Титульный лист программы дисциплины (syllabus)



жүктеу 1,51 Mb.
бет1/4
Дата02.03.2018
өлшемі1,51 Mb.
#11004
түріБағдарламасы
  1   2   3   4

Пәннің бағдарламасының (Syllabus) титулдық парағы




Нысан

ПМУ ҰС Н 7.18.4/19





Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі

С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті
Қаржы кафедрасы

(кафедраның атауы)













ПӘННІҢ БАҒДАРЛАМАСЫ (Syllabus)

Мамандыққа кіріспе және ғылыми жұмыстардың орындау техникасы

(пәннің коды мен атауы)

Павлодар, 2013 ж.



Пәннің бағдарламасының

бекіту парағы (Syllabus)







Нысан

ПМУ ҰС Н 7.18.4/19








БЕКІТЕМІН




Қаржы - экономика факультетінің деканы




___________Т.Я. Эрназаров

«____»_____________201__ ж





Құрастырушылар: аға оқытушы Г.К. Уралова ___________



ПӘННІҢ БАҒДАРЛАМАСЫ (Syllabus)

5В050900 «Қаржы», мамандығының

күндізгі оқу нысанындағы студенттеріне арналған

«Мамандыққа кіріспе және ғылыми жұмыстардың орындау техникасы»

пәні бойынша

Бағдарлама «___» _________201_ж. бекітілген жұмыс оқу бағдарламасының негізінде әзірленген.


20__ж. «___»____________кафедра отырысында ұсынылған №_____ хаттама.
Кафедра меңгерушісі _______ Г. М. Бейсембаева 201__ ж. «____» _______

(қолы) (А.Ж.Т.)


Қаржы-экономика факультетінің оқу-әдістемелік кеңесімен құпталған__________________ 201_ ж. «_____»____________№____ хаттама
ОӘК төрағасы ___________ А. Б. Темиргалиева 201_ ж. «_____»__________

1 Оқу пәннің паспорты
Пәннің атауы «Мамандыққа кіріспе және ғылыми жұмыстардың орындау техникасы»
Барлығы – 3 кредиттер

Курс: 1


Семестр: 1

Аудиторлық сабақтардың барлығы: 45

Дәрістер – 15;

Практикалық/ семинарлық сабақтар-30 сағат;

СӨЖ – 90 сағат; СӨЖМ – 22,5 сағат

Жалпы жұмсалған еңбек -135 сағат.


Оқу нысаны

Емтихан -1 семестр


Пререквизиттер

«Мамандыққа кіріспе және ғылыми жұмыстардың орындау техникасы» пәнің оқытуға перереквзиттер жоқ.


Постреквизиттер

Пәнді меңгеру кезінде алынған білім, икемділік және дағды-машықтар келесі пәндерді меңгеру үшін қажет: «Корпоративтік қаржы», «Қаржы менеджменті», «ҚР қаржы жүйесінің дамытудың өзекті нысаналары». т.б.



2. Оқытушылар туралы мәлімет және байланыс ақпараты

А.Т.Ә. _Уралова Г.К.

Ғылыми дәрежесі, атағы, қызметі: _магистр, аға__оқытушы____________

Кафедра «___Қаржы________», аудитория _519___, __________________________________

телефон: ___67-36-43________________________,

Е-mail: ____________________________.


3. Пәнді оқу негізі, мақсаттары және міндеттері

Курстың мақсаты студенттерді ғылыми-кәсіптік қызметіне дайындау және ғылыми зерттеулер жұмыстарын жүргізу болып табылады.

«Мамандыққа кіріспе және ғылыми жұмыстардың орындау техникасы» кірсының негізгі міндеттері болып:

‑ ғылыми танымның методологиялық негізін қарастыру;

‑ бағыттың таңдау әдістерін және ғылыми зерттеуді зерделеу


  • ғылыми зерттеуді жүргізу мен таңдау әдістерін оқу;

  • ұйымдастыру дайындығын және тәртібін қарастыру, және ғылыми жұмыстарының нәтижесін ұсыну.

Пәнді меңгере отырып, студент білуі қажет:

  • білім және кәсіби траекториясын қалыптастыру;

  • әр түрлі ақпарат көздерімен жұмыс жасау;

  • ғылыми зерттеу тақырыбын дұрыс тұжырымдау;

  • жұмыс жоспарын, жұмысқа тезистер, аннотациялар, қолданылған әдебиеттер тізімін құрастыру;

  • ғылыми жұмысының мәтінін дұрыс рәсімдеу және оның компьютерлік беттеуін орындау;

  • баяндамамен шығу және өз зерттеу тақырыбы бойынша пікір- талас жүргізу.

Осы пәнді меңгеру нәтижесінде студенттердің:

- таңдаған мамандықтарының ерекшеліктері және де стандарт талаптарына сәйкес ғылыми баяндамалардың және жұмыстардың рәсімдеу техникасы туралы түсінігі болу керек.

Пәнді зерделеу нәтижесінде студенттер меңгеруі қажет:


  • оқытудың материалдық кредиттік технологиялық меңгеру ерекшеліктерін;

  • білім саласындағы нормативтік-құқықтық базаны білу;

  • зерттеу жұмыстарының түрлерін;

  • ғылыми-зерттеу жұмысының құрлымын;

  • ғылыми зерттеу жұмыстарының жанрын.

Студентің өздік жұмысының практикалық машықтарды иемденуі қажет.
4. 3. Білімге, икемділікке, машықтарға және құзіреттерге талап:

Студенттің:

- таңдаған мамандықтарыңыздың мамандарына қойылатын біліктілік талаптары жөнінде түсінігі болуы керек;

- ішкі тәртіп ережелері; басылымдардың библиографиялық тізімдерінің жазылу ережелері мен қолданылған әдебиеттер тізімін дұрыс жазу;

- оқу құжаттарын дұрыс жазу ережелеі білу керек;

- - жеке мақсаттарды қарастыра алу керек;

- мәлімет-іздестіру аппараттарымен жұмыс жасай алу;

- оқу құжаттары мен әдебиеттер тізімін стандарттар талаптарына сәйкес орындауын жасау керек.



Сабақтарға қатысып және СӨЖ тапсырмаларды орындау барысында студенттер үйренеді және тәжірибелік дағды-машықтарды иемдену қажет:

  • жеке мақсаттарды қарастыра алу керек;

  • мәлімет-іздестіру аппараттарымен жұмыс жасай алу;

  • оқу құжаттары мен әдебиеттер тізімін стандарттар талаптарына сәйкес орындау.


5 Пәнді оқытудың тақырыптық жоспары
Сабақ түрлері бойынша академиялық сағаттарды бөлу


р/р

Тақырыптар атауы

Сабақ түрлері бойынша аудиторлық сағаттар саны

СӨЖ

Дәріс

тәжірибе

Барлығы

оның ішінде

СӨЖМ

1

Жоғарғы білім жүйесі және жоғары мектебінің нормативтік базасы

3

2

6

2

2

Жоғарғы оқу орнындағы оқу үрдісінің ұйымдастырылуы

3

2

6

2

3

Қаржы бакалаврдың біліктілік сипаттамасы

2

2

6

2

4

Кәсіпті реттеу: болашағы, қазіргі жағдайы

3

1

6

2

5

Ғылыми жазбаша жұмыстардың түрлері

2

1

6

2

6

Ғылыми зерттеудің ұғымдық аппараты және құралдары

3

1

6

2

7

Ғылыми жазба жұмысты орындаудың бастапқы кезеңі: ақпаратты іздеу, әдебиетке шолу

3

1

6

2

8

Ғылыми ақпараттық жүйелеудің ұстанымдары

3

1

6

2

9

Реферат дайындаудың және жазудың әдістері

2

1

7

2

10

Ғылыми баяндаманы, эссені дайындау әдістері

2

1

7

1,5

11

Ғылыми мақалаларды дайындау және жазу әдістері

2

1

7

1,5

12

Зерттеу жұмысының нәтижесін ұсынудағы қорытынды нысаны: презентациялар, пікір-талас (дискуссия)

2

1

7

1,5

БАРЛЫҒЫ

30

15

90

22,5

6. Дәріс сабақтарының мазмұны

1 Тақырып. 1 Жоғарғы білім жүйесі және жоғары мектебінің нормативтік базасы і - 3 сағат.

Мазмұны:

1.ҚР ның білім жүйесінің тұжырымдамасы.

2.Елдің ғылыми мекемелері.

3.ҚР-ның «Білім туралы» заңы.



Оқу технологиялары.

1.ҚР білім беру концепциясы.

Білім беру дүниежүзінің барлық өркениетті елдерінің дамуының басымды бағыты мен негізгі индикаторы болып табылады.

Жоғары білім алу, әсіресе, заманауи әлемнің еңбек нарығындағы қатаң бәсекелестігі жағдайларында маңызды орында болған, болуда және болады да. Қазақстандағы білім деңгейінің белгісі ретіндегі жоғары білім үш деңгейлі жүйедегі кәсіби білімнің жоғары деңгейі болып (жалпы орта және кәсіби жоғарыдан кейін), кәсіби бейіні бойынша теориялық және тәжірибелік міндеттерді шешуге мүмкіндік беретін тәжірибелік дағдылар мен жүйеленген білім жиынтығынан құралады.

Білім берудің дамуының концепциясы білім беру саласындағы жалпы стратегияны, негізгі бағыттарды, басымдылықтарды, мемлекеттік саясат міндеттері мен оларды мемлекеттік тәуелсіздіктің құрылуы мен нығаюының, еліміздің ілгері дамуының негіз қалаушы құрамы ретінде іске асыру механизмдерін анықтайтын құжат болып табылады.

Концепция білім беруді жалпыұлттық басымдылық ретінде белгілейді, мемлекеттің Қазақстан Республикасының білім беру саясатын дамытуы үшін ұзақ мерзімге негіз қалап, заңнамаларға, қаржыландыру жүйесіне, білім беру мазмұнына, білім беру жүйесінің құрылымына, білім беруді басқару жүйесіне, кадрлық және әлеуметтік саясатқа өзгерістер мен толықтырулар енгізу үшін негіз болып табылады.

Мақсаты: білім беруді дамытуда әлемдік білім кеңістігіне сараланған және тұлға мен қоғам қажеттіліктерін қанағаттандыратын көп деңгейлі үздіксіз білім берудің ұлттық моделін қалыптастыру үшін стратегиялық басымдылықтарды анықтау.

Қазақстанда жоғары білімді жалпы орта білім (11 сынып), бастапқы кәсіби, орта (орта білімнен кейінгі) және жоғары кәсіби білім негізінде іштей, сырттай, кешкі, қашықтықтан оқыту және экстернат формаларында ақылы не ақысыз, т.с.с. алуға болады.

Жоғары білім беру мекемелерінде оқуға болатын формалар түрлерін айыра білейік.

Жалпы орта білім және бастапқы кәсіби білім негізінде жоғары білімді әдеттегідей алады, яғни бакалавриат үшін – 4 жыл және мамандар үшін – 4-5-6 жыл.

Жоғары білімді орта кәсіби білім негізінде жақын мамандығы (мысалы, колледж бен ЖОО заңгер маманы) бойынша алса, жоғары білім негізінде (бір жоғары мамандығы болса, екіншісіне түсуге болады) оқудың қысқартылған мерзімдері бойынша алуға болады (колледж негізінде, әдетте, 3 жыл, ал жоғары білім негізінде - жыл). Бұл орта кәсіби білімнен кейін жақын емес мамандыққа (медициналық колледжде оқыдым, қазір экономикалық мамандық бойынша түсудемін) түсуге және екінші жоғары білімді қысқартылған мерзімде алу қарастырылмаған мамандықтарға қатысты емес (бірінші техникалық білімнен кейін медициналық ЖОО түсемін).

Оқытудың ішкі формасы – кемінде бірінші жоғары білім алуда ең кеңінен тараған және дәстүрлі болып табылады. «Іштей» деген терминнен көрінетіндей, студент оқытушылар мен деканаттың «көз алдында» 4 / 5 жыл бойы болады, яғни оқу процесі – студент үшін оқу барысындағы әрекетінің негізгісі болып табылады. Оқу процесі пәндер мен сағаттардың жыл бойы семестрлер мен триместрлерге бөліну арқылы ұйымдастырылған, сабақтар аптасына кемінде 5 күн күніне бірнеше сағаттан міндетті дәрістер, семинарлар және басқа түрлерде сессия, каникулдармен, т.б. өткізіледі.

Оқытудың сыртқы формасы, әдетте, студенттің жылына 2 рет ұзақтылығы шамамен бір ай болатын интенсивті сабақтарға келіп, оның соңында емтихандарды тапсыруын қарастырады. Мұнда 2008 жылдан Қазақстанда кейбір мамандықтар бойынша жалпы орта білім негізінде (11 сыныптан кейін) сырттай оқу формасында алу мүмкін емес, сырттай формада тек орта кәсіби және жоғары білім негізінде алуға болады (3 не 2 жыл).

Іштей-сыртқы деп те аталатын оқытудың кешкі формасы оқу процесінің кешкі уақытқа көшірілуінде, яғни студент күндіз жұмыс істеп (әдетте), 18 сағаттан кейін университеттегі сабақтарына қатыса алады. Оқытудың кешкі формасына білімнің кез келген дәрежесінен кейін түсуге болады, алайда мұнда да жақын мамандықтар бойынша не жоғары білім негізінде қысқартылған оқу формасы қарастырылған,сондай-ақ осы форма бойынша кейбір мамандықтарға оқуға тыйым салынған.

Қашықтықтан оқыту – білім алушыларға оқытылатын материалдың негізгі көлемін алуды, оқу процесінде білім алушылар мен оқытушы арасындағы өзара қарым-қатынасты, білім алушыларға оқу материалын меңгеру бойынша өздігінен жұмыс жасауды қамтамасыз ететін технологиялар жиынтығы. Әдетте, қашықтықтан оқыту Интернет-технологиялар арқылы іске асырылады: Желіде дәріс кешендері, оқытушымен тексерілетін өздік жұмыс тапсырмалары орналастырылып, онлайн-конференциялар мен дәрістер өткізіледі, материалды меңгеруін тексеру де онлайн-тестілеу түрінде іске асырылады. Студенттер мемлекеттік емтихандар мен дипломдық жұмыстарды (егер де ол қарастырылған болса) әдеттегідей тапсырады, яғни ЖОО өзінде.

Экстернат оқыту формасы ретінде жоғары білімнің аралық және мемлекеттік (қорытынды) аттестацияларымен жалпы білім беру бағдарламаларын өздігінен үйренуді ұсынады.

Экстернат мәні мектепке, университетке күн сайын бармай, екі жоғары оқу орнындағы жұмыс пен оқуды ұштастыра отырып, орта не жоғары білім алуда. Екі жылдық (не одан көп) бағдарлама бір жыл ішінде аралық және мемлекеттік (қорытынды) аттестацияны тапсырумен өтіле алады.

Жоғары білім туралы құжаттардың қазіргі стандарттарында оқыту формасына берілген сілтемелер жоқ, яғни дипломда тек ЖОО, мамандығы, диплом иесінің деректері ғана көрсетіледі.

Қазақстан азаматтарының бірінші жоғары білімді тегін конкурс негізінде алу мүмкіндігі бар, яғни мемлекеттік тапсырыс арқылы.

2.Еліміздің ғылыми мекемелері

Бүгінгі күні 2012 жылдың аяғына Қазақстанда 146 ЖОО тіркелген. Оларды меншіктілік формалары мен ЖОО милитаризациясы контексінде қарауға болады.

ЖОО меншіктілік формаларына байланысты келесідей болады:

мемлекеттік – акцияларының бақылаушы пакеті (не ЖОО акцияларының 100%), не меншіктілік құқығы, не акцияларының белгіленген пакеті (акционерленген) мемлекетке жататын;

жеке меншік – акцияларының 100% жеке тұлғаларға жатады.

Мемлекеттік ЖОО құрылымында ерекше дәрежеге ие ЖОО да ерекшеленеді – ұлттық ЖОО. 2010 жылы астанамызда ашылған Назарбаев университетін атап өту қажет, ол үшін сол жылы дайындау бөлімінде білім алушыларды оқыту үшін 500 орын көлемінде мемлекеттік тапсырыс бекітілді, осы принцип бойынша оқу процесін де жүргізу жоспарлануда.

Меншіктілік формаларынан басқа ЖОО азаматтық және азаматтық емес деп жіктеуге болады (бұл ақпарат сондай-ақ Порталда да бар). Азаматтық және азаматтық емес ЖОО қабылдау бір-бірінен айрықшаланатынын қосқым келеді, себебі түлектердің соңғыларында жұмыс істеулері үшін дайындалатын органдардың ведомстволық ЖОО болып табылады.

Қазақстанның ЖОО оқыту 520 мамандық бойынша қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде оқытылады.

Біздің ЖОО жетістіктері жөнінде айтсақ, мысалы, келесіні атап өтуіміз керек.

ҚарМТУ базасында Орталық Қазақстан мен Ресейдің 27 кәсіпорындарымен бірлесе корпоративті университет құрылған.

15 ЖОО-нда (Қ.Сәтпаев ат.ҚазҒТУ, әл-Фараби ат.ҚазҒУ, Д.Серікбаев ат.ШҚМТУ, ҚарМТУ, Букетов ат.ҚарМУ, Л.Н.Гумилев ат.ЕҒУ, т.с.с.) инженерлік бейінді зертханалар қызмет етеді. 3 ЖОО-нда ұжымдық қолдануға арналған ұлттық ғылыми зертханалар құрылған: әл-Фараби ат.ҚазҒУ, С.Аманжолов ат.ШҚМУ, Қ.Сәтпаев ат.ҚазҒТУ.

9 ЖОО-нда технопарктер құрылған, 2-нде құрылуда.

Қолданбалы ғылыми зерттеулер бойынша 325 жоба орындалуда, оның 78-і ЖОО орындалуда – 24 (%).

Ашылғандары:


  • ҚазҢАУ түұсындағы Қазақстандық-япондық инновациялық орталық;

  • Қ.Сәтпаев атындағы Қаз ҒТУ тұсындағы Қазақстандық-француздық ғылыми орталығы;

  • ҚарМТУ тұсындағы балқытып пісіру институты.

Көптеген ЖОО жұмыс берушілермен қызметтестікті келісімшарт негіздерінде іске асырады.

ЖОО бірқатары шетел ЖОО не ЖОО ішінде серіктестікте екі дипломдық білім беру бағдарламасын іске асырады.

3. «Білім беру туралы» ҚР Заңы.

Қазақстан Республикасының білім беру жүйесі келесілердің өзара әрекет ету жиынтығын береді:

1)меншіктілік формасы, типі мен түрлеріне қарамастан, білім беру ұйымдарын;

2)білім берудің түрлі деңгейлеріне арналған сабақтас білім бағдарламалары мен мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын;

3)білім беруді басқару органдары мен білім беру бағдарламаларының іске асырылуы мен білім беру жүйесінің дамуын қамтамасыз ететін ведомствоасты ұйымдардың.

Білім беру жүйесінің басты міндеті – ұлттық және жалпы адами құндылықтар, ғылым мен тәжірибе жетістіктері негізінде тұлғаның қалыптасуына, дамуы мен кәсіби тұрақталуына бағытталған білімді алу үшін қажетті жағдайларды жасау.

Білім беру саласынлдағы Қазақстан Республикасының Заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделіп, Қазақстан Республикасының білім туралы Заңы мен өзге де нормативті құқықтық актілерден құралады. Егер Қазақстан Республикасымен бекітілген халықаралық келісіммен осы Заңда көрсетілгеннен басқа өзге ережелер орнатылған болса, онда халықаралық келісім ережелері қолданылапды.

Білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі принциптері ретінде болып төмендегілер болып табылады:



  • Қазақстан Республикасының барлық азаматтарының білім алуға теңдігі;

  • халықтың барлық деңгейіне әр азаматтың жеке дамуын, психофизиологиялық және жеке қабілеттерін есепке алумен білімге қол жетімділігі;

  • білім берудің зайырлы сипаты;

  • тұлғаның білімділігі мен дарындылығын дамытуды ынталандыруы;

  • білім сатыларының сабақтастығын, оқыту мен тәрбиелеудің бірлігін қамтамасыз ететін білім беру процесінің үздіксіздігі;

  • білім беру ұйымының меншіктілік формалары, оқыту мен тәрбиелеу формалары, білім беру бағыттары бойынша түрлілігі;

  • білім беруді басқарудың демократиялық сипаты, білім беру ұйымының академиялық еркіндігі мен уәкәілеттіліктерін кеңейту;

  • білім берудің гуманистік және дамытушы сипаты;

  • білім, ғылым мен өндірістің бірігуі;

  • білім алушылардың кәсіби бағыты;

  • білім беру жүйесін ақпараттандыру.

Білім беру ұйымдарында саяси партиялар мен діни ұйымдардың (бірлестіктердің) ұйымдастырушылық құрылымдарының құрылыуы мен әекет етуіне тйым салынады.

Азаматтардың білім алуға құқығы мемлекетпен білім беру жүйесінің даму және Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес білім алу үшін тиісті әлеуметтік-экономикалық жағдайлар жасау арқылы қамтамасыз етіледі.

Мемлекет Қазақстан Республикасының азаматтарына жалпы орта және бастапқы кәсіби білімді тегін және келесілерді конкурстық негізде алуға кепілдік береді:

1)жалпы орта білім беру ұйымдарында тиісті сатының білім беру бағдарламаларының мазмұнын білім алушылармен меңгерілуін тексеру мақсатында;

2)жоғары кәсіби білім беру ұйымдарында білімалушылардың екніші курсты аяқтағандарынан кейін (медициналықтарды – үшінші курсты аяқтағаннан кейін) жоғары кәсіби білімнің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының әлеуметтік-гуманитарлық, жаратылыстану-ғылыми және жалпы бейінді циклдарына кіретін жеке пәндерін меңгерулерін тексері мақсатында.

Аралық мемлекеттік бақылаудан өтпеген білім алушылар Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы орталық атқарушы органымен белгіленген тәртіпте аралық мемлекеттік бақылаудан қайта өтуге құқылы.

Қайта аралық мемлекеттік бақылаудан өтпеген мемлекеттік білім гранттары мен несиелерінің иегерлері-студенттер мемлекеттік білім гранты не несие бойынша оқу құқығынан айырылып, тек ақылы түрде ғана курста қайта оқи алады.

Ақылы бөлімдердің қайта аралық мемлекеттік бақылаудан өтпеген студенттері ақылы негізде қайта оқу курсына қала алады.

Қайта аралық мемлекеттік бақылаудан өтпегендер саны Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы орталық атқарушы органымен белгіленген шектіктерден асатын болса, сол білім беру ұйымы кезектен тыс мемлекеттік аттестацияға жатады.

Аралық мемлекеттік бақылауды жүргізу ережелері Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы орталық атқарушы органмен белгіленеді.

6.Ұлттық бірыңғай тестілеу ағымдағы жылы орта кәсіби білім не жоғары кәсіби білім беретін Қазақстан Республикасының білім ұйымдарына оқуға түсуді қалайтын жалпы орта білім берудің жоғары буын оқушылары үшін жыл сайын іске асырылады.

Ағымдағы жылдың жалпы білім беру пәндері бойынша халықаралық олимпиадалар қатысушылары ұлттық бірыңғай тестілеуді тапсырудан босатылады.

Білім беру мекемелерінің мемлекеттік аттестациясы олардың ведомстволық бағынушылығы мен меншіктілік формасына қарамастан, білім беруді басқарудың мемлекеттік органдарымен олардың құрылықтарына сәйкес жоспарлы тәртіпте бес жылда бір рет жүргізіледі.

Білім беру ұйымдары филиалдарының мемлекеттік аттестациясы білім беру ұйымдары үшін қарастырылған тәртіптегі білім ұйымдары құрамында өткізіледі.

Алғашқы мемлекеттік аттестация жаңадан құрылғандарда өткізіледі:

1)бастауыш жалпы, негізгі жалпы, орта жалпы білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында төрт жыл сайын;

2)бастапқы кәсіби білім бағдарламаларын, орта кәсіби, жоғары кәсіби және жоғары оқу орынан кейінгі кәсіби білім бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында тиісті деңгей мамандарын шығарғаннан кейінгі алғашқы жылдан кеш болмайтын мерзімде;

3)мектепке дейінгі және мектептен тыс ұйымдарда үш жылдан соң.

Білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестациялау туралы еределер Қазақстан Республикасының Үкіметімен бекітіледі.

Жоғары оқу орындарының аккредитациясы олардың өтініштері бойынша мемлекеттік аттестация негізінде іске асырылады.

Студенттердің оқу жетістіктерін бақылау жүйесі ішкі және сыртқы (мемлекеттік) бақылауды жүргізуді қарастырады. Ішкі бақылау – білім алушылардың оқу жетістіктерін нақты пән бойынша түрлі бақылау тапсырмалары негізінде тексеру (бақылау жұмыстары, тест, тәжірибелік жұмыстар, портфолио, ауызша сауалнамалар, т.с.с.); ол ағымды бақылау мен оқушыларды аралық аттестациялауға бөлінеді. Сыртқы бақылау аралық мемлекеттік бақылаудан (АМБ), қорытынды мемлекеттік аттестациядан, ЖОО әрекетін тексерудің кез келген түрінде студенттер білімін бақылаудан тұрады.
Үлгерімді ағымды бақылау – білім алушылардың оқу жетістіктерін оқытушымен СОӨЖ мен консультацияларының кестесі бойынша сабақтар барысында оқытылатын әр тақырып және/не оқу пәнінің тарауы бойынша жүйелі тексеру. Мұнда сабақтардағы дайындық қана емес, сол сияқты белсенділік те есепке алынады. Ағымды бақылау нәтижелері студенттер назарына апта сайын жеткізіліп отырады.

Оқытудың сыртқы формасының студенттері үшін пәндер бойынша білімдерін ағымды бақылау СОӨЖ кестесі бойынша сессия аралығында өткізіледі.

Білім алушыларды аралық бақылау – білім алушылардың оқу пәнін оқуды аяқтағаннан кейін бөлімі не жалпы көлемінің мазмұнын сапалы меңгеруін бағалау мақсатында жүргізілетін процедура; аралық аттестацияны жүргізу формалары ретінде білім алушылар білімін модульдік-рейтингтік тексеру мен қорытынды бақылау болып табылады.

Білімдерін модульдік-рейтингтік (шектік бақылау) бақылау – оқытушының білім алушылар білімдерін бекітілген академиялық күнтізбеге сәйкес (әдетте, семестрде бір рет) пән бөлімі (модулі) бойынша тест не бақылаудың өзге формаларында өткізілетін процедура. Сырттай оқудағы студенттер үшін шектік бақылау емтихандар сессиясы кезінде өздік жұмыс тапсырамаларын орындауды есепке алумен семестрде бір рет өткізіледі.

Қорытынды бақылау сессия не сессияға дейінгі сынақтарда емтихан түрінде (жазбаша, тестілеу, ауызша, үйлестірілген) не курстық жұмыс/жоба түрінде өткізіледі. Қорытынды бақылау сондай-ақ тәжірибелердің барлық түрлері бойынша олардың аяқталғанынан кейін өткізіледі. Емтихандар сессиясы академиялық күнтізбелікпен бекітілген мерзімдерде өткізіледі. Жеке жағдайларда (ауыруына, отбасылық жағдайларына, өзге де объективті себептерге байланысты) факультет деканы студентке одан өтудің жеке мерхімдерін белгілей алады.

Барлық білім беру технологиясының тиімділігін, объективтілігі мен сапасын арттыру мақсатында білім алушыларды оқыту мен аралық аттестациялау процестері бөлінеді. Емтихандар факультет деканының ұсынуы бойынша ғылыми жұмыстар жөніндегі проректормен тағайындалатын оқытушы не комиссиямен қабылданады. Курстық жұмыстар мен тәжірибе бойынша есептер – кафедра меңгерушісімен тағайындалған комиссиямен.

Студенттердің оқу жетістіктерін ішкі бақылауды ұйымдастыру оқу процесін ұйымдастыру және басқару жөніндегі департаментінің (ОПҰБД) оқу процесін тіркеу және ұйымдастыру бөлімімен (ОПТҰБ) іске асырылады.

АМБ ҚР Білім және Ғылым Министрлігімен екінші курс аяқталғаннан кейін бес пән бойынша кешенді тестілеу әдісімен өткізіледі. Пәндер тізімдемесі, өткізу мерзімі мен өту балдарының деңгейі Министрлікпен белгіленеді.

Мемлекеттік қорытынды аттестация – мемлекеттік аттестациялау комиссиясымен (МАК) білім алушылардың ББМС қарастырылған оқу пәндері көлемін меңгеру дәрежесін анықтау мақсатында өткізілетін процедура. Мемлекеттік қорытынды аттестацияға мамандықтың оқу жұмыс жоспарының барлық талаптарын орындаған және оқудың барлық аралығында белгіленген несие мөлшерін алған студенттер жіберіледі. Мемлекеттік қорытынды аттестациялау формасы (пәндер бойынша мемлекеттік емтихандар, кешенді мемлекеттік емтихан және / не доплом жобасын (жұмысын) қорғау) ББМС мамандарымен орнатылады.

Мемлекеттік қорытынды аттестациядан өткен студенттерге бакалаврдың акдемиялық дәрежесі тағайындалып, білім алу туралы диплом беріледі.

Білім беру мекемелері келесідей бола алады:

1) мемлекеттік (білім беру мекемелері және білім беру кәсіпорындары);

2) жеке меншік.

Білім беру мекемелері мыналарға бөлінеді:

1)мектепке дейінгі, мектептен тыс, арнайы және жетім балалар мен ата-анасының қарауынсыз қалған балаларға арналған ұйымдар;

2)жалпы орта, кәсіби бастауыш, кәсіби орта, кәсіби жоғары, жоғарғы оқу орнынан кейінгі кәсіби және қосымша кәсіби білім беру бағдарламаларын жүзеге асыратын білім орындары.

Азаматты білім мекемесіне қабылдау кезінде соңғысы азаматты және (немесе) оның ата-аналарын немесе басқа да заңды өкілдерді қабылдау ережелері мен білім беру-тәрбие процесінің ұйымдастырылуын регламенттейтін білім беру ұйымының жарғысымен, білім беру қызметін жүргізуге құқық беретін лицензиямен және басқа да құжаттармен таныстыруы қажет.

Берілген территорияда өмір сүретін және сәйкес сатыда білім алуға құқықтары бар азаматтардың барлығын қабылдауды қамтамасыз ететін жалпы бастауыш, жалпы негізгі және жалпы орта білім берудің сатысына білім беру мекемесіне, сонымен қатар, бастауыш кәсіби білім беретін білім беру мекемелеріне қабылдау реті құрылтайшымен орнатылады.

Орта кәсіби, жоғары кәсіби білім алу үшін азаматтарды білім беру мекемелеріне қабылдау азаматтардың арыздары бойынша конкурс негізінде жүзеге асырылады. Конкурстың шарттары азаматтардың білім алуға деген құқықтарының сақталуына және анағұрлым талпынысы бар және де сәйкес деңгейдің білім беру бағдарламасын меңгеруге дайын азаматтарды қабылдауды қамтамасыз етілуіне кепілдік беруі керек.

Білім беру жүйесіндегі мемлекеттік бақылау азаматтардың білім алуға деген құқықтарының мемлекетпен қамтамасыз етілуіне және негізгі және қосымша білім беру бағдарламаларын жүзеге асыратын заңдық тұлғалардың олар жүзеге асыратын білім беру қызметінің алған лицензияларында көрсетілген білім беру, жалпыға міндетті мемлекеттік білім беру стандарттары мен талаптары облысындағы Қазақстан Республикасының заңнамасының талаптарына сәйкестігін ұстануына бағытталған және мемлекеттік білім басқару органдарымен олардың құзыреті шегінде жүзеге асырылады. Білім беру жүйесіндегі мемлекеттік бақылау объектілері мыналар болып табылады:



  1. негізгі және қосымша білім беру бағдарламаларын жүзеге асыратын заңдық тұлғалардың білім беру қызметі;

  2. оқушылардың сәйкес білім беру бағдарламаларын игеру деңгейі.

Мемлекеттік бақылаудың негізгі түрлері келесілер болып табылады:

  1. аралық мемлекеттік бақылау;

  2. оқушылардың қорытынды мемлекеттік аттестаттаудан өткізу;

  3. білім беру мекемелерін мемлекеттік аттестаттаудан өткізу;

  4. білім беру мекемелерінің аккредитациясы;

  5. лицензиялық ережелердің сақталуын бақылау;

  6. мекемелердің Қазақстан Республикасының білім беру туралы заңнамасының сақталуын бақылау.

Мақаланың 3 пунктінде көрсетілген мемлекеттік бақылау түрлері келесі формаларда жүзеге асырылады:

  1. ауызша;

  2. жазбаша;

  3. бірыңғай ұлттық тестілеу;

  4. комплекстік тестілеу;

  5. тестілеу;

  6. тексерулер.

Мемлекеттік бақылау өткізу кезінде аталған формалар біріктірілуі мүмкін.

Аралық мемлкеттік бақылау тегін орта кәсіби білім, жоғары кәсіби білім және жоғарғы оқу орнынан кейінгі кәсіби білім берудің мемлекеттік білім беру тапсырысына сәйкес білім беру мекемелерінде мемлекеттік жалпыға бірдей білім беру стандарттары шегінде жүзеге асырылады (егер азамат осы деңгейлердің білімін бірінші рет алып отырса). Оқушылар үшін білім алудың тегін болуы мемлекеттік білім беру мекемелерін бюджеттік қаржыландыру арқылы, білім беру мекемелерінің білім беру қызметтерін бюджеттің сатып алуы арқылы немесе мемлекеттік білім гранттарын беру арқылы жүзеге асырылады.

Кәсіби білім алу үшін, сонымен қатар, конкурс негізінде мемлекеттік білім кредиттерін және мемлекеттік студенттік кредитті қамтитын мемлекеттік білім кредиті жүйесі құрылады. Конкурстың шарттары анағұрлым талпынысы бар және сәйкес деңгейлердің білім беру бағдарламаларын меңгеруге дайындықтары бар азаматтардың мемлекеттік білім гранттары мен кредиттерін алуына кепілдік беруі керек. Мемлекет салық салу бойынша жеңілдіктер беру арқылы мемлекеттік емес білімдік кредиттеуді дамытуға ықпал етеді.

Мемлекет білім алу барысында әлеуметтік көмекке мұқтаж азаматтарды асырауға толық немесе бөліктей шығын шығарады. Әлеуметтік көмек көрсетілетін азаматтар категориясына келесілер жатады:



  • жетім балалар, ата-анасының қарауынсыз қалған балалар;

  • даму мүмкіндіктері шектеулі балалар, мүгедектер және бала кезінен мүгедектер, мүгедек балалар;

  • көп балалы отбасыларынан шыққан балалар;

  • заңнамамен анықталатын басқа категориялы азаматтар.

Әлеуметтік көмек көрсету өлшемі мен көздері Қазақстан Республикасының Үкіметімен анықталады.

Денсаулық жағдайына байланысты ұзақ уақыт бойы жалпы білім беру мектебіне бара алмайтын азаматтар үшін үйде немесе емдеу мекемелерінде индивидуалды тегін оқыту ұымдастырылады. Дамуда мүмкіндіктері шектеулі азаматтардың білім алуы, даму бұзылуын және әлеуметтік бейімделуді түзету үшін мемлекет жағдай туғызады.

Мемлекет тұрғындары аз аймақтарда өмір сүретін балалардың орта білім алу құқығын қамтамасыз ету үшін шағын жабдықталған және интернатттқ мекемелердің қызметіне кепілдік береді. Мемлекет аса дарынды азаматтардың, соның ішінде, шет елде, элитарлық білім алуына қажет жағдайды туғызады.

Білім беру мекемелеріндегі тіл саясаты Қазақстан Республикасының Конституциясына және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Меншік формасына қарамастан, барлық оқу мекемелері әрбір білім беру деңгейі үшін мемлекеттік жалпыға міндетті стандартқа сәйкес мемлекеттік тіл ретінде қазақ тілін, сонымен қатар, орыс тілі мен бір шет тілін үйретуді және дамытуды қамтамасыз етуі керек. Ұлттық топтар үшін туған тілін оқу үшін жағдай жасалады, ал олардың шоғырланып өмір сүретін жерлерінде олардың тілдерінде оқыту үшін білім мекемелері немесе бөлімшелері (сыныптар, топтар және т.б.) құрыла алады.

Қазақстан Республикасында келесілерге негізделген әрбір білім беру деңгейі бойынша жалпы талаптар жиынтығын анықтайтын мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандарттары орнатылады:



  • білім беру мазмұны;

  • оқушылар мен тәрбиеленушілерді максимал оқу көлемімен жүктеу;

  • оқушыларды даярлау деңгейі.

Сәйкес білім беру деңгейлерінің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттары барлық білім мекемелері үшін меншік формаларына, типтеріне және түрлеріне қарамастан, міндетті болып табылады.
Әдебиеттер тiзiмi
Негізгі:

  1. «Кредиттік технология бойынша оқыту оқу үрдісін ұйымдастыру ережелерін бекіту туралы» ҚР БҒМ Министрінің 2009 ж. 22 қарашадағы № 556 бұйрығы.

  2. «Республикадағы Жоғары оқу орындарындағы кредиттік технология бойынша оқыту оқу үрдісін ұйымдастыру» ҚР БҒМ Министрінің 2009 ж. 14 наурыздағы № И-01 нұсқаулық хаты.

  3. Қазақстанда кредиттік оқыту жүйесінің / С.Б.Абдыгаппаров, Г.К.Ахметова, С.Р.Ибатуллин, А.А.Кусаинов, Б.А.Мырзалиев, С.М.Омирбаев; Жалпы ред. Ж.А. Кулекеев, Г.Н.Гамарник, Б.С.Абдрасилов. Алматы: Қазақ Университеті, 2010. – 198 б.

  4. 2010 жылғы 27 шілдедегі ҚР Білім туралы Заңы.


Қосымша:

  1. Мамандық бойынша қазақша-орысша терминдік сөздіктер жиынтығы. Павлодар, 2008.

  2. КазНУ хабаршысы. Экономикалық журнал. – Алматы, 2010



2 Тақырып Жоғарғы оқу орнындағы оқу үрдісінің ұйымдастырылуы -3 сағат.

Мазмұны:

1.Кредиттік білім беру техникасын енгізу.

2.Кредиттік жүйе бойынша оқытудың негізгі ережелері.

3.Оқу құжаттарын рәсімдеу талаптары.



Студенттің СРА-сы, курстан курсқа көшіру, қайта оқу курсы

2010 жылдың наурыз айында Қазақстан ресми түрде Болон декларациясына қосылды және Еуропалық жоғары білім зонасының толық құқылы 47-мүшесіне айналды. Қазақстандық 60 университет Ұлы Университеттер Хартиясына қол қойды. Сөйтіп, Болон декларациясының принциптеріне негізделген мамандарды даярлаудың үш деңгейлі моделіне көшу жүзеге асырылды: бакалавр-магистр-доктор Ph.D (Ұлы Уиверситеттер Хартиясы ретінде де белгілі, 1999 ж. 19 маусым).

Болон декларациясы жеті басты ережеден тұрады:


  1. Сәйкес дәрежелер жүйесін қабылдау, сонымен қатар, еуропалық азаматтарды жұмысқа орналастыру мүмкіндігін және еуропалық жоғары білім беру жүйесінің халықаралық бәсекелестікке қабілеттілігін арттыру үшін дипломға қосымшаны енгізу арқылы.

  2. Екі циклды оқытуды енгізу: алдын ала оқыту (pregraduate)және шығарылымдық (graduate) оқыту. Бірінші цикл үш жылға созылады. Екінші цикл магистр немесе доктор дәрежесін алуға апаруы қажет.

  3. Ірі масштабты студенттік мобильділікті қолдау үшін еңбек ауқымы сынақ бірліктерін қайта сынақтан өткізудің еуропалық жүйесін енгізу (кредиттер жүйесі немесе кредиттік оқыту технологиясы). Ол, сонымен қатар, студенттің оқытылатын дисциплиналарды таңдау құқығын қамтамасыз етеді. Негіз ретінде «өмір бойы оқу» концепциясы шегінде жұмыс жасауға қабілетті жинақтаушы жүйе ете отырып, ECTS (European Credit Transfer System) қабылдау ұсынылады.

  4. Оқушылардың мобильділігін дамыту маңызды (алдыңғы екі пунктіні орындау негізінде). Еуропалық аумақта жұмсалған уақытты есепке алу жолымен сабақ беру және басқа ұжым мобильділігін кеңейту. Трансұлттық білім беру стандарттарын орнату.

  5. Сәйкес критерийлер мен әдістемелерді құрастыру мақсатында еуропалық серіктестікке сапаны жақсартуда көмек көрсету.

  6. Білім сапасын бақылаудың жоғары оқу орны ішілік жүйені енгізу және жоғары оқу орындарының қызметін сырттай бағалауға студенттер мен жұмыс берушілерді тарту.

  7. Жоғары білім беруде, әсіресе, оқу жоспарларын дамыту облысында, институтаралық серіктестік, мобильділік сұлбалары және біріктірілген оқыту бағдарламалары облысында, тәжірибелік дайындық және ғылыми зерттеулер өткізу облысында қажет еуропалық көзқарастарға қосылу.

Болон декларациясы шегінде Еуропа елдерінің білім жүйелерін бірыңғай еуропалық жоғары білім кеңістігін құру мақсатында жақындастыру мен үйлестіру процесі Болон процесі атауына ие болды, онда қазіргі уақытта Қазақстан да белсенді қатысуда.

Қазіргі уақытта әлемнің 650 университеті қол қойған Ұлы университеттер Хартиясына қазақстандық университеттердің қосылуы отандық білім беруді еуропалық стандарттарға жақындатуға мүмкіндік береді.

ЖОО оқу процесіне прогрессивті технологиялар және оқыту жүйелері енгізілді: 135 ЖОО-да кредиттік оқыту технологиясы енгізілді, 38-де екі дипломдық білім беру жүзеге асырылуда, 42-де – дистанциялық оқыту.

16 ЖОО-да алдыңғы шет елдік ЖОО-мен бірлесе отырып PhD докторларын даярлау жүргізіліп жатыр.

Соған қоса, мамандықтар бойынша Қазақстан, соның ішінде, медициналық, ветеринарлық, әскери профиль бойынша жоғары білім алудың кеңестік жүйесін (дәстүрлі) сақтап қалды, олар бойынша түлектер бакалавр емес, маман квалификациясын алады.

Кредиттік оқыту технологиясын енгізу

2002 жылдан бастап ұлттық білім беру бағдарламаларын халықаралық мойындату, студенттер мен оқытушылардың академиялық мобильділігін арттыру, сонымен қатар, білім сапасын арттыру және жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім алудың барлық деңгейлері мен сатыларының сабақтастығын қамтамасыз ету мақсатында кредиттік оқыту технологиясы енгізілді.

Жалпы алғанда, кредиттік оқыту жүйесіне көшу Қазақстан Республикасының білім беру сферасының деңгейлерін, сатыларын, академиялық дәрежелерін адекватты бағалауға мүмкіндік береді.

Жоғары оқу орындарының оқу процесіне кредиттік оқыту технологиясын енгізудің мақсаты келесілер болып табылады:


  • отандық білім беру жүйесін халықаралық білімдік кеңістікке интеграциялау;

  • білім беру процесі субъектілерінің академиялық мобильділігін қамтамасыз ету.

Кредиттік оқыту жүйесі – оқушылардың белгілі бір шекте индивидуалды түрде білім траекториясының ретін жоспарлауға мүмкіндігі болатын оқу процесін ұйымдастыру әдісі.

Кредиттік оқыту жүйесінің мәні оқыту жұмысының еңбек ауқымын есепке алу оқытылатын материал көлемін сипаттайтын кредиттермен жүргізілетіндігінде.

Кредиттік оқыту жүйесінің негізгі міндеттері мыналар болып табылады:


  • студенттердің білім көлемін сәйкестендіру;

  • оқытуды максималды түрде индивидуалдандыру;

  • өзіндік жұмыс рөлін арттыру.

Кредит (Credit, Credit-hour)– оқушының/оқытушының оқыту жұмысының көлемін өлшеудің сәйкестендірілген бірлігі. Кредиттік оқыту технологиясы бойынша оқу процесін ұйымдастыру кезінде 1 кредиттің аптасына 3 сағат жұмыс жасауға тең екенін ескеру қажет. Соған қоса, 1 академиялық сағат студенттің 2 сағат өзіндік жұмыс жасауымен жүреді (оқу әдістемелерімен жұмыс жасау, үй тапсырмасын орындау, зерттеу жұмысын жүргізу және оқытушымен жұмыс жасау).

Кредиттік оқыту технологиясы мыналарды қарастырады:



  • индивидуалды оқу жоспарын құрастыру кезінде оқушылардың элективті дисциплиналарды таңдауеркіндігі;

  • оқушылардың оқытушыларды таңдау еркіндігі;

  • оқу процесіне академиялық нұсқаушыларды (эдвайзерлерді) кірістіру;

  • білім алу бағдарламаларын меңгеруде оқушылардың өзіндік жұмыс жасауларын белсендендіру;

  • интербелсенді оықут әдістерін пайдалану;

  • оқу процесін қағаз және электрондық сақтағыштарда қажет оқу және әдістемелік материалдармен қамтамасыз ету;

  • оқушылардың білім жетістіктерін үздіксіз бақылау, оқыту процестерін және қорытынды білім тексеру процестерін бөлу;

  • әрбір оқу дисциплинасы бойынша оқушылардың оқудағы жетістіктерін бағалаудың баллдық-рейтингтік жүйесін қолдану.

Кредиттік оқыту технологиясы жинақтаушы болып табылады, бұл барлық білім беру деңгейлері бойынша бұрын жиналған кредиттерді өспелі түрде есепке алу дегенді білдіреді.

Кредиттік оқыту жүйесінің маңызды артықшылықтарына оқу процесін демократиялық басқару формасы, оқушылардың қызығушылықтары мен қажеттіліктерін максималды есепке алу, ЖОО мен оқушылардың үлкен академиялық еркіндігі, жұмыспен қамтушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыру, «оқыту» (teaching) форматынан «оқу» (learning)форматына көшу жатады.

Кредиттік оқыту жүйесінің ерекшелігі педагогикалық шеберлікті үнемі жетілдіріп отыру, оқу процесін ұйымдастырушылардың квалификациясын арттыру, тәжірибемен алмасу қажеттілігі болып табылады.

Студенттерде шет елдердің университеттік білім беруінің барлы деңгейлеріне еркін қол жеткізу мүмкіндігі пайда болады, бакалавриат пен магистратураның түлектерінің кез келген елде жұмысқа орналасу құқығы пайда болады. Содан басқа, түлектерді жұмысқа орналастыру кезінде квалификацияларды кәсіби мойындауға деген жұмыспен қамтушылардың, шет елдік инвесторлардың талаптары қанағаттандырылады.

Кредиттік оқыту жүйесін енгізу жоғары оқу орындарынан оқу-әдістемелік, материалдық-техникалық және ғылыми базаның әрі қарай нығайтылуын, сонымен қатар, кітапханалық қордың кеңейтілуін талап етеді.

Жүйе дәстүрлік (зертханалық құрылғы, құралдар, компьютерлер, бейне, слайдпроекторлар, аудио-аппаратура) және мульмедиялық, виртуалды-тренингтік комплекстерді және т.б. қоса алғандағы оқыту құралдарының бүкіл комплексіне еркін қол жетімділікті береді.

Кредиттік оқыту жүйесі педагогикалық құрамға, сонымен қатар, студентке де жоғары талаптар қояды. Студент пассивті қабылдаушы жақтан оқу процесінің белсенді қатысушысына айналады. Оқытушыдан ерекше тәжірибе мен біліктілік, әр студентпен жеке жұмыс жасай алу қабілеттілігі талап етіледі. Осыған байланысты дәстүрлі оқыту әдістемесі қолданылады және жаңа оқыту әдістемелері құрастырылады. Мысалы, сабақтарда топтық мозаикалар, топтардағы интервью, дискуссиялар, кейсстадиялар, презентациялар, іскерлік ойындар, жаттығуларды орындау (логикалық тапсырмалар), баяндама әзірлеу сияқты әдістер қолданылады.

Республиканың жоғары оқу орындарын Қазақстан Республикасының білім және ғылым Министрлігімен кредиттік оқыту жүйесінің енгізілу процесіне тарту мақсатында жыл сайын кредиттік оқыту технологияларының проблемалары бойынша халықаралық және республикалық семинарлар өткізіледі.

Творчестволық және зерттеу тәжірибесін дамытуға мүмкіндік беретін студенттердің өзіндік жұмыс жасау рөлін арттыру маңызды мәнге ие.

Өзіндік жұмыстың өзіндік білім алу процесінің бөлігі сияқты принциптік әдістемелік мағынасы бар. Білім «табу» мақсаты болашақтағы кәсібилікті үнемі жақсартып отыру кепілі болып табылады. Студенттің өзіндік танымдық қызметі жаңа жайтта бейімделу қабілетін, проблемаларды өз бетінше көру, оны шешу жолдары мен тәсілдерін табу қабілетін анықтайды.

Оқушының өзіндік жұмысы (ОӨЖ) – оқу-әдістемелік әдебиетпен және нұсқаулармен қамтамасыз етілген өз бетінше меңгерілетін тақырыптардың белгілі бір тізімі бойынша жұмыс жасау. ОӨЖ бақылау тестілер, бақылау жұмыстары, коллоквиумдар, рефераттар, шығармалар және есеп берулер арқылы жүзеге асырылады. Кредитті оқыту жүйесі кезінде оқушының өзіндік жұмысы екі құраушыдан тұрады:

оқытушының бақылауында орындалатын оқушының өзіндік жұмысы;

оқушы толығымен өз бетінше орындайтын жұмыс (тапсырма).

Білім сапасы барлық оқыту сатыларында білімді үздіксіз тексеру болып табылатын баллдық-рейтингтік жүйе бойынша бағаланады: ағымдық, аралық, үйде орындалатын. Әрбір бақылау түрі студентке оның қорытынды бақылауды тапсыруға рұқсат беретін рейтингін анықтайтын баллдарды береді. Оқу курсы аяқталған соң емтихан түрінде қорытынды бақылау жүргізіледі. Әртүрлі бақылау деңгейлерінде студенттермен алынған баллдар «А»-дан «Ғ»-ке дейінгі бағалар шкаласы шегінде оқу материалын меңгеру дәрежесіне байланысты бағалануы мүмкін. Үлгірім нәтижелері бойынша оқу курсының орташа көшіру баллы GPA есептеледі, ол әр оқу жылы сайын артып отырады, бұл арнайы дисциплиналар бойынша білім сапасын арттыру мақсатына ықпалын тигізеді.

Білім және ғылым Министрлігі кредиттік жүйе шегінде оқу процесін ұйымдастыру мен жүргізу бойынша негізгі талаптарды сипаттайтын кредиттік оқыту технологиясының нормативтік-құқықтық базасын қалыптастыру бойынша белгілі бір жұмыс жүргізілді.

2005 жылы ҚР БҒМ 2005 жылдың 9 желтоқсанынан №753 жарғысымен бекітілген тәжірибе режимінде жүзеге асырылатын кредиттік оқыту жүйесінің Ережелері құрастырылды.

2007 жылдың 27 шілдесінен ҚР «Білім туралы» Заңын жүзеге асыру мақсатында кредиттік технология бойынша оқу процесін ұйымдастыру Ережелері бекітілді.

Академиялық несие жүргізу оқу жоспарларын жетілдіру, сараланған оқу курстарын, оқу мен ғылыми зерттеулердің бірлескен бағдарламаларын құрау арқылы жоғары білім беру жүйесін ұйымдастырудың жаңа әдістерінің негіздерін белгілеп, қазақстандық білі мен мамандардың әлемдік нарықтағы бәсекелестігін қамтамасыз етеді.

Оқу құжаттарын рәсімдеуге қойылатын талаптар

Курстық жұмыстың барлық беттері нөмірленуі тиіс. Мәтіндегі әр параграф мазмұн-жоспардағы атауымен дәл сәйкестікте болуы тиіс.

Жаңа параграфты біткен алдыңғы беттен, егер де осы бетте атауынан басқа мәтіннің бірнеше жолы сиятын болса, бастауға болады.

Топталған және жүйеленген түрдегі сандық деректер кестелер мен графиктер түріндем беріледі. Соңғыларын рәсімдеу де маңызды болады. Кестелер, әдетте, оларға сілтемелерді жайғастыру бойынша орналастырылады, алайда, кестелерді бір беттен екінші бір бетке тасымалдауға рұқсат берілмейді; бұдан тіпті атауын кестемен басқа бетке бөле отырып орналастыруға мүлдем болмайды. Кестелер олардың реттін нөмірін, мазмұнын көрсететін атауынан, қосымшасында қолданылған көзі көрсетіліп тұруы тиіс.

Сандық материал мөлшері курстық жұмыс мазмұнына сәйкес болуы тиіс. Талқыланып отырған мәселеге тура қатысы жоқ деректерді келтірмеу керек.

Мәтін кестелерінде үлкен сандардың толық жазылуынан алшақ болу керек. Ол үшін өлшем бірліктерін нақтылықтың қажет дірежесіне байданысты үлкейту мақсатты болады.

Жұмыста тек жалпы қабылданған қысқартулар мен шартты белгілерді ғана қолдануға болады.

Жұмыста сандық деректерді, қорытындыларды, өзге авторлардың ойлары мен дәйексөздерін (әңгімелеуде) қолдану міндетті түрде қолданылған жұмыстарға бағытталған сілтемелермен көрсетілуі тиіс. Бұл сілтемелер беттің төменгі жағында түсіндірме ретінде осы түсіндірменің авторын, жұмыс атауын, басылымын, шығу жылын және бет нөмірін берумен көрсетілуі тиіс.

Өзге авторлардың ойылары мен қорытындыларын әңгімелеу сол ойларды бұлжытпай беру қажет. Дәйексөздер нұқият сәйкестендіріліп, тырнақшаларға алынуы тиіс.

Қолданылған әдебиеттер мен өзге де әдебиет көздерінің мәліметтерінің тізімдемесі келесі реттілікте құрастырылады:



  1. Заңнамалық актілер.

  2. Нормативті актілер, нұсқаулық материалдар, ресми анықтамалар, т.с.с.

  3. Алфавит ретіндегі арнайы экономикалық әдебиет.

  4. Журналдар мен газеттердің шығу жылы мен айының көрсетілуімен мерзімдік басылымдар (олардың мақалалары әдебиеттердің алдыңғы тізімдемесінде көрсетілген болмаса).

Курстық жұмысты орындаудың соңғы кезеңі ретінде оның сыртқы рәсімделуі болып табылады.
Әдебиеттер тiзiмi
Негізгі:

1.«Кредиттік технология бойынша оқыту оқу үрдісін ұйымдастыру ережелерін бекіту туралы» ҚР БҒМ Министрінің 2009 ж. 22 қарашадағы № 556 бұйрығы.

2.«Республикадағы Жоғары оқу орындарындағы кредиттік технология бойынша оқыту оқу үрдісін ұйымдастыру» ҚР БҒМ Министрінің 2009 ж. 14 наурыздағы № И-01 нұсқаулық хаты.

3.Қазақстанда кредиттік оқыту жүйесінің / С.Б.Абдыгаппаров, Г.К.Ахметова, С.Р.Ибатуллин, А.А.Кусаинов, Б.А.Мырзалиев, С.М.Омирбаев; Жалпы ред. Ж.А. Кулекеев, Г.Н.Гамарник, Б.С.Абдрасилов. Алматы: Қазақ Университеті, 2010. – 198 б.

4.2010 жылғы 27 шілдедегі ҚР Білім туралы Заңы.
Қосымша:

5.Мамандық бойынша қазақша-орысша терминдік сөздіктер жиынтығы. Павлодар, 2008.

6.КазНУ хабаршысы. Экономикалық журнал. – Алматы, 2010

3 Тақырып Қаржы бакалаврдың біліктілік сипаттамасы -2 сағат

Мазмұны

1.Қаржы бакалаврдің кәсіби қызметінің саласы, обьектісі, пәні және түрлері.

2.Білім деңгейіне талаптары.

3.Қаржы бакалаврдің міндеттері мен мақсаттары.


Білім алушылардыц ауысуы, окудан шығарылуы, қайта қабылдануы және академиялық демалыс

Қаржы бакалаврының біліктілік сипаттамасы

Біліктілік сипаттамасы мыналарды анықтайды:


  • «Қаржы» мамандығы бойынша қаржы бакалавры кәсіби қызметінің облысын, объектілерін, пәнін және функцияларын;

  • 5В050900 «Қаржы» мамандығы бойыншабакалаврдың кәсіби қызметінің міндеттерін, бағыттарын және кілттік құзыреттерінің талаптарын;

  • 5В050900 «Қаржы» мамандығы бойынша түлектердің білім деңгейіне деген талаптар;

  • Жоғары оқу орындарының түлектерін аттестаттау шарттары.

Кәсіби қызмет облысы. Берілген мамандықтың түлектері меншіктік формалары мен қызмет сферасы әртүрлі кәсіпорындардың барлығында, қаржы және сақтандыру органдарында, банк мекемелерінде, құнды қағаздар нарығында басқармалық, кәсіпкерлік, саудалық қыземеттерді жүзеге асырады.

Қаржы бакалаврлары қаржыларды басқарумен және ұйымдастырумен, микро- және макродеңгейлерде ақша-кредиттік және фискалды саясатты жүргізумен айналысады. Берілген профильдегі бакалаврлар компанияның қаржылық жағдайына талдау жасауы, кірістің артуына ықпал етуі, шығындар мен тәуекелдерді азайтуы, сапалы қаржылық қызметтер көрсетуде нарық талаптарын қанағаттандыруы қажет.

Түлектердің кәсіпқойлық қызметінің объектілері республикалық және территориялық деңгейдегі мемлекеттік органдар болып табылады: ҚР қаржы Министрлігі, ҚР экономика және бюджеттік жоспарлау Министрлігі, ҚР Ұлттық банкі, ҚР қаржы нарығын және қаржылық делдалдарды реттеу бойынша агенттігі, Министрліктер мен ведомстволардың экономикалық қызметтері, банктер, биржалар, бюджеттік мекемелер және ұйымдар, инвестициялық қорлар, әртүрлі ұйымдастырушылық-құқықтық формалы басқарушы субъектілер.

5В050900 «Қаржы» мамандығы бойыншабакалаврдың кәсіби қызметінің пәндері келесілер болып табылады:



  • қаржылық категориялардың мазмұндық сипатын зерттеу және оларды әлеуметтік-экономикалық процестерді реттеуде пайдалану;

  • қаржы саясатының стратегияларының бағыттарын анықтау және оны жүзеге асыру механизмдерін құрастыру;

  • қаржылық өзара байланыстарды ұйымдастыру, қаржылық-экономикалық процестерді жоспарлау, бюджеттеу және болжау тәжірибесінің болуы;

  • қаржы нарығының қатысушыларының есептілігін құрастыру;

  • валюталық-кредиттік реттеу және төлеу балансын құрастыру әдістемесін игеру;

  • қаржы мекемелерінің халықаралық тәжірибесін зерттеу.

6.4 Кәсіпқойлық қызмет көрсету түрлері

5В050900 «Қаржы» мамандығының бакалаврлары келесі қызмет көрсету түрлерін орындай алады:



  • ұйымдастырушылық-басқармалық;

  • экономикалық;

  • құқықтық;

  • өнеркәсіптік-технологиялық;

  • есептік-жобалық;

  • эксперименттік-зерттеушілік;

  • білімдік (педагогикалық).

Кәсіпқойлық қызмет функциялары:

  • ұйымдастырушылық-басқармалық қызмет. Мемлекеттік қызметте (қаржы және салық органдарында), қаржы басқармаларында және нақты кәсіпорындар бөлімшелерінде, сақтандыру органдарында, банктерде және да қаржы мекемелерінде білікті жұмыс атқару үшін түлектің барлық тәжірибесі болады, қаржы менеджментінің ғылыми-әдістемелік және ұйымдастырушылық-технологиялық базасын құруға қатысады, басқа мамандармен басқарудың анағұрлым эффективті әдістерін, бизнесті ұйымдастыру ережелері мен әрекеттерін құрастырады және қолданады, қаржы нарықтарының қызметіне белсенді араласады;

  • нарықтық қатынастарға динамизм тән болғандықтан, бұл жерде қаржы қатынастарының орнатылған формаларын, әдістерін, әрекеттерін және тәсілдерін, қаржы профилінің мамандарын даярлауда қажет экономика ғылымдарының ғылыми танылуын игеру, экономикалық қызмет түлектердің осы бағыт бойынша айрықша құқықтары бар;

  • құқықтық қызмет. Түлектің бұл бағыт бойынша құқық облысында қажет білімі болады және белсенді өзгермелі орта жағдайында оны қолдануға қабілетті, заманауи нарық қатынастарында құқықтық база қоғамның әлеуметтік және экономикалық дұрыс дамуына ықпал етеді;

  • өнеркәсіптік-технологиялық қызмет түлектерге осы бағытта айрықша құзырет береді, себебі білім балу процесі олардан қаржы жүйесін ұйымдастырумен байланысты барлық мәселелерді толық зерттеуді талап етеді. Аталған мамандық бойынша түлектердің тікелей шендік міндеттері мемлекеттік қаржыны, ақшамен жұмысты, қаржылық-банктік технологияларды басқарудың эффективті жүйесін құруға ат салысуы болып табылады. Тәжірибеде қаржыны, кредитті басқарудың барлық белгілі принциптерін қолдану, құрастырылған ғылыми-әдістемелік және ұйымдастырушылық-технологиялық басқару базасын пайдалану, негізгі басқару функцияларын (жоспарлау, ұйымдастыру, мотивация, бақылау) жүзеге асыру, олардың орындалу эффективтілігін талдау, өндірістік технологиялардың қадағалануын бақылау, басқару объектісінің қаржылық стратегиясын қалыптастыру, ағымдық қаржылық жоспарлау және т.б.;

  • бакалаврлардың берілген мамандық бойынша түлектердің эксперименттік-зерттеу қызметі жоғары оқу орындарының, зертханалардың, өндірістік өнеркәсіптердің зерттеу топтарының, корпорациялардың, ҒЗИ зерттеу бағдарламаларына сәйкес, сонымен қатар, ғылыми-өндірістік, ғылыми-техникалық серіктестіктің аумақтық және халықаралық бағдарламалары шегінде жүзеге асырылады;

  • есептік-жобалық қызмет басқарушы субъектілердің, сақтандыру компанияларының, екінші деңгейлі банктердің, құнды қағаздар нарығының қаржы қызметінің стратегиясы мен тактикасын құрастыруды, өнеркәсіптің, сақтандыру ұйымдарының, коммерциялық банктердің қаржы жағдайын бағалау бойынша; инвестициялық жобалардың эффективтілігін бағалау, қарыз алушының кредитке қабілеттілігін талдау, қосымша қаржыландыру көздерін тартуды дәлелдеу, капитал құрылысын оптималдандыру, құнды қағаздар портфелінің эффективтілігін бағалау, басқарушы субъектілердің, сақтандыру компанияларының, коммерциялық банктердің қаржы қызметін ұйымдастыру жөнінде басқарушылық шешімдерін экономикалық дәлелдеу бойынша есептерді жүзеге асыру;

  • берілген мамандық бойынша білім (педагогикалық) қызмет қаржыны, салықтарды, банк ісін, мектептерде, лицейлерде, гимназияларда, арнайы орта оқу орындарында құнды қағаздар нарығын оқыту, сонымен қатар, басқа дайындық профилінің мамандары және өнеркәсіптер мен орта звенолы мекемелердің менеджерлері үшін, сонымен қатар, мүдделі тұлғалар үшін семинарлар мен оқытушы курстарды өткізу функцияларымен; жоғарыда аталған оқыту деңгейі үшін әдістемелік құралдарды даярлау, ассистенттер ретінде оқу жұмысын орындау функцияларымен байланысты.

5В050900 «Қаржы» мамандығының бакалаврлары келесі типтік міндеттерді шешуге жүктелген:

  • қаржы-кредит қатынастарын регламенттейтін заңнамалық-нормативтік актілерді сақтау;

  • кәсіпқойлық қызметтің барлық сферасындағы қаржы тәртібін сақтауды бақылау;

  • құрылымдық бөлімдердегі қаржыны рационалды ұйымдастыру;

  • басқырушы субъектілердің қызметіне қаржы менеджментін енгізу;

  • бюджеттік шығындарды бюджеттік жоспарлау және мониторингін жасау;

  • қаржы тәуекелдерін анықтау және басқару;

  • құнды қағаздар портфелін басқару және оның құрылымын оптималдандыру.

5В050900 «Қаржы» мамандығының бакалаврлары өздерінің кәсіпқойлық қызметін келесі бағыттарда жүзеге асыра алады:

  • салық салуды ұйымдастыру, салықтық әкімшілік етуді және бюджетке қаржының толық және уақытылы түсуін қадағалауды жүзеге асыру;

  • басқарушы субъектілердің қаржы қызметін басқару;

  • салық-бюджеттік саясаттың стратегиясы мен тактикасын құрастыру және жүзеге асыру;

  • сапалы сақтандыру қызметін қамтамасыз ету және сақтандыру нарығын кеңейту;

  • банк ісін ұйымдастыру және кредит тұрлерін, формаларын және әдістерін дамыту;

  • қорлық нарықты ұйымдастыру мен қалыптастырудағы кәсіпқойлық қызмет.

5В050900 «Қаржы» мамандығының бакалаврларыөздерінің кәсіпқойлық қызметтерін қаржыны, ұлттық экономиканың барлық сфералары мен звеноларындағы қаржы институттарын ұйымдастырумен және басқарумен байланысты жүзеге асырады.

5В050900 «Қаржы» мамандығының бакалаврының мыналар туралы түсінігі болу қажет:



  • заманауи қаржы-банк және заңнамалық жүйеде болып жатқан процестер мен құбылыстар туралы, ғылыми тану әдістерін түсіну, осы әдістерді меңгеру және оларды ҚР нарықтық экономикасын қалыптастыру мен дамыту барысында пайда болатын нақты мәселелерді шешу үшін қолдану;

  • Қазақстан Республикасының және жуын шет елдердің нарық жағдайында өндірісті территориялық бөлу және шаруашылықты территориялық ұйымдастыру сипаты туралы;

  • аудандардың экономикалық даму және басқарушы субъектілердің нарықтық кеңістігінің қалыптасу сипаты туралы;

  • материалдық өндірістің негізгі салаларындағы, қаржы, банк, сақтандыру және инвестициялық технологиялар сферасындағы технологиялық процестердің болуы туралы.

Білуге тиіс:

  • ҚР Конституция негіздерін, Қазақстан Республикасында және халықаралық қатынастарды реттейтін заңдық нормаларын;

  • нақты субъекті мен қоғам арасындағы, адам мен қоршаған орта арасындағы тұлғааралық қатынастарды реттейтін этикалық, құқықтық нормаларды, осы білімдерді тәжірибелік қызметте ескеру;

  • гуманитарлық және әлеуметтік-экономикалық ғылымдардың дамуының негізгі бағыттары;

  • қаржы-бюджеттік және ақша-кредиттік реттуді ұйымдастырудың негіздері, қаржы-банк жүйесінің қызмет етуінің теориялық және практикалық аспектілері, мемлекеттік қаржы мен корпорациялар қаржысын ұйымдастырудың шет елдік тәжірибесі, сонымен қатар, нарықты реттеу үшін қаржы-кредиттік құралдарды пайдаланудың әлемдік тәжірибесі;

Істей білу:

  • өзінің кәсіпқойлық және әлеуметтік қызметінде білімі мен тәжірибесін қолдана білу;

  • кәсіби функцияларды жүзеге сырумен байланысты мақсаттар қою және міндеттерді құрастыру;

  • типтік есептердің шешімін табу және стандартсыз есептерді шығару, аналитикалық тәсілді талап ететін қызметтерде өз бетінше жүмыс жасау;

  • өзінің тәжірибелік қызметінде ақша, кредит, қаржы, құқық теориясы бойынша білімдерін қолдану, негізгі құбылыстар мен қаржы-кредит жүйесін басқару сферасындағы жетілген проблемалардың маңыздылығын түсіну;

  • Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен және халықаралық құқық нормаларымен қарастырылған жүйенің, органның, шаруашылық субъектінің немесе басқа қызметтің тұрақты қызмет етуі үшін құқықтық өріс шегінде қаржы-құқықтық механизмнің формалары мен әдістерін пайдалану;

  • қаржы институттары мен банктері жүйесіндегі кез келген қаржы-кредиттік мекемелердің орнын бағалау;

  • орындаушылардың жұмысын ұйымдастыру білу.

Тәжірибенің болуы:

  • кәсіпқойлық қызметте қолданылатын ақпаратты жинау, сақтау және өңдеудің компьютерлік әдісі;

  • қаржы және крдит, юриспруденция, бухгалтерлік есеп және бақылау, шаруашылық қызмет, статистика, кәсіпкерлік пен коммерцияның құқықтық негіздері, аудит, құнды қағаздар нарығы, маркетинг және менеджмент, экономикалық-математикалық модельдеу, арнайы қаржы-кредиттік және құқықтық дисциплиналар облысындағы кәсіпқойлық білім;

  • қаржы-бюджеттік сферада, банк және сақтандыру ісінде, салық салуда, қорлық және валюталық нарықта, осы сфералардың заңдық қызметтерінде үнемі өзгермелі экономикалық конъюнктура жағдайында практикалық жұмыстың қажет тәжірибесі;

құзыреттіліктің болуы:

  • қаржы-банктік заңнама облысында;

  • мемлекеттің ақша-кредиттік және фискалды саясаты мәселелерінде;

  • шаруашылық практикада экономикалық талдау жасау әдістерін қолдану;

  • позитивті шет елдік тәжірибенің отандық жағдайларға бейімделуі және жалпылау.

Берілген мамандық бойынша түлектің жалпы білімділігіне қойылатын талаптар мыналармен анықталады:

  • қоғамның дамуы, мәдениеттердің әртүрлілігі, жахандану, әлеуметтік тәжірибе дамуы туралы біліммен;

  • Қазақстанның әлемдік тарихи процестегі орнын зерттеумен;

  • Жалпы білімдік дисциплиналар, тарих және экономика бойынша білімінің болуы.

050509 «Қаржы» мамандығы бойынша бакалаврдың әлеуметтік-жеке тұлғалық құзыретіне қойылатын талаптар келесілерді құрайды:

  • іс-әрекет пен кәсіпөойлық этиканың жалпы адами нормаларын пайдалану;

  • моральдық-мәнездік принциптердің ішкі мәдениетінің жоғары деңгейі;

  • экологиялық мәдениеттің болуы, қоршаған ортаны сақтауға ұмтылу;

  • индивидуум мен социумның өзара қатынасын анықтайтын қоғамдық өмірдің объективті заңдарын білу;

  • салауатты өмір салтын насихаттау.

Берілген профиль бойынша маманның экономикалық және ұйымдастырушылық-басқарушылық құзыретіне қойылатын талаптар мынаны анықтайды:

  • қаржы секторының экономиканың басқа облыстарымен объективті өзара байланысының болуы;




  • басқарушылық шешімдерді экономикалық дәлелдей білу;

  • қаржы және әкімшілік-басқармашылық аппараттың функцияларына шек қоюдағы тәжірибе;

  • экономикалық дамудың бизнес-жоспарын, болжамдарын білікті құрастыру;

  • теориялық білім мен практикалық тәжірибені ұтымды ұштастыру негізінде қаржы-экономикалық жүйенің даму перспективаларын көру.

Кәсіпқойлық құзырет талаптары. Берілген мамандық бойынша түлектерге келесі кәсіпқойлық талаптар қойылады:

  • отандық және халықаралық экономиканың даму тенденцияларымен өзара байланыста қаржы ғылымының теориялық-әдістемелік негіздерін білу;

  • әлемде болып жатқан әлеуметтік-экономикалық процестерді бағалай білу және өндірістік дамыған елдердің алдыңғы қатарлы тәжірибесін Қазақстанның экономикалық практикасына енгізу;

  • қаржылық есеп берудің халықаралық стандарттарын білу және оларды экономиканы жаһандандыру жағдайында отандық практикада қолдану;

  • аумақтандыру процесіне әсер етудің экономикалық құралдары жүйесінде қаржы иінтіректерін және ынталандыруын ұтымды пайдалану;

  • компьютерлік техниканы, технологияларды, коммуникация құралдарын еркін пайдалану.

5В050900 «Қаржы» мамандығының бакалавры арнайы құзыреттіліктің болуымен ерекшеленуі керек:

  • қаржы-банк жүйесін зерттеу мен дамуын болжау бойынша жүйелі білім мен әдістерді меңгеру;

  • қаржы-кредит қатынастары бойынша ғылыми-зерттеулер мен жобаларды өткізу;

  • микро- және макро-деңгейлерде қаржы саясаты мен стратегиясын құрастыру;

  • республикалық және жергілікті бюджетті жасақтау мен құрастыру тәжірибесі, бюджеттік бағдарламаларды дәлелдеу, бюджеттердің орындалуын бақылауды ұйымдастыру;

  • қарыз алушылардың кредит төлеуге қабілеттілігін бағалауды жүзеге асыру, кредиттік процесті регламенттеу, банктік өтемпаздықты басқару;

  • кәсіпқойлық қызметте қаржы құралдарын тиімді пайдалану;

  • халыөаралыө рейтингтік мекемелерді бағалау критерийлерін білу және оларды отандық практикада қолдану.

Өспелі өзгерістер мен белгісіздіктер жағдайында әлеуметтік, экономикалық, кәсіптік рөлдердің, географиялық және әлеуметтік мобильділіктің ауысу дайындығына қойылатын талаптар:

  • әлемдік саяси, әлеуметтік, экономикалық процестерді білу;

  • дамыған елдердің прогрессивті әлеуметтік, экономикалық модельдерін және оң тәжірибесін мобильді түрде пайдалана білу;

  • халықаралық экономикалық ұйымдардың мақсаттарын және қызмет міндеттерін білу, болып жатқан әлеуметтік-экономикалық процестерге баға бере алу.

Оқу дисциплиналарының негізгі циклдері бойынша білімділік талаптары:

  • философиялық білім және қоғамдық өмір негіздері;

  • мемлекет экономикасының даму тарихы;

  • шет тілдері, салт-дәстүрлер, іс-әрекет нормалары;

  • математикалық әдістер және модельдеу;

  • ақпараттық және компьютерлік технологиялар;

  • экологиялық мәселелер;




  • табиғатты қолдану және қоршаған ортаны қорғау экономикасы.

Қаржы бакалавры маманы негізгі пәндер цилы бойынша келесі салаларда құзыретті болуы қажет:

  • экономикалық теория;

  • микро- және макроэкономика негіздері;

  • статистика;

  • менеджмент және маркетинг;

  • халықаралық экономика;

  • қаржы айналымы мен несие;

  • мемлекеттік байланыстары мен бизнес;

  • бухгалтерлік есеп пен аудит;

  • экономисттерге арналған математика;

  • эконометрия.

Осы бейін маманы бейінді пәндер циклы бойынша төменгілерде құзыреттілігін белгілейтін талаптарға сай болуы тиіс:

  • қаржы теориясында;

  • сақтандыруда;

  • банк ісін ұйымдастыруда;

  • салық салу теория мен тәжірибесінде;

  • қаржы менеджментінің стратегиясы мен тактикасында;

  • инвестициялық жобалар тиімділігін талдаудағы инвестицияларды қаржыландыру мен несиелеуде.

Жеке пәндер бойынша білімділікке қойлатын талаптар. Қаржы бакалаврінің білімділік дәрежесі пәндер шектіктерінде білімдермен анықталады:

а) «Қаржы». Қаржыларды экономикалық ұстау, олардың басқа экономикалық категориялармен байланысы; нарық экономикасының жағдайларында қаржы жүйесін, қаржылық бақылау мен қаржы механизмін ұйымдастыру; қаржылардың әлеуметтік-экономикалық процестерге әсер етуі;

б) «Сақтандыру». Сақтандыру әркетінің мазмұны мен субъектілері; Қазақстанда сақтандыру нарығының қалыптасуы мен дамуы; сақтандырудың формалары мен әдістері; сақтандыру ісінің даму перспективасы;

в) «Салықтар мен салық салу». ҚР салық салу концепциясы мен салық жүйесі; салық реттеуі: құрылымы, сипаттамасы, құралдары; Қазақстанда салықтың негізгі түрлерінің қызмет ету ерекшеліктері;

г) «Банк ісі». Банк ресурстары, олардың қалыптасуы мен реттелуі; несиелеу жүйесі мен оның негізгі элементтері; коммерциялық банк әрекетін ұйымдастыру; банкаралық есептер; банк ликвидтілігін басқару;

д) «Қаржы менеджменті». Қаржы менеджментінің функциялары мен оның базалық көрсеткіштері; дивидендтік саясат; айналым капиталын басқару мен қаржыландыру; нарық жүйесіндегі қаржы менеджментінің тенденциялары; қаржы инженериясы;

е) «Инвестицияларды қаржыландыру мен несиелеу». Инвестицияларды ұстау және инвестициялық әрекет; инвестициялық климат; инвестиция саласындағы мемлекеттік саясат принциптері мен басымдылықтары; инвестициялық жобалар тиімділігін бағалау әдістері.

Қаржы бакалаврлары түлектерін аттестациялау мамандығы, Қазақстан тарихы және дипломдық жұмысты қорғау бойынша мемлекеттік емтихандарды тапсыру нәтижесінде таңдалған мамандығы не аралас пәндер бойынша алған кәсіби білімдерін бағалау негізінде өткізіледі.

Аттестациялар Мемлекеттік аттестациялау комиссиясымен (МАК) осы мамандық бойынша осы біліктілік сипаттамамен қарастырылған бакалаврларды дайындау сапысын кешенді диагностикалау құралдарын қолданумен өткізіледі.

Мамандық бойынша білімдік-кәсіби бағдарламаны меңгерген және мемлекеттік қорытынды аттестациядан өткен түлек «қаржы бакалавры» академиялық дәрежесінің беруілуімен мемлекеттік үлгідегі диплом алады.

Жоғары оқу орны қаржы бакалаврының біліктіік сипаттамалары мен 050509 «Қаржы» мамандығы бойынша Қазақстан Республикасының жалпыға міндетті білім беру мемлекеттік стандарты талаптарына сәйкес болуына жауапты болады.
Әдебиеттер тiзiмi
Негізгі:

1.«Кредиттік технология бойынша оқыту оқу үрдісін ұйымдастыру ережелерін бекіту туралы» ҚР БҒМ Министрінің 2009 ж. 22 қарашадағы № 556 бұйрығы.

2.«Республикадағы Жоғары оқу орындарындағы кредиттік технология бойынша оқыту оқу үрдісін ұйымдастыру» ҚР БҒМ Министрінің 2009 ж. 14 наурыздағы № И-01 нұсқаулық хаты.

3.Қазақстанда кредиттік оқыту жүйесінің / С.Б.Абдыгаппаров, Г.К.Ахметова, С.Р.Ибатуллин, А.А.Кусаинов, Б.А.Мырзалиев, С.М.Омирбаев; Жалпы ред. Ж.А. Кулекеев, Г.Н.Гамарник, Б.С.Абдрасилов. Алматы: Қазақ Университеті, 2010. – 198 б.

4.2010 жылғы 27 шілдедегі ҚР Білім туралы Заңы.
Қосымша:

5.Мамандық бойынша қазақша-орысша терминдік сөздіктер жиынтығы. Павлодар, 2008.

6.КазНУ хабаршысы. Экономикалық журнал. – Алматы, 2010

4 Тақырып Кәсіпті реттеу: болашағы, қазіргі жағдайы -3 сағат

Мазмұны

1.Қаржы ісінің дамуы тарихы.

2.Қаржы қызметінің түрлері және оның дамуы. Қазақстан Республикасының қаржы саласының қазіргі жағдайы.

Студенттердің құкықтары мен міндеттері Студент құкылы:

Қоғамдық дамудың белгілі бір кезеңінде қаржы болып табылатын күрделі категорияны басқару кешенді жүйесін жасау және қолдануға объективті қажеттілігі туып жатады. Бұл қаржының маңыздылығына және қоғамның дамыған өмірі мен әрбір шаруашылық жүргізуші нысан қызметінің маңызды рөліне байланысты.

Кәсіпорында қаржы процестерін басқару бойынша адамдардың саналы, мақсатқа сай қызметінің қажеттілігі бұдан әрі пайда болған. Бірақ оның теориялық және тәжірибелік іске асуы қаржы ресурстарымен оңтайландыру әдістерін іздеу қажеттілігін бірінші орынға қойған маңызды себептер туған кезінде 19-20 ғасырлардың аралығында басталған болатын.

Серіктестіктер арасында қаржы қатынастарды ұйымдастыру бойынша жаңа идеялар және қаржы мәселелерді шешу үшін ілгерішіл тәсілдеме пайда бола бастады. Бұдан әрі төменгі тобының деңгейінде саналы қаржы процестерін басқару, кейде тәуекел шешімдерді қабылдау бірақ соңында оң нәтижесін шығаратын объективті қажеттілігі пайда болды.

Дүниежүзілік тәжірибесі бойынша жеке іс-шаралар көмегімен қаржы қызметін тиімді басқаруды қамтамасыз ету, жекеленген іс-шараларды іске асыру мүмкін емес, себебі қаржы көрсеткіштер өзара, сондай-ақ өндірістік процестермен тығыз байланысты. Сондықтан да экономиканың талаптарына жауап беретін жаңа, ең тиімді тәсілдерді, құралдарды, және де жеке субъектілердің қаржыларын басқару кешенді ұйымдастыру іздеулері жүргізілген болатын.

Әсіресе, қаржы менеджмент деп аталатын микродеңгейіндегі қаржы басқару тиімді жүйесін қалыптастыру маңызды рөль атқарады. Алғашқыда ол ірі кәсіпорындарда, корпорацияларда құрылған болатын, бірақ кейін уақыт өте келе нарық экономикасымен қоса шаруашылық жүргізу елдердің субъектілеріне таралған.

Қаржы менеджменттің дамуы қоғам, басқару, қаржы әдістері туралы ғылым дамуымен және экономика, техника, қаржы, ақша, халықаралық бірігу әлемінде жаңа құбылыстардың және т.б. пайда болуымен өзара тығыз байланысты.

Қаржы менеджменттің дамуын зерттеу әрбір фирманың қаржы қызметін басқару үшін маңызды орын алады. Себебі әрбір шаруашылық жүргізетін субъектілердің көбісі тиісті жағдайларда табысты жұмыс істелуін және өз қызметінің соңғы нәтижелеріне белсенді әсерін қалайша қамтамасыз ету керек деген секілді дилеммаға тап болады. Қаржы туралы ғылымның қалыптасуы мен дамуы үшін өзгеше болатын екі ірі деңгейге бөлуге болады. Біріншісі, Рим империясы дәуірінде басталған және 20 ғасырдың ортасында аяқталған кезінде қаржының классикалық теориясында өз теориялық ресімделуін тапты; Бірінші деңгейден кейін екінші деңгей келді, ол логиканы қаржылардың неоклассикалық теориясын білдірді.

«Бірінші теорияның маңыздылығы қаржылардағы мемлекеттің доминантында; екінші теорияның маңыздылығы – жеке сектордың қаржылар доминантында (яғни, мұнда ірі компаниялар мен нарық капиталдардың позициясы жағынан қаржылар туралы). [6]»

Бірінші деңгейдің ерекше ұзақтығы болғандықтан, онда жеке кезеңдерді айқындау керек. Бірінші кезеңінде үш дәуір бар: ғылыми емес жағдай, ғылыми өңдеуге ауысуы, ғылыми (оңтайлы) дәуір.

Ғылыми емес жағдайдың дәуірі. Бұл ең ұзақ дәуір болған еді. Қаржы ғылымның тарихшылары бұл дәуірдің басталуын Ежелгі Мысыр, Ассирия, Вавилонии, Ежелгі Греция және Рим кезеңдеріне жатқызады.

Орта ғасырларда қаржы тематика бойынша қандайда болмасын маңыздылығы зор жүйелі әзірлеу жұмыстар белгіленбеген болатын, сонда да тек қана Орта ғасырдың аяғы көптеген ғалымдармен ғылыми өңдеуге алмасуы – қаржы ғылымның екінші даму кезеңінің бастамасы ретінде қарастырылады.

Ғылыми (оңтайлы) дәуір. Қаржыларды басқару сұрақтары зерттеудің негізгі нысаны ретінде емес, тек қана жалпы алғанда экономикалық ғылым және мемлекет басқару туралы ғылым мәнмәтінде қарастырылған болатын. Сондықтан қаржы ғылымның тарихшылары оның қалыптасуын 18-19 ғасырлардың итальяндық және неміс мектептердің камералист өкілдерінің жұмыстарымен байланыстырады. Әсіресе неміс мектептің өкілдері мемлекетті оңтайлы басқару туралы өз идеяларын білдіре отырып, олар аз-аздап өз назарларын елдердің қаржыларына аударып табысқа жеткен болатын.

18 ғасыр қаржы туралы ғылымның қалыптасуы және бекемдеу жағынан өзгерісті кезең болып табылады. Бұл ғасырдың екінші жартысын көптеген ғалымдар дербес бағыты ретінде жүйелі қаржы ғылымның пайда болу мерзімін көрсетті. Ғалымдардың айтуы бойынша, бұл жылдарда ғылыми деп аталатын немесе оңтайлы кезеңі басталды.

Ұзақтығы 200 жылға жуық болған қаржылардың қалыптасу дәуірі және классикалық дамуы 20 ғасырдың ортасында аяқталған болатын. Екінші дүниежүзілік соғыс қарсаңында және бұдан кейін дүниежүзілік экономикадағы жағдай бірден өзгере бастайды: нарық қатынастарының даму шамасына қарай экономикада мемлекет пен көпшілік одағының рөлі төмендейді.[7]»

20 ғасырдың ортасында нарық капиталының дамуы мен интернационалдандыру, ұлтаралық корпорациялардың рөлін арттыру, өңдіріс саласында шоғырландыру процестері, әрбір бизнесті ресурстық қамтамасыз ету жүйесінде негіз болу ретінде қаржы ресурстарының маңыздылығын күшейту әрбір экономикалық жүйесінің негізгі жүйелендіретін ұйымның деңгейінде, яғни шаруашылық жүргізетін субъектінің деңгейінде қаржы рөлдерін теориялық мәнін түсіну қажеттілігіне әкелді. Қаржы мектебінің англо-американдық өкілдерінің тырысуымен қаржы теориясы жоғарыда баяндалған 18-19 ғасырлардағы ғалымдарының көзқарастары бойынша мүлдем жаңа толықтыруды алған болатын.

Қаржылардың неоклассикалық теориясы

Қаржы ғылымының дамуында жаңа дәуірдің бастамасы деп 20 ғасырдың 40 және 50 жылдарды айтуға болады. Бұл жылдарда қаржылардың неоклассикалық теориясы өз ресімделуін алады. Тарихи деректер бойынша жаңа теорияның қалыптасуы мен дамуы тез қарқынымен жүрген болатын; негізгі себеп – тәжірибе жағынан (бизнестің дамуы мен интернационалдандыру, қаржы нарықтарын нығайту, банк секторын күшейту және т.б.) ерекше талап етілген. 20 ғасырдың 50 жылдар аяғында қаржы мектебінің англо-американдық өкілдерінің күш салу арқасында жаңа бағыт қолданбалы микроэкономикадан біржолата бөлініп шықты және қаржы ғылымында биік болып тұрды.

Нақты үлес шарттылығымен қаржылардың неоклассикалық теориясы келесі негізгі тезистерге негізделеді деп айтуға болады:


  • Мемлекеттің экономикалық күш-қуаты, демек қаржы жүйесінің тұрақтылығы маңызын ірі корпорациялар құрайтын жекеменшік секторының күш-қуатымен анықталады.

  • Кәсіпкерлік секторының қаржылары елдің қаржы жүйе ядросын құрайды.

  • Кәсіпкерлік қызметінің секторына мемлекеттің араласуы мақсатқа сай ықшамдалады.

Ірі корпорациялардың даму мүмкіндіктерін анықтайтын қол жетімді қаржыландыру деректерінен пайда мен капиталдың нарығы негізгі болып табылады.

Капитал, тауар, еңбек нарықтарының интернационалдандыруы бірлесуге ұмтылу болып табылатын жеке елдердің және капитал нарығы қаржы жүйелерінің жалпы даму үрдісіне әкеліп соқтырады.

Бұл тезистердің барлығы қазіргі заманға сай жағдайда және ғаламдық қаржы жүйесінің үрдісінде анығымен дәлелденген. Сол сияқты, соңғы тезисқа қатысты келесі мысалды келтіруге болады. Жүйелердің конвергенциясы және бухгалтерлік есептің үлгілер жобасын іске асыру туралы жетекші елдердің бухгалетерлік есеп реттеуіш және қаржы нарықтарының келісімі. Мұнын шын мәнісі ұлттық бухгалтерлік қауымдастық ретінде және де жетекші қор биржа ретінде тіркеу стандарттарының сәйкестендірілген жиынтығын әзірлеуіне негізделген.

«Жалпы түріндегі қаржылардың неоклассикалық теориясын қаржының үш мақсатын, яғни: ресурстар, қатынастар, нарықтарды ұйымдастыру және басқару туралы білім жүйесі ретінде анықтауға болады. Бұл теорияның шеңберіндегі акценті ең алдымен нарық экономиканың негізгі жүйелендірілген элементі ретінде фирманың қаржыларын басқару кезінде үрдісті жинақтау, түсіндіру, болжамдау және қалыптастыруға көрсетіледі.»

Фирманың қаржыларына қосымшадағы айтылған үш мақсат қарапайым және көрнекілік талдау беру түрінде көрсетіледі. Ресурстар – бұл қаржы нарығындағы айналымы; (келісім-шарттық) қатынастар – бұл мобилизациялау және инвестициялау операцияларын жүзеге асырған және жүзеге асыру кезінде ресурстық ағындардың қозғалысын көпшілікке танытады; нарық – бұл ресурстардың қатынастары мен қозғалысын ресімдеу процедураларын ұйымдастыру, жүйелендіру, оңайлату және бір қалыпқа салу арқылы болатын орын мен механизм.

2. Қазақстан Республикасы қаржы саласындағы қазіргі заманға сай жағдайы.

Ғаламдық қаржы-экономикалық дағдарыс жалпы әлемдік ауқымы ретінде және де ұлттық деңгейінде қаржы қатынастардың бар болған үлгілердің кемшіліктерін көрсетті. Нашар жақтары мемлекеттік реттеу құрылымында және қаржы институттарының қызметінде айқындалған болатын.

Қаржы институттардың мәселелері жетілмеген және заманауи үрдістерге тәуекел басқару жүйесінің жетілмегендігі және сәйкес келмеуі (деңгей бойынша және тәуекел сапасы бойынша), корпоративті басқарудың төмен деңгейі, жеткіліксіз ашықтығында айқындалды.

Қаржы секторының айқындалған мәселелерді жою қажеттілігі, жіберілген қателерді дұрыстау және тұрақты әртараптандырылған өсуді қамтамасыз ету дағдарысты дәуірдің ерекшеліктердің бірі болып табылады. Егемен Қазақстанның қаржы жүйесін қазіргі заманға сай, тұрақты және бәсекелі құру бойынша жұмыстарды жалғастыру керек. Көптеген елдердің экономикалық тәжірибесі мақсатқа сай бағытталған нарық механизмдердің бәсеке және жеке кәсіпкерлік бастама қолданылуымен байланыстырылған экономиканың мемлекеттік реттеу шаралары дәлелдейді. Осыған байланысты шоғырландырылған негізінде мемлекеттік жоспарлау және экономиканың ынталандыру рөлі көтеріңкі болады. Сонымен бірге бәсекелестік, жеке меншік дербес құқығы және іскерлік бастама деген секілді еркін нарықтың базалық принциптері тұрақты болып қала береді, ал жеке сектордың тиімді қызметі ынталандырылады. Ішкі ресурстарды мобилизациялау бойынша мәселелерді шешу үшін республиканың қаржы секторына сенімді қалпына келтіру басым бағыты болады. Сонымен ұсынылатын қаржы қызметтерінің спектрлерін кеңейту бойынша жұмысы жеделдетіледі.

Жинақтаушы зейнетақы жүйесін жүргізу әлеуметтік саласындағы мемлекеттің міндеттемелерін қысқарту және институционалдық инвесторлардың ерекше табын құру бойынша мемлекеттің бірінші қадамы болып табылады.

Мемлекет және жұмыс беруші есебінен ғана емес, сонымен бірге жұмыскердің есебінен әлеуметтік қамтамасыз ету аралас жүйесіне медициналық қамтамасыз ету және халықтың сан алуан тобын (мүгедек, қараудағы жан, жұмыссыз адамдар және т.б.) толық мемлекеттік қолдау принциптерінен алдағы уақытта ауысуы әлеуметтік қамтамасыз ету барлық жүйесіндегі реформаның логикалық жалғасуы болып табылады. Өндірістің зиянды және қауіпті түрлеріне жұмыс берушілердің міндетті кәсіптік төлемін телеуді енгізу мәселесі қарастырылатын болады.

Жинақтаушы зейнетақы, әлеуметтік және медициналық (сақтандыру) қамтамасыз ету жүйесін алдағы уақытта жетілдіру шеңберінде нарық принциптерін және жинақтаушы зейнетақы қорлары мен сақтандыру ұйымдарының мүмкіндіктерін кең қолданылуымен әлеуметтік қамтамасыз ету жүйесінің жаңа концепциясы ұсынылатын болады. Бұл жұмыстың шеңберінде күштер тек азаматтардың әлеуметтік қорғалуды арттыруға ғана бағытталған емес, сонымен бірге елдің экономикасын ұзақ мерзімді қаржыландыруды қамтамасыз етуге қабілеті бар институционалдық инвесторлардың мүмкіндіктерін нығайтуға бағытталады.


Әдебиеттер тiзiмi
Негізгі:

1.«Кредиттік технология бойынша оқыту оқу үрдісін ұйымдастыру ережелерін бекіту туралы» ҚР БҒМ Министрінің 2009 ж. 22 қарашадағы № 556 бұйрығы.

2.«Республикадағы Жоғары оқу орындарындағы кредиттік технология бойынша оқыту оқу үрдісін ұйымдастыру» ҚР БҒМ Министрінің 2009 ж. 14 наурыздағы № И-01 нұсқаулық хаты.

3.Қазақстанда кредиттік оқыту жүйесінің / С.Б.Абдыгаппаров, Г.К.Ахметова, С.Р.Ибатуллин, А.А.Кусаинов, Б.А.Мырзалиев, С.М.Омирбаев; Жалпы ред. Ж.А. Кулекеев, Г.Н.Гамарник, Б.С.Абдрасилов. Алматы: Қазақ Университеті, 2010. – 198 б.

4.2010 жылғы 27 шілдедегі ҚР Білім туралы Заңы.
Қосымша:

5.Мамандық бойынша қазақша-орысша терминдік сөздіктер жиынтығы. Павлодар, 2008.

6.КазНУ хабаршысы. Экономикалық журнал. – Алматы, 2010

5 Тақырып Ғылыми жазбаша жұмыстардың түрлері -2 сағат

Мазмуны

1.Аңдатпаның, рецензияның, рефераттың, эссенің, баяндамалардың мазмұнымен, құрылымымен танысу.

2.Курстық және бақылау жұмыстарын орындауға қойылатын талаптар.

3.Дипломдық жобаға дайындық жасау.



Студенттердің оқудағы жетістіктерін бақылау жуйесі

Үйренушімен әртүрлі жазбаша жұмыстардың жазылуы білімді меңгеру активтендіру процесінің маңызды нысаны болып табылады. Ағымдағы оқу процесінің құрылымындағы жазбаша жұмыстарына: бақылау жұмысы, реферат, көкейтесті тақырыбындағы шығарма, курстық жұмыс жатады. Жұмыстың қорытындысы бітіру біліктілік (дипломдық) жұмысы болып табылады.

Жазбаша жұмыстар дербес талдау жасауға тыңдаушылардың қосымша дағдыларын қалыптастыра отырып теориялық білімдерін нығайтуға көмектеседі. Жазбаша жұмыстарда мәселенің авторлық түсінігі тұжырымдалады. Жазбаша жұмыстардың жалпыланған тәжірибе келесі логикалық жүйелілігінің пайдалы сақталуын көрсетеді:


  • жазбаша жұмысында тиісті ойды айқындау және тұжырымдау үшін таңдап алған тақырыптың (мәселені) мәнін түсіну;

  • ақпараттық және деректі мәліметтерді іздеу;

  • материалдарды жүйелендіру және жұмыстың жазылу жоспарын өндіру;

  • жұмыс мәтінін жазу;

  • қолжазбаны әзірлеу, ғылыми-ақпараттық аппаратын, қосымшаны, титул парағын ресімдеу.

Жазбаша жұмыстың мәселесін түсінген және жазу ойын тұжырымдаған кезінде келесіні анықтауға маңызды: қандай мәселе шешіледі; жазбаша жұмыстың қандай түрі дайындалуда; мәселенің теориялық негіздемесіне назар аударылады немесе тәжірибе жалпыланады; қандай ақпараттық немесе көрнекті материал ұсынылу керек.

Қойылған мақсаты мен берілген уақытына қарай материалдар мен құжаттарды іздеу, жинау кезінде келесі екі тәсіл қолданылады. Олар: ең көп әртүрлі деректерді жинау және/немесе жазбаша тапсырманы орындау үшін ең аз қажетті деректерді таңдап алу (соңғысы бақылау жұмысын және реферат дайындаған кезінде ең тиімді)

Ойды тұжырымдаған кезінде бір уақытта жұмыс құрылымы қарастырылады. Қолжазбаның мәтінін жазылуы (электронды тасымалдаушыдаға жинақ) – жұмыстың ең күрделі бөлімі. Жазбаша жұмыстың еш бір түріне көшіру немесе құрастырма жатпайды. Мәтін жиналған және таңдап алған материалдардың шығармашылық (аналитикалық, ғылыми) талдау негізінде дербес өз бетімен жазылады.

Дайындалған қолжазба авторлық жөндеуді қажет етеді: логиканың және мәтін мазмұнының сыни бағасы, әдеби түзету, дұрыс ресімделуін және мәтін бойынша ғылыми-ақпараттық аппаратын тексеру. Қорытынды кезеңінде мазмұндау стилі, астын сызу мүмкіндігі, қосымша тарауларды енгізу, емле және тыныс белгілерін тексеру.

Жазбаша жұмыстардың барлық түрлері бір жағынан стандартты А4 (210х297 мм) парақтарында ресімделеді. Жұмыс мәтіні бір жарым аралығында басылады. Әр беттік сілтемелер бір аралықтан кейін ресімделеді. Сонымен бірге бұл түрлердің дайындау ерекшеліктері де бар.

Бақылау жұмысы бұл бір оқу пәнінің шеңберінде қарастырылатын сұрақтың (есептің шешімі немесе нақты тапсырманың орындалуы) жазбаша түріндегі жауап. Қойылған сұрақтың жауап мазмұны: автормен сұрақтың теория және түсінген аппаратының білімін көрсету; педагогикалық (миссионерлік) тәжірибе арқылы нақты жүзеге асатын механизмді түсіну; қоғамдық өмірдің тиісті салаларында білім берудің (миссионер) басты мәселелерін белгілеу. Жазбаша бақылау жұмыстың құрылымында (жоспар) тиісті тараулар болу мүмкін.

Реферат – теория немесе тәжірибенің көкейтесті мәселелердің біреуі бойынша жазбаша аналитикалық жұмыс. «Реферат» сөзі латын тілінен аударғанда «Баяндасын» деген мағынаны білдіреді. Сондықтан, ол мағынасы жағынан әртүрлі немесе ұсынылған деректердің дербес талдауы және авторлық (түпнұсқа) тұжырымдардың ұсыныстары негізінде ойлардың (концепция, көзқарастар) жалпыланған жазбалар.

Нақты мәселе бойынша өз ой-пікірін білдіру үшін келесі қажет. Біріншіден, материалды жақсы білу, ал, екіншіден, оның мазмұнын жазба түрінде беруге және логикалық қорытындыны жасауға дайын болу керек. Рефераттарды көбінесе кең мәселені ұжымдық талқылау (пікірсайыс, дөңгелек үстел және т.б.) өткізуді болжамдай отырып оқу пәні бойынша жазады. Мұндай пікірсайыстың қатысушылары бірнеше реферат дайындайды.

Реферат берілген тақырып бойынша бір-екі деректер негізінде дайын болу мүмкін. Басқа жағдайларда көптеген кітаптар, мақала, анықтамалық әдебиеттермен жұмыс жасауды қажет етеді. Рефератта ерекше іздеу белгілері болу керек. Олар: негізгі концепция мазмұнын ашу, аталмыш мәселе бойынша кейбір мамандардың ой-пікірлеріне цитат келтіру, әр беттік сілтемелерінде мәтіндік қосымшалар немесе қосымшаларда арнайы сөздіктің ресімделуі болу керек. Сонымен бірге үзінді көшірме, анықтама, құжаттардың жеке картотекасын қолданылуы маңызды. Рефераттың мәтінін жазған кезінде деректі үзінділер автордың логикалық тізбегімен қатарлас болады.

Реферат автордың шығармашылық іздеу нәтижелерінен тұрады. Қорытынды бөлімінде (1-2 бет) рефераттың мақсаты мен міндетіне сәйкес авторлық зерттеудің басты тұжырымдарын шығарады, сондай-ақ мемлекет, өңір немесе басқару саласы шеңберіндегі зерттеу мәселенің рұқсаты бойынша жалпыланған қорытынды немесе тәжірибелік ұсыныстар жасалынады.

Әдетте, рефераттың көлемі қажетті аралығында компьютермен басылған мәтін 10-15 беттен аспау керек. Рефераттың титул парағы болуы тиіс. Титул парағынан кейін рефераттың жоспары басылады. Рефераттың әрбір бөлімі аталымнан басталады. Әдебиет және басқа деректердің анықтамалы-библиографиялық сипаттамасы ресімделеді.

10 Тақырып ғылыми жазбаша жұмыстардың орындалу негізі

Ғылыми жұмыс басқалардан өзінің мақсатымен ерекшеленеді – жаңа ғылыми білім алу. Бұл жұмыстың процесінде ғана шынайы ақиқат туралы объективті білімдер өндіріліп теориялық жағынан жүйеленеді. Бірақ ғылым саласында жаңа ғылыми ақиқатты анықтау аз, оған ғылыми түсінік беру, оның танымдық, теориялық немесе тәжірибелік мағынасын көрсету, сондай-ақ бұдан әрі танылмаған немесе белгісіз жаңа процестер мен құбылыстарды болжау маңыздырақ.

Ғылыми жұмыс – бұл ең алдымен қатаң түріндегі жоспарлы қызмет. Ғылым саласында қазіргі заманға сай құралдармен жабдықталған тек жоспарлы кездейсоқ ашылымдар немесе жаңалықтар айқын.

Ғылыми жұмыс шығармашылық процесс секілді ғылыми ой-пікір жүргізуді болжамдайды. Ғылым саласында үстемшілдің әрбір әрекеттері, барлығына бір немесе бірыңғай көзқарасты күштеп таңыту – орынсыз.

Ғылыми жұмысты жүргізу үшін ғылыми байланыс керек. Әрбір білікті зерттеушінің өзіне өз идеяларын, тапқан фактілер және теориялық құрылым туралы ұжыммен үнемі сөйлесіп талқылау қажет. Сонда ғана қателерді жасамайсын. Мұндай талқылаудың қорытындысы көбінесе жазбаша түрінде екі ой-пікірлерден туады:



  1. тек осы түрінде ғана қатал ғылыми тілінде және қатал логикалық түрінде идеяларды, ұсыныстарды және нәтижелерді баяндауға болады.

  2. Әрбір ғылыми жұмыстың негізгі міндеті – жаңа ғылыми білімді ғылыми қоғамдықтың үлкен топтарына дейін жеткізу. Егер білім тек қана ғалымның өз ойында қалып және ол туралы ешкім оқымайтын болса, онда бұл ғылым үшін сұранымсыз және пайдасыз болып қалады.

Ғылыми жұмыстың қорытындылары әдеби өнімінің әр түрлері ретінде сипатталып ресімделеді. Үйреніп жүрген зерттеушінің алдында көбіне кездесетін қорыныдыларды қарастырайық: реферат, ғылыми есеп, журналдағы баяндаманың тезистері мен ғылыми мақала.
Әдебиеттер тiзiмi
Негізгі:

1.«Кредиттік технология бойынша оқыту оқу үрдісін ұйымдастыру ережелерін бекіту туралы» ҚР БҒМ Министрінің 2009 ж. 22 қарашадағы № 556 бұйрығы.

2.«Республикадағы Жоғары оқу орындарындағы кредиттік технология бойынша оқыту оқу үрдісін ұйымдастыру» ҚР БҒМ Министрінің 2009 ж. 14 наурыздағы № И-01 нұсқаулық хаты.

3.Қазақстанда кредиттік оқыту жүйесінің / С.Б.Абдыгаппаров, Г.К.Ахметова, С.Р.Ибатуллин, А.А.Кусаинов, Б.А.Мырзалиев, С.М.Омирбаев; Жалпы ред. Ж.А. Кулекеев, Г.Н.Гамарник, Б.С.Абдрасилов. Алматы: Қазақ Университеті, 2010. – 198 б.

4.2010 жылғы 27 шілдедегі ҚР Білім туралы Заңы.
Қосымша:

5.Мамандық бойынша қазақша-орысша терминдік сөздіктер жиынтығы. Павлодар, 2008.

6.КазНУ хабаршысы. Экономикалық журнал. – Алматы, 2010

6 Тақырып Ғылыми зерттеудің ұғымдық аппараты және құралдары -3сағат

Мазмұны

1.Ғылыми-ұғымдық аппараттың мемлекеттік стандарттары.

2.Зерттеудің өзектілігін, жаңалылығын, тәжірибелік маңыздылығын анықтау.

3.Зерттеудің мақсатын, мәселесін қою.

4.Ұсынылған зерттеудің объектісінің, пәнінің, гипотезінің, міндеттердің әдістемесін анықтау.

Студенттердің оқу жетістіктерін бағалау жуйесі

Соңғы жүз жыл ішінде ғылыми тілінде мәнді өзгерістер болған жоқ. Бұл ғылыми шығарманың түріндегі белгілі консерватизм туралы айқындалып отыр. Демек, курстық, дипломдық, диссертациялық жұмыстардың тілі бір және тек орындалған ғылыми жұмыстың көлемімен ерекшеленеді.

Ғылымның тілін жақсы білу үшін ғылыми қызметінің реттемеленген өнім түріндегі кандидаттық диссертацияға және зерттелінетін студенттік жұмыстарға назар аударғаны жөн. Кандидаттық диссертацияны ресімдеу кезінде мағлұматты аппараттың элементтерін аударылуы қажетті талап болып табылады.

Ғылыми зерттеудің мағлұматты аппараты зерттеудің көкейтестілігін, мақсатын, мәселесін, нысанын, затын, болжамын, міндеттерін, әдістерін, жаңалығын және тәжірибелік маңыздылығын құрастырады.

Зерттеудің көкейтесті тақырыбы – бұл қазіргі уақытта және қазіргі жағдайда аталмыш мәселені, сұрақты және міндетті шешу үшін маңызды деңгейі. Көкейкестің баяндалуы көпсөзді болмау керек. Оның сипаттамасын кейін айтудын қажеті жоқ. Кандидаттық диссертация үшін шамамен бір-екі парақ, диплом жұмысы – бір, курстық жұмысы үшін мәтіннің жарты беті жеткілікті.

Зерттеудің көкейтесті тақырыбын ашқан кезінде не қажет және тақырыпты қалау ашу керек?

Сипаттаманың екі негізгі бағытын айтуға болады. Біріншісі таңдаған тақырыптың зерттелмегендігімен байланысты. Аталмыш жағдайда тақырыптың нақты аспектілері толық көлемінде зерттелмегендіктен және жүргізілген зерттеу бұл кемшілікті меңгеру үшін бағытталғандықтан зерттеу көкейтесті. Көкейкесті сипаттаманың екінші бағыты зерттеуде алған деректердің негізінде нақты тәжірибелік міндеттерді шешу мүмкіндігімен байланысты. Ғылыми зерттеу мағлұматты аппаратының элементін сипаттаған кезінде бұл бағыттардың біреуі және басқасы бірге қатысады.

Зерттеудің мақсаты мен мәселесі.

Мақсат – бұл зерттеуді өткізген кезінде болашақта шығатын көрініс.

Мәселе. Мәселені сұрақпен жиі ұқсастырады. Көбіне бұл дұрыс. Әрбір мәселе – бұл сұрақ. Бірақ әрбір сұрақтың өзі мәселе емес.

Мәселе – бұл айқын және танылмаған шекарасында тұратын сұрақ. Мәселені қою, демек бұл шекараға шығу.

Мәселе ескі білім өз негізсіздігін көрсеткен кезінде, ал жаңа білім толық түрін қабылдамаған кезінде пайда болады. Осыған байланысты ғылыми мәселе – бұл рұқсатты талап ететін қарама-қарсылық жағдай.

Зерттеу нысаны мен заты.

Зерттеу нысаны – тану үшін проблемалық жағдайды туғызатын процесс немесе құбылыс. Зерттеу жұмысын жүргізген кезінде зерттеу нысаны мен затының бірнеше анықтама нұсқалары болады. Бірінші жағдайда зерттеу нысаны мен заты өзара тұтас және бөлшек, жалпы және жеке қатынаста болады. Зерттеу заты зерттеудің тақырыбын анықтайды.

Зерттеудің заты мен нысанын анықтайтын басқа тәсілі: нысанды сынау арқылы, ал зат – оларда зерттелу арқылы болжамдайды.

Зерттеудің болжамы мен міндеттері.

Болжам – расталмаған және бекерге шығарылмаған қандай да болмасын құбылысты түсіндіру үшін ұсынылған ұсыныс. Болжам – бұл мәселенің шамаланған шешімі.

Болжам ғылыми іздеудің басты бағытын анықтайды. Ол зерттеудің барлық процесін ұйымдастыратын негізгі әдіснамалық құралы болып табылады.

Ғылыми болжамға келесі екі талапты қояды:

а) болжамның құрамында анықталмаған түсініктер болмау керек;

б) ол қолда бар болған әдістемелер арқылы тексерілу керек.

Болжамды тексеру дегеніміз не? Бұл логикалық жағынан бұдан шығатын нәтижелерді тексеру дегеніміз. Тексеру нәтижесінде болжамды растайды немесе бекерге шығарады.

Зерттеудің міндеттері – жұмыста қойылған мақсаттарға қол жеткізу, мәселені шешу үшін немесе зерттеудің тұжырымдалған болжамды тексеру үшін орындауды қажет ететін зерттеу әрекеттері.

Зерттеу әдістемесі.

Зерттеуде әдіснамадан басқа мақсат пен қорытындыны ажырату керек. Айтарлықтай, мақсат – бұл бұл зерттеуді өткізген кезінде болашақта шығатын көрініс. Қорытынды – бұл нақты шыққан көрініс. Ал әдістеме қалай біз оны алдық деген сұраққа жауап береді, яғни қандай әдістер арқылы және қандай жағдайда. Әдістеменің сипаттамасы толық болу үшін оны сипаттаған кезінде нақты сызбаға (Эксперименттік зерттеудің үлгілі құрылымын көру) сүйенгені жөн.

Ғылыми жаңалық.

Айтарлықтай, зерттеудің өткізу мақсаты білімнің қоғамы үшін жаңалық ашу. Курстық немесе диплом жұмысы туралы сөз қозғаған кезінде бұл талаптар сақталатынын айта кету қажет, бірақ ол тиянақты емес. Бұл ғылыми жұмыстар үшін қорытындылардың жаңалығы субъективті сипаттамасы болу, қоғамға деген қатынасы бойынша емес зерттеуге деген қатынасы бойынша анықталуы мүмкін. Мұндай жағдайда жүргізілген жұмыс ғылымда (қоғамда) белгілі шешімдерді үлгілеу түрінде болуы мүмкін. Кандидаттық диссертация туралы сөз болған жағдайда қоғам үшін жаңа білімді алу талаптары міндетті болып табылады.

Диссертациялық, дипломдық немесе курстық зерттеудің жаңалығын не құрастыруы мүмкін? Қандай танымдық жағдайлар жаңа білімді алу үшін қолайлы?

Тәжірибелік маңыздылығы

Ғылыми зерттеудегі тәжірибелік мағынасының екі негізгі сипаттамалы бағытын көрсеткені жөн. Біріншісі бұдан алынған деректермен, екіншісі – қолданылған әдістемемен байланысты.

Зерттеу қорытындыларының тәжірибелік маңыздылығы келесі мүмкіндіктерге негізделуі мүмкін:


  • қандай да болмасын тәжірибелік міндеттің негізінде шешімі;

  • алдағы ғылыми зерттеуді өткізу;

  • қандай да болмасын мамандарды дайындау процесінде шыққан деректерді қолдану.


Әдебиеттер тiзiмi
Негізгі:

1.«Кредиттік технология бойынша оқыту оқу үрдісін ұйымдастыру ережелерін бекіту туралы» ҚР БҒМ Министрінің 2009 ж. 22 қарашадағы № 556 бұйрығы.

2.«Республикадағы Жоғары оқу орындарындағы кредиттік технология бойынша оқыту оқу үрдісін ұйымдастыру» ҚР БҒМ Министрінің 2009 ж. 14 наурыздағы № И-01 нұсқаулық хаты.

3.Қазақстанда кредиттік оқыту жүйесінің / С.Б.Абдыгаппаров, Г.К.Ахметова, С.Р.Ибатуллин, А.А.Кусаинов, Б.А.Мырзалиев, С.М.Омирбаев; Жалпы ред. Ж.А. Кулекеев, Г.Н.Гамарник, Б.С.Абдрасилов. Алматы: Қазақ Университеті, 2010. – 198 б.

4.2010 жылғы 27 шілдедегі ҚР Білім туралы Заңы.
Қосымша:

5.Мамандық бойынша қазақша-орысша терминдік сөздіктер жиынтығы. Павлодар, 2008.

6.КазНУ хабаршысы. Экономикалық журнал. – Алматы, 2010

7 Тақырып Ғылыми жазба жұмысты орындаудың бастапқы кезеңі: ақпаратты іздеу, әдебиетке шолу-3 сағат

Мазмұны

1.Ғылыми жетекшіні және тақырыпты таңдау.

2.Жұмыстың жоспары және оның түрлері: проспект, тезис.

3.Алдын-ала іріктелген және таңдалған тақырып бойынша әдебиетпен танысу, интернет мүмкіндігін қолдану.

4.Зерттеудің ақпараттық базаны және әдістемесін анықтау.
Курстық жұмысты таңдап алған бетте оған керекті әдебиетті іздеу керек.Оны өз бетінше істеу керек.Студент өзінің каталогтар мен кітапханалық анықтамаларды пайлана білетінін көрсетуі керек.Сонымен қатар семинарлық сабақтардың жоспарын ұмытпау керек,онда нақты әдебиет курстарға бөлінген.

Әдебиетті кітапханада таңдай отыра,кітапханашыға бару керек. Тематикалық каталогпен жұмыс істей отыра, курстық жұмыстың тақырбына ғана келетін тарауларды ғана емес,оған жақын келетін тақырыптарды іздеу керек.Сонымен қатар ,әдебиетті таңдаған кезде ол теориялық мәселелерді ғана емес қолданыстағы тәжірибені де таңдау керек.

Өздік жұмыс әдебиетті таңдауда бұлжытпайды,керісінше системалық консультацияны жетекшімен байланыстырады.

Онымен әдебиеттер тізімі келісілген болу керек. Таңдалған әдебиетке қандай жаңа өзгерістер және толықтырулар керек екенін жетекшіден кеңес алу керек.

Таңдалған әдебиет бастаулардың танымына қарай тізімге қосылады.

Таңдалған әдебиетпен алдын ала танысу ,таңдалған тақырыптың журналдық мақаласы қаншалықты тақырыпқа сәйкес екенін анықтау. Таныстырусыз курстық жоспардың тақырыпқа келетін сұрақтарын және бастапқы жоспарды алу мүмкін емес.

Бастапқы планды құру.

Курстық жұмыстың жоспары алдын ала әдебиетпен танысулы және ойластырулы болу керек.Әдетте курстық жұмыс: кіріспеден,2-4 паргрофтан және қорытындыдан тұрады.

Курстық жұмыстың бастапқы жоспарын құрарда мүмкін болатын сұрақтарды, жеке праграфтарда қаралатын сұрақтарды жене сұрақтарды кезекпен баяндау және анықтау тиіс.Бұл сұрақтар жоспарда көрсетілмейді.Олар жұмыс планына (егжей-тегжейлі,ішкі пайдалануға арналған), онымен көбінесе курстық жұмыс жазылады.

Әрбір тақырып әрқалай ашылуы мүмкін. Бірақ курстық жұмыстың жоспары оның басты бағыттарын айқындау керек.Жұмыс жоспары жұмыстың басты идеясын айқындау керек,оның мазмұнын және мінезін аша білу керек. Тақырыптың ең басты көкейкесті сұрақтарын айқындап беру.

Құрылған жоспарды студент курстық жұмыстың жетекшісімен бірге бір байламға келітіреді.

Таңдалған әдебиетті танып білу.

Жұмыс жоспары құрылып жетекшімен келісілгеннен кейін таңдалған әдебиетке көшу керек.

Бұл ретте ,әлбетте конспектілер құрылады.Соңғысының мінезі анықталады болашақ жұмыста материалды колдану арқылы.Бұл көшірмелер(цитата)немесе ойлардың қысқаша мазмұны, оқылған материалдың жоспарының мәтінінің қай бөлігінде фактілері немесе мінездемелері жазылатыны жайлы. Барлық жағдайларда бастаудың атауын,басылымды және бетін,жазып алу керек.

Маңызды мағыналар қарастырылған жоспардағы жұмыстың негізгі бөлімдерінен ақпарларды алу .Оқып және конспектілеу өзге бастаулардан,сұрақты ойластырып,оның кайда(курстық жұмыстың жоспарынан басқа) қолданатыны жайлы.Осындай қисында практикалық анализдегі таңдалған материалды одан да терең және жан – жақты сұрақтарға жауап беруге мүмкіндік береді.

Әдебиетті танып білуде анықталған тізбектілікті сақтау ұсынылады.Оны заңнамалық материалдардан,оқулықтардан және оқу құрылымдарынан бастау керек.Содан кейін монографияларға көшу керек .Ондай тізбектілік,ақырын жинақтап және тереңдету білімді,жеңілден қиынға,ортақтан жекеге әдебиеттің бастауларын зерттеуге мүмкіндік береді.

Әдебиетті ұқыпты танып білу, практикалық материалдардың таңдауынан бұрын біту керек.

Жоспарды құрудың түпкі нұсқасы.

Тақырыпқа жинақталған әдебиеттер таныстырылып және қисынды болғаннан кейін,жұмыстың жоспарына кейбір өзгертулер енгізілуі мүмкін.

Жоспарда өзгертулер автордың коррекциялық жұмысы бойынша және өзінің зерттелген мәселесін,сұрақтарын жеке бөлімде жетіспеген материалдар болса,немесе кері жаңа толықтырулар болса соған байланысты болып келеді.

Егерде әдебиеттің бастауларымен жаңа жоспар құрылатын болса , ол да қурстық жұмыстың жетекшісімен келісімді болу керек.

Курстық жұмыстың ақырғы нұсқасының жоспары кестемен толықтырылу керек.


Әдебиеттер тiзiмi
Негізгі:

1.«Кредиттік технология бойынша оқыту оқу үрдісін ұйымдастыру ережелерін бекіту туралы» ҚР БҒМ Министрінің 2009 ж. 22 қарашадағы № 556 бұйрығы.

2.«Республикадағы Жоғары оқу орындарындағы кредиттік технология бойынша оқыту оқу үрдісін ұйымдастыру» ҚР БҒМ Министрінің 2009 ж. 14 наурыздағы № И-01 нұсқаулық хаты.

3.Қазақстанда кредиттік оқыту жүйесінің / С.Б.Абдыгаппаров, Г.К.Ахметова, С.Р.Ибатуллин, А.А.Кусаинов, Б.А.Мырзалиев, С.М.Омирбаев; Жалпы ред. Ж.А. Кулекеев, Г.Н.Гамарник, Б.С.Абдрасилов. Алматы: Қазақ Университеті, 2010. – 198 б.

4.2010 жылғы 27 шілдедегі ҚР Білім туралы Заңы.
Қосымша:

5.Мамандық бойынша қазақша-орысша терминдік сөздіктер жиынтығы. Павлодар, 2008.

6.КазНУ хабаршысы. Экономикалық журнал. – Алматы, 2010

8 Тақырып. Ғылыми ақпараттық жүйелеудің ұстанымдары -3 сағат

Мазмұны

1.Жинақталған зерттеу материалдарын жүйелеу.

2.Жинақталған материалдарды зерттеу мақсатына, міндетіне сәйкес талдау.

Жүйелеу-бұл ақпараттың терімінің реттелуінің (жинақталған,өңделген және сараланған)құрылымы.Жүйелеу үрдісі нәтижесі ғылыми экономикалық зерттеуде жинақталған және өңделген(сараланған ақпараттарды ғылыми-дәлелді мазмұн.)

Материалдың мазмұндамаларын зерттеуде ол арнайы ғылыми-зерттеулік,курстық жұмыс,дипломдық жұмыс,тәжірибе бойынша есеп беру.

Ақпарат-бұл маңызды факторлар(беттерде,әрекеттерде,ұйымдарда және оқиғаларда)шешімдерді қабылдау административтік,ұйымдық шаралар,және де ұсыныстар мен рекомендациялар дайындау үшін.Филофтық түсінікте ақпарат азайтады немесе белгісіздікті қаматамасыз етеді,біздің процесстерді танып-білуге,соның нәтижесін хабарлама алу.

Ақпараттық жұмыс – дәрежелі азаматтардың оларға қажетті ақпаратттармен қаматамасыз ету қызметі.

Ақпараттық жұмыстың ақы-пұлдары -документалды,техникалық және басқа да құралдары бар ол жинақтау,өңдеу,жүйелеу,сақтау және ақпаратты беру.

Ақпараттық жұмыстың формасы- бұл құжаттандыру,жинақтау,жиған-тергендердің ерекшелігі мәліметердің интеграциясы әр түрлі басқару жүйелерінде рационалды және тиімді жүзеге асыру.

Ақпараттық жұмыстың процессі-бұл дәйекті құрамдардың операциялары(тіркелу,тасымал,жинақтау,өңдеу,ақпаратты беру)оларды нақты тұтынушысы бар толық көлемде керекті мәліметтерді алуға мүмкіндігі бар.

Ақпараттың сапасы-бұл ақпараттың дамуының дәрежесі.оның практикалық жарамдылығын зерттеу үшін.Ақпараттың сапасы келесі мінездемелерге байланысты

-анық-қандығы;

-қатыстылығы ;

-уақытылы;

-толықтылық;

-маңыздылық.

Таңдау ақпараты-бұл материалдар мен документтердің, анықтаудың,толықтырудың,формализацияның нәтижесі.

Жинақтау ақпараты-бұл ақпараттың анықталған жүйеде интеграциның,жүйелеудің,анықтаудың және есептеудің нәтижесі.

Ақпаратты сақтау-бұл нәтиже банктің мәліметтері орталықты,корректі,жаңару және үнемдеу

Ақпаратты өңдеу-бұл нәтиже өзгерудің(сұрыптау,топтау,теңестіру және т.б)формасы,жұмысқа ыңғайлы.

Ақпаратты беру –бұл тұтынушыға ақпаратты сигналды акпарттандыру режимінде немесе белгілі бір сұраныспен оған қатысты бағдарламамен жайлы табыстау.
Әдебиеттер тiзiмi
Негізгі:

1.«Кредиттік технология бойынша оқыту оқу үрдісін ұйымдастыру ережелерін бекіту туралы» ҚР БҒМ Министрінің 2007 ж. 22 қарашадағы № 556 бұйрығы.

2.«Республикадағы Жоғары оқу орындарындағы кредиттік технология бойынша оқыту оқу үрдісін ұйымдастыру» ҚР БҒМ Министрінің 2008 ж. 14 наурыздағы № И-01 нұсқаулық хаты.

3.Қазақстанда кредиттік оқыту жүйесінің / С.Б.Абдыгаппаров, Г.К.Ахметова, С.Р.Ибатуллин, А.А.Кусаинов, Б.А.Мырзалиев, С.М.Омирбаев; Жалпы ред. Ж.А. Кулекеев, Г.Н.Гамарник, Б.С.Абдрасилов. Алматы: Қазақ Университеті, 2004. – 198 б.

4.2007 жылғы 27 шілдедегі ҚР Білім туралы Заңы.
Қосымша:

5.Мамандық бойынша қазақша-орысша терминдік сөздіктер жиынтығы. Павлодар, 2008.

6.КазНУ хабаршысы. Экономикалық журнал. – Алматы, 2010

9 Тақырып Реферат дайындаудың және жазудың әдістері -2 сағат

Мазмуны

1.Рефераттарға талап қою.

2.Тақырыпты таңдау, жоспарды құру.

3.Баяндаманы дайындау.



Валюта нарығы шет ел валютасымен (сатып алу, сату, айырбастау) және шетел валюталарындағы төлем құжаттарымен (чектер, вексельдер, телеграф және пошта аударылымдары, аккредитивтер) жасалатын операциялардың жүзеге асырылуына байланысты экономикалық қарым-қатынастардың айрықша саласы. Түрлі елдер банктерінің арасындағы корреспонденттік байланыстар арқылы құрылатын валюта рыноктары солардың көмегімен сыртқы саудаға, инвестицияларға, туризмге, басқа да қатынастарға байланысты халықаралық ақша есеп айырысуы жүргізілетін тұтқа болып табылады.

Валюталық нарықтың қатысушылары[өңдеу]

Валюталық нарықтың негiзгi қатысушыларымен болып табылады:



  • Орталық банк

  • Сауда банктері

  • Фирмалар, сыртқы сауда операцияларың орындайтын

  • Халықаралық инвестициялық серiктестiктер, зейнетақы және қорлар, сақтандыру компаниясының хеджевыесi.

  • Валюталық биржалар

  • Валюталық делдалдар

  • Жеке тұлғалар

Валюта нарығы, Валюта рыногі — 1) сұраным мен ұсыным негізінде қалыптасқан валюта курсына сай валюталарды сатып алу-сату шоғырланған ресми орталық; 2) шет ел валюталарын және шет ел валютасымен төленетін төлем құжаттарын сатып алу-сату жөніндегі тұрақты экон. және ұйымдық қатынастар жүйесі. Бұған еуродепозиттер нарығы, еурокредиттер нарығы, еурооблигациялар нарығы енеді. Биржалық валюта нарығы, биржадан тыс (банкаралық) валюта нарығы түрлеріне бөлінеді. Дүниежүзілік аса ірі валюта нарығы АҚШ-та, Ұлыбританияда, Францияда, Швейцарияда, Жапонияда, Сингапурда орналасқан. Валюта нарығына операциялардың екі түрі: “спот” (валютаны тез жеткізу), “форвард” (келісілген курс бойынша уағдалы уақыттан бір ай және одан көп уақыт кейін жеткізу) қолданылады. Валюта нарығы экономиканы мемл. реттеуге бағытталған валюта саясатын жүргізуге мүмкіндік береді.

Әдебиеттер тiзiмi
Негізгі:

1.«Кредиттік технология бойынша оқыту оқу үрдісін ұйымдастыру ережелерін бекіту туралы» ҚР БҒМ Министрінің 2007 ж. 22 қарашадағы № 556 бұйрығы.

2.«Республикадағы Жоғары оқу орындарындағы кредиттік технология бойынша оқыту оқу үрдісін ұйымдастыру» ҚР БҒМ Министрінің 2008 ж. 14 наурыздағы № И-01 нұсқаулық хаты.

3.Қазақстанда кредиттік оқыту жүйесінің / С.Б.Абдыгаппаров, Г.К.Ахметова, С.Р.Ибатуллин, А.А.Кусаинов, Б.А.Мырзалиев, С.М.Омирбаев; Жалпы ред. Ж.А. Кулекеев, Г.Н.Гамарник, Б.С.Абдрасилов. Алматы: Қазақ Университеті, 2004. – 198 б.

4.2007 жылғы 27 шілдедегі ҚР Білім туралы Заңы.
Қосымша:

5.Мамандық бойынша қазақша-орысша терминдік сөздіктер жиынтығы. Павлодар, 2008.

6.КазНУ хабаршысы. Экономикалық журнал. – Алматы, 2010

10 Тақырып Ғылыми баяндаманы, эссені дайындау әдістері -2сағат

Мазмұны

1.Баяндамалардың, эсселердің негізгі түрлері.

2.Ауызша түріндегі баяндамаларға талаптар.

3.Алдын-ала жоспарлау.

4.Жазбаша түріндегі баяндамалар және олардың ерекшеліктері.

5.Баяндаманы дайындау және оған тезис құрастыру.

Даяндама дегеніміз белгілі бір тақырыптың көпшілік алдында толық, терең мазмұнын ашатын ауызша баяндаудың бір түрі.

Баяндаманың мынадай түрлері болады: ғылыми баяндама және оқу баяндамасы. Оқу баяндамаларына мектеп баяндамалары, студенттік баяндамалар және т.б. оқытушы тапсырмасы бойынша дайындалатын баяндамалар жатады.

Ғылыми баяндама. Ғылыми қызметкерлердің ғылыми конференция, ғылыми семинарда өз нәтижелерін ұсыну үшін жазылады. Конференцияда көрсетілген баяндама тезистері конференцияның тезистер жинағында міндетті түрде жарияланады. Одан басқа, конференцияныңеңбектер жинағында автордың баяндама мәлімеьі арқылы жазылған мақаласы жариялануы мүмкін.

Оқу баядамасы. Жоғары және орта оқу орындарының оқушыларымен дайындалады. Оқытушы баяндама тақырыптарын дәріс пен семинарлық сабақтарда айтылмай, оқушының өзіндік танысуына берілетін мәлімет негізінде береді. Кейін оқушылар жазған баяндаманы тыңдау арқылы оқытушы өз дәрістерін толықтырып қана қоймай, оқушылардың оқу әдебиетімен және ғылыми мәтіндермен жұмыс істеуін бағалайды. Оқушы белгілі бір баяндаманы дайындау барысында, жаңа білім алыады, маңызды зерттеушілік танымын кеңейтіп, ғылыми танымның жаңа әдістерін меңгереді.

Баяндамаға қойылатын талаптар:

Баяндаманы дайындау күрделі зерттеу жұмысын қажет етеді . Ол келесі кезеңдерді қамтиды:



  • Ең маңыздысы және өзекті ғылыми жұмыс пен ғылыми мәтіндерді (кітаптар, мақалалар, диссертациялар және т.б. ғылыми зерттеулерді) берілгкн тақырып бойынша (оқу бағдарламасы болған кезде, тізімді оқытушы береді)

  • Танысқан мәлімет анализін баяндама тақырыбын деректер, пікірлер мен ғылыми жағдай көзқарасы бойынша белгілеу.

  • Танысқан мәліметті жалпылау және дәріс мәліметтерінің логикалық құрылысын ашық жоба формасы.

  • Баяндама мәтінін ғылыми стильге сай жазу.

Баяндама құрылымы:

Баяндама құрылымы, жеке және ғылыми жұмыстың ерекшелігі мен баяндама тақырыбына тәуелді, бірақ көп жағдайда үшке болінеді.

Кіріспе. Баяндама тақырыбы тұжырымдалады, ғылыми проблемма арасынан қарастыратын проблематиның орны анықталады, тақырып қарастырылатын мәліметке қысқаша шолу беріледі.

Негізгі бөлім. Баяндаманың негізгі мәліметінің, қажетсіз ауытқу мен қайталаулардан айырылған түрі.

Қорытынды. Қорытындылай отырып, нәтижелері шығарылады, қаралған мәселе мәні белгіленеді, т.с.с.

Мақсаты:


  • зерттеу не ғылыми жұмыс материалдарын шағын баяндама түрінде сауатты беру;

  • баяндамашының студенттік ғылыми-тәжірибелік конференциясында жемісті баяндауы;

  • студенттің студенттік ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысқаны үшін ғылыми жетекші жағынан оқуы бойынша қарыздарын, бонустық сынағын және/немесе емтиханын өтеуді алу.

Материалдар.

Студенттік ғылыми-тәжірибелік конференцияға баяндама дайындау үшін материал ретінде келесілер болады:



  • студенттің ғылыми ізденістер жүргізу жағдайындағы жеке зерттеулерінің нәтижелері;

  • студентке аспиранттар және/немесе оқятушылармен ұсынылған материалдар;

  • тиісті үлгіде рәсімделген әдебиет көздері.

Әдістер.

Баяндамашының ғылыми мәліметтерді дайындау барысындағы негізгі міндеті ретінде тыңдаушылар назарына ғылыми ізденістер барысында алған нәтижелер көлемін қысқа мерзімде кейде аса қиындыққа соғатын көрнекі материалдарды қолданумен түсінікті етіп жеткізу болып табылады.  



Әдебиеттер тiзiмi
Негізгі:

1.«Кредиттік технология бойынша оқыту оқу үрдісін ұйымдастыру ережелерін бекіту туралы» ҚР БҒМ Министрінің 2009 ж. 22 қарашадағы № 556 бұйрығы.

2.«Республикадағы Жоғары оқу орындарындағы кредиттік технология бойынша оқыту оқу үрдісін ұйымдастыру» ҚР БҒМ Министрінің 2009 ж. 14 наурыздағы № И-01 нұсқаулық хаты.

3.Қазақстанда кредиттік оқыту жүйесінің / С.Б.Абдыгаппаров, Г.К.Ахметова, С.Р.Ибатуллин, А.А.Кусаинов, Б.А.Мырзалиев, С.М.Омирбаев; Жалпы ред. Ж.А. Кулекеев, Г.Н.Гамарник, Б.С.Абдрасилов. Алматы: Қазақ Университеті, 2010. – 198 б.

4.2010 жылғы 27 шілдедегі ҚР Білім туралы Заңы.
Қосымша:

5.Мамандық бойынша қазақша-орысша терминдік сөздіктер жиынтығы. Павлодар, 2008.

6.КазНУ хабаршысы. Экономикалық журнал. – Алматы, 2010

11 Тақырып Ғылыми мақалаларды дайындау және жазу әдістері -2 сағат

Мазмұны

1. Мақаланың атауы оның мазмұнын көрсетуі тиіс.

2. Жинақталған материал принциптерін жүйелеу

3.Мақаланың негізгі мазмұны.



Өткізілген зертетулер нәтижесін жазбаша рәсімдеудің неғұрлым қомақты және қолайлы түрі ретінде журналдық ғылыми мақала болып табылады. Әдетте, ол машинаға басылған мәтіннің 3-10 бетімен шектеледі, осыдан да оның әр параграфы негізгі ақпараттың мақала басынан бірден берілетіндей құрылады. Мәтін негізіне бір ғылыми ой, бір ғылыми идея алынады. Ғылыми мақалаларды ғылыми журналға басу қажет.

Мақаланың атауы оның мазмұнын көрсетуі тиіс. Мақаланы бастайтынабзац, әдетте, оқырманды зерттеу мәселесіне енгізеді. Мұнда зерттеу мақсаты, жұмыс міндеттері мен тәжірибеде қолдану мүмкіндіктері көрсетіледі. Бұл деректер мақаланы оқу барысында мәселенің мәнін жылдам түсінуге ықпал етеді. Мақала құрылымы зерттеу тақырыбы және ерекшеләіктерімен анықталады, бірақ барлық жағдайларда онда келтірілетін деректер ғылыми ізденістер барысында алынған деректердің жалпыламасын береді. Журналық ғылыми мақаланың құрылуының үлгі жоспары:



1)  автор тегінің (тегі, аты-жөні), ғылыми (оқу) мекемесі атауыны, жұмыстың қайда орындалғанының көрсетілуімен мақаланың аты;

2)  аннотациясы;

3)  ұсынылған ғылыми фактілердің теориялық және тәжірибелік мәндердегі мағыналары жөнінде кіріспе ескертулер;

4)  зерттеу әдістемесі жөнінде қысқаша деректер;

5)  өз деректерін талдау, оларды жалпылау мен түсіндіру;

6)  негізгі қорытындылар мен ұсыныстар. Ғылыми зерттеулерді теориялық эәне эмпирикалық деңгейлерді бөлуге сәйкес білімдерді теориялық және эмпирикалық мақалаларға бөледі. Теориялық мақалаларда тану әдістері арқылы орындалған зерттеулердің нәтижелері беріледі: абстрактілеу, талдау, синтез, индукция, дедукция, идеализация, формализация, модельдеу. Мақалаларда объектілерді аналитикалық және графоаналитикалық формаларда сипаттау есептері ретінде физикалық, химиялық, физикалық-химиялық процестер, экономикалық есептердің әдістері мен нәтижелері, т.с.с. болып табылады. Басты түсініктерді, принциптер мен заңдылықтарды бөлумен ғылыми фактілерлерді жүйелеуге негізделген құбылыстар, процестер мен мәселелерді интерпретациялауға арналған жұмыстарда математикалық есептеулер мен модельдер беріледі, бірақ материал мәтін формасында беріледі. Құрылымдағы негізгі мәнге логикалық ережелер мен заңдар иеленеді.

Эмпирикалық мақалалар эксперимент, бақылау, өлшеу және басқа да әдістердің көмегімен, бірақ теориялық әдістерді қолданумен өткізілетін зерттеулер нәтижелерін сипаттайды. Осыдан да олардың атауларында «есеп», «бағалау», «анықтау», «әдістеме» сөздері болады.

Зерттеу әдісі, оны іске асыру құралдары сипатталып, алынған материалдың сипаты мен жіктелуі, оның интерпретациясы, енгізу жағдайында зерттеушілік-өндірістік тексеру жөнінде мәліметтер беріледі. Деректер, әдетте, сызбалар, диаграммалар, кесте формаларында – математикалық модель түрлерінде көрсетіледі.

Мақаланың қорытынды бөлігі материалды қорытындылап, сала білімінің жүйесінде зерттеулер орнын көрсете отырып, кіріспе бөліммен қойылған сұрақтарға жауап береді.

Жинақталған материал принциптерін жүйелеу

Жүйелеу–ақпарат жинағын (жиналған, өнделген және талданған) белгіленген құрылыммен реттеу. Ғылыми экономикалық зерттеу нәтижелерін жүйелендіру процесі жинақталған және өңделген материалда болады (ілгерінді ғылыми-аргументтелген деректердің талдануымен).

Зерттеу материалын беру ғылыми-зерттеу жұмыс жөнінде арнайы есеп, курстық жұмыс, дипломдық жұмыс, тәжірибе бойынша есеп формасында бола алады.

Ақпарат – әкімшілік, ұйымдастырушылық шаралар, сондай-ақ ұсыныстар мен ұсынымдарды дайындау үшін шешімдер қабылдау үшін негіз болатын фактілер (тұлғалар, іс-әрекеттер, ұйымдар, оқиғалар) жөнінде мәліметтер. Ақпарат философиялық түсінікте мәлімет (белгі) алу нәтижесінде талданатын құбылыстар (процестер) туралы біздің көзқарастарымыздың азаюын не алынуын қамтамасыз етеді.

Ақапараттық жұмыс – лауазымды тұлғаларды оларға жүктелген міндеттерді шешуге қажетті мәліметтермен қамтамасыз ету бойынша әрекет.

Ақпараттық жұмыс құралдары – ақпаратты жинақтау, өңдеу, жүйелеу, сақтау мен беруге арналған деректі, техникалық және өзге де құрылғылардың жиынтығы.

Ақпараттық жұмыс формалары – басқарушылық процесті ұтымды және тиімді іске асыру мақсатында басқару жүйесінің түрлі буындарында ақпараттық деректерді құжаттау, жинақтау, сақтау және интеграциялау ерекшеліктері.

Ақпараттық жұмыс процесі – нақты тұтынушылармен сұралған қажетті мәліметтерді толық көлемде жылдам табуға мүмкіндік беретін операциялардың бірізді жиынтығы (тіркеу, беру, жинақтау, сақтау, өңдеу, ақпарат беру).

Ақпарат сапасы – ақпараттың зерттеуге арналған тәжірибелік жарамдылығын анықтайтын қасиеттерінің даму дәрежесі. Ақпарат сапасы келесі сипаттамаларға байланысты болады:

-деректілік;

- қатыстылық;

- уақыттылылық;

-толымдылық;

- маңыздылық.

Ақпаратты таңдау – материалдар мен құжаттарды, нақтылауларды, ақпаратты толықтыру мен қалыптастыруды қарау нәтижесі.

Ақпаратты жинақтау – белгіленген жүйеде ақпаратты интеграциялау, жүйелеу, анықтау мен есепке алу нәтижесі.

Ақпаратты сақтау – деректер жинағын орталықтандыру, түзету, жаңарту мен сақтау нәтижесі.

Ақпаратты өңдеу – қайта өңдеу (іріктеу, топтау, толықтыру, салыстыру, т.с.с.) мен жұмысқа ыңғайлы формалар.

Ақпаратты беру – дабылдық ақпараттандыру не сұраныста көрсетілген бағдарламаға сәйкес тұтынушыға ақпаратты беру.

Таңдау әдістері мен ақпараттық ізденіс шектіктері келесілерді есепке алумен анықталады:

- талдауға жататын нақты міндеттерді белгілеумен талданатын мәселенің құрылымы мен мазмұнын;

- қажетті ақпараттың болуы мүмкін аралас салалар мен мәселенің болуын;

-ретроспективті ізденіс тереңдігін;

- зерттеуге қажетті құжатталамалық көздер түрлерін.

Ақапаратты өңдеу – жинақталған материалдарды жүйелеу арқылы көзге түсерлік, жинақы, талдауға жарамды ету мақсатында реттеу, яғни нақты деректердің «сөйлей» бастайтындай түрлеріне келтіру.

Зерттеу тақырыбы бойынша материалдарды таңдау және өңдеу – аналитикалық жұмыс процесінің ақпаратты іздеу, оның сапалы сипаттамаларын тексеру, сондай-ақ зерттелетін фактілер, оқиғалар мен құбылыстарды дұрыс бағалау үшін жағдайлар жасау мақсатында өңдеу іске асырылатын дайындау кезеңі.

Зерттеудің ақпараттық базасы – шектіктерінде ақпараттық материалдар жеткіліктілігі, оларды алудың жолдары мен әдістері анықтлатын, олардың көздері бойынша библиографиясы құралатын мәселелерді алдын ала өңдеудің құрамды бөлшегі.

Зерттеудің мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес жиналған материалдарды талдау – аналитикалық жұмыстың материал мазмұны іске асырылатын, жаңа қорытынды ақпараттың өңделетін, оларды тәжірибеде қолдану және зерттеу нәтижелерін құжаттау бойынша ұсыныстар қалыптасатын негізгі кезеңі.

Ақапаратты талдау – нақты деректердің қалыптасуының салыстырмалылығын (сәйкестілігін), жаңа қорытынды ақпараттың өңделуі мен объективті бағалануын қамтамасыз етуші әдістерінің жиынтығы.

Жаңа ақпаратты өңдеу – бастапқы деректердің барлық массасынан мазмұнын алу, сәйкестендірілетін мәліметтер арасындағы себеп-салдар және кеңістіктің-уақытша байланыстар мен өзара байланыстарды іздеп табу.

Зерттеу нәтижелерін құжаттау – зерттеу нәтижелерін сипаттамаға қатаң форма, көрнекілік, логика, қысқалылық, айқындылық беріп, зерттеудің мақсаттары мен міндеттеріне сай болатын белгілер жүйесі арқылы орнатылған тәртіпте тіркеу.

Зерттеу әдістерін апробациялау – зерттеу нәтижелерінің сапалы сипаттамаларын, іске асыру және тәжірибеге енгізу мүмкіндіктерін анықтауға бағытталған тексеруші процедура.

Зерттеу нәтижелерін бекіту – оның көмегімен аналитикалық құжаттың барлық мүдделі салаларда қолдану үшін жарамдылық пен міндеттілік сапасына ие болатын келісушілік процедура.

Зерттеу нәтижелерін іске асыру – олардың әрекетінің тиімділігін арттыруды қамтамасыз етуші мүдделі тұлғалар жұмысының тәжірибесіне енгізуге ыңғайлы формада беру.

Аналитикалық жұмысты тексеру, бекіту мен енгізу нәтижелері – зерттеу процесінің аналитикалық жұмысының кемшіліктері белгіленетін, олардың жойылуы іске асырылып, алынған нәтижелер сапасы бағаланатынқорытынды кезеңі.


Әдебиеттер тiзiмi
Негізгі:

1.«Кредиттік технология бойынша оқыту оқу үрдісін ұйымдастыру ережелерін бекіту туралы» ҚР БҒМ Министрінің 2009 ж. 22 қарашадағы № 556 бұйрығы.

2.«Республикадағы Жоғары оқу орындарындағы кредиттік технология бойынша оқыту оқу үрдісін ұйымдастыру» ҚР БҒМ Министрінің 2009 ж. 14 наурыздағы № И-01 нұсқаулық хаты.

3.Қазақстанда кредиттік оқыту жүйесінің / С.Б.Абдыгаппаров, Г.К.Ахметова, С.Р.Ибатуллин, А.А.Кусаинов, Б.А.Мырзалиев, С.М.Омирбаев; Жалпы ред. Ж.А. Кулекеев, Г.Н.Гамарник, Б.С.Абдрасилов. Алматы: Қазақ Университеті, 2010. – 198 б.

4.2010 жылғы 27 шілдедегі ҚР Білім туралы Заңы.
Қосымша:

5.Мамандық бойынша қазақша-орысша терминдік сөздіктер жиынтығы. Павлодар, 2008.

6.КазНУ хабаршысы. Экономикалық журнал. – Алматы, 2010

12 Тақырып. Зерттеу жұмысының нәтижесін ұсынудағы қорытынды нысаны: презентациялар, пікір-талас (дискуссия) -2 сағат

Мазмұны

1. Тұсаукесер.


2. Дипломдық жұмысты қорғау.

3. Конференция


жүктеу 1,51 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау