Тұжырымдама Заң жобасының атауы


Заң жобасын қабылдаудың мақсаты



жүктеу 0,5 Mb.
бет2/2
Дата14.01.2018
өлшемі0,5 Mb.
#7482
1   2

3. Заң жобасын қабылдаудың мақсаты

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне денсаулық сақтау саласы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заң жобасы Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау және МӘМС саласындағы заңнамасын жетілдіру және дамыту, сондай-ақ МӘМС жүйесінде құқықтық, әлеуметтік шарттар мен кепілдіктерді айқындау мақсатында әзірленді.


4. Заң жобасын реттеу мәні

Заң жобасын реттеу мәні денсаулық сақтау саласында, сондай-ақ тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі мен міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйелеріне қатысушылардың өзара іс-қимылына байланысты туындайтын қоғамдық қатынастарды реттеу болып табылады.


5. Заң жобасының құрылымы

Заң жобасы 3 баптан тұрады.

1-бап:

6 Кодекске:



1) 1999 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (Ерекше бөлім);

2) 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне;

3) 2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының кодексіне (Салық кодексі);

4) 2009 жылғы 18 қыркүйектегі «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне;

5) 2010 жылғы 30 маусымдағы «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасының кодексіне;

6) 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне;




  1. заңға:

  1. «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы»
    1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына;

  2. Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк органдары туралы»
    1995 жылғы 21 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына;

  3. «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына;

  4. «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» 2003 жылғы 25 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына;

  5. «Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы күштері туралы» 2005 жылғы 7 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына;

  6. Қызметкер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру туралы» 2005 жылғы 7 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына;

  7. «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына;

  8. «Құқық қорғау қызметі туралы» 2011жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына;

  9. «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына;

  10. «Арнаулы мемлекеттік органдар туралы» 2012 жылғы 13 ақпандағы
    2012 жылғы 16 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына;

  11. «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы»
    2012 жылғы 16 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына;

  12. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне денсаулық сақтау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»
    2015 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына;

  13. «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» 2015 жылғы
    16 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына;

  14. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 16 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына;

  15. «Халықты жұмыспен қамту туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына;

  16. «Төлемдер және төлем жүйелері туралы» 2016 жылғы 26 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына енгізілетін мен толықтырулардың мазмұнын айқындайды.

2-бап өтпелі ережелерді айқындайды.

3-бап осы заң жобасын қолданысқа енгізу тәртібін айқындайды.
6. Заң жобасы қабылданған жағдайда болжанатын құқықтық және әлеуметтік-экономикалық салдарлар
Заң жобасын қабылдау Қазақстан Республикасының жекелеген заңнамалық актілерін жетілдіруге және Қазақстан Республикасының міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы заңнамасының ережелерімен сәйкестікке келтіруге және Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау, оның ішінде міндетті әлеуметтік және медициналық сақтандыру саласындағы заңнаманың нормаларын біркелкі қолдануға бағытталған. Ұсынылып отырған Заң жобасын қабылдау қандай да бір теріс құқықтық және әлеуметтік-экономикалық салдардың туындауына әкелмейді.
7. Басқа заңнамалық актілерді бір мезгілде (кейіннен) әзірленіп жатқан заң жобасына сәйкестікке келтіру қажеттілігі
Талап етілмейді.
8. Заң жобасы мәнінің өзге нормативтік құқықтық актілермен регламенттелуі
Қазіргі кезде заң жобасының бірқатар мәселелері (әскери қызметшілерге, арнаулы мемлекеттік органдардың және құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне, олардың отбасы мүшелеріне және осы органдардың зейнеткерлеріне медициналық көмек көрсету) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 135-бабымен, сондай-ақ Қорғаныс және Қарулы күштер туралы, әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы, құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік органдар туралы, міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы заңдармен регламенттеледі.
9. Қаралып отырған мәселе бойынша шетелдік тәжірибенің болуы
Заң жобасын әзірлеу кезінде заң жобасының кейбір мәселелері бөлігінде шет елдердің тәжірибесі зерттелді және есепке алынды.

1. Ресей Федерациясының федералдық заңына сәйкес Ресей Федерациясының міндетті медициналық сақтандыру саласындағы субъектілерінің мемлекеттік билік органдарының құзыретіне міндетті медициналық сақтандыруға жұмыс істемейтін халықтың сақтандыру жарналарын төлеуі жатады. Жұмыс істемейтін азаматтарға өзгелерден басқа мүгедек балаларды, I топтағы мүгедектерді, 80 жасқа жеткен адамдарды күтумен қамтылған еңбекке қабілетті азаматтар жатады.

Литвада үй жағдайында мүгедек баланы немесе 24 жасқа толғанға дейін еңбекке қабілетсіз деп танылған адамды немесе 24 жасқа толғанға дейін пайда болған ауруға байланысты 26 жасқа толғанға дейін еңбекке қабілетсіз деп танылған адамды немесе тұрақты күтуді қажет ететін адамды күтетін ата-ананың біреуі, қамқоршы немесе бақылаушы олар үшін жарналарды мемлекет төлейтін адамдардың тізіміне қосылған.

Эстондық медициналық сақтандыру жүйесінде 16 жасқа дейінгі мүгедекті күтетін және бұл ретте өздері аурулардан зардап шегетін немесе акушерлік күтім алатын адамдар үшін жарналарды медициналық сақтандыру қоры олардың орташа кірісінің 80% мөлшерінде төлейді.

Осылайша, аталған елдердің тәжірибелерін ескере отырып, өздеріне Қорға жарналарды мемлекет жүзеге асыратын адамдар санатын 18 жасқа дейінгі мүгедек балаға күтімді жүзеге асыратын адамдармен кеңейту ұсынылады.

Қырғыз Республикасының міндетті медициналық сақтандыру жүйесінде міндетті медициналық сақтандырумен қамтылмаған адамдар міндетті медициналық сақтандыруға жарналарды міндетті медициналық сақтандыру полистерін сатып алу арқылы төлеуге құқылы.

Литвада төлеушілердің ешбір санатына кірмейтін адамдар медициналық сақтандыру қорына жарналарды ай сайын жарна жүргізілген айға ең төменгі айлық кірістің 9% мөлшерінде төлейді.

Ресей Федерациясында Ресей Федерациясының міндетті медициналық сақтандыру саласындағы субъектілерінің мемлекеттік билік органдарының құзыретіне міндетті медициналық сақтандыру саласындағы құзыретіне міндетті медициналық сақтандыруға жұмыс істемейтін халықтың сақтандыру жарналарын төлеуі жатады. Жұмыс істемейтін азаматтарға әскери қызметшілерді және медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыруда оларға теңестірілген адамдарды қоспағанда, мынадай азаматтар: 18 жасқа дейінгі балалар, жұмыс істемейтін зейнеткерлер, бастапқы кәсіби, орташа кәсіби және жоғары кәсіби білім мекемелерінде күндізгі оқу нысанында оқитын азаматтар, жұмыспен қамтылу туралы заңнамаға сәйкес жұмыссыз ретінде тіркелген жұмыссыз азаматтар, баланы үш жасқа толғанға дейін күтетін ата-ананың біреуі немесе қамқоршы, мүгедек балаларды, I топтағы мүгедектерді, 80 жасқа жеткен адамдарды күтумен қамтылған еңбекке қабілетті азаматтар, сондай-ақ еңбек шарты бойынша жұмыс істемейтін және жоғарыда көрсетілмеген азаматтар жатады.

МӘМС жүйесіне басқа санаттарға жатпайтын адамдарды қосу және МӘМС жүйесінде медициналық көмекпен барынша қамтуды қамтамасыз ету қажеттілігін және шетелдерде ұқсастықтардың болуын ескере отырып, Қорға жарналар төлеушілер тізбесін жұмыс күші тобына кірмейтін адамдармен толықтыру қажет.

Барлық ЭЫДҰ елдерінде тұрақты тұрып жатқан шетелдіктер сақтандыру жарналарын/аударымдарын ұлттық қорға заңнаманың негізінде аударуға міндетті. Сақтандырылған шетел азаматтары медициналық көмекті осы елдердің азаматтарымен бірдей алады.

Еуропа одағының елдерінде «еркін» қозғалыс қағидаты пайдаланылады, ол Еуропа елдеріндегі медициналық сақтандыру жүйелері ЕО-ның басқа елдерінде алынған қызметтер шығыстарының орнын толтыратынын білдіреді. Алайда, сақтандыру жағдайларын өтеуді ұлттық медициналық сақтандыру қорлары шығу елінің мөлшерлемелері бойынша жүзеге асырады. Болған елде алынған емнің бағасы асып кеткен жағдайда, сақтандырылған адам бағадағы айырмашылықты өтейді.

Голландық медициналық сақтандыру жүйесі барлық мүшелердің атынан (босатуларсыз) жарналар төлеуді талап етеді, бірақ Нидерландыда қызметтер Нидерландыда тұрып жатқан, сақтандырылған адамдарға ғана төленеді. Бұл елде тұрып жатқан және МӘС-қа жарналарды төлейтін шетел азаматтарына да қатысты.

Германияда міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға құқығы бар адамдар үшін әлеуметтік медициналық сақтандырудан басқа, сақтандыру елде тұрып жатқан әрбір азамат үшін міндетті болып табылады. Отбасы мүшелері жарналарды төлеуге міндетті емес. Бұл отбасы мүшелері Германияда тұрып жатса, олардың неміс медициналық сақтандыру қызметтеріне ғана құқығы бар. Егер азаматтар МӘМС арқылы сақтандырылмаса, олар жеке сақтандыру жүйесі арқылы сақтандырылуға міндетті. Германияға баруға виза алатын шетелдіктер, виза берілгенге дейін медициналық сақтандырудың болуы туралы дәлелдер ұсынулары тиіс.

Ресей Федерациясында ММС туралы Заң Ресейдің аумағында уақытша және тұрақты тұрып жатқан шетелдіктерге ғана қолданылады.

Ресейдің аумағында тұрақты тұрып жатқан, мекендеу қағазы және рұқсаты бар шетелдіктер заңға сәйкес РФ азаматтарына құқықтар мен міндеттемелерінде теңестіріледі. Бұл азаматтардың осы санаттары тегін медициналық қызмет көрсетуді ММС бағдарламасының шеңберінде алатынын білдіреді. Оларға ММС полисі ресейліктерге берілетін шарттарда беріледі.

