«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне денсаулық сақтау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасына
тұжырымдама
1. Заң жобасының атауы
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне денсаулық сақтау саласы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң жобасы).
2. Заң жобасын әзірлеу қажеттілігінің негіздемесі
Заң жобасын әзірлеу Қазақстан Республикасы Үкіметінің бастамасы бойынша міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (бұдан әрі – МӘМС) мәселелерін қоса алғанда, Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы заңнамасын жетілдіру және дамыту қажеттілігіне, сондай-ақ мыналарды іске асыру мақсатына негізделген:
Мемлекет басшысының 2016 жылғы 14 маусымдағы № 01-7.6 (ПӘ) хаттамалық тапсырмасының 3.9-тармағы, оған сәйкес әлеуметтік салада жаңадан қабылданған заңдарға ықтимал әлеуметтік және ең алдымен, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру тәуекелдерінің мәніне талдау жүргізу тапсырылды;
Мемлекет басшысының жұмыс берушілер үшін аударымдардың мөлшерін, мемлекет үшін жарналардың мөлшерін төмендету және дара кәсіпкерлер үшін жарналардың мөлшерін ұлғайту туралы 2016 жылғы 25 қарашадағы № 4341 тапсырмасы;
Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы» (бұдан әрі – Мемлекеттік бағдарлама) 2016 жылғы 15 қаңтардағы № 176 Жарлығы.
Осыған байланысты мынадай өзгерістерді көздеу қажет.
1. Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына (бұдан әрі – Қор) мемлекеттен жарналар түсетін адамдардың тізбесін нақтылау талап етіледі, сәйкесінше жұмыс берушілер олар үшін Қорға аударымдар төлеуден босатылады.
Мәселен, «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Заңда (бұдан әрі – МӘМС туралы Заң) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білім беру ұйымдарында, сондай-ақ резидентура нысанындағы жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі оқу бөлімінде оқыған адамдар оқу аяқталған жылдан кейінгі күнтізбелік он екі ай аяқталғанға дейін МӘМС жүйесінде медициналық көмекке құқығы бар адамдар санатына кіретіні көзделген.
Бұл ретте осы адамдар үшін жарналар немесе аударымдар төлеу бойынша міндеттеме төлеушілердің ешқайсысына көзделмеген.
Осыған байланысты, адамдардың аталған санатын, олар үшін Қорға жарналар төлеуші мемлекет болып табылатын адамдар тізбесіне қосу ұсынылып отыр. Бұдан басқа, аталған адамдардың санаты резидентура нысанында ғана оқытуды алып тастау арқылы кеңейтіледі. Алайда, бюджеттің мүмкіндіктерін және бітірушілерді жұмысқа орналастыру уәждемесін ескере отырып, олар үшін жарналарды оқу аяқталған айдан кейінгі күнтізбелік үш ай ішінде мемлекеттің төлеуі ұсынылып отыр.
Мемлекеттен Қорға жарналар түсетін адамдардың санатын кеңейту осы санатқа 18 жасқа дейінгі мүгедек балаға күтімді жүзеге асыратын адамдар санатын және бір жыл ішінде жұмыс істемейтін оралмандарды қосу арқылы жүзеге асырылатын болады.
Сондай-ақ бұл санаттан әскери қызметшілерді, құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлерін алып тастай отырып, МӘМС туралы Заңның 14-бабының 2-тармағының 1) тармақшасында көзделген жарналарды төлеуші – жұмыскерлер санатын нақтылау қажет.
МӘМС туралы Заңға олар үшін жарналар және/немесе аударымдар түскен жағдайда мынадай адамдар үшін Қорға мемлекет жарналарының түсімін тоқтатуға қатысты нақтылайтын норманы енгізу қажет:
1) орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білім беру, сондай-ақ жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысанында оқуды аяқтаған айдан кейінгі күнтізбелік үш айдың ішінде оқуын аяқтаған адамдар;
2) қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің мекемелерінде сот үкімі бойынша жазасын өтеп жүрген адамдар;
3) жұмыссыз ретінде тіркелген адамдар.
2. Қорға жарналар мен аударымдарды төлеудің міндеттілік қағидатын қамтамасыз ету және МӘМС жүйесінде халықты медициналық көмекпен барынша қамту мақсатында Қорға жарналар төлеушілердің тізбесін мынадай адамдармен толықтыру қажет:
1) Қазақстан Республикасында аккредиттелген дипломатиялық өкілдіктерде және шетел мемлекеттерінің консулдық мекемелерінде жұмыс істейтін, еңбек шарттары (келісімшарттары) және (немесе) Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан халықаралық және мемлекеттік ұйымдармен, шетелдік және қазақстандық үкіметтік емес ұйымдармен және қорлармен жасалған азаматтық-құқықтық шарттар бойынша жұмыс істейтін, Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес төлем көзінен жеке табыс салығын есептеу, ұстап қалу және аудару бойынша міндеттемеден босатылған адамдар. Адамдардың бұл санатында қызметтерге ақы төлеу ретінде кірістері немесе жалақысы бар, бұл ретте олардың МӘМС жүйесінде медициналық көмекке құқығы жоқ. Олар МӘМС жүйесінде медициналық көмек құқығын алу үшін уәкілетті орган айқындайтын аударымдар мен жарналар төленбейтін кірістерді қоспағанда, жұмыс берушілер есептеген кірістерден жүзеге асырылатын болады. Аталған адамдар санаты үшін Қорға жарналар 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап уәкілетті орган айқындайтын, аударымдар мен жарналар есептелмейтін кірістерді қоспағанда, жұмыс беруші есептеген кірістерден 1 пайыз мөлшерінде белгіленетін болады, 2020 жылғы 1 қантардан бастап – 2 пайыз мөлшерінде.
2) Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерге заңнама белгілеген тәртіппен тұрақты тұруға кеткендерді және басқада азаматтар, егер олар үшін Қазақстан Республикасында төлемдер және (немесе) жарналар төленетін болса, қоспағанда, Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерге кеткен Қазақстан Республикасының азаматтары (бұдан әрі – Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерге кеткен азаматтары), олар үшін Қорға жарналар 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген жалақының ең төменгі мөлшерінің 5 пайызы мөлшерінде белгіленетін болады.
3) жарналар мемлекеттен түсетін және МӘМС туралы Заңға сәйкес жарналар төлеуден босатылған адамдарды қоспағанда, өзге адамдар, оның ішінде «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген өзін-өзі жұмыспен қамтыған адамдар (бұдан әрі – өзге төлеушілер). Мысалы, адамдардың бұл санатына үй шаруасындағы әйелдер, өзі тұтыну үшін өндіріспен қамтылған адамдар жатады. Адамдардың осы санатын МӘМС жүйесіне тарту мақсатында олар үшін ҚР шегінен тыс жерлерге кеткен азаматтардың жарналарына ұқсас жарналар қарастыру қажет.
Бұдан басқа, Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерге кеткен азаматтарға және өзге төлеушілерге қолайлылық жасау мақсатында Қорға жарналарды өзі не үшінші адамның төлеу мүмкіндігі, сондай-ақ алдағы кезең үшін алдын ала төлеу мүмкіндігі беріледі.
2) және 3) тармақшаларда көрсетілген адамдардың жарналарын әкімшілендіруге арналған құралдың болмауына байланысты 2020 жылға дейін (азаматтардың кірістерін жалпы декларациялауды енгізгенге дейін) мемлекеттік кірістер органдарының әкімшілендіруін алып тастау ұсынылады.
Сонымен бірге Қорға жарналар мемлекеттен түсетін адамдар санатынан уақытша ұстау изоляторларындағы адамдарды төмендегідей негіздемелер бойынша алып тастау ұсынылып отыр.
«Адамдарды қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін арнаулы мекемелерде ұстау тәртібі мен шарттары туралы» ҚР Заңының 2-бабының 12) тармақшасына сәйкес уақытша ұстау изоляторы (бұдан әрі – УҰИ) – қылмыстық құқық бұзушылықтар жасады деген күдікпен ұсталған адамдарды күзетте ұстауға арналған ішкі істер органдарының арнаулы мекемесі болып табылады. Қылмыстық-процестік кодекстің (бұдан әрі – ҚПК) 128-бабының талаптарына сәйкес қылмыстық құқық бұзушылық жасады деген күдік келтірілген адамды ұстау мерзімі нақты ұстаған сәттен бастап есептеледі және жетпіс екі сағаттан аспауға тиіс. Бұл ретте ҚПК-нің 147-бабының негізінде прокуратура органдары күдіктіні күзетте ұстауды санкциялау өтінішхатын қолдау туралы мәселені шешу кезінде осы өтінішхатты қолдаудан бас тарту және күдіктіні күзетте ұстау үшін негіздемелер болмағандықтан босату туралы шешім қабылдауы мүмкін. Оған қоса, судья күзетте ұстау түрінде бұлтартпау шарасын қолдану туралы шешім қабылдаған жағдайда, күдікті тергеу изоляторына кідіріссіз айдалады, онда ҚПК-нің талаптарына сәйкес ұстау мерзімдері 18 айға дейін жетуі мүмкін. Осылайша, адамның УҰИ-да қысқа мерзімді болуын ескере отырып, адамдардың бұл санатын Қорға жарналар төлеу міндетінен босатып, бұл міндетті мемлекетке жүктеу орынсыз.
3. «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодекстің (бұдан әрі – Денсаулық туралы кодекс) 88-бабының 5-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында жүрген шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың, егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, уәкілетті орган айқындайтын тізбеге сәйкес қоршаған ортаға қауіп тудыратын жіті аурулар кезінде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін (бұдан әрі – ТМККК) алуға құқығы бар.
«Шетелдiктердiң құқықтық жағдайы туралы» ҚР Заңының 8-бабына сәйкес Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктер әлеуметтік және зейнетақымен қамсыздандыру мәселелерінде Қазақстан Республикасының азаматтары секілді құқықтарға ие және сондай міндеттері болады. Осыған байланысты ҚР аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың әлеуметтік және зейнетақымен қамсыздандыру мәселелерінде ҚР азаматтарымен тең жағдайын ескере келе, осы сияқты ТМККК мен МӘМС алуда оларға Қазақстан Республикасының азаматтарымен бірдей тең құқық беру ұсынылады.
Осылайша ТМККК шеңберінде медициналық көмек алу мәселесі бойынша Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың оны алуға ҚР азаматтары секілді құқықтары болады. МӘМС жүйесінде медициналық көмек алуға қатысты адамдардың аталған санаты жарналар төлеуде ҚР азаматтары секілді міндетті болуға тиіс. Бұл ретте, егер олар жарналарды мемлекет жүзеге асыратын адамдар санатына тап келсе, онда олар үшін мемлекет төлейтін болады.
4. Елімізде қалыптасқан макроэкономикалық жағдайды назарға ала отырып, жұмыс берушілерге және бюджетке түсетін қаржы жүктемесін төмендету мақсатында Қорға мемлекеттен, дара кәсіпкерлерден, жекеше нотариустардан, жеке сот орындаушыларынан, адвокаттардан, кәсіби медиаторлардан, шаруа немесе фермер қолжалықтары басшыларынан және (немесе) мүшелерінен, азаматтық-құқықтық шарттар бойынша кіріс алатын жеке тұлғалардан түсетін жарналар мен аударымдардың мөлшерлерін қайта қарау ұсынылады.
Бұдан өзге дара кәсіпкерлердің, шаруа немесе фермер қолжалықтары басшыларының және (немесе) мүшелерінің, жекеше нотариустардың, жеке сот орындаушыларының, адвокаттардың, кәсіби медиаторлардың кірістерін және олардың жарналарды төлеу мерзімдерін айқындау бөлігінде ережелерді нақтылау ұсынылады.
Өз кезегінде жұмыссыз ретінде тіркелген және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан жұмысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемдерді алушылар болып табылатын адамдар үшін Қорға жарналарды Мемлекеттік корпорация 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап жұмысынан айырылу жағдайына тағайындалған әлеуметтік төлем сомасының 1 пайызы, 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап – жұмысынан айырылу жағдайына тағайындалған әлеуметтік төлем сомасының 2 пайызы мөлшерінде жүргізетін болады.
5. «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» ҚР Кодексіне (бұдан әрі – Салық кодексі) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген қаулыны орындау мерзімінің өтуіне байланысты орындалуы мүмкін емес міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы заңнама саласындағы құқық бұзушылықтар үшін әкімшілік жаза қолдану туралы қаулы бойынша айыппұл сомасын салық органы салық төлеушінің (салық агентінің) жеке шотынан салық органының шешімі негізінде есептен шығаруына қатысты ережелерді енгізу қажет. Бұл МӘМС жүйесінің толық жұмыс істеуі мақсатында ӘҚБтК «Қазақстан Республикасының міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы заңнамасын бұзу» бабымен толықтырылуы қажет екеніне байланысты. Осылайша, МӘМС туралы заңнаманы бұзу бөлігінде әкімшілік жаза қолдану туралы қаулыны орындаудың мерзімі өткен кезде туындауы мүмкін құқықтық салдарды Салық кодексінің 596-бабына аталған қаулыны орындау мерзімінің өтуіне байланысты тиісті айыппұл төлеу бойынша міндеттемені тоқтату туралы ережені қосу арқылы талқылау қажет.
Одан басқа, Салық кодексінің ережелері міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру саласындағы заңнамадағы құқық бұзушылықтар бойынша заңсыз салынған айыппұл сомасын, сондай-ақ артық төленген соманы қайтару бөлігінде нақтылауды талап етеді. Бұл МӘМС туралы Заңның 14-бабының 5-тармағына сәйкес төлеушілердің аударымдардың және (немесе) жарналардың қате төленген сомаларын және (немесе) аударымдарды және (немесе) жарналарды уақтылы және (немесе) толық төлемегені үшін өсімпұлды қайтарып алуға құқығының болуымен байланысты. Осыған байланысты, төлеушілердің осындай құқығын іске асыру мақсатында тиісті түзетуді енгізу қажет.
МӘМС туралы Заңға сәйкес қордың активтері кредиторлардың талабы бойынша шегерілмейтінін және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмек көрсету жөніндегі қызметтерге ақы төлеу үшін ғана пайдаланылатынын қосымша атап өткен жөн. Осылайша, Қордың активтерін сақтап қалу және Қордың медициналық қызметтерге МӘМС жүйесінде ұсынған медициналық қызметтері үшін уақтылы ақы төлеуі мақсатында Азаматтық кодекске (Ерекше бөлім), Салық кодексіне, «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы», «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы», «Қазақстан Республикасындағы банкттер және банк қызметі туралы», «Төлемдер және төлем жүйелері туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына МӘМС туралы заңға сәйкес қызмет ететін банк шоттары бойынша шығыс операцияларын уақытша шектеу және тоқтата тұруды қолдану мүкіндігін алып тастау, сондай-ақ тыйым салу және оларды шегеру бөлігінде тиісті түзетулер енгізу қажет.
Сонымен бірге, МӘМС туралы Заңның 31-бабының 2-тармағына сәйкес аударымдар және (немесе) жарналар толық және (немесе) уақтылы аударылмаған жағдайда, мемлекеттік кіріс органдары жиналып қалған берешек шегіндегі ақшаны төлеушінің банктік шоттарынан өндіріп алуға құқылы. Осыған байланысты, «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне кеден органының төлеушілердің міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға ақы төлеу мен жарналар бойынша міндеттемелерді орындау үшін алуға көзделген кеден төлемдері мен салықтар, ақшадан өсімпұлдар бойынша берешегі бойынша банк шоттары, бойынша шығыс операцияларын тоқтатудың мүмкін болмауы бөлігінде түзетулер енгізу қажет.
6. Сондай-ақ Кодекске тізбесін Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігімен келісу бойынша айқындайтын мемлекеттік қызметшілер мен азаматтардың жекелеген санаттарына медициналық көмектің (ТМККК шеңберінде, МӘМС жүйесінде, ҚР Президентінің Іс басқармасы айқындайтын түрлер бойынша және көлемдерде бюджет қаражатының есебінен) түрлері мен көлемін айқындау бойынша өзгерістер енгізу талап етіледі.
7. МӘМС туралы Заңның 20-бабының 2-тармағының 6) тармақшасына сәйкес Қор күтпеген шығыстарды жабу үшін резервтерді Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен қалыптастыруға міндетті. Сонымен бірге, заңнамада бұл резервті пайдалану тәртібі көзделмеген, бұл заңнамадағы олқылық болып табылады.
Осыған орай, МӘМС жүйесінде медициналық көмек көрсету бойынша шығыстарға ақы төлеу Қордың қаржылық орнықтылығымен оның қызметін мемлекеттік реттеу арқылы қамтамасыз етілетінін ескере отырып, Үкіметтің Қордың резервін күтпеген шығыстарға пайдалану тәртібін айқындау бойынша құзыретін енгізу қажет.
8. МӘМС жүйесінің енгізілуіне байланысты әскери қызметшілерге, құқық қорғау органдарының, арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлеріне, сондай-ақ осы санаттағы адамдар мен олардың отбасы мүшелерінің зейнетақы алушыларына медициналық көмек көрсету мәселесін реттеу талап етілетін болады.
«Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы», «Құқық қорғау қызметі туралы» және «Арнаулы мемлекеттік органдар туралы» Заңдармен бұл санаттарды, оның ішінде зейнеткерлерді және оларың отбасы мүшелерін мемлекеттің есебінен медициналық қамтамасыз ету көзделген.
Соған байланысты қолданыстағы тетікті сақтап қалу ұсынылып отыр, оған сәйкес әскери қызметшілерге, құқық қорғау органдарының, арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлеріне медициналық көмек әскери-медициналық (медициналық) бөлімшелерде (мекемелерде) мемлекеттің есебінен жүзеге асырылатын болады.
Бұл ретте қызмет өткеру орны немесе тұрғылықты жері бойынша тиісті медициналық ұйымдар болмаған кезде немесе оларда тиісті бөлімдер, мамандар не арнайы жабдық болмаған кезде медициналық көрсетілімдер бойынша медициналық көмекті әскери қызметшілерге, құқық қорғау органдарының, арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлеріне денсаулық сақтау субъектілері ұсынатын болады.
Денсаулық сақтау субъектілерінің жоғарыда көрсетілген адамдар үшін шығыстарын төлеуді Қор көрсетілген қызметтердің фактісі бойынша жүзеге асырады.
Денсаулық сақтау субъектілерінің жоғарыда көрсетілген адамдар үшін медициналық көмек көрсеткені үшін шығыстарын төлеуі үшін Қордың шығындарын өтеу ТМККК шеңберінде де, сондай-ақ МӘМС-де де денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органға (бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері) көзделген бюджет қаражатының есебінен жүзеге асырылатын болады.
Келісімшарт бойынша әскери қызметшілердің, құқық қорғау органдары қызметкерлерінің, арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлерінің (офицерлік құрам) отбасы мүшелеріне, сондай-ақ құқық қорғау органдарының зейнеткерлеріне, әскери қызметте болудың шектi жасына жетуі бойынша, денсаулық жағдайы бойынша не шттатың қысқаруы бойынша әскери қызметтен, арнаулы мемлекеттік органдардағы қызметтен шығарылған және 20 және одан көп күнтізбелік жыл еңбек сіңірген адамдарға медициналық көмекті әскери-медициналық (медициналық) бөлімшелер (мекемелер), сондай-ақ денсаулық сақтау субъектілері де ұсынатын болады.
Сондай-ақ арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлерінің асырауындағы адамдарға және арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлерінің қызметте болудың шекті жасына толуы бойынша, денсаулық жағдайы немесе штаттық қысқартулар бойынша арнаулы мемлекеттік органдардағы қызметтен шығарылған және күнтізбелік жиырма және одан көп еңбек сіңірген отбасы мүшелеріне медициналық көмекті әскери-медициналық (медициналық) бөлімшелер (мекемелер), сондай-ақ денсаулық сақтау субъектілері де ұсынатын болады.
Әскери-медициналық (медициналық) бөлімшелер (мекемелер) және денсаулық сақтау субъектілерінің жоғарыда көрсетілген адамдар үшін шығыстарына ақы төлеуді Қор көрсетілген қызметтердің фактісі бойынша жүзеге асырады.
Әскери-медициналық (медициналық) бөлімшелер (мекемелер) мемлекеттік мекемелердің құрылымдық бөлімшелері немесе дербес мемлекеттік мекеме болып табылатынын ескере отырып, Бюджет кодексінде, сондай-ақ тиісті заңнамалық актілерде Қарулы күштердің, арнаулы мемлекеттік органдар мен құқық қорғау органдарының мемлекеттік мекемелеріне бұл органдардың отбасы мүшелеріне, зейнеткерлеріне (жоғарыда аталған мекемелер үшін) және медициналық ұйымды таңдау құқығын пайдаланған басқа адамдарға (Қарулы күштер мен құқық қорғау органдарының мекемелері үшін) ақылы медициналық қызметтерді іске асырудан түскен ақшаны Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен пайдалану құқығын беретін нормаларды көздеу қажет.
Санаторий-курорттық қызмет көрсету қолданыстағы заңнама бойынша мемлекеттің есебінен ұсынылатын болады.
Көрсетілген адамдар санаты жұмысының жүріп-тұру сипатын, сондай-ақ әскери қызметшілердің қызметін шекара заставаларында, алшақ аудандарда орналасқан оқшауланған жабық гарнизондарда өткеруін ескере отырып, әскери қызметшілердің, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдары қызметкерлерінің отбасы мүшелеріне, сондай-ақ еңбек қызметін жүзеге асырмайтын, олардың қарамағындағы адамдарға әлеуметтік қолдау көрсету мақсатында оларды Қорға жарналар төлеуден босату және бұл міндетті мемлекетке бекіту үшін «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңымен оларды жұмыссыз ретінде тіркеудің ықшамдалған тәртібін халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен және жағдайларда айқындау ұсынылып отыр.
Мәселен, жоғарыда көрсетілген адамдардың отбасы мүшелерінің тізімі түскен кезде Еңбек ресурстарын дамыту орталығы оларды жұмыссыз ретінде тіркеуді ерекше тәртіппен жүзеге асырады.
Соған сәйкес Еңбек ресурстарын дамыту орталығы үшін әскери қызметшілердің, арнаулы мемлекеттік органдар мен құқық қорғау органдары қызметкерлерінің жұбайы болып табылатын адамдарды тіркеу және есептен алу функциясы енгізіледі.
Сонымен бірге жұмыспен қамту орталықтарында әскери қызметшілердің, арнаулы мемлекеттік органдар мен құқық қорғау органдары қызметкерлерінің жұбайы болып табылатын адамдарды тіркеу функциясын алып тастау мақсатында жұмыссыздарды жалпы тәртіппен тіркеуді жүзеге асыратын халықты жұмыспен қамту орталықтарының құзыретіне түзетулер енгізілуде.
9. Медициналық қызметтерге және амбулаториялық дәрілік қамтамасыз етуге тең қолжетімділікті қамтамасыз ету, барлық өңірлер үшін медициналық қызметтерге бірыңғай тарифтерді белгілеу, денсаулық сақтауға бөлінетін қаражатты тиімді пайдалануды бақылаудың тұтас жүйесін қалыптастыру мақсатында республикалық бюджет шығыстарын ұлғайту және ТМККК бөлігінде облыстық бюджеттердің, республикалық маңызы бар қалалар, астана бюджеттерінің шығыстарын қысқарту (алып қою) арқылы орталық деңгейде шығындарды шоғырландыру ұсынылып отыр.
Бұл ТМККК шеңберіндегі барлық медициналық қызметтерге ақы төлеу функциясын 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап Қорға беруді ұсынумен негізделген.
Осыған байланысты «Кейбір заңнамалық актілерге міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңнан ТМККК көрсету бойынша қызметтерді және ТМККК көрсету бойынша фармацевтикалық қызметтер сатып алуды жүзеге асыру бойынша функциялар облыстар, республикалық маңызы бар қала және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарының құзыретінен алып тастауға тиіс.
Сонымен қатар медициналық қызметтерді сатып алу рәсімін біркелкілікке келтіру қажет, осыған сай қызметтерді ТМККК шеңберінде сатып алу ұғымын енгізу ұсынылады.
10. МӘМС жүйесінде медициналық көмек медициналық қызметтер көрсетуден басқа, стационарлық, сондай-ақ амбулаториялық науқастарды дәрілік қамтамасыз етуді қамтитынын ескере отырып, МӘМС туралы заңнама МӘМС жүйесіне дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың айналысы саласындағы денсаулық сақтау субъектілерін тарту бөлігінде жетілдіруді талап етеді. Мәселен, Кодексте «ТМККК көрсету бойынша фармацевтикалық қызмет» ұғымы көзделген. Бұл ретте фармацевтикалық қызмет ТМККК шеңберінде ғана емес, сол сияқты МӘМС жүйесінде де жүзеге асырылатынын ескере отырып, сонымен байланысты нормаларды заңнамалық актілерде сәйкестікке келтіру мақсатында Денсаулық туралы кодекстің аталған ұғымына өзгеріс енгізу қажет. Сонымен бірге құқықтық олқылықты жою мақсатында Денсаулық туралы кодекске фармацевтикалық қызметтерді Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алулар туралы заңнамасын қолданбастан тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде сатып алуды көздейтін өзгерістер енгізу керек. Қазіргі уақытта фармацевтикалық қызметтерді сатып алу «Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық көмекті көрсету бойынша дәрілік заттарды, профилактикалық (иммундық-биологиялық, диагностикалық, дезинфекциялық) препараттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы, фармацевтикалық қызметтер көрсетуді сатып алуды ұйымдастыру және өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 қазандағы № 1729 қаулысына сәйкес жүзеге асырылады, онда мемлекеттік сатып алулар туралы заңнамада белгіленген сатып алу тәртібінен айырмашылығы бар сатып алу тәртібі қарастырылған.
Фармацевтикалық қызметтерді мемлекеттік сатып алулар туралы заңнаманы қолданбастан сатып алу тәртібі заңнама тұрғысынан бекітілмегенін ескере отырып, сондай-ақ фармацевтикалық қызметтерді бірыңғай жеткізіп берушінің МӘМС жүйесіндегі және ТМККК шеңберіндегі функциясының Бірыңғай дистрибьюторға берілуіне байланысты фармацевтикалық қызметтерді және дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды сақтау, тасымалдау, есепке алу және саудада өткізу (жіберу) бойынша қызметтерді сатып алуды мемлекеттік сатып алулар туралы заңнамадан, сондай-ақ оларды сатып алу тәртібін бекіту бойынша ҚР Үкіметінің құзыретін айқындайтын норманы қолданыстан алып тастау нормасын қарастыру қажет.
11. Орталық мемлекеттік органдар мен ҚР Үкіметінің арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату кезінде Үкіметтің медициналық қызметтерді сатып алу құзыреті де бар. Бұл ретте Кодексте ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің көрсетілген құзыреті МӘМС туралы заңның 7-бабының 1-тармағының 22) және 81) тармақшаларында, 34-бабының 1-тармағында көзделген. Кодекс нормаларының арасындағы қайшылықтарды жою мақсатында Кодекстен Үкіметтің медициналық қызметтерді сатып алу тәртібін айқындаудағы құзыретін алып тастау ұсынылып отыр.
12. МӘМС туралы заңда (34-бап) сатып алудың негізгі қағидаттарын және денсаулық сақтау субъектілеріне сатып алу рәсімі кезінде қойылатын талаптарды көздейтін, денсаулық сақтау субъектілерінен МӘМС жүйесінде медициналық көмек көрсету бойынша қызметтерді сатып алу тәртібі регламенттелген. Алайда, фармацевтикалық қызметтерді сатып алу рәсіміне қолданылмайтынын ескере отырып, МӘМС туралы Заңда тиісті өзгерістерді көздеу қажет.
13. МӘМС туралы заңнан «сақтандыру мерзімі» және «қатысу өтілі» ұғымдарын алып тастау қажет, өйткені МӘМС жүйесінің негізін қалаушы қағидатқа сәйкес әрбір адам үшін жүйеге аударымдар және/немесе жарналар төленуге тиіс.
Жеке тұлғаның жарналарды төлеуі жұмысты (жұмысқа орналастырудың болмауымен) немесе еңбекке қабілеттілігін жоғалтуға байланысты тоқтаған жағдайда, ол белгіленген тәртіпте жұмыссыз ретінде тіркелуі немесе мүгедек мәртебесін алуы қажет. Бұл оған мемлекеттің жарналарына және МӘМС жүйесінде қалуына құқық береді.
Өз кезегінде, аударымдар мен жарналарды төлемеген жағдайда адамдар МӘМС жүйесінде медициналық көмекті осындай аударымдар мен жарналарды төлеуді тоқтатқан сәттен бастап үш айдан артық алмайды. Алайда бұл құқық аталған адамдарды төленбеген кезең үшін Қорға аударымдар мен жарналарды төлеу міндетінен босатпайды.
Одан басқа, МӘМС жүйесінде медициналық көмекке құқығы жоқ адамдарға немесе олар үшін Қорға жарналар және (немесе) аударымдар төленбейтін адамдарға төленбеген кезең үшін Қорға республикалық бюджет туралы заң тиісті қаржы жылына белгілеген жалақының ең төменгі мөлшерінен 5 пайыз мөлшерінде жарналарды төлеу арқылы осындай құқықты алу мүмкіндігі ұсынылады.
14. МӘМС туралы заңның 17-бабының 1-тармағының 7) тармақшасына сәйкес МӘМС жүйесіндегі Мемлекеттік корпорация өз құзыретінің шеңберінде МӘМС жүйесінің ақпараттық жүйелерін және электрондық ақпараттық ресурстарды жүргізеді және толықтырып отырады. Ақпараттық жүйелерді және электрондық ақпараттық ресурстарды жүргізу және актуалдандыру «Республикалық электрондық денсаулық сақтау орталығы» ШЖҚ РМК-ның функциясы болып табылатынын ескере отырып, олар үшін аударымдар және/жарналар төленген жеке тұлғалардың деректер базасын актуалдандыру бойынша функциямен алмастыра отырып, оны Мемлекеттік корпорацияның функцияларынан алып тастау қажет.
Бұл ретте МӘМС жүйесінде көзделетін функцияларды Мемлекеттік корпорацияның іске асыруына жағдай жасау мақсатында Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкін қоспағанда, ҚР Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін орталық атқарушы органдар мен мемлекеттік органдар МӘМС жүйесінде түсетін төлемдердің деректерін әкімшілендіру, мониторингін жүргізу, сондай-ақ ақпараттандыру және мемлекеттік құпияларды қорғау туралы ҚР заңнамасында көзделген талаптардың сақталуын ескере отырып, міндетті әлеуметтік медициналық жарналарды төлеуден босатылған адамдардың санаттары бойынша жарналарды аударуға қажеттілікті қалыптастыру бөлігінде өздерінің иелігіндегі ақпараттық жүйелерге Мемлекеттік корпорацияның құзыреті шегінде қолжетімділікті қамтамасыз етуі қажет.
Бұдан өзге, заң жобасында ақпараттандыру және мемлекеттік құпияларды қорғау туралы Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген талаптарға сәйкес ҚР Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін орталық атқарушы және мемлекеттік органдардан келіп түсетін мәліметтерді қорғауды қамтамасыз ету бойынша қажетті жағдай жасауға Мемлекеттік корпорацияның міндетін көздеу ұсынылып отыр.
15. МӘМС туралы заңның 1-бабына сәйкес Қордың активтері ретінде аударымдар, жарналар, аударымдарды және (немесе) жарналарды төлеу мерзімі өтіп кеткендігі үшін алынған өсімпұл, инвестициялық кіріс және қордың қызметін қамтамасыз етуге арналған комиссиялық сыйақыны, денсаулық сақтау субъектілерінің көрсетілетін қызметтеріне ақы төлеуге және қате есепке жатқызылған немесе артық төленген қаражатты қайтаруға бағытталған қаражатты шегергенде, қорға түсетін, Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де түсімдер есептеледі.
Сонымен бірге МӘМС туралы заңның 18-бабының 4-тармағына сәйкес Қордың активтері аударымдар, жарналар, аударымдарды және (немесе) жарналарды төлеу мерзімі өтіп кеткендігі үшін алынған өсімпұл, қордың қызметін қамтамасыз етуге арналған комиссиялық сыйақыны шегергендегі инвестициялық кіріс, қорға түсетін, Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де түсімдер есебінен қалыптастырылады.
Мәселен, МӘМС туралы заң нормаларының арасында Қордың активтерін айқындауда қайшылықтар бар. Осыған байланысты МӘМС туралы Заңның 1-бабының 8) тармақшасын МӘМС туралы заңның 18-бабымен сәйкестікке келтіру ұсынылып отыр.
Өз кезегінде, Қордың активтері ҚР Ұлттық банкінің банк шоттарында болатынын ескере келе, МӘМС туралы заңда тиісті ереже қарастыру қажет.
16. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңмен Кодекстің 76-бабының 2-тармағына енгізілген түзетулерге сәйкес ТМККК шеңберінде дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды сатып алу үшін бөлінетін бюджет қаражатын, сондай-ақ МӘМС қаражатын оңтайлы және тиімді пайдалану мақсатында дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдар уәкілетті орган белгілеген бағалардан аспайтын бағалар бойынша сатып алынады.
Одан басқа Кодекстің 7-бабына сәйкес уәкілетті орган ТМККК шеңберінде көрсетілетін, республикалық бюджеттен қаржыландырылатын медициналық қызметтерге тарифтерді, сондай-ақ оларды қалыптастыру әдістемесін бекітеді (2017 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі).
ТМККК және МӘМС шеңберінде медициналық қызметтерге тарифтердің өсуі бойынша ықтимал қауіптерді болдырмау мақсатында ТМККК және МӘМС шеңберінде тарифтерді және тарифтердің мөлшерлерін қалыптастыру әдістемесін бекіту және оны уәкілетті органның құзыретінен алып тастап, ҚР Үкіметінің құзыретіне беру ұсынылады.
Денсаулық туралы кодекстің 1, 2, 6, 7, 25, 76, 77-баптарына «фармацевтикалық қызмет», «дәрілік затқа және медициналық мақсаттағы бұйымға шекті баға», «дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды көтерме және бөлшек саудада өткізу үшін үстеме баға», «дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды сақтау, тасымалдау, есепке алу және іске асыру бойынша қызметтер» анықтамаларын нақтылау бөлігінде түзетулер енгізу қажет.
Мәселен, Кодекстің қолданыстағы редакциясында «тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету жөніндегі фармацевтикалық қызмет» ұғымы көзделген. Бұл ретте фармацевтикалық қызмет ТМККК шеңберінде ғана емес, МӘМС жүйесінде де жүзеге асырылатынын ескере отырып тиісті өзгеріс енгізу қажет.
Денсаулық туралы кодексте бюджет қаражатын тиімді пайдалану мақсатында дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды уәкілетті орган белгілеген бағалардан аспайтын баға бойынша сатып алу көзделген. Уәкілетті органның бағаларды белгілеуі дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарға шекті бағаларын айқындау арқылы жүзеге асырылады (Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 24 маусымдағы № 557 бұйрығы, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2016 жылғы 5 шілдеде № 13883 болып тіркелген).
Одан басқа, бюджеттік бағдарламалар әкімшілері халықты амбулаториялық деңгейде дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдармен қамтамасыз ету кезінде фармацевтикалық қызметтерді сатып алу жүзеге асырылады. Дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың айналысы саласындағы субъектілердің дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды тасымалдау, сақтау, саудада өткізу (жіберу) және есепке алу бойынша шығыстарын өтеу дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың бағасынан 25%-дан аспайтын мөлшерде үстеме бағамен жүзеге асырылады.
Бұл ретте Кодексте бұл ұғымдар жоқ.
17. МӘМС туралы заңды 2014 жылғы 14 қазандағы Заңмен ратификацияланған Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың (бұдан әрі – ЕАЭО туралы шарт) ережелерімен үйлестіру ұсынылады. Сонымен, ЕАЭО туралы шарттың 98-бабының 3-тармағына сәйкес мүше елдердің еңбекшілерін және олардың отбасы мүшелерін әлеуметтік қамсыздандыру (әлеуметтік сақтандыру) (зейнетақыны қоспағанда) жұмысқа орналастыру елінің азаматтарына арналған шарттарда жүзеге асырылады. Бұл ретте әлеуметтік қамсыздандыру (әлеуметтік сақтандыру) деп бұл Шартта ана болумен байланысты уақытша еңбекке қабілетсіздік жағдайына, өндірістегі жазатайым оқиғалардан және кәсіби аурулардан міндетті сақтандыру және міндетті медициналық сақтандыру деп түсінеміз. Осылайша, Қазақстан Республикасының өзінің шарт міндеттемелерін орындау мақсатында МӘМС туралы Заңға Қазақстан Республикасының аумағында уақытша тұрып жатқан және Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттың талаптарына сәйкес тұрып жатқан шетелдіктер мен олардың отбасы мүшелеріне егер бұл халықаралық шартта көзделсе, Қазақстанның азаматтарымен бірдей МӘМС жүйесіндегі құқықтар мен міндеттерді қолдану бөлігінде ережелерді енгізу қажет.
18. МӘМС енгізумен байланысты жекелеген заңнамалық актілердің ережелеріне редакциялық түзетулер енгізу талап етіледі.
Атап айтқанда, Денсаулық туралы кодекстің, Еңбек кодексінде, «Қызметкер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Ең төмен әлеуметтік стандарттар және олардың кепілдіктері туралы» ҚР заңдарының бірқатар ережелерін нақтылау және енгізілетін МӘМС жүйесіне сәйкестікке келтіру қажет.
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңында Денсаулық туралы кодекске «жоғары технологиялық медициналық қызметтер» (бұдан әрі – ЖТМҚ) ұғымын енгізу көзделген. Осыған байланысты, жоғары технологиялық медициналық қызметтердің бөлігі болып табылатын «стационарлық көмек», «стационарды алмастыратын көмек» ұғымдарына редакциялық түзетулер енгізу қажет.
Жоғары технологиялық медициналық қызметтер амбулаториялық-емханалық, стационарлық және стационарды алмастыратын көмектің бір бөлігі болып табылатынын ескере отырып, ЖТМҚ-ны МӘМС жүйесінде көрсетілетін медициналық көмектің тізбесінен алып тастау қажет.
МӘМС туралы заңның МӘМС жүйесінде көрсетілетін медициналық көмектің түрлері туралы ережелерінде стационарлық көмек ұғымын «жолдаманың болу/болмауына қарамастан – шұғыл көрсетілімдер бойынша» сөздерімен толықтыру қажет.
19. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұлғалардың кірістері мен мүлкін декларациялау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 18 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңымен Салық кодексіне жұмыскердің және жеке тұлғаның кірісінен жасалған азаматтық-құқықтық шарттар бойынша жеке табыс салығын есептеу кезінде «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес есептелген МӘМС-қа жарналар бойынша салық шегерімдерін қолдану бөлігінде түзетулер енгізілді. Сонымен бірге, бұл Заңның қолданылуы 2020 жылға ауыстырылды.
Осыған байланысты, ЖТС есептеу кезінде салық шегерімдерін қолдану бойынша жоғарыда аталған норманы сақтап қалу мақсатында Салық кодексінің 166, 168, 182 және 183-баптарына түзетулерді енгізу ұсынылады.
Достарыңызбен бөлісу: |