2
4) дипломдық жұмыс (жоба) – студенттің және курсанттың (бұдан әрі –
студент) таңдалған мамандық саласындағы ӛзекті проблеманы ӛз бетінше
зерделеу нәтижелерінің жинақталуы болып табылатын бітіру жұмысы;
5) жеке оқу жоспары (бұдан әрі – ЖОЖ) – үлгілік оқу жоспары мен
элективті пәндер каталогы негізінде эдвайзердің кӛмегімен студенттің әр оқу
жылына арнап ӛзі құрастыратын оқу жоспары;
6) инклюзивті білім беру – ерекше білім беру қажеттіліктері мен жеке-
дара мүмкіндіктерін ескере отырып, барлық білім алушылардың білім алуға
тең қол жеткізуін қамтамасыз ететін процесс;
7) элективті пәндер каталогы (бұдан әрі – ЭПК) – зерттеу мақсатын,
қысқаша мазмұнын (негізгі бӛлімдер) және зерттеуден күтілетін нәтижелерді
(студенттердің алатын білімін, іскерлігін, дағдысы мен құзыреттерін) кӛрсете
отырып, пәннің қысқаша сипаттамасын қамтитын таңдау компоненттері
бойынша барлық пәндердің жүйеленген аннотацияланған тізбесі;
8) таңдау компоненті – жоғары оқу орны ұсынатын, пререквизиттері мен
постреквизиттерін есепке ала отырып кез келген академиялық кезеңде
студенттердің ӛздері таңдай алатын оқу пәндерінің және тиісті кредиттердің
(немесе академиялық сағаттардың) ең аз кӛлемінің тізбесі;
9) құзыреттер – студенттердің оқыту процесі кезінде алған білімін,
іскерлігін және дағдысын кәсіптік қызметте практикалық тұрғыдан қолдана
білу қабілеті;
10) міндетті компонент – үлгілік оқу жоспарында белгіленген және білім
беру бағдарламасы бойынша студенттер міндетті түрде оқитын оқу пәндерінің
және тиісті кредиттердің ең аз кӛлемінің тізбесі;
11) оқу жұмыс жоспары (бұдан әрі – ОЖЖ) – мамандық бойынша үлгілік
оқу жоспары мен студенттердің жеке оқу жоспарлары негізінде білім беру
ұйымы дербес әзірлейтін оқу құжаты;
12) үлгілік оқу бағдарламасы (бұдан әрі – ҮОБ) – оқу мазмұнын, кӛлемін,
ұсынылатын әдебиетті анықтайтын және білім беру саласындағы уәкілетті
орган
бекітетін
мамандықтың
үлгілік
оқу
жоспарының
міндетті
компонентіндегі пәннің оқу құжаты;
13) үлгілік оқу жоспары (бұдан әрі – ҮОЖ) – Қазақстан Республикасының
жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім мамандықтарының жіктеуіші
мен осы стандарт негізінде әзірленетін, міндетті компонент пәндерінің тізбесі
мен кредиттердің ең аз кӛлемін және практиканың, қорытынды аттестаттаудың
барлық түрлерін кӛрсете отырып, пәндер циклі бойынша білім беру
бағдарламасының құрылымы мен кӛлемін регламенттейтін, білім беру
саласындағы уәкілетті орган бекітетін оқу құжаты;
14) жоғары оқу орны компоненті (бұдан әрі – ЖК) – мамандықтардың
білім беру бағдарламасы шеңберінде игеру үшін ӘАОО дербес айқындайтын
оқу пәндері мен кредиттердің тиісті кӛлемдерінің тізбесі;