Ресейдің аумағында уақытша тұрып жатқан шетелдіктер медициналық-көлік қызметтерін, оның ішінде репатриацияны (шұғыл эвакуацияны) қамтитын көмекті алуына болады. Медициналық қызметтер азаматтардың осы санатына шартқа және төленген сақтандыру жарнасының мөлшеріне сәйкес ұсынылады. Қызметтер көлемінің ең төменгі тізбесін Ресейдің Денсаулық сақтау министрлігі бекіткен.

Ресей мемлекетінің аумағында уақытша жүрген шетел азаматтары үшін ММС полисі заңмен көзделмеген.

Жедел медициналық көмек азаматтардың барлық санаттарына міндетті және тегін көрсетіледі.

Қауіпті жағдайдан шыққан науқасқа кейіннен көрсетілетін медициналық қызметтер ақылы негізді жүргізіледі.

ЭЫДҰ елдерінің тәжірибелерін жалпылай келе, Қазақстан Республикасында тұрақты тұрып жатқан шетелдіктер медициналық көмекті азаматтармен бірдей алу үшін жарналарды және (немесе) аударымдарды аударуы қажет.

Эстонияның медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық сақтандыру туралы заңға (Health Insurance Act Passed 19.06.2002 RT I 2002) сәйкес МӘМС жүйесінде медициналық қызметтерді тұтынушылар Эстонияның тұрақты тұрғындары болып табылатын, базалық білім алатын, 21 жасқа дейінгі студенттер, жалпы орта білім алатын, 24 жасқа дейінгі студенттер, ресми кәсіби білім студенттері, сондай-ақ жоғары оқу мекемелерінің студенттері болып табылады.

Сақтандырылған адамдар деп есептелетін адамдардың сақтандырушылық өтемдерінің ұзақтығына қатысты қойылатын талаптар студенттердің сақтандырушылық өтемдері оқу орнын аяқтағаннан кейін үш айдың ішінде тоқталатыны айқындалған. Егер студент білім беру мекемесінен мектепті аяқтағанға дейін жалпы орта білім оқыту басталғаннан кейін үш жалғаспалы академиялық жылдың ішінде шығарылса, оның сақтандырушылық өтемі оқудан шығарылғаннан кейін бір айдан соң тоқтатылады.

Литваның медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық сақтандыру туралы заңға (Republic Of Lithuania Law on Health Insurance) сәйкес міндетті медициналық сақтандыруға және міндетті әлеуметтік сақтандыру мемлекет жарналарының есебінен өтеуге құқығы бар адамдарға жалпы білім беру мектептерінде оқитын адамдар, Литва Республикасының күндізгі кәсіби-техникалық училищелерінің, жоғары оқу мекемелерінің студенттері, оның ішінде жоғары оқу мекемелерінің күндізгі нысанындағы студенттері болып табылатын Литва Республикасында тұрақты тұрып жатқан шетелдік азаматтар мен азаматтағы жоқ адамдар жатады. Студенттердің сақтандырушылық өтемінің мерзімі міндетті медициналық сақтандыруды қолдану мерзімінің жалпы талаптарымен айқындалады, онда студенттердің сақтандырушылық өтемінің мерзімі студент мәртебесін алған күннен бастап одан айырылған күнге дейін деп айқындалған. Сонымен бірге, заң Медициналық сақтандыру қоры орнын толтырартын медициналық қызметтерді міндетті жарналарды соңғы төлеуден кейін (мемлекеттің студенттер үшін) бір ай мерзіміне беруді көздейді.

Техникалық, кәсіби және жоғары білім беру ұйымдарында оқыған адамдарға медициналық көмекті өтеудің ұзақтығы бойынша халықаралық тәжірибені ескере отырып, олардың МӘМС жүйесіндегі медициналық көмекке құқығы болатын мерзімдерді қысқарту, сондай-ақ олар үшін мемлекеттің жарналар төлеу бойынша міндетін бекіту қажет. Бұл ретте олардың резидентура ғана оқу нысанын алып тастау арқылы бұл адамдар санатын кеңейту қажет.

2. Кейбір елдердің (мысалы, Дания, Финляндия, Корея, Испания, Швеция) Конституцияларында және ұлттық бюджеттік жүйені реттейтін негізгі заңдарында (мысалы, Францияның, Германияның, Жапонияның, Жаңа Зеландияның, Құрама Штаттардың) «қосымша бюджетке» немесе үкіметтік резервтерге және олардың нысаналы мақсаттарына қатысты жалпы ережелер айқындалған. Жапонияда күтпеген шығыстарды жабу үшін пайдалануға болатын резервтер қоры қолданылады. Жапонияның мемлекеттік қаражаты туралы заңы негізінен Қаржы министрлігінің қарамағындағы резервтер қорын пайдаланатын рәсімдерге бағдарланған. Жапонияда (және кейбір басқа елдерде) резерв қорының сомасы заңда көрсетілмесе (атқарушы билік оның мөлшерін айқындайды), басқа елдерде резерв қорының мөлшері немесе резервтердің мөлшерлері көрсетілген. Мысалы, 1974 жылғы «Біріккен Корольдіктің Резервтік қоры туралы» Заң парламент бекітпеген шұғыл шығыстарды жүргізуге, алдыңғы жыл шығыстарының 2% деңгейінде шектеуге рұқсат береді.

Канадада үкіметтік резерв «күтпеген жағдайларға арналған резерв қоры» деп аталады. Резервтер сондай-ақ күтпеген шығыстарға да пайдалануы мүмкін. Күтпеген шығыстар табиғи апаттарға қарағанда ауқымды санат болып табылады және ол үкіметке айтарлықтай шығын әкелетін, бірақ пайда болуын болжау қиын (мысалы, террористік оқиғалар, соғыстар, экономикалық дағдарыс, эпидемиялар, ядролық апаттар) барлық оқиғаларды қамтиды. Сонымен бірге, елдердің көпшілігі макроэкономикалық күрт ауытқулар кезінде қаржылық орнықтылықты қамтамасыз ету үшін қаржы ресурстарының біраз бөлігін мемлекеттік бюджеттен белгілейді.

«Law on the Budget Structure of Lithuania»:

1) Үкіметтік резерв мемлекеттік бюджетте қалыптастырылуға тиіс. Бұл мемлекеттік бюджеттің мақұлданған қаражат бөлу сомасынан 1% аспауға тиіс. Үкіметтік қордың белгілі бір сомасын Seimas жыл сайынғы негізде Мемлекеттік бюджеттің қаржы индикаторларын және Муниципалдық бюджеттерді мақұлдау туралы Заңға сәйкес айқындауға тиіс. Үкіметтік қордың қорлары үкіметтік қарармен қаржыландырылуға тиіс.

2) Үкіметтік резерв қорлары төтенше жағдайларға, халықаралық операцияларға қатысуға қатысты міндеттемелерге және үкімет белгілеген басымдықтарға сәйкес өзге де қажеттіліктерге төтеп беру үшін пайдаланылуға тиіс.

Эстонияның медициналық сақтандыру жүйесінде Медициналық сақтандыру қорының нормативтік құжаттармен белгіленген міндеттемелерін орындауы кейбір жағдайларда тоқтатылады және міндеттемелер мемлекеттің «мойнына» өтеді, мысалы трансферттерді республикалық бюджеттегі жоспарланатын көлемнен қысқарту. Медициналық сақтандыру туралы заңда Қор банкрот бола алмайтыны айқындалғандықтан, Қордың қаржылық орнықтылығын белгілі бір жағдайларда Үкіметтік резервтің қаражатынан қамтамасыз етіледі деп болжамдауға болады.

Үкіметтің макроэкономикалық құлдырауы жағдайында Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының қаржылық орнықтылығын қамтамасыз етуде қаржыландыруды нысаналы тағайындаумен бірге үкіметтік резервтердің болуы әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі барынша дамыған көптеген елдерде байқалады.

3. МӘМС жүйесінде әскери қызметшілерге, құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлеріне медициналық көмек көрсету мәселесіне қатысты. Бұл мәселе бойынша мынадай елдердің: Ресей Федерациясының, Беларусь Республикасының, Қырғыз Республикасының тәжірибелері зерттелді.

Ресей Федерациясының заңнамасына сәйкес әскери қызметшілердің медициналық көмекті тегін алуға, дәрілік препараттармен, медициналық мақсаттағы бұйымдармен дәрігердің тағайындауы бойынша тиісті медициналық, әскери-медициналық бөлімшелерде, бөлімдерде және федералдық заңмен әскери қызмет көзделген федералдық атқарушы билік органдарының ұйымдарында тегін қамтамасыз етілуге құқығы бар.

Әскери қызметшілердің қызмет өткеру орны немесе тұрғылықты жері бойынша әскери-медициналық ұйымдар болмаған кезде және (немесе) оларда тиісті бейін бөлімдері болмаған кезде, сондай-ақ шұғыл және кейінге қалдыруға болмайтын жағдайларда әскери қызметшілердің медициналық көмекті мемлекеттік денсаулық сақтау жүйесінің және муниципалдық денсаулық сақтау жүйесінің медициналық ұйымдарында алуға құқығы бар.

Әскери қызметшілерге медициналық көмекті мемлекеттік денсаулық сақтау жүйесінің және муниципалдық денсаулық сақтау жүйесінің медициналық ұйымдарында көрсетумен байланысты шығыстар тиісті мемлекеттік органдарға (ҚМ, ІІМ және т.б.) бөлінетін федералдық бюджет қаражатының есебінен өтеледі.

Әскери қызметшілердің отбасы мүшелері мемлекеттік денсаулық сақтау жүйесінің және муниципалдық денсаулық сақтау жүйесінің медициналық ұйымдарында медициналық көмек алуға құқығы бар және өзге азаматтармен жалпы негіздерде міндетті медициналық сақтандыруға жатады.

Беларусь Республикасының заңнамасымен әскери қызметшілердің әскери қызмет көзделген мемлекеттік органдарға бағынышты денсаулық сақтау ұйымдарында медициналық көмекті тегін алуға құқығы белгіленген.

Әскери қызметшілерге қызмет өткеру орны немесе тұрғылықты жері бойынша әскери денсаулық сақтау ұйымдары болмаған жағдайда, сондай-ақ жедел (кейінге қалдыруға болмайтын) медициналық көмек көрсету қажеттілігі туындаған кезде медициналық көмек заңнамаға сәйкес өзге мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарында көрсетіледі.

Медициналық көмек әскери қызметшілерге, әскер қызметшілер қатарындағы зейнеткерлерге тегін көрсетіледі.

Әскери қызметшілердің отбасы мүшелері азаматтық денсаулық сақтау ұйымдарында медициналық көмек алуға мүмкіндігі болмаған кезде, тиісті әскери денсаулық сақтау ұйымдарында әскери қызметшілермен бірдей медициналық көмекпен қамтамасыз етіледі.

Қырғыз Республикасының заңнамасына сәйкес әскери қызметшілердің және әскери жиынға шақырылған азаматтардың тегін медициналық көмекке, дәрі-дәрмекпен, медициналық мақсаттағы бұйымдармен әскери-медициналық мекемелерде қамтамасыз етілуге құқығы бар. Әскери қызметшілердің қызмет өткеру орны немесе тұрғылықты жері бойынша әскери-медициналық мекемелер немесе тиісті бөлімшелер немесе арнайы медициналық жабдық болмаған кезде, сондай-ақ кейінге қалдыруға болмайтын жағдайларда медициналық көмек денсаулық сақтау мекемелерінде олардың ведомстволық тиесілігіне қарамастан тегін көрсетіледі. Көрсетілген денсаулық сақтау мекемелеріне әскери қызметшілерге медициналық көмек көрсету бойынша шығыстар Қырғыз Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен өтеледі.

«Қырғыз Республикасындағы азаматтарды медициналық сақтандыру туралы» Заңның 8-бабына сәйкес міндетті медициналық сақтандыруға әскери қызметшілер және оларға теңестірілген адамдар жатады.

Мерзімдегі қызметтің әскери қызметшілері, офицерлер, прапорщиктер, мерзімнен тыс қызметтің әскери қызметшілері, әскери қызметтегі әйелдер үшін міндетті медициналық сақтандыруға жарналары республикалық бюджет қаражатынан жылына есептік көрсеткіштің 1,5 мөлшерінде төленеді.

Әскери қызметшілердің және басқа әлеуетті құрылымдардың, сондай-ақ олардың отбасы мүшелерінің ведомстволық әскери-медициналық ұйымдарда, олар болмаған кезде – өзге денсаулық сақтау субъектілерінде медициналық көмекті тегін алуы және оларды дәрілік заттармен және медициналық мақсаттағы бұйымдармен қамтамасыз ету медициналық сақтандыру жүйесі бар көрші елдерде кең таралған.

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының фармацевтикалық қызметтер көрсетуге шарттар жасасуының болуы халықаралық практикада норма болып табылады.

4. ЭЫДҰ (Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы) елдерінің және Багам аралдарының, Болгарияның, Кенияның, Черногорияның, Литваның, Перудің, Филиппиннің, Сербияның және Тайландтың әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы заңдарында «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңында сипатталған «қатысу өтілі», «сақтандыру мерзімі» деген ұғымдар мен анықтамалар жоқ.

Жеке тұлғаның жарналарды төлеуі жұмысты (жұмысқа орналастырудың болмауы) немесе еңбекке қабілеттілігін жоғалтуға байланысты тоқтаған жағдайда басымдықты қамтамасыз ететін резервтік жүйе болуы тиіс (жұмыстан айрылу жағдайына сақтандыру және/немесе еңбекке қабілетсіздігі жағдайына сақтандыру).

Егер жеке тұлға ұзақ уақыт бойы жұмыссыз немесе еңбекке қабілетсіз болып қалған жағдайда, оның мемлекет төлейтін МӘМС-қа қаражаттандыратын жарналарға құқығы бар және ол МӘС жүйесінде қалады.

Жеке тұлға жаңа жұмысқа орналасқан жағдайда төлемдердің үздіксіздігі сақталып қалады, сонда сақтандыру мерзімі және қатысу өтілі ұғымдары өзектілігін жоғалтады. Егер жеке тұлға ұзақ уақыт бойы жұмысқа орналаса алмай жұмыссыз болып қалса немесе еңбекке қабілетсіз болып қалса, сондай-ақ жұмыссыздық бойынша немесе еңбекке қабілетсіздігі бойынша жәрдемақы алушысы болмаса және жарналар төлеуді өзі жүзеге асыру үшін қаражаты болмаса, бұл жағдайда жарналардың үздіксіздігін сақтап қалу үшін субсидия алу құқығын иеленуге тиіс. Бұл жағдайда да сақтандыру мерзімі және қатысу өтілі ұғымдары өзектілігін жоғалтады.

Егер мемлекет Қорға жарналар төлеуді жүзеге асырмаса, бұл жағдайда субсидиялау режимі бойынша МӘС шарттарын және ережелерін бұзушы жеке тұлға емес, мемлекет болғандықтан, ол жазаланбауға тиіс, тиісті жеке тұлға Қордан жанама субсидия шеңберінде белсенді қызметтер алушы болып табылады, ол адамға МӘС қызметтерін мемлекет мерзімі өткен субсидиялаған жарналарды төлегенге дейін, ал Қор субсидия берілген адамға көрсетілген медициналық қызметтер үшін қызмет берушілерге мемлекеттің МӘС жүйесіне субсидиялаған жарналар бойынша міндеттемелерді орындамауына байланысты ақы төлеу үшін келтірілген Қордың шығыстарын өтей алғанға дейін алуға мүмкіндік береді.

Осылайша, «сақтандыру мерзімі» және «қатысу өтілі» ЭЫДҰ-ның бұрыннан келе жатқан МӘС жүйелері бар елдерді қоса алғанда, ешбір елде МӘС туралы заңнаманың негізгі бағыты болып табылмайды.

Жұмыстан айырылу және еңбекке қабілетсіздік/мүгедектік жағдайындағы сақтандырудың мысалдары:

a) АҚШ-та жұмыстан айырылған жағдайларға (бұдан әрі – ЖАЖ) арналған федералдық-мемлекеттік сақтандыру жүйесі жұмысын жоғалтқан жеке тұлғаларға, олар жаңа жұмыс іздеу кезеңінде жалақысының бір бөлігінің орнын уақытша өтеу арқылы көмектеседі. 1935 құрылған бұл жүйе әлеуметтік сақтандырудың бір нысаны болып табылады, онда жұмыс берушілерден алынатын салық жұмыскерлердің атынан олар жұмыстан айырылған жағдайда табыстарын қолдау үшін ақшалай жәрдемақы беру мақсатында жүйеге төленеді. АҚШ-тың Еңбек департаменті жүйеге қадағалауды жүзеге асырады, бірақ жұмыссыздық жөніндегі негізгі (базалық) сақтандыру бағдарламасына әрбір штат әкімшілік етеді. Базалық бағдарлама көпшілік штаттарда жұмыссыздардың алдыңғы жалақысының шамамен жартысының орнын толтыра отырып, 26 аптаға дейін орташа жәрдемақы береді. Штаттар қаржыландырудың айтарлықтай бөлігін қамтамасыз етеді және жұмыскерлерге жәрдемақы төлеуді тікелей жүзеге асырады; Федералдық Үкімет әкімшілік шығыстарға ғана ақы төлейді. Тұрақты Ұзартылған жәрдемақы (бұдан әрі – ҰЖ) бағдарламасы, әдетте, жұмысты халықпен қамту жағдайы айтарлықтай ушыққан штаттарда стандартты жәрдемақыларын пайдаланып тауысқан жұмыссыздарға қосымша 13 немесе 20 апта өтемақы береді. Жәрдемақы беру апталарының жалпы саны жұмыссыздық деңгейіне және тиісті штатта жұмыссыздық жағдайына сақтандыру туралы қолданылатын заңнамаға байланысты.

b) «Бюджеттік қарама-қайшылықтарды кешенді реттеу туралы» шоғырландырылған заң (бұдан әрі – COBRA) медициналық сақтандыруды жоғалтып отырған жұмыскерлерге және олардың отбасы мүшелеріне жұмыстан ерікті және еріксіз шығару, жұмыс сағаттарын қысқарту, бір жұмыстан басқа жұмысқа ауысу, қайтыс болу, айырылысу және басқа өмірлік жағдайлар сияқты белгілі бір жағдайлар туындаған кезде уақыттың шектелген кезеңіне медициналық сақтандыру жоспарымен берілетін топтық медициналық сақтандырудың пайдалануын ұзартуды таңдау құқығын береді. COBRA шеңберінде сақтандырылған жұмыскерлерге, олардың жұбайларына, бұрынғы жұбайларына және асырауындағы балаларға белгілі бір жағдайлар туындаған кезде топтық сақтандыру өтемінің жоғалуы мүмкін болған жағдайларда сақтандыру өтемін ұзартуды ұсыну талап етіледі. Көбінесе COBRA шеңберінде сақтандыру өтемін ұзарту жұмыс істеп жүрген жұмыскерлердің топтық медициналық сақтандыруға төлейтін сомасынан едәуір жоғары, өйткені әдетте жұмыс беруші жұмыс істеп жүрген жұмыскерлердің осындай медициналық сақтандыру шығыстарының бір бөлігін төлейді; бұл ретте, сақтандырудың бар құны медициналық сақтандыру өтемі ұзартылатын жеке тұлғаларға жүктелуі мүмкін.

c) Еңбекке қабілеттілікті жоғалту/мүгедектік жағдайына кірістерді сақтандыру: бұл еңбекке қабілетсіздікке алып келетін және сақтандырылған адамға өзінің әдеттегі еңбек қызметін жүргізуге мүмкіндік бермейтін аурулар немесе жазатайым оқиға жағдайында қосымша кірісті қамтамасыз ететін сақтандыру өнімі. Төлемдер, әдетте ай сайынғы негізде жүзеге асырылады, осылайша, сақтандырылған адамға өзінің өмір сүру деңгейін сақтап қалуға және ұдайы шығыстарын төлеп тұруына мүмкіндік береді.

5. Қырғыз Республикасының Медициналық сақтандыру қоры және оның аумақтық басқару органдары міндетті медициналық сақтандыру жарналарын жинауды жүзеге асыруға өкілетті орган беретін ақпараттың дәйектілігін бақылауды жүзеге асыруға құқылы.

Ресейде Федералдық қор жұмыс істемейтін халықтың міндетті медициналық сақтандыруға сақтандыру жарналарын төлеуін бақылауды жүзеге асырады, оның ішінде жұмыс істемейтін халықтың міндетті медициналық сақтандыруға сақтандыру жарналарын төлеуден түсетін Федералдық қор кірістері әкімшісі функцияларының орындалуы бойынша аумақтық қорлардың қызметтеріне тексеру жүргізеді.

Осы және басқа елдерде жарналарды және аударымдарды жинау функциясы қорға (салық органы арқылы) тиесілі, нәтижесінде олар үшін мемлекет жарналар төлейтін адамдардың болжамды санын айқындау функциясының орнын дербестелген есепке алу арқылы оларды төлеуді бақылау функциясы толтырады.

6. Литваның міндетті медициналық сақтандыру туралы заңында Міндетті медициналық сақтандыру қорының күтпеген шығыстарын жабуға арналған резервтерді қалыптастыру міндеті көзделген. Қор резервтің қаражатын ел Үкіметі белгілеген рәсімдерге сәйкес пайдалана алады.

Эстонияда Медициналық сақтандыру қорының заң бойынша белгіленген резервін Әлеуметтік істер министрінің ұсынысы бойынша тек Үкімет белгілеген тәртіптпен ғана пайдалануға болады. Үкіметке ұсыныс бергенге дейін Министр Қордың Байқау кеңесінің пікірін тыңдайды. Қауіптер резервін Байқау кеңесінің шешімі бойынша пайдалануға болады. Аталған директивалар Эстонияның медициналық сақтандыру қоры туралы заңында көрсетілген.

Ресей Федерациясының Федералдық қорының нормаланған сақтандыру қорының қаражатын пайдалану тәртібін атқарушы биліктің уәкілетті федералдық органы белгілейді.

Әлеуметтік медициналық сақтандырудың қолданыстағы үлгісі бар елдердің резервтерін Медициналық сақтандыру қорлары Үкімет айқындаған, қатаң белгіленген жағдайларда пайдалануға құқылы.

7. Дәріхана бизнесін реттеудің халықаралық тәжірибесі дәріхана бизнесіне өте либералдықтан бастап өте қатаң бақылау жүргізу арқылы жүзеге асырылады. Дәріхана бизнесі көптеген елдерде жеке меншіктің қолында.

Пайда табу үшін қолайлы үстеме бағаларға рұқсат етілген, бірақ рецепт бойынша дәрі-дәрмектің бағасы қатаң бақыланады. Рецептісіз дәрі-дәрмектердің (ОТС) бағасы, парафармацевтикалық өнім және медициналық қорлар негізінен бақыланбайды және нарықта бәсекелестік үлгісімен белгіленеді.

Дәрілік заттардың (физикалық қол жетімділік) және дәрі-дәрмектер бағасының (баға қол жетімділігі) әлеуметтік әсер етуін қараған кезде, қандай дәрі-дәрмек тобын мемлекет немесе медициналық сақтандыру қоры жабатындығы маңызды болып табылады. Бұл көбінесе дәрі-дәрмектерге пациенттердің жеке қаражатын пайдалану деңгейін анықтайды. Дәрі-дәрмектер мемлекеттік денсаулық сақтау жүйесіне, өтеу жүйесіне немесе медициналық сақтандыру қорына көбірек енгізілген сайын, пациенттің үлесі азаяды. Жалпы, дамыған елдерде барлық рецепт бойынша дәрі-дәрмектер мемлекет қаражатының және (немесе) медициналық сақтандыру қорының есебінен өтеледі.

Барлық дамыған елдерде денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органдар рецепт бойынша дәрі-дәрмектің бағасын бақылауға өкілетті. Бұл, негізінен, бірнеше деңгейде жүзеге асырылады:

патенттелген дәрі-дәрмектерге, жаңа дәрі-дәрмектер арналған бағаларды сыртқы референттік баға қалыптастыру арқылы бақылау;

әртүрлі тетіктер арқылы орнын толтыру жүйесінде генерикалық дәрі-дәрмектерге (активті заты бір, барлық брендтелген және брендтелмеген генериктер) арналған бағаларды бақылау;

шекті бағаларды белгілеу немесе дәрі-дәрмектің түріне және жағдайдың ауырлығына (өмірлік маңызды / негізгі / қосалқы) байланысты қоса төлеу деңгейін белгілеу;

ішкі референттік баға қалыптастыру арқылы қоса төлеу деңгейін белгілеу;

ішкі референттік баға қалыптастыру, тендерлік үрдістер арқылы генериктердің арасындағы бәсекелестікті ынталандыру, немесе басқарылатын нарыққа кіру келісімдер (жеткізу шарты мен бағасы қолайлы артықшылықты өнім беруші);

арнайы бақылау және қаржыландыру тетіктері түзетілген қымбат дәрі-дәрмек тізімі.

Медициналық сақтандыру жүйесінің шеңберінде рецепт бойынша дәрі-дәрмекті неғұрлым кең қамту қордың дәрілік заттарды сатып алушы және бағаны бақылайтын билік ретінде Министрліктің ұстанымын күшейтуге ықпал ететін болады.

Көптеген елдерде шығыстарды рецепт бойынша дәрі-дәрмекке бөлу деңгейлері, стационарлық қызметке немесе амбулаториялық көмекке қарағанда неғұрлым жоғары. Көптеген елдер фармацевттердің дәріхананы иелену құқығын шектейді. Кейбір елдерде фармацевт болып табылмайтын және дәріхана иесі болып табылатын адамдардан дәрілерді босатуға және пациенттерге консультация беруге жауапты фармацевттің болуын талап ете отырып шарттар қойылады.

Кейбіреулері бір ғана дәріхананы басқаруға рұқсат етеді (мысалы, Греция, Португалия, Испания және Канададағы Жаңа Шотландия) немесе корпорациядағы акционерлердің немесе директорлардың көпшілігінің фармацевт болуын талап етеді. Сондай-ақ, дәріхана иесінің фармацевт болуын талап ететін ережелердің де болуы мүмкін (мысалы, Аустрия, Финляндия, Германия, Италия, Испания және Канададағы Квебек пен Онтарио). Бұл ережелер фармацевттердің тәуелсіздігін коммерциялық қысымнан қорғау үшін әзірленген.

Лицензиялау рәсімдері арқылы, сондай-ақ бір дәріханада қызмет көрсетілетін тұрғындарды есепке ала отырып, дәріханалар ашудың көптеген түрлері бар.

Жекелеген елдерде дәріханалардың табысын тікелей бақылау жүзеге асырылады, алайда, бұл кірістер мен шығыстардың жақсы дамыған және заманауи деректер қорының болуын талап етеді, дәріхана табысын бақылау үрдісі күрделі болып табылады. Рецепт бойынша дәрі-дәрмектен түскен пайда мен пациенттерге көрсетілген қызметтерден түскен пайданың, сондай-ақ дәрілік зат болып табылмайтын рецептісіз дәрі-дәрмек пен өнімдерден алынған пайданың арасында айқын шектеулер болуы тиіс. Пайданы бақылау Ұлыбританияда қолданылады.

Кейбір елдерде дәріхана пайдасының деңгейіне ай сайын кірістері мен шығыстарына мониторинг жүргізілетін дәріханалар үлгісі арқылы мониторинг жүргізіледі. Бұл мысал Нидерландта жүзеге асырылады. Осындай зерттеулердің нәтижелері үстеме бағаны арттыруды негіздеу үшін немесе дәріхана қауымдастығы мен ұлттық денсаулық сақтау органы арасындағы келіссөздер жүргізу барысында шектен тыс пайда көргендіктен қаражатты бюджетке қайтару талабы үшін пайдаланылады. Сондай-ақ дәріхананың көлемі мен клиенттердің саны ескеріле отырып, қалалық және ауылдық дәріхана экономикасы арасында да ажырату жүргізіледі.

Дәріхана қызметіне дәрі-дәрмекке үстеме баға (% немесе жергілікті валютадағы тіркелген сомасы), қызмет көрсеткені үшін қаламақы (әрбір рецепт үшін қаламақы немесе кеңес бергені үшін жеке қаламақы) арқылы ақы төленуі мүмкін.

Үстеме бағаны Үкімет рецепт бойынша дәрі-дәрмек үшін белгілейді және оларды пайда деңгейлерімен шатастыруға болмайды. Маржа немесе үстеме баға бір өнімге немесе өнімдер сызығына белгіленеді. Бірақ пайда жалпы шығыстарды шегере отырып, жалпы кіріске байланысты.

Үстеме бағалардың әртүрлі жүйелері бар:

дәрі-дәрмекті сатып алу бағасына пайыздық үстеме баға (%);

қымбат тұратын дәрі-дәрмек үшін шамадан тыс үстеме бағалардан аулақ болу үшін жергілікті валютада ең жоғары соманы белгілеумен дәрі-дәрмекті сатып алуға пайыздық үстеме баға;

фармацевттер тарапынан тек қымбат тұратын дәрі-дәрмекті сатуына жәрдемдеспеу үшін дәрі-дәрмектің бағасына қарамастан жергілікті валютада бекітілген сома;

кез келген дәрі-дәрмекті беру үшін бірдей уақыт пен күш салу талап етілетінін болжамдай отырып, әрбір рецепт үшін (белгіленген дәрі-дәрмекке қарамастан) жергілікті валютада бекітілген сома;

регрессивті үстеме баға, яғни қымбат тұратын дәрі-дәрмек жағдайында дәрі-дәрмектің бағасынан төмен % және төмен бағасы бар дәрі-дәрмек үшін жоғары %.



Рецепт бойынша дәрі-дәрмекке бағаларды мемлекеттік реттеу халықаралық практикада денсаулық сақтауды бюджеттік қаржыландыруы бар елдерде де, сондай-ақ медициналық сақтандыру жүйесі бер елдерде де қолданылады.
10. Заң жобасын іске асыруға байланысты болжамды қаржылай шығындар

Заң жобасын іске асыру республикалық бюджет шығыстарының қысқаруын болжамдайды.
жүктеу 0,5 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау