Титульный лист



жүктеу 488,43 Kb.
Дата08.02.2018
өлшемі488,43 Kb.
#9064
түріБілім беру бағдарламасы

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ Ұлттық Техникалық Зерттеу университеті

Модульдік білім беру бағдарламасы



«Өндірістік саладағы инженерлік биотехнология»
«6М070100 – Биотехнология» мамандығы

Алматы 2016



Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ Ұлттық Техникалық Зерттеу университеті
БЕКІТІЛДІ

Университеттің оқу-әдістемелік кеңестің шешімімен

Хаттама №_______

"___"________ 2016 ж.


Модульдік білім беру бағдарламасы



«Өндірістік саладағы инженерлік биотехнология»
«6М070100 – Биотехнология» мамандығы

Білім беру бағдарламасының деңгейі: профильдік магистратура (1,5 жыл)



Алматы 2016





«6М070100 - Биотехнология» мамандығына арналған «Өндірістік саладағы инженерлік биотехнология» модульдік білім беру бағдарламасы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 05 шілденің №425 бұйрығы шешімімен құрастырылған.

Магистратураға арналған оқу бағдарламасының құрылымы оқу үдерісінің мазмұнын анықтайтын және өлшемелі және есептік, қатынастық үдерістерді біріктіретін түрлі оқу және ғылыми жұмыстар негізінде қалыптасады.

Магистратураның оқу бағдарламасы құралады:



  1. базалық және профильдік пәндер жиынтығынан тұратын теориялық оқу бағдарламасы;

  2. әртүрлі оқу практикасынан, профессионалды тәжірибе алмасудан тұратын магистранттардың практикасы;

  3. профильдік магистратура үшін магистрлік диссертацияны жазуды біріктіретін тәжірибелік – зерттеу жұмысы;

  4. аралық және қорытынды аттестациялар.

Магистратураның профильдік бағытындағы типтік оқу бағдарламасындағы барлық пәндер ішіндегі базалық пәндер жиынтығының көлемі 44 % (1 жылдық оқуды құрайды) және 28 % (1,5 жылдық оқуды құрайды), оның ішінде 62 % және 50 % міндетті компонентке топтасатын пәндер жиынтығынан және 38 % және 50 % - таңдау бойынша компоненттерге жататын пәндерден тұрады.

Магистратураның профильдік бағыты бойынша профильдік пәндер көлемі 56 % (1 жылдық оқуды құрайды) және 72 % (1,5 жылдық оқуды құрайды), оның ішінде 10 % және 12 % міндетті компонентке топтасатын пәндер жиынтығынан және 90 % және 88 % - таңдау бойынша компоненттерге жататын пәндерден тұрады.

Таңдау бойынша компонентке кіретін пәндерді оқу орны өз қалауы бойынша таңдайды. Жұмыс берушінің талап етуі және мемлекеттегі еңбек бөлінісінің мұқтажы ескеріледі.
Модульдік білім беру бағдарламасы

«Өндірістік саладағы инженерлік биотехнология»

«6М070100 – Биотехнология» мамандығы




1 Білім беру бағдарламасының паспорты

5

1.1 Академиялық дәрежесі

5

1.2 Бітірушінің біліктілік мінездемесі

5

1.2.1 Кәсіби қызметтің ортасы мен түрлері

5

1.2.2 Кәсіби қызметтің объектілері

5

2 Білім беру бағдарламасының сипаттамасы

5

2.1 Білім беру бағдарламасының мақсаты

5

2.2 Білім беру бағдарламасының міндеттері

5

2.3 Білім беру бағдарламасын оқытудың пәні

6

3. Кәсіби және кілттік біліктілік

6

4. Білім беру бағдарламасының мазмұны

10

5. Білім беру бағдарламасының модуліндегі меңгерілетін кредиттер санын көрсететін кесте

15

Қосымша

16

  1. Білім беру бағдарламасының паспорты

    1. Академиялық дәрежесі

Магистратурада мамандарды дайындауд «Өндірістік саладағы инженерлік биотехнология» білім беру бағдарламасы бойынша профильдік (1,5 жылдық оқуды құрайды) бағыт бойынша жүзеге асады.

Магистратураны бітірген студентке «6М070100 - Биотехнология» мамандығы бойынша техника ғылымдарының магистрі дәрежесі беріледі.




    1. Түлектің біліктілік мінездемесі

      1. Кәсіби қызметтің ортасы мен түрлері

«Өндірістік саладағы инженерлік биотехнология» білім беру бағдарламасы бойынша бітірген магистрлер:

  • биотехнологиялық бағыттағы әртүрлі өндіріс орындарында, шаруашылықтың түрлі салаларында, түрлі ұйымдарда, ұйымдастырушылық – басқарушылық, өндірістік – технологиялық, тәжірибелік – зерттеу, кеңес берушілік қызметтерді атқара алады.


1.2.2 Кәсіби қызметтің объектілері

Түлектер үшін кәсіби қызметтің объектілері болып:



  1. ҚазҰТЗУ – дың оқу және ғылыми – өндірістік бөлімшелері мен Парасат АҚ холдингі

  2. Қазақстан Республикасының жергілікті, аудандық, облыстық, республикалық, ғылыми және өндірістік биотехнологиялық орталықтары, қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстардың Комитеті, әртүрлі өндірістік орындар табылады.


2 Білім беру бағдарламасының сипаттамасы

2.1 Білім беру бағдарламасының мақсаты

Қазақстанда білім беру жүйесін дамыту тұжырымдамасына сәйкес жалпыұлттық білім берудің негізгі міндеттері болып, әрбір адамның білім берудің мазмұнына, нысандары мен зерттеу кезеңдерін бақылауды таңдауда кең мүмкіндіктер беру, жоғары сапалы білім алуда қоғамның мүдделерін, мемлекетті және тұлғаны қанағаттандыру ең басты міндеті болып табылады.

Инженерлік биотехнология саласындағы тәжірибесі бар ортада жұмыс істей алатын, еңбек нарығына және технологияларды игеруге бейімді, белсенді, білімді ұштастыра алатын мамандарды дайындаудағы үлесі орасан зор.

«Өндірістік саладағы инженерлік биотехнология» білім беру бағдарламасының мақсаты биотехнологияны қалыптастыратын түрлі формадағы ұйымдарға, өндірістік биотехнологиялық мекемелерге, биотехнологияның сұрақтары бойынша менеджер және маркетологтарды, білікті еңбек нарығында бәсекеге қабілетті маман дайындау болып табылады.
2.2 Білім беру бағдарламасының міндеттері

«Өндірістік саладағы инженерлік биотехнология» білім беру бағдарламасының міндеттері мыналар болып табылады:
- білім берудің бағытын жеке таңдау;

- биотехнологияның әртүрлі өндіріс орындарындағы қазіргі заманғы ғылыми және практикалық мәселелерін шешетін, оларды өзгерте алатын кәсіби жоғары деңгейлі мамандарды дайындау;

- ұйымның дағдыларын және биотехнологиялық зерттеу жүргізуді үйрену;

- іс – шараларды биоөндірістік және биореконструкциялық технология арқылы өңдеу;

- модельдеу, жоспарлау және биотехнологиялық процестерді оңтайландыру;

- биотехнологиялық өндірістің цехтары мен ғимараттардың жобалау;

- өндіріске ғылыми зерттеу және тәжірибелік нәтижелерді енгізу;

- қазіргі заманғы әдістер мен талдау құралдарын қолдана отырып бақылаудың нәтижелерін өңдеу;

- өнеркәсіптік биотехнологиялық өндірісті басқару қабілеті бар мамандарды даярлау.
2.3 Білім беру бағдарламасын оқыту пәні

«6М070100-Биотехнология» мамандығы бойынша білім беру бағдарламасы «Өндірістік саладағы инженерлік биотехнология» деп аталатын тек бір ғана оқу траекториясынан тұрады.

Магистранттар қарастырады:

1) өндірістік биотехнология бойынша теориялық және практикалық сұрақтарды; тұрақты биоинженерлік құрылымдардың қалыптасуын; өндірістік биотехнологияның әдіс – тәсілдерін меңгереді;

2) инженерлік биотехнологияның теориялық және практикалық дағдысын; инженерлік биотехнологияның әдістерін; энергетикалық, тау – кен, металлургия, мұнай, химиялық және басқа да өндіріс орындарының, сонымен қатар қоршаған ортаны қорғаудағы биоөндірістік, биоэнергетикалық, биореконструкциялық технологиялардың инженерлік аспектілерін меңгереді.
3 Кәсіби және кілттік біліктілік :

Профильдік магистартураның бітірушісінің кәсіби және кілттік біліктілігіне қойылатын талаптар:

Бітіруші міндетті:



  1. түсіне білу қажет:

- ғылыми танымның дамуындағы қазіргі тенденцияларды; замануи трендтер мен инновациялық ғылым мен техниканы;

- өнеркәсіптік және зертханалық жағдайдағы биотехнологиялық тәжірибелердің бағдарламасын құрастыру әдісінің принциптерін;

- биотехнологиялық нысандардың биологиялық ерекшеліктерін;
- биоэнергетикалық, биоөндірістік, биореконструкциялық және биоконструкциялық технологиясын өңдеу принциптерін;

- биотехнологияның өндірістік жағдайдағы ұйымдастырушылық жұмыстарын;

- биотехнологиялық процестер мен өндірістің кеңістіктік – уақыттық заңдылықтарын;

- қазіргі жағдайы туралы экономикалық, саяси, құқықтық, мәдени және технологиялық ортаның әлемдік бизнес-әріптестіктің; ұйымдастыру туралы кәсіпорынды стратегиялық басқару, инновациялық менеджмент, көшбасшылық теориялары туралы; негізгі қаржы-шаруашылық проблемалары туралы түсінігі.



2) білу қажет:

- ғылыми танымның әдістемесін;

- әлемдегі және республикадағы биотехнологияның жай - күйін; биотехнологияның теориялық негіздерін; шикізат ресурстарын қолданылатын биотехнологияның қазіргі заманғы жай – күйін;

- биотехнологияның нысандарының өнімділігін арттырудағы жағдайлары;

- биоөндірістік процестердің негізгі кезеңдерін; биоөндірістік процестердің негізгі параметрін;

- биотехнологияның ұйымдық құрылымы мен міндеттерін, биотехнологиялық қызметтері мен өндірісті жүргізу әдістемесін, морфологиялық, генетикалық, биохимиялық және физиологиялық зерттеу объектілерін;

- биотехнологиялық талдаудың жабдықтық әдістерін;

- принциптері, табиғатты ұтымды пайдалану, кәдеге жарату және биотехнология, қалдықтарды қайта өңдеудің негізгі және қосалқы өндіріс өнеркәсібін;

- негізгі қозғаушы күш құрылымын өзгерту; экономиканың ерекшеліктері мен қағидалары инвестициялық ынтымақтастығын;

3) меңгеру керек:

- алға қойылған міндеттерді шешу үшін негізгі таңдау объектілері және зерттеу әдістерін; өзінің кәсіби қызметінің нәтижесін болжау әдістерін;

- өндірістік жағдайларда алынған білімдерді әр түрлі пәндер шеңберінде, оларды шешу үшін аналитикалық және басқарушылық міндеттерді;

- ақпараттық-аналитикалық және ақпараттық-библиографиялық жұмысты орындай отырып, қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды басқару;

- экономикалық және экологиялық бағалауды әр түрлі биоөндірістік технологиялар арқылы өңдеу;

- биотехнологияның нысандарына кешенді талдау жүргізу;

- биотехнологияның нысандарынның өнімділігін болжау;

- алынған нәтижелердің дұрыстығын, ғылыми және тәжірибелік маңызын эксперименттер негізінде анықтау;

- кәсіпорынның шаруашылық қызметін пайдалануға және оның нәтижелерін кәсіпорынды басқаруға микроэкономикалық талдау; тәжірибеде маркетинг және менеджмент салалары бойынша жаңа әдіс-тәсілдері қолдану;

- жалпылау нәтижелерін (тәжірибелік-зерттеу және аналитикалық жұмыс түрінде магистрлік диссертация, мақала, есеп, аналитикалық жазбалар және т. б.).



4) дағдылы болуы тиіс:

- стандартты ғылыми және кәсіби міндеттерді шешу;

- экономикалық қызметпен айналысатын ұйымдар мен кәсіпорындардың ғылыми талдау және практикалық мәселелерді ұйымдастыру және басқару;

- кәсіптік қызмет бойынша ақпараттық және компьютерлік технологиялар салаларын пайдалану;

- өндіріс жағдайында биотехнологиялық тәжірибелерді жүргізе алу;

- өндірісте биотехнологиялық процестер мен аппараттарды есептеу және құрастыру;



5) білікті болуы керек:

- биотехнологиялық нысандардың өнімділігін арттыру бойынша инновациялық технологиялармен жұмыс істеу мәселелерін шешу;

- қоршаған ортаны қорғаумен байланысты проблемаларды шешуде табиғаттың даму заңдылықтары, олардың түсіндіру және қолдану арқылы жиналған біліммен байланыстыру;

Арнайы біліктілік жұмыс берушілер талаптарын ескере отырып және қоғамның әлеуметтік сұраныстары бойынша құрастырылады.



Профильдік магистратураның бітірушісіне қойылатын арнайы (кәсіби) біліктіліктер:

Бітіруші міндетті:



1) түсінігі болу қажет:

- биоөндірістік технологиялар мен техниканы жалпы ғылыми негіздері мен типтік заңдылықтары дайындау;

- биотехнологиялық құрылғыларды және есептік сызбалары және инженерлік әдістемелер құрастыру кезінде жобалау;

- қамтамасыз ету туралы өндірістік қауіпсіздік және қоршаған ортаны қорғау.



2) білу керек:

- әдістері инженерлік биотехнология;

- негізі арнайы техника мен биотехнологияның алдыңғы қатарлы әдістер мен принциптерін зерттеу;

- биотехнологиялық өнім өндіруді ұйымдастыру принципі қауіпсіздік шараларымен ұштастыру;

- ғылым мен техниканың жетістіктерін қалыптастыру, қауіпсіз қоршаған және өндірістік ортаның болжауға, өндірістік тәуекелді азайту және қоршаған ортаға техногендік әсерді;

3) меңгеру керек:

- экономиканың түрлі салаларында өндірістік және инженерлік биотехнология пайдалану әдістерін;

- биоэнергетикалық, биоөндірістік, биореконструкциялық және биоконструкциялық технологиясын өңдеу принциптерін;

- биотехнологияның өндірістік жағдайдағы ұйымдастырушылық жұмыстарын;

- биотехнологиялық процестер мен өндірістің кеңістіктік – уақыттық заңдылықтарын;

- қазіргі жағдайы туралы экономикалық, саяси, құқықтық, мәдени және технологиялық ортаның әлемдік бизнес-әріптестіктің; ұйымдастыру туралы кәсіпорынды стратегиялық басқару, инновациялық менеджмент, көшбасшылық теориялары туралы; негізгі қаржы-шаруашылық проблемалары туралы түсінігі.



4) дағдылары болуы тиіс:

- биотехнологиялық құжаттамаларды, сипаттама, жабдықтарды, процестерді, өнімдерді реттей білу;

- бағытты таңдау биотехнология салалары бойынша өнеркәсіп және бақылау жабдықтарының сипаттамаларын, процестер мен өнімдер;

- сертификаттау машиналар мен жабдықтарды биотехнологиялық кәсіпорындар, пайдаланылатын материалдар мен шығарылатын биопродукции;

- табиғи және техногендік шикізатты биотехнология жолмен өңдеу;

5) білікті болуы керек:

- өндірістік салалардағы биотехнологияны ұйымдастыру және өткізу;

- өндірістік байланыстарды жүзеге асыруда әртүрлі аралас ұйымдар мен шешімдерді күрделі және кешенді міндеттерді тығыз шығармашылықты өзара іс-қимыл негізінде кәсіби еңбек ұжымдарымен ұштастыру;

- қатысты мәселелерде еңбекті қорғау, өндірістік қауіпсіздік, ТӨТЕНШЕ жағдайлар кезінде нысандардың тұрақтылығын, қоршаған ортаны қорғау кезінде ортақ міндеттерді шешудегі мемлекеттік органдар мен атқарушы билік органдары.

Жалпы әмбебап және кәсіби білім беру бағдарламасы бойынша әзірленді (Қосымша).

4 Білім беру бағдарламасының мазмұны

«Өндірістік саладағы инженерлік биотехнология»


Модульдің аты

Оқытудан күтілетін нәтижелер

Көлемі

Семестр

Модульдің компоненттері

Қалыптасатын біліктілік



KZ

ECTS

Пәннің коды

Модульге жататын пәннің аты (пән, практика және т.б.)

Пәннің циклы (ЖБП,БП,ПП).

ТОбы (А.В.С)

МК/ТК

Кредит саны

Бақылау түрі

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

Жалпы модульдер

Жаратылыстық - ғылыми модуль

Бітіруші түлектер магистратураны модульдік бағытта табысты аяқтағаннан кейін халықаралық деңгейді ескере отырып кәсіби қызмет орнында ағылшын тілін жетік меңгергенін еркін қарым – қатынас барысында көрсете алады; биотехнологиялық өндірісте менеджмент тағылымы бойынша инвестициялық жобаларды іске асыруды біледі және өндірісте қолдана алады; жетекшінің және ондағы жұмысшылардың өндірісте атқаратын рөліне қарай жұмысшы арасындағы қарым-қатынасты реттей алады, берілген жұмысты жеке және топта ұйымдастыра алады.


5


9


1

EL

5201


Ағылшын тілі

(кәсіби)


БП

1.1.1


А

МК

3


э

ОК1; ОК2; ОК4; ОК5; ОК6; ОК9; ОК18; ОК10; ОК11; ОК12; ОК16; ОК19; ОК17; ОК18; ОК 19; ОК20

ПК3; ПК18; ПК19; ПК20



1

Men 5202

Жобалау менеджменті

БП

1.1.2


А

МК

2


э

Мамандық модульдері

Өндірістік биотехнологиялық модуль

Бітіруші түлектер магистратураны модульдік бағытта табысты аяқтағаннан кейін биотехнологиялық өндіріс орындарында математикалық модельдеу, жобалау, жоспарлау, оңтайландыру тәсілдерін қолдана алады; экотиімді биотехнологиялық табиғи және техногендік шикізатты өңдеуде термодинамика және биохимия заңдарын қолдана алады; биотехнологиядағы технологиялық және құрал – жабдықпен қамтамасыз етуді оңай құрастыра алады; биотехнологиялық өнімді өндіру барысында өндіріс орнын технологиялық, экономикалық, экологиялық және басқа да көрсеткіштер бойынша өндіріс орнының жағдайын бағалай алады. Бітіруші заманауи ақпараттық технологияларды ескере отырып, өндіріс орнының техникалық – экономикалық және экологиялық көрсеткіштердің жақсаруын қадағалай алады.

22


37


2

MPBP 5203

Биопроцестерді модельдеу, жоспарлау және оңтайландыру

БП 1.1.3

А

МК

3


э

ОК4; ОК15; ОК 19; ОК20

ПК1; ПК2; ПК5; ПК6; ПК7; ПК10; ПК11; ПК12; ПК15; ПК 16; ПК18; ПК19;



1

BRIT 5204

Өндірістік технологиядағы биоресурстар

БП 1.1.4

A

ТК

3


КП

1

BPUBpI 5204.1

Биообъектілер: өндірістік биотехнологияда қолдану ерекшеліктері

БП 1.1.4.1


A

ТК

3


КП

1

TBRIB 5205

Өндірістік биотехнологияның қорын арттырудағы теориялық негіздер

БП 1.1.5

A

ТК

2


э

1

MCBB 5205.1

Биотехнологияның молекулалық – клеткалық әдістері

БП 1.1.5.1

A

ТК

2


э

1

PDBP 5206

Өндірістік биотехнологиядағы процестер мен аппараттар

БП 1.1.6

A

ТК

3


э

1

MOEBI 5206.1

Биотехнологиядағы машиналар мен құрал-жабдықтар

БП 1.1.6.1


A

ТК

3


э

1

TI 5207

Өндірістік саладағы технологиялар

БП 1.1.7

A

ТК

3


э

1

ESIT 5207.1

Өндірістік технологиялардағы экологиялық қауіпсіздік

БП 1.1.7.1

A

ТК

3


э

1

FB 5208

Ферментативті биотехнология

БП 1.1.8

A

ТК

2


э

1

BPBAS 5208.1

Биологиялық белсенді заттардың өндірістік биотехнологиясы

БП 1.1.8.1

A

ТК

2


э

2

GEMS 5209

Микроорганизмдердің гендік инженериясы және биоқауіпсіздік

БП 1.1.9

A

ТК

3


э

2

GEPS 5209.1

Макроорганизмдердің гендік инженериясы және биоқауіпсіздік

БП 1.1.9.1

A

ТК

3


э




2

BMPI 5210

Өндірістік салалардағы биотехнологиялық өнімдер

ПП 1.1.10

A

ТК

3


э




2

IB 5210.1

Индустриалды биотехнология

ПП 1.1.10.1

A

ТК

3


э







Инженерлік биотехнология модулі


Бітіруші түлектер магистратураны модульдік бағытта табысты аяқтағаннан кейін инженерлік биотехнологияның әдістерін меңгере отырып, одан алған білімді өндіріс орынындағы жұмысшыларға жайлы жағдай жасай отырып, техносферадағы адамға қолайлы ортаны қалыптастыра алады; өндіріс орнындағы биотехнологиялық нысандарға жұмысшының өмірін, денсаулығын жаңа техникалық құрылғыларды пайдалана отырып техногендік әсерді төмендете алады, бақылау және жоспарлау әдістерін ұйымдастыра алады.

9


15


2

IBTP

Инженерлік биотехнологияның әдістері

ПП 2.2.3.1

A

ОК

3


КР

ОК4; ОК3; ОК2; ОК8; ОК9; ОК13; ОК14; ОК17; ОК18; ОК19; ОК20; ОК11; ОК15;



2

DPSB

Биотехнологиялық өндірістің процестері мен ғимараттарын жобалау

ПП 2.2.4.1

A

ВК

3


КП

2

KDESB

Биотехнологиядағы инженерлік коммуникацияларды құру және есептеу

ПП 2.2.7.1

A

ВК

3


КР

2

EBPNM

Табиғи шикізатты қайта өңдеудегі инженерлік биотехнология

ПП 2.2.8

A

ВК

3


Э

2

EBPTM

Техногендік шикізатты қайта өңдеудегі инженерлік биотехнология

ПП 2.2.8.1

A

ВК

3


Э



Біліктілік шеңберіне кірмейтін қосымша модульдер

Практикалық - бағдарлық модуль

Бітіруші түлектер магистратураны модульдік бағытта табысты аяқтағаннан кейін кәсіби мақсаттағы ақпараттарды құрастыруға, туындаған сұрақтарға жауап бере алады; техникалық іс – қағаздардың тағылымдамасын, сипаттамасын, құрал – жабдықтарды, процестерді, өнімдерді білуге қабілетті; өндірістегі өнімнің шығуына бағытталған процестің практикалық тағылымын бақылай алады; кәсіби тапсырманы орындаудағы ұжымдық жұмысты күшейтуді нығайту

10


17


3

РrР

Өндірістік

практика


ДВО 1

В




6

Есеп

ПК4; ПК8; ПК10; ПК13; ПК15; ПК16; ПК17;

2

ЕІRМ

Магистранттың тәжірибелік- ғылыми – зерттеу жұмысы

ДВО 2

В




4

Есеп

Қорытынды аттестациялық модуль

Бітіруші түлектер магистратураны модульдік бағытта табысты аяқтағаннан кейін ғылыми және техникалық тапсырмаларды орындауда ақпаратты жүйелендіріп, талдау жасап, оның шешу жолдарын қарастыра алады; қазіргі заманғы арнайы модельдеуші және есептік бағдарламалардың көмегімен қойылған тапсырманы дұрыс және тиімді жолдарын қарастыра отырып шешу;

4


7


3

СЕ

Кешендік экзамен (КЭ)

ДВО 3

В




1

Э




3

ZMD

Магистрлік диссертацияны жазу және қорғау

ДВО 4

В




3




ПК10; ПК12; ПК14; ПК18; ПК19; ПК20;

5 Білім беру бағдарламасының модуліндегі оқытылған кредиттер саны көрсетілген кесте

«Өндірістік саладағы инженерлік биотехнология»

«6М070100 – Биотехнология» мамандығы


Курс

Семестр

Оқытылған модуль саны



Пәндер саны

Кредиттер саны KZ

Барлығы


(сағ)

ECTS

Саны

МК

ТК

Теориялық оқыту

ЭИРМ

Өндірістік практика

Қорытынды

аттестация



Барлығы

Экз.

Кур. проект/ жұмыс, есеп

1

1

2

2

5


18

-

-

-

18

810

31

6

2


2

3

1

5


18

4

-

-

22

810+480=

1290


38

5

1


2

3

2


-

-

-

-

6

4

10

450+420=

870


17

1

2


барлығы

7



3


10

36

4

6

4

50

2970

86


11


5



Қосымша

«Өндірістік саладағы инженерлік биотехнология» білім беру бағдарламасы бойынша оқытылған магистранттардың біліктігі


Жалпы біліктілік

МК 1

Әдістемелік және философиялық мәселелері жаратылыстану (әлеуметтік, гуманитарлық, экономикалық) ғылымдарын дамытудың қазiргi тенденциялары туралы түсінігі болуы қажет

МК 2


Экономикалық, саяси, құқықтық, мәдени және технологиялық жаһандық шаруашылық серіктестіктердің қоршаған ортаны қорғау және жаһандану әлеуметтік-экономикалық әсердің ағымдағы жағдайы туралы түсінігі болуы қажет

МК 3

Кәсіпорындардың жұмыс істеуі негізінде қаржы және экономикалық проблемалар туралы түсінігі болуы қажет

МК 4

Ғылыми танымның әдістемесін білу қажет

МК 5

Экономикалық құрылымның өзгеруіне себепші негізгі қозғаушы күштері білу қажет

МК 6

Ғылыми-зерттеу және тәжірибелік жұмыстарын жүргізуге мүмкіндік беретін кәсіби деңгейде кем дегенде бір шет тілін жетік білу қажет

МК 7

Кәсіптік қызметте танымның ғылыми әдiстерiн қолдануға қабілетті болуы міндетті

МК 8

Қазiргi тұжырымдамаларды сынап , теориялар мен үдерістер мен құбылыстарды зерттеу тәсілдері талдау мүмкіндігіне ие болу керек

МК 9

Аналитикалық және басқарушылық міндеттерді шешу үшін оларды пайдалануға, әр түрлі пәндер шеңберінде алған білімдерін біріктіруге қабілетті болуы керек

МК 10

Кәсіпорынның экономикалық қызметіне микроэкономикалық талдау жүргізу және кәсіпорынды басқаруда оның нәтижелерін пайдалану мүмкіндігінің болуын қадағалау

МК 11

Кәсіпорынның (компанияның ) экономикалық қызметін ұйымдастыру және басқару саласындағы күрделі және стандартты емес жағдайларда шешім қабылдай алу қажет

МК 12

Экономикалық қатынастарды реттеу саласындағы практикада Қазақстан Республикасының заңнамасында нормаларын қоюға қабілетті болуы керек

МК 13

Кәсіби мәселелерді шешу үшін ақпаратты және қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды тарта отырып, аналитикалық және ақпараттық-библиографиялық жұмысын жүзеге асыруға қабілетті болуы қажет

МК 14

Диссертацияны , мақала, баяндама , саясат қысқаша және басқалар түрінде эксперименталды - зерттеу және талдау нәтижелерін жалпылау мүмкіндігіне ие болу қажет

МК 15

Дағдыларды стандартты ғылыми және кәсіби міндеттерді шешуге оңтайлы пайдалана білу

МК 16

Ұйымдар мен кәсіпорындардың шаруашылық қызметінің ұйымдастыру және басқару арқылы ғылыми талдау және практикалық мәселелерді шешу

МК 17

Кәсіби қарым-қатынас дағдылары мен мәдениетаралық қарым-қатынастардың болуын қадағалау

МК 18

Ауызша және жазбаша нысанда шешендік өнер дағдыларын, логикалық тіркеуді байланыстыру

МК 19

Жаһандық экономикалық үдерістерге әлемдік экономика мен ұлттық экономикалардың қатысуын қазіргі заманғы проблемалар саласында білікті болуы

МК 20

Үздіксіз білім жаңарту және кәсіби дағдыларын кеңейтуді қамтамасыз ету үшін білікті болу қажет

Кәсіби біліктілік

ПК 1


Жалпы ғылыми негізде және оқу биоөндірістік технологиялар мен әдістемелердің типтік моделі туралы түсінігі болуы қажет;

ПК 2


Биотехнологиялық құрылыс және жабдықтарды жобалау сызбасы және инженерлік әдістерін туралы түсінігі болуы қажет;

ПК 3


Өндірістік қауіпсіздігін және қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз ету туралы түсініктің болуы

ПК 4


Көп деңгейлі және көп критерийлі сипаттағы түсінік бар немесе биотехнологиялық қолданыстағы әдістерін жетілдіру, өндірістік қауіпсіздігін және қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз ету үшін жағдайды қарастыру

ПК 5

Табиғи шикізатты өңдеудің биотехнологиялық әдісін білу

ПК 6

Зерттеудің жалпы принциптері мен әдістері, арнайы жабдықтар мен технологиялардың негіздерін білу

ПК 7

Техногендік шикізатты қайта өңдеу биотехнологиялық әдісін білу

ПК 8

Биотехнология өнімдердің қауіпсіз өндіріс негіздерін білу

ПК 9

Инженерлік биотехнология әдістерін білу

ПК 10


Биоэнергия үшін нақты техникалық проблемаларды шешуге қабілетті болу үшін , биоөндірістік , биореконструкциялық, биоконструкциялық, сондай-ақ табиғаттың іргелі заңдарынан туындайтын, өлшемдерге негізделген биотехнологиялық шешімдерге сараптама жүргізуге

ПК 11


Мұнай және газ қамтылған қосылыстардың , химиялық қасиеттері және экономиканың түрлі салаларында оларды пайдалану талдау үшін негізгі әдістері мен озық құрал - жабдықтарды қолдана білу керек

ПК 12


Дербес іздеу және биотехнологиялық міндеттерді дамытудың қазіргі заманғы ақпараттық технологияларын пайдаланудың мүмкіндігі болу керек

ПК 13


Кәсіпорынның (фирманың) экономикалық қызметін қауіпсіздік , ұйымдастыру және басқару саласында күрделі және стандартты емес жағдайларда шешім қабылдай алу қажет

ПК 14


Қауіпсіздік және қоршаған ортаны қорғау технологиясы жобаларды, компаниялар және биотехнология кластерлерді зерделеуге мүмкіндігі болу қажет

ПК 15


Техникалық құжаттаманы , жабдықтарды техникалық сипаттамаларын , процестерді , өнімдерді оқып үйренуге мүмкіндігі болуы қажет

ПК 16

Дағдылы өндірістің және бақылау жабдықтары сипаттамаларын , процестер мен өнімдер биотехнологиясына таңдауды бағыттау керек

ПК 17

Машиналар мен жабдықтар дағдыларын биотехнологиялық компаниялар сертификаттауды үйрене отырып, пайдаланылатын материалдар мен био – өнімді өндіру

ПК 18

Өндірістік биотехнология бойынша биотехнологиялық шараларды ұйымдастыруға білікті болу керек

ПК 19


Кәсіби шығармашылық еңбек ұжымдарымен тығыз ынтымақтастықта түрлі байланысты ұйымдар және күрделі міндеттерді, өнеркәсіптік қарым-қатынастарды іске асыруға білікті болуы қажет

ПК 20


Еңбекке қатысты мәселелер, өндірістік қауіпсіздік, төтенше жағдайлардағы нысандардың тұрақтылығын, атқарушы билік мемлекеттік органдармен ортақ проблемаларды шешу үшін қоршаған ортаны қорғау саласында білікті болуы қажет.



жүктеу 488,43 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау