылыми және тәжірибелік дайындығының деңгейі, ғылыми жетекшінің пікірі мен рецензенттің бағасы ескеріледі.
Дипломдық жұмысты бағалаудың негізгі сапалық критерийлері болып табылады:
тақырыптың өзектілігі мен жаңашылдығы;
тақырып бойынша қолданылған отандық және шетелдік әдебиеттің жеткіліктігі;
дипломдық жұмыстың тәжірибелік маңыздылығы;
жиналған эмпирикалық мәліметтер дипломдық жұмыстың қойылған міндеттерін орындау үшін жеткілікті болуы қажет;
алынған нәтижелерді талдау мен интерпретациялаудың тереңдігі мен негізделгендігі;
материалды баяндаудың нақтылығы мен сауаттылығы, жұмысты рәсімдеудің сапасы, осы «Әдістемелік нұсқаулардың» есебі;
дипломдық жұмыспен байланысты, теориялық және тәжірибелік сұрақтар бойынша пікірталас жүргізе білуі;
МАК мүшелерінің сұрақтары мен рецензенттердің ескертулеріне жауаптардың тереңдігі мен дұрыстығы.
Дипломдық жұмысты қорғаудың нәтижелері мемлекеттік аттестациялау комиссиясы отырысының хаттамасымен әрбір студент бойынша рәсімделеді және оларды жүргізу күні жарияланады.
А қосымшасы
(анықтама)
Дипломдық жұмысты жазу мен қорғаудың жалпы алгоритмі
|
Жұмыстың түрі
|
Орындау мерзімі
|
1
|
Тақырып пен ғылыми жетекшіні таңдау
|
бітіру курсының басы
|
2
|
Кафедра меңгерушісімен тақырып пен ғылыми жетекшінің бекітілуі. (Негіздеме: студенттің жеке өтініші, өндірістік (дипломалды) практиканы өтуге келісім)
|
бітіру курсының басы
|
3
|
Дипломдық жұмыс мазмұнын құрастыру, оны жетекшімен келісу және кафедра меңгерушісімен бекіту
|
дипломалды практикасының
1 аптасы
|
4
|
Дипломдық жұмыстың мақсаттары мен міндеттерін өндіру
|
дипломалды практикасының
1 аптасы
|
5
|
Дипломдық жұмыстың бірінші бөлімін – зерттеу тақырыбы бойынша әдебиетті зерттеу, көзқарастар мен тәсілдерді жүйелендіру негізінде зерттелетін мәселенің теориялық аспектілерін жазу
|
дербес мерзім, ғылыми жетекшімен келісу бойынша
|
6
|
Дипломдық жұмыстың екінші бөлімін – кәсіпорынның сипаттамасын ашатын, оның қызметінің критикалық талдауынан құралатын және осының негізінде зерттеу тақырыбы бойынша мәселелі аспектілері анықталған аналитикалық бөлігін жазу
|
дербес мерзім, ғылыми жетекшімен келісу бойынша
|
7
|
Дипломдық жұмыстың үшінші бөлімін – зерттеу тақырыбы бойынша анықталған мәселелерді шешу (болашақ бағыттарды дамыту, ағымдағы жағдайды жетілдіру) бойынша ұсыныстар кіретін жобалық бөлігін жазу.
|
дербес мерзім, ғылыми жетекшімен келісу бойынша
|
8
|
Дипломдық зерттеу нәтижелері бойынша кіріспе мен қорытындыны жазу
|
дербес мерзім, ғылыми жетекшімен келісу бойынша
|
9
|
Дипломдық жұмысты алдын ала қорғау
(Тігілмеген дипломдық жұмыс алдын ала сараптау үшін қаржы кафедрасына ұсынылады)
|
дипломалды практикасының соңғы аптасы
|
10
|
Дипломдық жұмысқа ғылыми жетекшінің пікірін алу
|
қорғауға дейін 7 күн бұрын
|
11
|
Дипломдық жұмыс нәтижелерін енгізу мүмкіндігіне кәсіпорыннан пікір алу (қажет жағдайда)
|
қорғауға дейін 7 күн бұрын
|
12
|
Дипломдық жұмыстың нормабақылауы
|
Практиканың бүкіл кезеңі ішінде, бірақ дипломдық жұмысты қорғауға дейін 5 күннен кеш емес
|
13
|
Дипломдық жұмысты кафедра меңгерушісіне келтіру
|
қорғауға дейін 5 күн бұрын
|
14
|
Дипломдық жұмысты рецензиялау
|
қорғауға дейін 2-3 күн бұрын
|
15
|
Дипломдық жұмысты, жетекшінің пікірі мен рецензияны МАК хатшысына ұсыну
|
Қорғауға дейін 1 күннен кеш емес
|
16
|
Дипломдық жұмысты қорғау (баяндама, МАК барлық мүшелеріне үлестірме материал)
|
Қорғау кестесіне сәйкес қорғау күні
|
Б қосымшасы
(анықтама)
Дипломдық жұмыстың тақырыбын бекіту туралы студент өтінішінің үлгісі
Кәсіпорындағы экономика және
басқару кафедрасының меңгерушісі
э.ғ.к., доцент С.К. Кунязоваға
_______ тобының студенті
Аты-жөні (толық түрде)
Өтініш
Сізді «Дипломдық жұмыс тақырыбының атауы» («Кәсіпорын атауы» мысалында) дипломдық жұмыс тақырыбын бекітуге және ғылыми жетекшіні бекітуге (лауазымы, жетекшісінің аты-жөні) рұқсат етуіңізді сұраймын.
күні, студенттің қолы
жетекшінің келісімі
күні, жетекшінің қолы
В қосымшасы
(анықтама)
Диплом жұмысының тақырыбын өзгерту туралы студент өтінішінің үлгісі
Кәсіпорындағы экономика және
басқару кафедрасының меңгерушісі
э.ғ.к., доцент С.К. Кунязоваға
_______ тобының студенті
Аты-жөні (толық түрде)
Өтініш
Сізді (себебі көрсетіледі) байланысты дипломдық жұмыс тақырыбын жаңа түзетілген түрде «Дипломдық жұмыс тақырыбының жаңа атауы» («Кәсіпорын атауы» үлгісінде) бекітуге және ғылыми жетекшіні бекітуге (лауазымы, жетекшісінің аты-жөні) рұқсат етуіңізді сұраймын.
Қосымша – Тәжірибені өтуге арналған жаңа кәсіпорынмен келісім шарт.
күні, студенттің қолы
жетекшінің келісімі
күні, жетекшінің қолы
Г қосымшасы
(анықтама)
Дипломдық жұмысқа арналған ұсынылған құрылым және кіріспенің мазмұны
Кіріспе
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Зерттеу үшін таңдалған мәселенің теориялық және тәжірибелік маңыздылығын негіздеу (берілген сәтте және берілген жағдайда).
Өзектілікті айқындау көп болмауы керек. Оны алыстан сипаттаудың мәні жоқ. Машинамен басылған мәтіннің парағы шегінде бастысын – тақырыптың өзектілігі көрінетін мәселелі жағдайдың мәнін көрсету жеткілікті. Ғылыми аспектте өзектілік берілген тақырыпты зерттеудің қажеттілігі ғылымның қазіргі жағдайымен себептелетінін білдіреді. Қолданбалы аспектте тақырыптың өзектілігі шаруашылық тәжірибенің нақты қажеттіліктерімен (нақты кәсіпорынның, кәсіпорындар тобының, басқару органдарының және т.б. қажеттіліктерімен) оның байланысын білдіреді.
Өзектілік таңдалған тақырыптың маңыздылығын, уаттылығын, оның әлеуметтік-экономикалық мәнін көрсетеді.
Шешілетін ғылыми мәселенің қазіргі жағдайын бағалау. Еңбектерінде зерттелетін мәселенің теориялық, әдістемелік және тәжірибелік аспектілері көрсетілген авторлардың (қазақстандық, ресейлік еңбектер, шетел әдебиеті) аты-жөндерін тізімдеу қажет.
Алайда, біздің ойымызша, ерекшеліктері жеткілікті толық зерттелмеген және, бәрінен бұрын, бұл қазіргі жағдайларда тәжірибелік маңызы бар қорытындыларға қатысты.
Тақырыптың өзектілігі және теориялық және тәжірибелік белгісі зерттеу бағыттарын таңдауды негіздеді, оның мақсаттары және тапсырмаларын анықтады.
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері – дипломдық зерттеу жұмысында жүргізілген мақсаттың және қойылған мақсатқа жету үшін шешуге қажетті бірнеше міндеттердің қысқаша және нақты тұжырымдамасы. Дипломдық жұмыстың мақсаты - ....... (зерттеу мәселесі көрсетіледі) саласында теориялық білімдерді жүйелендіру, бекіту мен кеңейту және оны жетілдіру бойынша (дамыту, яғни мәселені шешу бойынша) алынған білімдерді ұсыныстарды (бағыттарды) әзірлеу (өндіру) үшін қолдану.
Қойылған мақсатқа жету үшін кезектеп шешуді талап еткен негізгі міндеттер келесі түрде анықталды:
оқу;
ашу;
сипаттау;
қайта талдау;
бағалау;
бекіту;
анықтау;
өндіру.
Бұл міндеттердің тұжырымдамаларын мүмкіндігінше мұқият жасау қажет, өйткені оларды шешудің сипаттамасы дипломдық жұмыс бөлімдерінің құрамын құрауы қажет. Бұл сонымен қатар осы бөлімдердің атаулары зерттеу міндеттерінің тұжырымдамаларынан туындайтындықтан маңызды.
Зерттеу объектісі мен пәні
Зерттеу объектісі – мәселелі жағдайды туғызатын және зерттеу үшін таңдалған үрдістер мен құбылыстар.
Зерттеу пәні – қарастырудың белгілі бір аспектісіндегі объектілер шегіндегінің барлығы.
Зерттеу объектісі – зерттеу жүргізілген сала шекараларын анықтау. Мысалы: құрылыс компаниясы, несие ұйымы, коммерциялық банк, бюджет және т.б.
Зерттеу пәні – диплом жұмысының тақырыбына сәйкес зерттеу объектісінің шекарасындағы талданған және проблемаларды немесе нақты сұрақтарды қалыптастыру. Мысалы: шығындарды басқару саясаты, кәсіпорын қызметінің тиімділігін бағалау, менеджмент-тәуекелділігін жетілдіру, ресурстарды шығындауының бақылауын ұйымдастыру және т.б.
Зерттеудің объектісі және пәні жалпы және меншік ретінде өзара арақатынасады. Объектте зерттеу пәні ретінде қызмет ететін бөлімі ерекшелінеді.
Дипломдық жұмысты жазудың тәжірибелік базасы және теориялық, әдістемелік негізі.
Зерттеудің теориялық негізі – дипломдық жұмыста зерттелетін мәселелерді талдауға және шешуге маңызды үлесін қосқан отандық және шетел ғалымдары мен мамандарының еңбектерінің тізімі.
Зерттеудің әдістемелік негізі. Зерттеудің негізі болып анықталу көмегімен танудың жалпы теориясы мен диалектикалық әдісі (мысалы: пайда болу көздері, даму механизмі және бағалы тәуекелдің шешу жолдары). Жұмыста түбегейлі, логикалық және салыстырмалы талдау, жалпылау және жүйелі тәсіл, экономикалық-статистикалық талдаудың әдістері қолданылды.
Зерттеудің ақпараттық базасы ретінде нұсқаулары мен қаулыларының заңнамалық актілері, ҚР Қаржы нарықтары мен қаржы ұйымдарын реттеу және қаржылық қадағалау бойынша агенттігінің заңнамалық актілері, ҚР статистика агенттігінің статистикалық мәліметтері, ішкі нұсқаулық материалдар және басқа дереккөздер қызмет етті.
Дипломдық жұмыстың ғылыми жаңашылдығы. Мұнда Сіздің жұмысыңызды осы мәселе бойынша басқа көздерден нақты не ерекшелейтіні көрсетіледі. Бұл Сіз әзірлеген әдістеме, білімдерді жүйелендіру, жұмыс пәнін жетілдірудің тәжірибелік бағытын негіздеу болуы мүмкін.
Дипломдық жұмыстың тәжірибелік маңызы. Мұнда жұмыстың тәжірибелік мәні ашылады, мысалы, жұмыс белгілі бір жайтты жетілдіру үшін пайдаланылуы мүмкін, Сізбен әзірленген әдістеме тәжірибелік әрекетте қолданылуы мүмкін, дипломдық жұмыста алынған нәтижелер зерттеу объектісінің қызметінде пайдаланылуы мүмкін, бұл экономикалық эффектті алуға әрекеттеседі (табыстылықтың жоғарылауы, қаржылық тұрақтылықты бекіту және т.б. көрсетіледі).
Достарыңызбен бөлісу: |